АЛТАЙ МЕН БАЙЫРҒЫ МАЙЯ ӨРКЕНИЕТІНІҢ САБАҚТАСТЫҒЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
АЛТАЙ МЕН БАЙЫРҒЫ МАЙЯ ӨРКЕНИЕТІНІҢ САБАҚТАСТЫҒЫ

Майялардың ұлы өркениетінің сырын 40 жыл бойы зерттеген Америка Құрама Штаттарының ғұлама ғалымы Хосе Аргуэлльес алғаш рет әлемнің жер кіндігі Алтаймен 2001-жылы осы киелі тауды пір тұтқан әлем зерттеуші лерінің бірі Николай Рерихтің “ Алтай- Гималай ” атты кітабы арқылы танысқанын және әлгі туындының өзіне кереметтей әсер қалдырғанын жасырмайды. Басқаша болуы мүмкін де емес еді. Өйткені Н. К. Рерих 1923-1926-жылдары Индиядан аттанып, одан соң Қытайға, одан әрі Сібірге, одан Алтайға, Моңғолияға және ең соңында Тибетке жасаған ұзақ сапарлары кезінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын бір сәт те тоқтатпаған және кәсіби суретші болғандықтан, әлгі елдерден алған тұшымды әсерлерін қылқаламымен бейнелей отырып, байырғы және кейінгі замандардағы Шығыс елдерінің тарихы мен мәдениетіне қатысты дәйек-деректерді күнделігіне түсіруді әдетке айналдырған және соларды негізге ала отырып, 1926-жылы жоғарыда аталған заманауи кітапты жарыққа шығарған.

Бейбітшілік туының астында төрт жылға созылған әлгі заманауи экспедицияға сіңірген сүбелі еңбегі мен одан да бұрынғы бейбітшілік ісіне қосқан айтулы үлесі еленіп, 1928-жылы Н. Рерих Нобель сыйлығымен марапатталады. Ал 1935-жылы ғұлама ғалымның жүргізген дипломатиялық іс-шараларының нәтижесінде, Вашингтонда АҚШ президенті Рузвельттен бастап, Солтүстік және Оңтүстік Американың 21 мемлекетінің көшбасшылары қостап, Рерихтің Бейбітшілік Пактісіне қол қояды. Бүкіләлемдік маңызы бар бұл құжатты абырой-атақтары жер шарына жайылған ғылым мен мәдениет қайраткерлері: Ромен Ролан, Бернард Шоу, Альберт Эйнштейн, Томас Манн, Рабиндранат Тагор, Джавахарлал Неру, Герберт Уэллс және басқа да белгілі тұлғалар қызу қолдағанды. 1953-жылға қарай Н. Рерихтің Бейбітшілік Пактісін қуаттаған адам саны 620 миллионға жетеді. Демек, Хосе Аргуэлльестің жиһангез Н. Рерихтің ғылыми еңбегінде баяндалған жер кіндігі Алтайға соншалықты қызығушылық танытуының сыры да осында жатса керек. Екінші рет Хосе Аргуэлльестің назары Алтайға өзінің Ресейдегі Халықтар достығы университетінде болған кезінде ауады. Себебі әлгі университетте ол бірнеше алтайлықтармен етене-жақын танысады. Университеттің басқа да жас ғалымдары оған Алтай туралы көптеген әсерлі мағлұматтар береді. Содан болуы керек, ерлі-зайыпты Хосе мен Ллойдин Аргуэлльестердің аңсары Алтайға ауып, осы бір жер жаннатын көруге ынтыға асығады. Ақыры олардың бұл арманы да орындалады. 2001-жылдың тамыз айында қос ғалым мен оларға ілесе келген “Уақыт Заңы Қорының” өкілдерін алтайлықтар Катунь өзенінің бойында ыстық ілтипатпен қарсы алады. Жергілікті халықтың қаймағы бұзылмаған мәдени салт-дәстүрлері мен діни наным-сенімдері ғалымдарға ерекше әсер қалдырады. Себебі мұндай қошаметке олар бұрын-соңды еш жерде және еш қашан ие болып көрмеген еді. Әсіресе, оларды таңдандырғаны алтайлықтардың “ақ діні” болатын. Себебі бұл наным ғалымға әлемдегі ірі үшбу діннің, атап айтқанда, буддизм, христиан және ислам діндерінің тоғысқан нүктесінде туындаған синтез-сенім секілді болып көрінген еді. Сосын, Аргуэлльестердің түсінігінде, бұл ғажап кездесу уақыт пен кеңістіктің сырын ұғынудың бір нүктеге, яғни киелі Алтайға келіп түйіскен сәтіне дөп келген еді. Бұл біріншіден.

Екіншіден , бұл сапар оларға адам өмірінде ешнәрсенің кездейсоқ болмайтынын дәлелдеп тұрғандай әсер қалдырғанды. Тіпті , аталмыш уақиғалар тізбегі дәл солай болуға тиісті, алдын-ала сызылып қойыл- ған заңдылықтардың нәтижесіндей болып көрінген-ді. Әйтпесе, дәл 2001-жылдың тамыз айында олардың Ресейге жолдарының түсіп, Новосибирск мен Таулы Алтайды жеті күн аралауын және олардың бұл сапа- рының Николай Рерихтің Трансгималай экспедициясының аясында киелі Алтайға 1926-жылы тамыз айында жасаған жорығының 75 жылдығына дөп келуін қалайша түсіндіруге болады? Мүмкін бұл ‘о баста адамның маңдайына не жазылса, сол болады’ деген халық жадында жазылып қалған аксиома ның шындықтан тіпті де алыс емес екендігінің тылсым да шынайы көрінісі болар? Ия, қалай болғанда да, бұл сапарды Аргуэлльес- тер айырықша жылы сезіммен түйсінген болатын.

Сонымен , әлгіндей нышанды сезімге оранған Хосе Аргуэлльес өзі бастап келген миссия мүшелерімен бірге бірден Алтайдағы Усть-Кок- си ауданының Жоғарғы Уймон селосында орналасқан Рерихтердің му- зей-үйіне аттанады. Сөйтіп, 75 жыл бұрын Рерихтер тұрған дәл осы үйде Хосе Аргуэлльес Ресейдің Новосибирск қаласынан шыққан атақты ға- лымы Алексей Николаевич Дмитриевпен кездеседі. Бұл дағы оның көп- тен күткен арманы болатын. Кейіннен екі ғалымның арасында басталған жылы достық қарым-қатынас кереметтей творчестволық байланысқа ұласып кетеді.

Аргуэлльестер басшылық еткен “Уақыт Заңы Қоры” экспедиция - сының басты мақсаты Алтайда Халықаралық мәдени орталықтың негізін қалау болатын. Оны іске асыру үшін Аргуэлльестер экспедиция соңында Таулы Алтайдағы атақты Катунь өзенінің оң жағалауында орналасқан Чемаль ауданында “Алтай және байырғы майя: Уақыт Заңы - өткеннен келешекке” деген тақырып аясында жеті күндік семинар өткізеді. Семи- нардың Кин Алтайда, яғни жер кіндігі Алтайда (Алтын тауда) және сол киелі таудан ағып шығатын Катунь өзенінің бойында өтуінің де өзіндік сыры бар. Өйткені майя тілінде “kin” деген сөздің бірнеше мағынасы бар: бірінші мағынасы - аптаның бір күні, екіншісі - аспан әлеміндегі Күн, үшінші мағынасы - кіндік. Ал майя тілінде бір күн дегенді біл- діретін “kin” деген сандық ұғымнан кейінгі үлкен өлшем бірлігі- “winal”. Бұл - 20 деген ұғымның атауы. Winal-дан кейінгі үлкен сан - “tun” (360 күн) немесе 18 winal. Төртінші үлкен сан - “katun”. Бір katun 20 tun-ға немесе 7200 күнге тең. Келесі, бесінші үлкен сан - “baktun”. Бұл 144000 (7200x20) күнге тең. Ал майялардың ұзын есепке негізделген күнтізбесі бойынша, аспан күмбезіндегі Күннің (Kin) бір циклы 5126 жылға теңе- леді. Бұл - шамамен 13 baktun (12. 8) . Демек, 13 baktun - Күн цикл ының бір мүшелі. Олай болса, 2012 жылы бүгінгі адамзат, майялардың ұзын есепке негізделген Күн циклы бйынша, біздің заманымыздан 3114 жыл бұрын басталып, 2012 жылы 21 желтоқсанда, яғни күн мен түн теңел- ген сәтте аяқталған Күннің мүшел жасының соңғы кезеңінде өмір сүріп жатты. Демек, Күннің 5126 жылға теңелетін келесі циклы 2012-жылдың 22-желтоқсанынан қайта басталды. Ендеше, 2012-жыл туралы кезінде ақпарат құралдарында жиі-жиі көтерілген әртүрлі қорқынышты немесе алыпқашпа қауесеттердің басты себебін 2012-жылдың Күн циклының мүшел жасы болғандығымен ғана түсіндіруге болады. Өйткені біздің салт-дәстүрімізде әрбір азамат мүшел жастан секем алады немесе күдік- тенеді. Бұл - күмән туғызбайтын шындық.

Сосын, Хосе Аргуэлльес жетекшілік еткен семинардың жеті күн- ге жоспарлануының да өз астары бар. Бірншіден, 7 - бүкіл әлемде кие- лі сан болып есептеледі. Екіншіден, 7 әлемдік генезистің негізі немесе киелі күші болып саналады. Сондықтан да тілімізде жүрген жеті қат аспан, жеті қат жер асты, жеті қарақшы, жеті жарғы, жеті нан, жетісін беру сияқты сөз тіркестері жоғарыдағы нышанды ұғымдармен тікелей астарласып жатыр. 28 күнді құрайтын майя күнтізбесіндегі 4 аптаның әрқайсысы да 7 күннен тұрады. Ал ең таңданатын нәрсе - бірден жетіге дейінгі сандардың өзара қосындысының (1+2+3+4+5+6+7) тұп-тура 28 болып шығатындығы. Сосын әлгі тізбектің тең ортасы 4 екеніні де айқын байқалады. Ал он үш айдан тұратын Киелі күнтізбедегі 13-ті құрайтын сандардың (1-2-3-4-5-6-7-8-9-10-11-12-13) тең ортасы - 7. Демек , төрттің жетіге қатынасы, жетінің он үшке қатынасымен бірдей: 4:7::7:13. Ал бұл формула - Уақыт Заңының үйлесімділікті білдіретін ең негізгі формула- сы. Аргуэлльестердің Алтайда өткізген семинарының бірінші нысанасы, адамдарға табиғаттың ұлы күші болып саналатын әр жылы 13 айдан және әр айы 28 күннен тұратын майялардың киелі Күнтізбесіне қайта оралуға бастайтын шынайы ниеттің ұрығын себу болса, екінші көздеген нысана- сы негізін кезінде Аргуэлльестердің өздері қалаған “Уақыт Заңы Қоры” мен “Өнердің Планета рлық Торының” Таулы Алтайда, Қазақстанда, Украинада, Оралда, Новосибрск қаласы мен Санкт-Петербургте ашыла- тын жаңа өскіндерінің бүршік атуына ықпал ету болатын.

Жеті күн ішінде Аргуэлльестер Уақыт Заңының қыр-сырын семи-

нарға қатысушыларға айшықтап берді. Мұндай жетікүндік семинарларды Аргуэльестер бұған дейін де талай рет әлемнің сан-алуан елдерінде өт- кізіп, Уақыт Заңы мен сол заңға негізделген Киелі Күнтізбені және майя- лардың математикасы мен космологиясын адамдардың санасына сіңіру- мен айналысқан-ды. Сосын, Хосе Аргуэлльес мұндай шараны әлемнің

қай жерінде өткізбесін, 1582- жылы Ватикан қабылдаған, бірақ ғылыми негізі мүлде әлжуаз Григорий поптың жасанды күнтізбесінен бас тартып, адамзат өркениетінің нағыз галактикалық үйлесімдікке негізделген әр жылы - 13 ай, әр айы 28 күннен тұратын әрі барша адамзаттың биология - лық ырғағына дөп келетін киелі Күнтізбеге ауысуды уағыздап отырды. Алтайға жасаған сапарында Хосе Аргуэлльес алтайлықтардың тілінде- гі кин, катун деген сөздер мен майя тіліндегі kin, katun деген сөздердің фонетикалық үндестіктерімен қатар, мағыналық ұқсастықтарына және майялардың 260 күндік Цолкин деп аталатын ғажап күнтізбесінің атауы- ның құрамында тұрған kin деген сөзге де мән берді. Өйткені ол сөздің де мағынасы - күн. Мұның сыртында Хосе Аргуэлльес Мексика жеріндегі “майаб” деген топонимге де назар аударып, бұл сөздің ертеректе Орта- лық Америкадағы бір аймақтың атауы болғанын, алайда кейінірек оның “Анахуак” болып өзгергеніне сілтеме жасайды және әлгі сөздің мағына- сының “cулардың бойындағы жер”деген ұғымды білдіретінін, сондай-ақ, әлгі сулардың Тынық Мұхит, Кариб теңізі және Мексика шығанағы секіл- ді шалқар айдындар екенін атап өтеді. Майаб немесе Анахуак деген то- понимдер, негізінен, қазіргі Мексиканың құрамдас бөлігі болып келетін Юкатан жарты аралы мен соның оңтүстігіндегі биік таулы аймақты қамтиды. Әлгі таулардың басында Атитлан деген көл Алтайдың төбесін- дегі Телес көліне қатты ұқсайды.

Майялар өздерін әлгі көлдің маңынан шыққандығын және о баста олардың 13 тайпа, 7 ру болғанын және уақыт өте келе көбейіп, сол ай- маққа түгел тарағанын сөз етеді. Бүгінде таулық майялар өздерін “киче майя” деп атаса, ойда тұратындары өздерін “юкатектер” деп атайды (4) . Және бір дереккөзінен майялар туралы мынадай мағлұматты да кездес- тіреміз: “Біздің заманымыздың 668-1175-жылдары аралығында қазіргі Мексика аумағына лек-лек моңғолтектестер келіп қоныстанған. Олар Моңғолияның Толан деген аймағынан келген. Әлгі аймақ Байкал көлі мен Толы өзенінің бойына орналасқандықтан Анахуак, яғни Су бойы деп аталған. Мұхиттың арғы жағынан өтіп келген соң әлгі моңғолтектестер жаңа мекендеріне де өздерінің байырғы жер-су атауларын беріп, оларды да Толан немесе Толы (Туле) деп атай бастаған. Әлгі өңірлер де мұхит пен теңіз айдындарына жақын орналасқандықтан, бұрынғыша, Анаху- ак болып аталып кеткен. Кезінде қазіргі Мехико қаласының орнында да шалқар көл болған. Сол көлдің бойын жайлаған халық өздерін нахуатлактар деп атаған және олар о баста Астланнан, яғни жоғарыда аталған Атитлан көлінің маңынан келіп қоныстанғанын және 13 тайпа, 7 ру халық болғанын шежіре қылып айтып келген. Нахуа тілінде сөйлейтін халық өз- дерін нахуатлактар деп атаумен қатар Астланмен байланыстырып, астектер деп атап кеткен” (5) .

Астектер демекші, егер олар о баста Алтайдан келіп қоныстанса, осыны дәлелдейтін лингвистикалық дерек бар ма, бар болса, олар қандай деген сұраудың жауабын іздер болсақ, мындай дәйек алдымыздан шыға- ды. Мәселен, Eliseo B. Aragon (6) және Rosario Maria Gutierrez (7) есімді ғалымдардың қолымен жазылған нахуа тілінің сөздіктерін зерттегеніміз- де құрамында түркі тілдерінің бәріне де отақ tepe (төбе) деген астектердің жүзден аса байырғы топонимдері мен олардың этимологиялық анықта- масын кездестірдік. Олар қазіргі Мексиканың оңтүстігінде орналасқан Веракруз, Гуерреро, Оахака және Чьяпас штаттарында өте жиі кезде- седі. Астектердің Алтайдан шыққандығының әрі олардың түркі тектес халықтармен жақындығының тағы да бір дәлелі астек деген этнонимнің этимологиясынан да анық байқалады. Ғалым И. Ф. Никоновтың пікірінше (8), әлгі атау а(к) цилан деген сөзден өрбіген. Ал астек тілінде ак деген сөз ақ, ал цилан деген сөз жылан деген ұғымдарды білдіреді. Бүл сияқты лингвистикалық дәйектерге кезінде “Азия - Берингия - Америка немесе америкалық үндісердің азиялық тегі” атты зерттеу жұмысымыз бен өзге туындыларымызда (8) арнайы тоқталып, жеткілікті материал берген бо- латынбыз. Олардың ішінде байырғы америкалық “үндістердің” азиялық, ал түптеп келгенде, алтайлық тегі антропологиялық , археологиялық , па- леонтологиялық , генетикалық , лингвистикалық және басқа ғылымдар тұрғысынан жан-жақты сарапталды. Кезінде Христофор Колумб ашса да, атауы ұлы жиһангезге бұйырмай, Жаңа Әлем немесе Америка атанып кет- кен алып құрылықтардың сыры шындықтан мүлде аулақ жатқан еуроцен- тристік көзқарастан аршылып, оларды мекендеген түбі түркі халықтар орнықтырған ұлы өркениеттің тарих пирамидасынан алатын заңды орны

ең соны ғылыми деректермен түйінделді. Ең бастысы, о баста, яғни есте жоқ ескі замандарда , Алтайдан басталған ұлы көштің тек Батысты ғана нысанаға алмай, шығыстағы алпауыт Азияның қиыр солтүстігі мен алып Американың солтүстік батысындағы Алясканы жалғастырып жатқан, бірақ Мұз дәуірінен соң су астында қалған Берингия жермойнағын басып өтіп, Жаңа Әлемге де алғашқылардың бірі болып, ат ізін салғаны бұл- тартпайтын ғылыми айғақтармен түйінделеді (9) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
О.Шпенглер және “өркениеттің ақыры”
Майя мәдениеті аңыз ба, ақиқат па?
Қазақ тарихы ─ түркілердің көшпелі өркениетінің құрамдас бөлігі
ХХ ғасыр социологиясы
Қазақ - түркілердің материалдық мәдениетінің сабақтастығы
Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Тас (жоғарғы-энеолит) ғасырларындағы антропо-мәдени және шаруашылық жүйесі
Түркілер өркениеті және Ұлы Жібек жолы
ХХ ғасыр мәдениеті дамуының негізгі тенденциялары
Түркілердің сенім негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz