ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ НЕМЕСЕ ПСИХОТРОПТЫ ЗАТТАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫ ЖАЙЛЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ НЕМЕСЕ ПСИХОТРОПТЫ ЗАТТАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ

АЙНАЛЫМЫ ЖАЙЛЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР

Аңдатпа: Мақалада есірткі заттары немесе психотропты заттардың заңсыз

айналымы жайлы мәселелер талқыланады. Сонымен қатар қәзіргі таңда есірткі заттары немесе психотропты заттардың заңсыз айналымы қылымысымен күресу шаралары және алдыны алу жолдары, жауапкешілікке тарту жағдайлары зерттеледі.

Түйін сөздер: есірткі заттары немесе психотропты заттар, нашақорлық, есірткі бизнесі, заңсыз айналым, қылмыстық жауапкершілік.

Адам баласының денсаулығына қарсы қылмыстардың аса қауіпті түрі есірткі,

психотроптық, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіруімен байланысты іс-әрекеттер болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық процестер аумағында әлеуметтік белсенді өмірден шеттеп қалған, кейінгі ұрпағына есірткілік тәуелділік беріп отырған адамдар саны арта түсуде. Тұрғындарды есірткімен еліту мен есірткі өнімдерін заңсыз айналымға енгізу қылмыстық өмірмен тығыз байланысты және әлемдік терроризм мен қылмыстық күш көрсетудің басқа да түрлерінің туындауына ықпал етеді. Құқық қорғау және нашақорлық пен есірткі бизнесінің таралуына қарсы іс қимылға қатысатын басқа да мемлекеттік органдардың басты назары халықтың есірткі құралдарымен психотроптық заттарға қолжетімділігін барынша шектеуге бағытталатын болады. Осыған байланысты аталған салада стратегияның негізгі ұстанымдары елге

заңсыз есірткілерді әкелуді болдырмаумен, есірткілерді заңсыз айналымға өтуінің алдын алумен байланысты. [1, 3 б. ] .

Есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында мемлекеттің өзіне баса назар аударатын орталық проблемалары контрабанда көлемінің және опиаттар мен синтетикалық есірткілердің неғұрлым қауіпті түрлері транзитінің өсуі болып қалуда. Республиканың есірткі нарығындағы контрабанда құрамасын ескере отырып, шетелдердің ең алдымен шекара маңындағы елдердің құқық қорғау және арнайы органдарымен ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге баса назар аударылуы тиіс. Осы мақсатта есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында, атап айтқанда “бақыланатын жеткізілім” әдісі бойынша бірлескен арнайы операциялар мен іс шараларды өткізу, қылмыстық кірістерді және басқа шараларды заңдастыруға қарсы шараларды жүзеге асыру кезінде кең халықаралық ынтымақтастық үшін құқықтық негіздерді құрайтын нормалады жетілдіруді және бірыңғалауды жалғастыру қажет. Түрлі мемлекеттер оқу

орындарының базасында оқытуды және біліктілікті арттыруды ұйымдастыруда халықаралық ынтымақтастықтың рөлін күшейту қажет. Есірткілердің заңсыз айналымына қарсы күрестің ақпаратымен, тәжірибиесімен және тәсілдерімен алмасу мақсатында құқық қорғау және бұдан әрі ұдайы жүзеге асыру қажет. Қатысушысы ҚРсы болып табылатын есірткілердің заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға

қарсы күрес саласында екі жақты және көпжақты шарттар мен келісімдер практика жүзінде іске асырылатын болады. Осыған байланысты Шанхай ынтымақтастық ұйымы.

“Орталық Азия ынтымақтастығы ” және ТМД сияқты интеграциялық құрылымдар шеңберінде қабылданған келісімдерді іске асыруға сондай-ақ осы салада халықаралық ұйымдармен, шет елдермен және олардың құзіретті органдарымен ынтымақтастық туралы жаңа шарттарды әзірлеуге және оларға қол қоюға баса назар аударылатын болады. Ішкі республикалық деңгейде кеден бекеттерін, ҰҚК Шекара қызметінің жекелеген бақылау өткізу бекеттерін, есірткілердің заңсыз айналымына қарсы күресті жүргізетін республиканың құқық қорғау және арнайы органдарындағы криминологиялық қызметтерді ұйымдастырушылық-кадрлық және техникалық нығайтуды жалғастыру қажет. Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі бөлімшелердің тиімді жұмысының маңызды шарты өзінің құрылымдық бөлімшілерінің жергілікті жерлердегі қызметін үйлестіретін, олардың қызметінің нәтижелерін талдайтын және жинақтайтын, әдістемелік басшылықты жүзеге асыру және оны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайтын, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтар немесе қылмыстық

қоғамдастықтар жасаған есірткілермен байланысты неғұрлым күрделі қылмыстарды ашуға және тергеуге қатысатын орталық аппараттардың бөлімшелерін ұйымдастырушылық әдістемелік және кадрлық жағынан нығайтуды жалғастыру болып табылады. [2, 7 б. ] .

Заңсыз ақшалай қаражаттың ұлттық қаржы жүйесіне енуіне жол бермейтін

қаржылық реттеудің тиімді режимін қамтамасыз етумен қатар, есірткі бизнесінен алынған ақшаны ағартуға қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет. Осыған орай құзіретіне осы санаттағы қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу кіретін мемлекеттік органдармен өзара іс қимыл тетігі жолға қойылатын болады[3, 54 б. ] .

Есірткі құралдарының психотроптық заттардың заңсыз таралу жолдарын анықтау және жолын кесу мақсатында “Көкнар, ” “Допинг”, “Арна”, “Тосқауыл” және басқа да кешенді жедел алдын алу операцияларын жүргізу кезінде қажетті техникалық қолдаумен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды жүзеге асыру кезінде шетелдердің ең алдымен шекара маңындағы елдердің құзіретті органдарымен өзара іс-қимыл жасасуды жетілдіру керек. Заңсыз есірткі айналымына және есіркі пайдаланушыларға қарсы жүргізіліп жатқан шараларды әлсіз деуге келмес. Алайда мемлекеттік мекемелерде қабылданып жатқан жұмыстардың пәрмені әлі де болса біттеген жеріне жетпей

жатқандай. Тек акциялық сипатта жүргізілетін шараларға жүйеліліктің жетіспейтіні анық. Нашақорлық былайша айтсақ ауадан да тез тарайтын аса қауіпті емі қиын дерт. Есінен танып, көзіне еш нәрсе көрінбей, ешнәрседен қорқу, үркуден ара, кез келгенде атылатын адам бейнесіндегі екі аяқты пендені көз алдыңызға елестетіп көріңіздерші. Олардың бар іздегені көрген баққаны көздегені қалайда есірткі қабылдау болады. Қазақстандық қоғамды есірткілендірудің әлеуметтік мәдени факторлары ұлт денсаулығының негізі ретінде есірткіге деген қоғамдық иммунитеті қалыптастыруға ең

алдымен мемлекеттік әлеуметтік саясат және орта, жоғары білім беру жүйесіндегі жастар арасындағы жұмыс бағытталуы тиіс. Бұл ретте осы саладағы негізгі бағыт беретін күш тек орталық, жергілікті атқарушы билік органдарының ғана емес, азаматтық қоғам институтарының да қызметі болуы тиіс. Әсіресе балалар, жастар мен әйелдер арасында салауатты өмір салтын, есірткісіз өмірді насихаттау есірткіге қарсы мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі болуы тиіс. Осы тұрғыда ең ортақ алдын алу іс-шаралары ретінде еліміздің жекелеген өңірлерінде есірткі пайдаланатын адамдар санының өсуіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, салауатты өмір салтын ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, салауатты өмір салтын жүргізуге ұмтылысты ынталандыратын бағдарламаларды әзірлеу мен енгізуді айтуға болады. Қоғамдық санада адамның денсаулығы өзі үшін де, тұтастай қағам үшін де құндылық болып табылатындығы жөніндегі идеяның алатын орны барған сайын қомақты болуы тиіс. Оны есірткі пайдаланатын адамдар мен жұмыстағы маңызды психологиялық алғышарт деп есептеуге болады. өйткені өзінің денсаулығына деген көзқарастың өзгеруі басқа да

алдын алу және емдік бағдарламаның іске асырылуын жеңілдетеді.

Бұл үшін ең алдымен балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жөніндегі көп сатылы білім беру бағдарламасын құру қажет. Аталған міндет екі негізгі құрамдас бөліктің болуын көздейді: ПБЗ-ны теріс пайдаланудың алдын алу мәселелері жөніндегі білім бері мекемелерінің қызметкерлерін дайындау, қайта дайындау процесін жолға қою және олар бойынша педагогтар алдын алу жұмысымен айналыса алатындай арнайы әдебиет пен құралдар шығаруды ұйымдастыру қажет.

Халыққа есірткілердің зиянды туралы кең көлемде ақпарат беруге көп көңіл

бөлінуі тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары көпшілік қауым үшін қажетті білімнің негізі көзі болып есептелуі олардың бұл мәселедегі жауапкершілігін арттырады. Екінші жағынан есірткі заттарының жарнамасында, есірткілер туралы босаңсу, рахаттану, бедел жинау құралы, өмірдің жеңіл стилі делініетінің атрибуты ретіндегі теріс түсініктер уағызына жол бермеу жөніндегі жұмыс жүргізілуі тиіс [4, 86 б. ] .

Бұдан басқа, тікелей есірткіге қарсы насихат қарсы жарнаманың орналасуын және баспа және электронды жүйелі қоғамдық саяси, талдамалық және көркем жарияланымдары дайындауды, сондай-ақ есірткіге тақырыптағы тұрақты теледидар бағдарламалары мен хабарлардың ұйымдастыруды және өткізуді қоса алғанда, мемлекеттік тапсырысты орындайтын бұқаралық ақпарат құралдарында болуға тиіс.

Есірткіге қарсы қоғамдық ұстанымды күшейтуді маңызды факторы жастар

арасындағы патриоттық көңіл күйдің өсуі болып табылатындықтан, кең көлемде мәдени тәрбие жұмысын және оқушылардың, студенттердің, олардың ата-аналарының арасында есірткіге қарсы белсенді насихат жүргізуді негізге ала отырап, оқушылар мен студенттердің (нашақорлық Қазақстанның болашағына төнген қатер атты бүкіл Қазақстандық қозғалысын қалыптарстыру іс шараларды жалғастыру қажет. )

Кәмелетке толмағын балалар мен жасөспірімлердің бос уақытын қоғамды құнды ынталандары мен бейімділіктері негізінде ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бұл үшін спорттық секциялар, қызығушылығы бойынша шығармашылық үйірмелер, аула клубтары желілері жер жерде кеңейту, балалардың бос уақытын ұйымдастыру кезінде пікір сайыстар, дискотекалар, плакаттар мен суреттер конкурстарын, викториналар, және есірткіге қарсы бағыттағы басқа да іс шараларды өткізуді көздеу қажет. Бұдан басқа есірткіге иммунитетті қоғамның өзі қалыптастыруы тиіс. Мемелекет нашақорлықтың және есірткі бизнесінің таралуына қарсы күресте азаматтық қоғам институттары, түрлі қоғамдық саясат және үкіметтік емес ұйымдар жекелеген азаматтар арасында бастамашылықты дамыту және көтермелеу үшін барлық қажетті жағдайларды жасау қажет. Алдын алу жұмысына мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру арқылы үкіметтік емес ұйымдарды неғұрлым белсенді түрде тарату, қызметті ПБЗ-ға

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды тергеу
Есірткі заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікті 24 жүзеге асыру барысында ұлттық және халықаралық–құқықтық нормалардың ара-қатынасы
Есірткі заттарға және жүйкеге әсер ететін заттарға бақылауды жүзеге асыратын құқықтық шаралардың даму тарихы
Қылмыстың заты есірткі заттар және психотроптық заттар
Қауіпсіздік пен есірткі бизнесі
Есірткі және психотроптық заттардың және заңсыз айналым (контрабанда) түсінігі
Есірткі және нашақорлық
ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫНЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМ ТҮСІНІГІ
Халықаралық қылмыстық құқық және қылмыстылықпен күресетін ұйымдар
Есірткіге қарсы күрес
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz