ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 167 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

Еркінбаева Л. Қ.

Айгаринова Г. Т.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ

ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Алматы, 2007

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті заң факультетінің 2007 жылы ( № хаттамасы) және ғылыми оқу-әдістемелік бюро2007 жылы ( № хаттамасы) шешімдерімен жариялануға ұсынылған.

Еркінбаева Л. Қ., Айгаринова Г. Т. Қазақстан Республикасының жер құқығы: дәрістер жинағы. Оқу құралы - Алматы, 2007 - бет.

Оқу құралы заң факультетінің, өзге жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, сондай-ақ жер заңнамасының мәселелері қызықтыратын көпшілікке арналған.

АЛҒЫ СӨЗ

Жерге деген ғаламат сый материалдық әлемнiң өзге объектiлерiн алмастырмайды. Оны барлық азаматтық кұндылық алмастырмайды. Жер өзге табиғи объектiлер сияқты бағасыз халық құндылығын бiлдiретiн биопотенциалық құнарлы топырағын қамтиды. Казақстан Республикасының Конституциясында жер табиғи ресурс ретiнде, Қазақстан Республикасының халықтың өмірінің негiзi болып белгiленген.

Жер Қазақстан Республикасының конституциялық, әкiмшiлiк, азаматтық, отбасы, қаржылық, салықтық жене аграрлық құқықтық, сонымен бiрге мемлекеттiк шекара, мемлекеттiк құрылым, азаматтық мәмiле жасау, жер учаскесiне деген отбасылардың меншiгiн бөлу, салық салу және ауыл шаруашылық өндiрiс тағы басқалардың құқықтық реттеу пенi болып табылады.

Жердiң көпқырлы қызметтi жүзеге асыруына байланысты жерге байланысты туындайтын қатынастарды, сонымен бiрге, жер шаруашылық қатынастарды бiрiккен және өзара тығыз байланысты құқық реттеу қажеттiлiгi туындап отыр. Сонымен бiрге, жердiң объектiлердi орналастыратын кеңiстiк, орман, су, өсiмдiгi әлемi және өзге табиғи ресурстар үшiн кеңiстiк негiзi болу қасиетiне жер қатынастарын құқықтық реттеу жер құқығымен байланысты.

Жер құқығы Қазақстан Республикасының дербес құқық саласы ретiнде жердi табиғи ресурс ретiнде пайдалану мен қopғay, жердi ұтымды пайдалануды ұйымдастыру мaқcaтынан өндiрiс құралы және шарты сонымен бiрге, кұнарлы топырақты жақсарту және ұтымды пайдалану, жер қатынастары субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар жиынтығы.

Аталған пәндi oқуға кiрiспес бұрын Қазақстан Республикасыньң жер құқығының пайда болуы мен даму тарихын бiлуiмiз қажет.

Қазақстандағы жер қатынастарының реттелуі терең тарихи кезеңге кетедi. Революцияға дейiнгi Қазақстандағы жер қатынастары патшалықтық отарлау саясатын жүзеге асыруға бағыттайтын Ресей империясының заңдарымен реттелген. Қазақстан Республикасының жер құқығын қалыптастырудың кеңестiк кезеңi 1917 жылдан басталған. 1938 жылға дейiн "Жер құқығы" пәнi дербес мәртебесi болмай, жер колхоз құқығы ретiнде оқытылған болатын. 1938 жылдан 80 жылдардың ортасына дейiн жоғарғы оқу орындарында, кейiннен дербес оқу пәнi ретiнде жинақталған "жер құқық" пәнi жүргiзiле бастады. 70 жылдары жер заңдарынан бастап тау кен құқығынa дейiн табиғи ресурстар заңнамасының жүйелену процесi болады, ал 80 жылдардың басына жер заңнамасына сейкес жер, су, орман кодестерi қабылданған болатын.

1988 жылғы жаңа пән "Экологиялық құқық" пайда болды, ал жер экологиялық объект ретiнде танылды. Бiрақ, кейiн жердi табиғи ресурс ретiнде және экологиялық объект ретiнде бiр курста оқытудың қиындығы байқалды. Алдымен "Жер құқығы" курсын, кейiн "Экология құқық" курсын oқуға кipicy қажеттiлiгi туындады. Осыған сәйкес жер құқығының алғашқы құрылымы мен институттары өзгердi. Мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк бiрдей деңгейде реттеледi, қорғалады, ауылшаруашылық мaқcaтындaғы жер тауарлық өндiрiс жүргiзу үшiн және меншiкте болуы мүмкін және пайдалану мен қорғалудың ерекше мәртебесiне ие. Жер қорын мемлекеттiк реттеу нарықтық экономиканық талаптарына жауап беретiн жаңа сапалы бағытқа ие.

Жаңа құқық, инститyттар, сонымен бiрге жер қорының жаңа санаттары (рекреациялық, тарихи-мәдени мақсат жерлерi т. б. ), яғни «Жер құқығы» курсының ерекше бөлiмiнің құқық институттары пайда болады.

Жер құқық қатынастарын реттеу ерекшелiгi дамып өзге ұксас құқық салаларынан бөлiнiп шықты. Казақстан Республикасының жаңа Жер кодексi қабылданды. Әртүрлi құқық салалар нормаларының өзара әрекет ету, жанасуы және интеграция процестерi жүзеге асырылуда. Жер құқық саласына азаматтық, еңбек құқығы және өзге де құқық салаларының нормалары енуде. Жер құқығы ғылым саласы ретiнде даму үcтiндe. Қазақстан Республикасының ғалымдарының түпкiлiктi зерттеулерi бар және олардың кейбiрлерi ұсынылатын әдебиеттер тiзiмiне ендi.

Haқты пәндi оқыту әдiсi студенттердiң болашақ мамандығы үшiн қажет бiлiмдi беруге бағытталғандықтан, жаңа мақсаты бар. Бiлiм алу лекция және семинар сабақта материалды ic жүзiнде оқу, тақырыптар бойынша қосымша әдебиеттердi, оқулықтарды, oқу құралдарын оқу сонымен бiрге лекция және семинар сабақтарды ерекше интерактивтi әдiстердi қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Haқты курстағы басталған жер қатынастарын оқуын студенттер 6 семестрде "Экологиялық құқық" (жердi қоршаған ортаның ажырамас бөлiгi ретiнде) және "Аграрлық құқық" (ауылшаруашылық жерлерiн шаруашылық пайдалану тәрmiбiне көніл бөлінедi) курстарын оқумен жалғастырады.

Ал қоса ұсынылып отырған жер құқығы пәнінен жұмыс бағдарламасы "Жер құқығы» курсын жоғарғы оқу орындарының барлық факультеттерiнде oқу жоспарына сәйкес көлемде оқыту үшiн арналған. "Жер құқығы" курсын оқып бiтiргеннен кейiн емтихан тапсырады, емтихан үшiн cұpaқтap тiзiмi нақты жұмыс бағдарламасында көрініс тапқан. Ұсынылған әдебиеттер, негiзгi нормативтiк құқықтық актiлер тiзiмi осы курсты оқу үшiн арналған.

1 ТАҚЫРЫП. ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ

Сұрақтары:

  1. Жер құқығы құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу пәні ретінде түсінігі.
  2. Жер құқығының пәні. Жер құқық қатынастары: түсінігі, обьектісі, субьектісі және түрлері.
  3. Жер құқығының әдістері және жүйесі.
  4. Жер құқығының қағидалары.
  5. Жер құқығының басқа құқық салаларымен байланысы және ара-қатынасы.

1 Жер құқығы құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу пәні ретінде түсінігі

Адам қоғамының барлық өмiрiнде, оның қалыптасуы мен дамуында жер өте маңызды роль атқарған. Жер - табиғаттың берген сыйы ретiнде, адам қоғамының пайда болуына дейiн болған. Бiрақ, жер өзiнiң еңбектiң жалпы заты қызметiн атқаруы үшiн мiндеттi түрде оны бiреу иемденуi қажет және өндiрiстiк процесiн жүзеге асыруы қажет.

Мемлекетіміздің басты байлығы - оның экономикалық және әлеуметтік қолайлы негізі болып табылатын жер ресурстары. Қазақстан Республикасындағы саяси және экономикалық құрылысты реформалау процессі жер қатынастарын түбегейлі өзгерту және мемлекеттің тікелей бақылауы мен басқаруы арқылы жер реформасын жүргізу қажеттілігін туындатып отыр. Сонымен қатар, нарықтық экономикаға өту жердің негізгі өндіріс құралы, аумақтық кеңістіктің негізі және маңызды табиғи объект ретінде жердің басты функцияларын сақтай отырып, жерге әртүрлі меншік нысандарын, жер пайдалану құқығының ақылығын енгізу және жерді заңды түрде азаматтық және шаруашылық айналымның объектісі ретінде тану қажеттілігін объективті түрде туындатып отыр.

Қазіргі кезде жердің экономикалық маңыздылығы өте жоғары деңгейде. Жер адам қоғамының кез-келген шаруашылық қызметінің және өмірінің негізі. Жердің экономикалық қасиетімен қатар, экологиялық маңыздылығында ескеру қажет. Жер - қоршаған ортаның ажырамас бөлігі, табиғи ресурс.

Жер - тұтастай алғандағы адамзат үшін қажетті және басты материалдық ресурс болып табылады. Аталған бұл термин көп қырлы болып табылады және бірнеше мағынада қолданылады:

  1. Жер кең мағынада алғанда Жер шары ретінде түсініледі.
  2. Жер адамның өмір сүретін ортасы және табиғи байлықтардан, жер бедерінен, ландшафттардан құралатын Жер шарының қабаты ретінде.
  3. Жер жер құқығының реттеу пәні ретінде. Бұл тұста біз жер деген түсініктің астарынан табиғи ресурстарды, ауыл және орман шаруашылық өндірістерінің басты өндіріс құралы, құрылыстар, құрылымдар және басқа да объектілер салу үшін қажет болып табылатын кеңістіктің базис деген мағыналарды көре аламыз.

Заң ғылымында құқық нормаларын жекелеген салаларға өзара ажырату үшін келесідей алғышарттар қолданылады: бұл құқықтық реттеудің ерекше пәні, ерекше реттеу әдісі, құқықтық реттеудің жүйеленген қайнар көздері, өзіндік қағидалары және жеке құқық саласына бөліп шығаруға деген қоғамның мүдделігі. Жер қатынастарының экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәні жер қатынастарының ерекше құқықтық реттеу пәні ретінде тануға негіз болады. Жер қатынастары тек жер құқығының нормаларымен ғана емес, сонымен қатар, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қаржылық құқық және өзге құқық салаларының нормаларымен реттеледі. Сәйкесінше, аталған жер құқық қатынастар тобын реттеу әдісінің ерекшелігі, яғни, жер қатынастарының субъектілеріне әсер етудің ерекше үйлесімдігі бар. Жер құқығының жүйеленген қайнар көзі 20 маусым 2003 жылы қабылданған Жер кодексі және жер заңнамасының жүйесін қалыптастыратын нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы бар. Жер құқық қатынастарын реттеу барысында басшылыққа алынатын құқық қағидалары осы аталған заңнама жүйесінде тікелей көрініс тапқан. Ал енді жер құқығының дербес құқық саласы ретінде қызмет етуі - тұрақты даму жағдайында, жерді азаматтық айналымға енгізу жағдайында тұрған қазіргі уақытта еліміздің жерін ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етудегі қоғамның мүдделілігін айқындайды.

Жер құқығы аталған талаптардың барлығына жауап береді, сол себептен жеке дербес құқық саласы болып табылады. Сонымен, жер құқығының бар екенін дәлелдейтін мынадай белгілері бар:

  1. Жер құқығы қатынастарының қалыптасуы және дамуы;
  2. Жер құқық қатынастары саласындағы заңдардың қалыптасуы мен дамуы;
  3. Қалыптасқан жер құқық қатынастарын мемлекет тарапынан реттеу механизімінің болуы;
  4. Жер құқығының өзіне тән қағидаларының болуы.

Құқық саласы ретінде жер құқығы дегеніміз - жерді пайдалану мен қорғаумен, жерді жеке меншікке және жер пайдалану құқығына берумен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқық нормаларының жиынтығы.

Ғылым саласы ретінде жер құқығы дегеніміз - көптеген ғылыми теориялардың, тұжырымдардың, ой-пікірлерінің және әртүрлі ғылыми көзқарастардың жиынтығы болып табылады. Бұлардың мақсаты ғылыми тұрғыда жер құқығының пайда болуын түсіндіріп беру, оның әрі қарай даму жолына болжам жасау. Сонымен бірге, жер қатынастарын құқықтық реттеудегі ақтаңдақтарды, кемшіліктерді жою, оларды болдырмау және осы саладағы заңдардың өзара қарама-қайшылықтарын жою болып табылады.

Жер саласындағы қазіргі күнгі отандық ғалымдар - Стамқұлов Ә. С., Бектұрғанов А. Е., Хаджиев А. Х., Еркінбаева Л. Қ. т. б.

Оқу пәні ретінде жер құқығы - дәрістік және тәжірибелік сабақтардың жиынтығы, яғни, жер құқығы ғылымының негізгі ережелерінің белгіленген жүйе бойынша мазмұндалуы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 12-бап 14-тармағына сәйкес, жер дегеніміз - Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез-келген еңбек процессінің аумақтық негізі. Осы анықтамаға сәйкес, жердің күнделікті өмірде атқаратын қызметі мен ролін анықтап алуға болады:

  1. Жердің саяси-құқықтық қызметі. Яғни, мемлекетіміздің егемендігі белгіленген шекара шегіндегі, Қазақстан халқының тұрғылықты тұрақты мекені;
  2. Жердің экологиялық қызметі. Яғни, жер қоршаған ортаның құрамдас және ажырамас бөлігі, табиғи ресурс;
  3. Жердің экономикалық қызметі. Яғни, жер жылжымайтын мүлік ретінде танылып, азаматтық айналымның объектісі ретінде елдің байлығы байлығы.

Жердің әлеуметтік қызметі. Жер адамдардың өмір сүру негізі және еңбек процесінің аумақтық негізі болып табылады.

Жердiң негiзгi табиғи ресурс ретiнде белгiлерiн атап айтатын болсақ:

  1. Жердiң нарықтық құны оның адам өмiрi үшiн беретiн экологиялық және әлеуметтiк құндылығын бағалай алмайды. Сондықтан жер учаскесiнiң iс жүзiндегi ақшалай құнын анықтау мүмкiн емес;
  2. Жерге барлық халықтың табы мұқтаж және халық санының өсуiмен аталған ресурсты тұтынуы жерге деген сұранысты күшейтiп отыр;
  3. Жер тек адамзат баласымен ғана емес, сонымен бiрге, адам өмiрiн қамтамасыз ететiн тiршiлiктiң өзге де жандарымен тұтынылады;
  4. Жердiң саны мен сапасы өндiрiстiк қызмет нәтижесiнде, өзге кейбiр объектiлер тәрiздi ұлғаймайды, керiсiнше кемiп отырады.

Қазіргі жаһандану кезінде, адамзат табиғатқа араласу белсенділігін арттырған жағдайда, табиғи объектілерді және ерекше маңызға ие, ұзақ уақыт бойы қалпына келетін жер ресурстарын ұтымды пайдалану саласында жалпы глобалдық және ішкі мемлекеттік өзара келісілген шараларды қалыптастыру қажет. Көптеген зерттеушілер осыған байланысты жердің ерекше маңыздылығын атап өткен.

Б. Ж. Әбдірайымов, жер дегеніміз - мемлекет пен халықтың өмір сүру қызметінің негізі болып табылатын табиғаттың басты объектісі. Жерге меншік нысаны, иелену мен пайдалануға кімге берілгендігі және жердің сандық, сапалық жағдайына біздің болашағымыз тәуелді деп жазған болатын.

А. Х. Хаджиевтың пікірі бойынша - жердің табиғи қасиеті өзге қоршаған табиғи орта объектілермен өзара байланыс жүйесінде басым орнын белгілейді. Орман, су, жануарлар дүниесі табиғат объектілері ретінде жермен байланыссыз өмір сүре алмайды. Тек қана жермен тығыз байланыста бола отырып, олар өздерінің өсіп-өну мүмкіндіктері мен ерекше қасиеттерін сақтайды және барлық табиғи кешендермен бірге экологиялық қызметін жүзеге асырады.

Жер - барлық адамзат баласының өмір сүруінің негізі болып табылатын негізгі табиғи объект.

Жер ерекше белгілерге ие.

Н. А. Сыроедовтың пікірі бойынша, жердің қайта қалыптаспаушылық, орны толмастық және шектеушілік сияқты белгілермен сипатталады.

А. Х. Хаджиев, жердің айрықша белгілері ретінде келесі белгілерді айтады:

- жердің құнарлы қабатының болуы;

- жердің өндірістік қабілеті мен тұтынушылық бағалығын қалпына келтіру және сақтап қалу мүмкіндігі;

- кеңістіктік шектеулік;

- орнынан қозғалта алмайтындық, орналасқан жерінің тұрақтылығы.

Сонымен, жердің келесі белгілерін бөліп көрсетуге болады:

Біріншіден, жер құнарлыққа ие. Құнарлық табиғи және жасанды /экономикалық/ болуы мүмкін. Табиғи құнарлық - ұзақ мерзім бойынғы құнарлану процессінің нәтижесі. Бұл топырақта құнарлы заттардың болуымен және өсімдіктер әлемі үшін қол жетімдікпен анықталады.

Табиғи құнарлық мелиорация және агротехника арқылы адамның топырақтың химиялық, биологиялық және физикалық қасиетіне әсер етуі арқылы жасандыға ауысады.

Екіншіден, жер - табиғи табиғаттың өнімі, өзге өндіріс құралдары сияқты адам қолымен жасалмаған.

Үшіншіден, жер айырбасталмайды. Өзге өндіріс құралдарынан айырмашылығы, еш нәрсемен айырбастай алмайсың.

Төртіншіден, жерді пайдалану жердің тұрақтылығымен ерекшеленеді. Жерді өзге өндіріс құралдары сияқты басқа бір жерге ауыстырып, қолдануға болмайды.

Бесіншіден, жер беті шектеулі. Жерді өзге өндіріс құралдары сияқты сандық жағынан ұлғайтуға болмайды.

Аталған белгiлермен себептерге байланысты жер сату-сатып алу объектiсi болғанымен және мүлiк ретiнде танылғанымен, өндiрiстiк қызмет нәтижесiнде пайда болатын мүлiкпен, өнiммен немесе өзге затпен теңеспейдi. Сол себептен, жердi азаматтық айналымның еркiн объектiсi ретiнде тануға болмайды және табиғи ресурс ретiнде сақталуын, ұтымды және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуiмiз қажет.

2 Жер құқығының пәні. Жер құқық қатынастары: түсінігі, обьектісі, субьектісі және түрлері

Құқықтық қатынастардың қоғам талаптарына сай өзгеруі, жер құқығы пәні мен міндеттерінің өзгеруіне әкеп соғады. Нарықтық экономика және тұрақты даму жағдайында жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың дербестігі, жер құқық қатынастарының демократиялағы, жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарының кең ауқымға жетуі сияқты құбылыстар орын алып отыр. Нәтижесінде жер құқығының пәні мен міндеттері өзгеріске ұшыраған. Жер құқығының пәні дегеніміз - жер құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастардың жиынтығы, яғни жер құқық қатынастары. Жер Кодексінің 12-бабының 10-тармақшасына сәйкес, жер құқық қатынастары дегеніміз - жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субьектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады.

Жер құқық қатынастарының өзіне тән белгілері:

  • бұл қатынастар жерді пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етеді;
  • бұл қатынастар жерді меншік обьектісі, пайдалану обьектісі, аумақтық кеңістік ретінде және табиғат байлығы ретінде қарастырады;
  • бұл қатынастар жер құқық нормаларымен қатар, өзге құқық салаларының нормаларымен реттеледі;
  • бұл қатынастар тек жер учаскесін пайдалану емес, сонымен қатар, жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті де пайдаланумен байланысты қатынастар;
  • бұл қатынастар міндетті қатысушысы мемлекет немесе мемлекет мүддесін білдіретін билік органдары болып табылатын жер ресурстарын басқарумен байланысты қатынастар.

Жер ќ±ќыќ ќатынастары екі жаќты т‰сіндіріледі.

  • жер ќ±ќыѓыныњ жалпы бµліміндегі жер ќ±ќыѓы институты ретінде;
  • жер ќатынасын реттеуші ќ±ќыќтыќ норманыњ єрекет ету механизмін ашып кµрсететін теориялыќ ±ѓым ретінде.

Жер құқық қатынастарының да өзге құқық қатынастары сияқты өзіне тән болатын объектісі, субъектісі және мазмұны болады. Жер құқық қатынастарының обьектісі ретінде жер қоры, жер учаскесі және жер үлесі танылады. Жер қоры Қазақстан аумағының барлық жерлерінің жиынтығы. Қазіргі жер қоры жеті санатқа бөлінеді:

  1. ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер:
  2. елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері;
  3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер;
  4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
  5. орман қорының жері;
  6. су қорының жері;
  7. босалқы жері;

Жер учаскесі дегеніміз - белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілген тұйық шекара ішіндегі бөлінген жер бөлігі (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 12-бап 13-тармағы) .

Жер учаскесінің белгілері:

  • тұйықталған шекарасының болуы;
  • арнайы құжаттарының болуы; мысалы: жерге жеке меншіктің мемлекеттік актісі, т. б.

Жер учаскесінің келесі түрлері қарастырылған: Бөлінетін жер учаскесі және бөлінбейтін жер учаскесі. Бөлінетін жер учаскесі дегеніміз - өзінің нысаналы мақсатын өзгертпей және өртке қарсы, санитарлық, экологиялық, құрылыстық және өзге де міндетті нормалар мен ережелерді бұзбай бөліктерге бөлуге болатын, бөлінгеннен кейін әрқайсысы дербес жер учаскесін құрайтын жер учаскесінің түрі. Егер бұлай болмаған жағдайда жер учаскесі бөлінбейтін деп танылып, жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжатта көрсетіледі.

Жер үлесі дегеніміз - бір жер учаскесіне екі немесе одан да көп тұлғалардың құқықтары болған жағдайда, сандық тұрғыдан анықталған үлес. Жер үлесі бірнеше түрлерге бөлінеді:

  • ортақ меншіктегі және ортақ пайдаланудағы жер үлесі;
  • қонымды жер үлесі;
  • шартты жер үлесі.

Екі немесе бірнеше тұлғаның меншігіндегі жер учаскесі оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Ортақ меншіктегі немесе ортақ пайдаланудағы жер үлесі ортақ үлестік меншік құқығында (пайдалану), мысалы: ауылшаруашылық серіктестіктерінің жерге меншік (пайдалану) құқығы немесе ортақ бірлескен меншік құқығында (пайдалану), мысалы: ерлі-зайыптылардың жерге меншік (пайдалану) құқығы болуы мүмкін.

Қонымды жер үлесі кондоминиум объектілері болып табылады. Кондоминиум дегеніміз - жылжымайтын мүлікке меншіктің (өзге де құқықтың) ерекше нысаны, бұл ретте жылжымайтын мүліктің жекелеген бөліктері жеке және заңды тұлғалардың бөлек дербес меншігінде болады, ал жылжымайтын мүліктің бөлек меншікке жатпайтын бөліктері, оның ішінде жер учаскесі де, оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады және бөлек меншігіндегі жылжымайтын мүлік бөліктеріне құқықтардан ажыратылмайды. Мысалы: көп пәтерлі үйдің ауласы, шатыры, баспалдақ алаңы, лифт т. б.

Шартты жер үлесі дегеніміз - таратылған немесе қайта ұйымдастырылған ұжымшар мүшелерінің, мемлекеттік емес болып қайта құрылған мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдары қызметкерлерінің сандық тұрғыдан анықталған үлесі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бақылау жұмысын орындауға арналған тапсырмалар
ҚР жерге жеке меншік құқығы
Жер құқық қатынастары
Қазақстан Республикасының жер құқығы жерге меншіктің құқықтық
Жер құқығы қатынастарының субъектілері
Жерге меншік құқығының обьектілері
Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздер
Жерге меншік
Жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, жүйесі
Қазақстандағы жер қатынастарын құқықтық реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz