Зар заман поэзиясы ақындарының шығармашылық мұрасын қазіргі кезеңде зерттелуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті

Зар заман поэзиясы ақындарының шығармашылық мұрасын қазіргі кезеңде зерттелуі

Орындаған: Искакова Асель
Тексерген: Панзабек Бағила Төребекқызы
Негізінен алғанда зар заман ағымы ақын - дары шығармаларын жинап-жариялау және ғылыми бағалаудағы алғашқы қадам ХIX ғасырда қолға алынған. Олардың ішінде отаршылдық саясатқа қарсы осыған дейінгі толғау жанрынан өзгеше бағытта, жалпыға ортақ сарындағы әдеби құбылыс ретінде танылған зар заман ағымын туғызған Шортанбай Қанайұлының Зар заман атты толғауы орыс ориенталист-фольклористерінің назарына ілікті. Ол 1870 жылы В.Радловтың Түркі халықтарының әдебиет үлгілері атты көп томдық еңбегінің үшінші томында жарияланды. Шортанбайды қазақ поэзиясының көрнекті өкілі ретінде алғаш бағалаған да осы В.Радлов болды. Зар заман мен Заман ақыр тәрізді ғибрат өлеңдер Ертістің шығысындағы дала қазақтарының моллалары шығарған қолтума дүниелер деп баға бергенде, осы дәуірдегі әдебиетте жаңашыл сипатта дамып отырған бұл ағымға баса көңіл аударды.
Ал ұлттық әдебиеттанудағы қазақ әдебиетінің тарихын зерделеудегі алғашқы талпыныстарға сай алғанда Ы.Алтынсаринді атар едік. Ұлы педагогтің Қазақ қайғысы аталатын қолжазбасы Орынбордың вице-губернаторы В.Ильинге арнайы жолданған зерттеушілік мәні бар еңбек болатын. Оның орыс тіліндегі Горе киргиз деп аталуында үлкен мән-мағына жатыр. Бұл оның Түркістан өлкесіндегі қазақ ақындарының Зар заман шығармалары жайындағы қорытынды талдауы еді. Ы.Алтынсарин қазақ әдебиетінде осы зар заман ағымының тууының тарихи себеп-салдарларын нақты көрсеткен. Зар заман әдеби ағымын патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен жұтқа ұшыраған ашаршылық пен жалаңаштық кезең туғызды дей келе, осы Зар заман туралы қазақ жерінде өлең-жыр жазбаған адам жоқ. Біз жақында Я.Лютштің Қырғыз хрестоматиясынан осы өлеңдерге ұқсас болып келетін Түркістан өңірі қазақтарының Зар заман өлеңін де кездестірдік деп атап көрсетеді. Осы кітапта Зар заман деген атаумен бірнеше өлеңдер топтамасы жарық көрген. Әрине, оның барлығы да Шортанбайдың өлеңдері емес екені даусыз. Бұл өлең-жырлардың авторлары көрсетілмегендіктен де, оларды салыстыра зерттеу қажеттігі өз-өзінен сұранып тұр. Оны Ы.Алтынсарин нақты анықтау мақсатында Түркістан өңірі қазақтарының Зар заман өлеңдері деп атап көрсетуінің өзі нақты дәлел.
Ы.Алтынсарин жазған Я.Лютштің бұл Қырғыз хрестоматиясы 1883 жылы Ташкент қаласында басылып шықты. Біз осы кезге дейін Ы.Алтынсаринді әдебиеттанушы, сыншы ретінде қабылдай қоймаймыз. Зар заман әдеби ағымы деген атауды М.Әуезовтің 1927 жылғы Қазақ әдебиеті еңбегінен әріге апаруға ешбір құлқымыз жоқ. Ал, оның ұлттық әдебиеттегі жаңа ағым ретінде танылуын тап басып алғаш баға берген ұлы педагогтің пікірлерін назардан тыс қалдырумен келе жатырмыз. Ендеше Зар заманды әдеби ағым ретінде алғаш танып, анықтама берген де, Шортанбай жырларын орыс тіліне тұңғыш аударушы да Ы.Алтынсарин болып шығады. Бірақ ұлы ағартушы өзінің 1879 жылы Орынбор қаласынан басылып шыққан Қазақ хрестоматиясы еңбегіне Шортанбай ақынның өлеңдерін енгізбеген. Заман ақыры тақырыбындағы Дулат Бабатайұлының Азған елдің хандары, қожасы, молдасы, билері, байлары, адамы туралы 6 өлеңі және Береке кеткен елдерден секілді жыры бар да, Шортанбай шығармалары жоқ. Тегі Орынбор вице-губернаторы В.Ильинге жазған Қазақ қайғысы аталатын зерттеушілік мәндегі қолжазбасында ақынның отаршылдық саясат зардаптарын батыл әшкерелегені туралы пікірлеріне байланыс - ты патшалық цензура өткізбеген болуы керек деп топшылаймыз.
Ең басты айтарымыз - Ы.Алтынсарин Зар заманды әдеби ағым ретінде қазақ даласында жазба поэзияда басты сарын, негізгі тақырып болып отырғанын тап басып тани білгендігінде. Бұл тарихшы ғалым М.Қойгелдиевтің Зар заман ағымы қоғамдық ойдың жемісі. Зар заман мектебі ақындары жырлаған ойдың өзегі - отарлық әкімшілік қолына біржола өткен жерді жырлау. Ғылымда Зар заман аталған бұл мектеп әдебиеттің гуманистік табиғатынан туындаған, халықтың санасына қозғау салып, саяси-әлеуметтік ахуалды түсінуге көмектескен творчестволық әдіс те еді деген ғылыми тұжырымымен астасып жатыр.
Орыс ориенталист-фольклористері В.Радлов, Я.Лютш ерекше көңіл бөлген Шортанбай ақынның жырларына Г.Потаниннің онша назар аудара қоймауы түсініксіз. ХХ ғасыр басында Қарқаралы уезіне халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинауға үлкен ғылыми экспедиция ұйымдастырып келіп зерттеген ғалым Шортанбай туралы мардымды пікір білдіре қоймаған. Ол турасында ақын шығармашылығын ғылыми зерделеген ғалымдар ешбір дерек келтіре қоймайды. Осы қазақ даласында мәдени және рухани орталықтардың бірі болған аталмыш уезге ғана емес, барша Сарыарқаға мәшһүр болып, бүкіл қазақ даласына таралып кеткен жырларын жазып алмауының басты сыры - ел арасында тек қана Шортанбай ақын өлеңдері деп айтылғандығында деп ойлаған дұрыс болар. Сонымен қатар, оның тағы бір себебі, Шортанбай ақын шығармалары 1888 жылы Қазан қаласында Бала зар деген атпен басылып шықты. Осы өлеңдер жинағының мұқабасына Санкт-Петербург цензурасы тарапынан рұқсат берілді деген таңбаның басылуы да көп жайдан хабар береді. Ендеше бұған жариялауға болмайтын, бірақ қазақ мүддесі мен мұңы үшін маңызы зор біршама жырлары жарық көрмей қалғаны даусыз. Кітап одан соң 1890, 1897 жылдары қайталап жарық көрді, Ал ХХ ғасыр басында 1901, 1906 жылдары тағы екі рет басылды. Сол себептен де ұлттық әдеби мұраның жанашыры бола білген Г. Потаниннің бұл өлкеден тек тың материалдар іздестіруі заңды құбылыс. Мысалы Г.Потанин қазақ даласын зерттеген басқа орыс фольклортанушы ғалымдарының еңбектерінде ешбір кездеспейтін Бұқар жырау туралы деректер мен толғауларын хатқа түсіріп алуы ойымызды дәлелдей түссе керек. Дегенмен, М.Мағауиннің Шортанбайдың жаңа зары атты мақаласында ерекше ризашылықпен аталып өтетін орыс ғалымы, адвокат Н.Коншиннің 1901 Қарқаралы қазақтары Қоянбай Тұраров пен Жүсіп Бөртебаевтарға арнайы тапсырма беру арқылы жинақтаған қолжазбаның Шортанбай мұрасының толыға түсуіне маңызды мән атқарғаны анық. Бір атап көрсете кететін нәрсе - ХIX ғасыр соңында шыға бастаған қазақ баспасөзінің алғашқы басылымдары Түркістан уәлаятының газеті (1870-1882), Дала уәлаяты газетінде (1882-1904) Шортанбайдың бірді-екілі өлеңдері жарық көрген. Ол да болса Шортанбай жырлары мен өнерпаздық даңқының барша қазақ даласына кең тарауына ықпал жасады және замана шындығын реалистік тұрғыда жырлайтын жаңа ағымның ірі өкілі ретінде таныстырып, осы ақындық мектептің кең қанат жаюына әсер етті.
А.Байтұрсыновтың 1926 жылы шыққан Әдебиет танытқышы еңбегінде Шортанбай, Дулат, Мұрат, Шернияз, Әубәкір Молда Мұсалардың өлең мен толғаулары мысал ретінде де алынған. Мұнда олардың қазақ поэзиясына қосқан үлесі ғана емес, әдебиет тарихындағы орнына баға беруге деген ұмтылыс та жатқаны даусыз. Зар заман ақындары шығармашылығына оң көзқарас 1940-жылдардағы ғылыми мақалалар мен әр түрлі деңгейдегі оқу құралдарының еншісінде. Кеңестік идеологияның ұлттар достығы саясатына қайшы келетін және кейінде қате табылған тарихи жырлар мен отаршылдыққа ашық қарсы шыққан Мұрат, Дулат, Шортанбай және басқа да керітартпа, ескішіл саналған ақындар шығармашылығына қарсы қалыптасқан тұрпайы социологизмге сай көзқарас өз позициясын жоғалтты. С.Мұқанов 1942 жылғы Қазақтың ХVІІІ, ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер еңбегінде халықшыл ақын деп, Қ.Жұмалиев 1941 жылғы 8-9 класс үшін Қазақ әдебиеті оқулығында үлкен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зар заман поэзиясының бастау көздері
ХІХ ғасырдағы қазақ-қырғыз әдеби байланыстары
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Шортанбай шығармашылығын жан-жақты талдау
Ортақ заман Зар заман
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
ЗАР ЗАМАН ӨКІЛДЕРІНІҢ АЗАТТЫҚТЫ ЖЫРЛАУЫ
Жамбыл және оның ақындық ортасы
Пәндер