Несие түрлері және формалары. Несиелендіру кезеңдері


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Баяндама
Тақырып: Несие түрлері және формалары. Несиелендіру кезеңдері
Курс: 2
Группа: Мек-206
Білім алушы: Мұхтар Б. Б.
2021-2022
«Несие» (кредит) сөзі латынның «credo» деген сөзінен аударғанда «сенемін» деген мағынаны білдіреді.
Несие деп мерзімділігі, қайтарымдылығы және пайыздың төленуі жағдайында ақшалай немесе тауарлық нысанда берілетін қарызды айтады.
- Қайтарымдылық - егер алынған құралдар қайтарылмаса, онда ақшалай капиталды қайтарымсыз аудару орын алады, яғни қаржыландыру.
- Мерзімділік - несиелік келісімде белгіленген мерзімде несиенің қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Оның қозғалысы кезінде несиелер мен қарызгер арасында белгілі бір экономикалық қатынастар қалыптасады. Несиесің дамуы ұдайы өндіріс үрдісіндегі капиталдың ауыспалы айналымының заңдылықтарына орайлас келеді: шаруашылықтың белгілі бір телімдерінде уақытша еркін айналымдағы ақша капиталы бос қалады да, басқаларында оған деген мұқтаждық, яғни несие алу қажеттілігі туады. Капиталдың ауыспалы айналымы негізінде пайда болған уақытша еркін айналымдағы ақша капиталы, халық пен мемлекеттің ақшалай жинақтары несие көзін құрайды.
Несиелік қатынастар жүйесінде несие операцияларын жасау үшін қаражат тартудың да маңызы зор. Мұндай қызмет әр түрлі несиелік қатынастар үшін біркелкі бола бермейді. Айталық, коммерциялық несие кезінде несиегердің сырттан қаражат тарту қажеттілігі туындамайды, ал банктік несиелеуде сырттан тартылған қорлардың кеңінен пайдаланылуы көзделеді. Экономиканы дамытуда несиенің рөлі маңызды әрі сан салалы. Несие өнімнің өндірілуі, өткізілуі мен тұтынылуы үрдісіне және ақша айналысы саласына әсерін тигізеді, яғни өнімді өндіру мен өткізу үрдістерінін іркіліссіз болуына ықпал етеді, өндірістің маусымдылығына орай туындаған қаражатқа деген ділгірлікті уақытша қанағаттандыруда, өндірісті кеңейтуде үлкен рөл атқарады. Тұтыну несиесі халықтың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға септігін тигізеді.
Несиелік келісім - бұл несиелік шарттың талаптарын құжаттайтын заңды күші бар келісімшарт. Ол ақша немесе несие беруші адам немесе тарап арасында жасалады. Кредиттік келісім байланысты терминдер барлық баяндалған қарыз. Несиелік келісімдер бөлшек және институционалдық несиелер үшін жасалады. Несиелік келісім-шарттар несие беруші қарыз алушы ұсынған қаражатты пайдалана алмағанға дейін жиі талап етіледі.
Бөлшек клиенттің несиелік келісімдері клиентке берілетін несие түріне қарай әр түрлі болады. Клиенттер несие карталарына, жеке несиелерге, ипотекалық несиелерге және револьверлік несиелік шоттарға жүгіне алады. Несиелік өнімнің әр түрінің өзіндік салалық несиелік келісім стандарттары бар. Көптеген жағдайларда, бөлшек несиелеу өніміне арналған несиелік келісімнің шарттары қарыз алушыға олардың несиелік өтінімінде беріледі. Сондықтан несиелік өтінім несиелік келісім ретінде де қызмет ете алады.
Несие берушілер несиелік келісім-шартта барлық несие шарттарының толық ашылуын қамтамасыз етеді. Несиелік келісімге енгізілген несиелеудің маңызды шарттары жылдық пайыздық мөлшерлемені, пайыздардың өтелмеген қалдықтарға қалай қолданылатындығын, есепшотқа байланысты кез-келген төлемдерді, несиенің ұзақтығын, төлем шарттарын және төлемдерді кешіктірудің кез-келген салдарын қамтиды.
Несие жүйесі - бұл несиелеу нысандарының және әдістерінің, несиелік қатынастардың жиынтығы, яғни несие жүйесі банктік, коммерциялық, тұтынушылық, мемлекеттік және халықаралық несиелер арқылы көрініс табады. Несие жүйесі несиелеудің негізгі принциптеріне сәйкес, ақша қаражаттарын жасаушы, жұмылдырушы және ұсынушы несиелік институттардың жиынтығын сипаттайды. Несие жүйесі банктік жүйеден және банктік емес қаржы-несие институттарынан құралады.
Қазіргі уақытта, несиенің кең тараған нысандары бар:
Коммерциялық несие тауарды төлем мерзімін кейінге қалдырып сату кезінде орын алады. Мұндай несиенің мақсаты тауарлардың өткізілуін жеделдету болып табылады.
Банктік несие банктердің кәсіпкерлерге және басқа да қарыз алушыларға қарыз ретінде беретін ақша қаражаттарын білдіреді. Несиенің бұл нысаны коммерциялыққа қарағанда аса икемді болып табылады, өйткені ол несиелік келісімдер сомасымен, олардың бағытталуымен және мерзімімен ерекшеленеді.
Мемлекеттік несие - мемлекеттің халыққа пайызбен немесе мақсатты түрде пайызсыз түрінде беретін қарыздары мен қазыналық міндеттемелері.
Тұтынушылық несие - халыққа тұрғын үй, көлік құралдарын сатып алу, жолдамалардың, қымбат тұратын тұтыну тауарларының ақысын төлеу, т. б. үшін бөлінетін несие.
Халықаралық несие - валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарылымдылық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы.
Халыкаралық несие капитал айналымының барлық кезеңдеріне қатысады: акшалай капиталды өндірістік капиталға импортталған құрал-жабдықтарды, шикізаттарды, материалдарды сатып алу арқылы айналдырғанда; өндіріс барысында аяқталмаған өндірісті несиелендіру нысанында; тауарларды әлемдік нарықтарда өткізу барысында.
Қазіргі жағдайларда халықаралық несие экономиканы реттеу функциясын орындай тұрып өзіде реттеудің нысаны болып табылады.
Өзара байланысты функцияларды орындау себебінен халықаралық несие қосарлы ролді аткарады: оңтайлы және теріс. Халықаралық несиетің оңтайлы ролі өндіріс процесінің үзіліссіздігін және кеңейюін қамтамасыз ету арқылы өндіргіш күштердің дамуын жеделдетуде көрініс алады. Нарықтық экономика дамуындағы халықаралық несие атқаратын теріс ролі онын қарама-қайшьшықтарын өткірлетумен байланысты.
Елдердің несиетік саясаты несиеор-елдердің әлемдік нарықтардарда жайғасымдарын нығайту кұралы болып табылады. Халықаралық несие қарызгер- елдерде несиеор-елдер үшін пайдалы экономикалық және саяси режимдерді қалыптастыруға және нығайтуға септігін тигізеді.
Өндіріс пен айырбастың , әлемдік шаруашылық байланыстардың жаңа нысандарының пайда болуы халықаралық несиетің сан алуан нысандары дамуының объективтік негізі болып табылады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде несие берудің жаңа нысандары пайда болды. Оларға лизинг, факторинг және фарфейтинг жатады.
Лизинг - машиналарды, құрал-жабдықтарды және басқа да материалдық құралдарды ақшалай емес формада жалға беру. Кейіннен, жалға берілген құралдардың құны бірте-бірте төленіп болған соң, олар жалға алушылардың меншігіне айналады. Лизингтің қолданылуы меншік қызметтерінің бөлінуіне негізделеді. Мүлікке меншік құқығы жалға берушіде қалады, ал жалға алушы осы мүліктің құнын толық өтелгенше оны пайдаланады. Лизингтік келісімдер 1 жылдан 15 жылға дейін созылуы мүмкін. Әдетте, фирмалар техниканы өздері емес, лизингтік компаниялар арқылы береді. Лизингтік компаниялар қызметін әртүрлі ұйымдар - банктер және олардың бөлімшелері, өнеркәсіптік корпорациялардың филиалдары мен еншілес компаниялары атқарады.
Факторинг - бөтеннің қарызын сату-сатып алу немесе сенімхат арқылы коммерциялық операциялар жүргізу. Бұл жерде банк фирманың «дебиторлық есеп-шотын» қолма-қол ақшаға сатып алады, кейін фирманың сатқан тауары немесе көрсеткен қызметін нақты сатып алушыдан қарызды өндіріп алады.
Фарфейтинг - қарызды банкке сатумен байланысты ұзақ мерзімді факторинг, қарызды өндіріп алу мерзімі 1-5 жыл аралығын қамтиды.
Несиелік саясат - банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.
Несиелеу механизмін кеңес экономистері жалпы несиелік механизмнің «техникалық қабаты» ретінде бөліп қарастырады.
Несиелеу механизмі - несиенің берілу және қайтарылу әдіс - тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай - ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі.
Басқаша айтқанда, несиелеу механизмі бұл несиені пайдалану механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі - бұл несиені ғылыми тұрғыда тану механизмін сипаттайды. Бұл механизм практикада нақты әрекет ететін, өзінің субъективтік сипаты бар механизм. Несиелеу механизмі өзінің мәні жағынан несиелік процесс технологиясын бейнелейді.
Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
- Несиеге деген өтінішті қарау;
- Несиелік қабілетін талдау;
- Несиелік келісімшарт жасасу;
- Несие беру;
- Несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.
I кезең. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау.
Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушымен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретіндегі құжаттар пакетінің құрамына жататындар:
- Құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шарттарының, тіркелген куәліктерінің немесе патенттерінің; нотариалды түрде куәландырылған жерді пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар; азаматтардың төл құжаттары және клиенттің несие алуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері;
- Соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы және оған қосымша беттер;
- Несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейін және оның қайтарылу мерзімін сипаттайтын техникалық - экономикалық есебі;
- Несиеленетін мәмілелерді растайтын келісімшарттар көшірмелері (материалдық құндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған щарттар, тауарлы - материалдық құндылықтар шотының көшірмелері және т. с. с) ;
- Басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер (шоттар бойынша көшірме) ;
- Қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының меншік құқығын растайтын құжаттар;
- Несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар;
Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін.
Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған несиесін қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық - экономикалық есеп негізінде жасалады,
II кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі.
Қарыз алушының несиелік қабілеті - қарыз алушының алған несиесі бойынша қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.
Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады:
- Несиеге қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға несиені бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс;
- Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай - ақ келісімшартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі.
- Табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынды. Бұл факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады.
III кезең. Несиелік және кепіл туралы келісімшарт жасасу.
Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, неселік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісімшарт негізінде шешеді.
Несиелік келісімшарт екә жақтың өзара міндеттемелерін және жаупкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:
- Несиелеу мақсаты және объектісі;
- Несиенің мөлшері;
- Несиені беру мерзімі және қайтару шарттары;
- Несиені қамтамасыз ету формасы;
- Несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
- Несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;
- Несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі.
Несиелік келісімшарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері анықтайды.
Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісімшарттың орны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты ажыратылады.
Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік құқықтар жатады.
IV кезең. Несие беру кезеңі.
Бұл кезең ағымдық шот ашу, несиені беруді құжаттау тәртібін (қосымша құжаттар олтырылуы мүмкін), несиені беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.
Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі беру тәсілдері болады. Біріншісі - несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда жұмсалынады. Екншісі - несие алу құқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші -белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады (мысалға, артық сыйақы төлегісі келмейді) .
Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес анықталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz