Ұлттың мәдени кодының сақталуындағы қазақ тілінің рөлі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы

№1 Семестрлік Жұмыс
Әлеуметтік-саяси білім модулі: әлеуметтану, саясаттану пәні

Тақырып: Ұлттың мәдени кодының сақталуындағы қазақ тілінің рөлі.
Мамандығы: Электротехника және энергетика
Орындаған: Қойлыбаев Мейіржан Тобы: ЭЭк 20-3
Нұсқа: 12
Тексерген: Өмірбекова Ж.

_______________ __________________ _______________2022 ж

Алматы 2022
Ұлттың мәдени кодының сақталуындағы қазақ тілінің рөлі.
Ұлттық код дегеніміз не? Бұл туралы түрлі пікілер айтылады. Интернетте қоғамдық ақпарат жүйеде көпшілік ұлттық кодқа тіл, дін, әдет-ғұрып тәрізді айырмашылықтарды жатқызады.
Ұлттық код дегеніміз - ұлттық болмыс. Яғни, бір халықты басқа халықтан ажыратып, танытатын және сол халықтың әлем қауымдастығы алдында басқаға ұқсамайтын таным-түсінігі мен бітім-болмысын айқындап тұратын сипаты деп жазса, ал қоғам қайраткері Әлихан Байменов:
Менің пайымдауымша, ұлттық сана, ұлттық код деп - біздің әрқайсымыздың жеке, кейде қоғам ретінде әлемді қабылдауымызға, дүниетанымымызға, түйсігімізге әсер ететін, ғасырлар бойы қалыптасқан факторлар жиынтығын айтуға болады - дейді.
Қорыта айтқанда, ұлттық код дегеніміз - әрбір ұлттың басқалардан айырмашылығын көрсететін ерекше қасиеттері, ішкі және сыртқы көріністері және солардың пайда болу факторлары. Ұлттық код әрбір ұлттың ерекшелігін ашып, оның сыр-сипатын түсінуге мүмкіндік береді. Ұлттық код қазіргі кезде қолданылып жүрген құлыпты ашатын құпия кілт (код) тәрізді. Басқа ұлт өкілдері құлыпты ашқандай осы кодты біліп, дұрыс пайдалана алса қандай халықтың болса да ниет-көңілін ашып, сенім құшағына еркін еніп, толық сіңісіп кете алады. Қазаққа тұрмысқа шыққан көптеген басқа ұлттың қыздарының осылай қазақ тілін үйреніп, дінін қабылдап, салт-дәстүрін еркін меңгеруі арқылы қазақпен бірігіп, сіңіп кетті. Мысалы ХYІІ ғасырдағы Қазақ хандығын нығайтуға үлкен үлес қосқан қазақтың алғашқы бас пірі әулие Мүсірәлі жоңғардың қонтайшысы Ғалден Сереннің сүйікті кенжесі Мариямға саяси мақсатпен үйленген. Мүсірәліге келген соң Мариям өзінің жұбайылық табиғи міндетін орындап, мұсылмандықты толық қабылдап, қазақ арасына сіңіскені сонша, ерінің ең сүйікті жұбайына айналады. Олардан қазақ пірлерінің бірі әулие Қосым туып, халық өміріне өзінің үлкен рухани әсерін берген 1. Қай заманда болса да осындай мысалдарды көптеп табуға болады.
Ондай адамдар - қазақ халқының ұлттық кодын қабылдап, анасының құшағына енгендей, халықпен бірігіп кеткендер. Ал сіңісе алмағандар - ұлттық кодты меңгермеген, не болмаса меңгергісі келмегендер. Қазіргі кезде Қазақстанда туып-өсіп әлі күнге дейін қазақ тілінде өз екі ауыз сөз құрастыра алмай, қоғам тыныштығын бұзып жүрген адамдар осылардың қатарына жатады.
Қазақтың алғашқы ұлттық болмысын білдіретін коды - оның қонақжайлығы, ақкөңілдігі, мейірімділігі, достыққа тұрақтылығы, ержүрек-қайраттылығы, адал-шыншылдығы, сабырлылығы, дүниеге байланбаушылығы тәрізді ежелден қалыптасқан мінез-құлықтары болып табылады. Әрине қазақтың бұл ұлттық қасиеттері уақыт өте келе өзгеріске түсіп, халық өзінің ұлы қасиеттерінен айырыла бастағанына дау жоқ. Сондықтан қазақты осылай дәріптеуіміз асыра сілтеушілік тәрізді болып та көрінуі мүмкін. Бірақ олай ойлауға асықпайық, себебі ежелгі қазақтың қадыр-қасиеті шынында да осындай болған. Ал бұл мақаланың мақсаты соны дәлелдеу болып табылады. Бүгінгі мәселе - ежелден қалыптасқа сол ұлы қадыр-қасиеттерімізді қайтадан қалпына келтіруде. Елбасымыздың рухани жаңғыру мәселесін көтерудің өзі осы мәселені шешу, бұзыла бастаған ұлттық кодымызды қайтадан қалпына келтіру үшін екені белгілі.
Ұлттық болмыс ғасырлар бойы қалыптасып, бірақ уақыт пен өмір сүру жағдайларына байланысты өзгеріп, жаңа сипат алып, жаңғырып отырады. Бұл өзгерістердің заңдылығын білу бүгінгі күнімізді дұрыс түсіндіріп, болашақ өмірімізді бағдарлауға мүмкіндік береді.
Елбасы Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында ХХ ғасыр - дағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі - олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекше - ліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады, деп дөп басып жазады. Әрине, дамыған елдердің тәжірибесін ескеру қажет. Өйткені тарихи себептермен біздің біршама кенжелегеніміз рас. Десе де озық тәжірибені ендіру барысында белгілі бір сүзгіден өткізбей тұтастай қабылдаудың салдарын жете түсінген жөн. Бұл елек ұлттық бояу һәм рухани құндылық. Бұл тұрғыда кез келген саладағы жас мамандар тарихы алтын әріптермен жазылған ұлы дала ұрпағы екенін ұмытпағаны дұрыс.
Ұлттық код - ең алдымен, тілде, сосын дәстүріміз бен салтымызды, мінезімізді айқындайтын ділде, ұлттық мәдениетте. Қазақ баласының тағылымы мол тарихында мәдени-рухани болмысы ізгілікпен әдіптеліп, қарапайымдылықпен шыңдалып, парасатпен шырайланған. Ұлттық кодымызда ізгілік, адалдық, перзенттік инабаттылық, адамгершілік, парыз, этикет, ақыл-парасаттылық кеңінен өрістеген, молынан қамтылған.
Рухани қайта түлеу ана тілсіз мүмкін емес. Ұлы ағартушы, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов атамыздың Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады деген сөзі де соның бір айғағы. Өйткені тіл ұлттың бар құндылығын тасымалдау - шы құрал. Бұл мәселенің әлі де күрмеуі ше - шілмей келе жатқанына бір кінәлі адам болса, ол да - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет морфологиясы туралы
Ұлттың мәдени кодтың сақталуындағы қазақ тілінің рөлі
Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау
Туған жер
Мәліметтер қоймаларының басқару жүйелері
Қазақ халқының мәдени коды
ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ МҰРАЛАРЫНЫҢ ЖИНАЛУЫ
Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сана
Жаңа тарихи кезең
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер