Артериялық гипертензиялардың анықтамасы мен жіктелуі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

1. Қысқартулар тізімі 4

2. Кіріспе 5

3. анықтамасы мен жіктелуі 7

4. Артериялық гипертензия қауіп қатер стратификациясының белгілері 9

5. Нысана ағзалардың зақымдануының диагностикалық критерилері 11

6. Оқшауланған систолалық артериялық гипертензия 12

7. АГ ассоцирленген ұйқы кезіндегі обструктивті апноэ синдромы 15

8. АГ және метаболикалық синдром 19

9. АГ және өкпенің созылмалы обструктивті ауруы 21

10. Артериялық гипертензияны анықтау мен емдеу бойынша ұсыныстар 23

11. АГ мен ҰОАС, ЖИА, метоболикалық синдромды, СОБА емдеу ерекшеліктері. Оқшауланған систолалық артериялық гипертензия 29

12. Гипертониялық криздердің анықталуы, этиологиясы, патогенетикалық факторлары, патогенезі 44

13. Гипертониялық криздердің жіктелуі 52

14. Гипертониялық криздерді имитация жасайтын жағдайлар 64

15. Гипертониялық криздерді емдеу 64

16. Гипертониялық криз кезінде шақырту дәрігерінің әрекеттері 66

17. Артериялық гипертензия кезінде критикалық жағдайларды емдеу 70

18. Артериялық гипертензия кезінде критикалық емес жағдайлардың емі 71

19. Гипертониялық криздердің асқынулары 82

20. Ауруханаға жатқызу көрсеткіштері 90

21. Үйде қалған науқастар үшін ұсыныстар 90

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ:

АГ артериялық гипертензия

АҚ артериялық қысым

БДҰ Бүкіл Әлемдік Денсаулық сақтау ұйымы

БРҚҒҚ Бүкіл Ресейлік кардиологтардың ғылыми қоғамы

ГК гипертониялық криз

АДЭ ауруханаға дейінгі этап

ДАҚ диастолалық артериялық қысым

ЖИА жүректің ишемиялық ауруы

ОСАГ оқшауланған систолалық артериялық гипертензия

МИ миокард инфаркті

ИР инсультке резистенттілік

ДСИ дене салмағының индексі

ААФИ ангиотензинге айналдырушы ферменттің ингибиторлары

СҚ сол қарынша

ТТЛП төмен тығыздықты липопротенд

ЖКЖ жіті коронарлы жетіспеушілік

ЖМҚАБ жедел ми қан айналым бұзылысы

ЖПҚТҚТҚ жалпы перифериялық қан тамырларының қарсы тұру қабілеті

ӨГ өкпелік гипертензия

ПАҚ пиктік артериялық қысым

МҚКБ миға қанның келуінің бұзылысы

САҚ систолалық артериялы қысым

ҚД қант диабеті

ЖМЖ жедел медициналық жәрдем

ҰҚОАС ұйқы кезіндегі обструктивту апноэ синдромы

ПТЖ пульс толқынының жылдамдығы

ЖҚЖ жүрек қан тамыр жүйесі

ЖЖЖ жүректің жиырылу жиілігі

ӨСОА өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

ОЖЖ орталық жүйке жүйесі

ЭГ эссенциалды гипертензия

ЭКГ электрокардиография

КІРІСПЕ

Артериялық гипертензия (АГ) жүрек қантамыр ауруларының өлім-жітімдік құрылымында жетекші орын алатын, адамзат тарихындағы ең үлкен инфекциялық емес пандемия. (ДАГ-1 Бүкіл Ресейлік АГ ғылыми кардиологиялық одағының зерттеуі бойынша ғылыми эксперттік бағдарлама) . Қазақстан Республикасындағы АГ ересек адамдар арасында 24, 3%, оның жиілігі жасына қарай 10 есе ұлғаяды; 4, 5% 20 жасқа дейін, 60-69 жас аралығында 45%-ке дейін (Т. О. Миманалиева, А. А. Ақанов, Б. Х. Махмудов, 1995 ж. ) кездеседі

Қазақстан Республикасының статистикалық агенттігінің мәліметтері бойынша жедел жәрдем көмегіне жүгіну көбеюде. Шақыртулардың арасында жүрек қан тамырлар ауруларының жиілігі 18-25% құрайды. Оның ішінде гипертониялық кризбен жүретін АГ жекетші орынды алады.

Медицинада кардиология саласындағы жетістіктерге қарамастан, гипертониялық криз жүрек қан тамыр ауруларының асқынуларына әкелетін себепші ретінде халықтың жұмысқа қабілетін төмендетуде. АГ кезінде шұғыл жағдайлардың ең қауіптісі асқынған гипертониялық криз, ол 3% құрайды. Бұл кезде АҚ жоғары деңгейге, әсіресе диастолалық АҚ (120 мм. сын. бағ жоғары) көтерілуі байқалады да, көбінесе милық және жүректік клиникалық белгілермен қоса жүреді.

ГК асқынуларының ішінде 24% - миокард инфаркті, 22% - өкпе ісінуі, 17% - гипертензивті энцефалопатия, 12% - миокард инфаркті және тұрақсыз стенокардия, 4, 6% - эклампсия және 1, 9% қолқа қатпарлану түрінде кездеседі.

Гипертониялық кризбен асқынған сырқаттардың 40% 3 жыл ішінде бүйрек жеткіліксіздігінен немесе инсульттен көз жұмады, әсіресе көрсеткіштердің басымын креатинин және сарысулық несеп қышқылы деңгейінін жоғарылауымен, эссенциалдық АГ ұзақ ағымы мен гипертензивті ретинопатиясы байқалатын егде жастағы науқастар құрайды.

Аталған статистикалық мәліметтерден, ГК пациенттердің (көбіне егде және қарт жастағы науқастар) алдымен жедел медициналық жәрдемге қаралатынын ескере отырып, шұғыл емдеу-диагностикалық тактиканы жетілдіру мен науқастарды салыстырмалы түрде емдеу қажеттілігі туып отыр.

АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯЛАРДЫҢ АНЫҚТАМАСЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ

Артериялық гипертензия - бұл артериялық қан қысымының көтерілуімен, ағзаларда (бүйрек, жүрек, ОЖЖ) функционалдық және органикалық өзгерістерді тудыратын жүрек қан тамыр жүйесінің созылмалы ауруы. Систолалық және диастолалық АҚ деңгейіне байланысты ДДСҰ (1999 ж) ұсынысы бойынша АГ-ның дәрежесін ажыратады.

АҚ жіктелуі ДДСҰ/ХҰАГ (1999 ж)

АҚ жіктелуі

Систолалық АҚ

(мм. сын. бағ)

Диастолалық АҚ

(мм. сын. бағ)

АҚ жіктелуі: Оптималды
Систолалық АҚ(мм. сын. бағ): <120
Диастолалық АҚ(мм. сын. бағ): <80
АҚ жіктелуі: Қалыпты
Систолалық АҚ(мм. сын. бағ): <130
Диастолалық АҚ(мм. сын. бағ): <85
АҚ жіктелуі: Жоғарылаған қалыпты
Систолалық АҚ(мм. сын. бағ): 130-139
Диастолалық АҚ(мм. сын. бағ): 85-89
АҚ жіктелуі: Гипертензия
Систолалық АҚ(мм. сын. бағ):
Диастолалық АҚ(мм. сын. бағ):
АҚ жіктелуі: Бірінші дәрежелі
Систолалық АҚ(мм. сын. бағ): 140-159
Диастолалық АҚ(мм. сын. бағ): 90-99
АҚ жіктелуі: Шекарасы
Систолалық АҚ(мм. сын. бағ): 140-49
Диастолалық АҚ(мм. сын. бағ): 90-94
АҚ жіктелуі: Екінші дәрежелі
Систолалық АҚ(мм. сын. бағ): 160-179
Диастолалық АҚ(мм. сын. бағ): 100-109
АҚ жіктелуі: Үшінші дәрежелі
Систолалық АҚ(мм. сын. бағ): ≥180
Диастолалық АҚ(мм. сын. бағ): ≥110
АҚ жіктелуі: Систолалық гипертензия
Систолалық АҚ(мм. сын. бағ): >140
Диастолалық АҚ(мм. сын. бағ): <90
АҚ жіктелуі: Шекара
Систолалық АҚ(мм. сын. бағ): 140-149
Диастолалық АҚ(мм. сын. бағ): <90

ДДСҰ/ХҰАГ (1999 ж) және ДАГ бойынша біріншілік, екіншілік, үшіншілік дәрежелері, ДДСҰ/ХҰАГ(1993ж) ескірген жіктемесі бойынша «жұмсақ», «айқын», «ауыр» гипертензия терминдеріне сәйкес келеді, және қазіргі медициналық әдебиеттерде жиі қолданылады.

АҚ анықтамасы және жіктелуі (ДАГ-1; ЕОК - ЕОГ)

АҚ жіктелуі

Систолалық АҚ

(мм. сын. бағ)

Диастолалық АҚ

(мм. сын. бағ)

АҚ жіктелуі: Оптималды
Систолалық АҚ(мм. сын. бағ): <120
Диастолалық АҚ(мм. сын. бағ): <80
АҚ жіктелуі: Қалыпты
Систолалық АҚ(мм. сын. бағ): 120-129
Диастолалық АҚ(мм. сын. бағ): 80-84
АҚ жіктелуі: Жоғарылаған қалыпты
Систолалық АҚ(мм. сын. бағ): 130-139
Диастолалық АҚ(мм. сын. бағ): 90-94
АҚ жіктелуі: Гипертензия
Систолалық АҚ(мм. сын. бағ):
Диастолалық АҚ(мм. сын. бағ):
АҚ жіктелуі: І дәрежелі
Систолалық АҚ(мм. сын. бағ): 140-159
Диастолалық АҚ(мм. сын. бағ): 90-99
АҚ жіктелуі: ІІ дәрежелі
Систолалық АҚ(мм. сын. бағ): 160-179
Диастолалық АҚ(мм. сын. бағ): 100-109
АҚ жіктелуі: ІІІ дәрежелі
Систолалық АҚ(мм. сын. бағ): ≥180
Диастолалық АҚ(мм. сын. бағ): ≥110
АҚ жіктелуі: Оқшауланған систолалық АГ (ОСАГ)
Систолалық АҚ(мм. сын. бағ): >140
Диастолалық АҚ(мм. сын. бағ): <90

Еуропада ескірген терминдер әр дәрежеге сәйкес жанына жақшаның ішіне алынып жазылады. ДАГ және ЕОГ/ЕОК ұсынысы бойынша АҚ жіктелуімен анықтамасы толығымен сәйкес келеді. ДДСҰ/ХҰАГ жіктелуімен біршама ерекшеленеді.

АҚ жіктелуі (ОНК VII, АҚШ)

АҚ жіктелуі

Систолалық АҚ

(мм. сын. бағ)

Диастолалық АҚ

(мм. сын. бағ)

АҚ жіктелуі: Қалыпты
Систолалық АҚ(мм. сын. бағ): <120
Диастолалық АҚ(мм. сын. бағ): <80
АҚ жіктелуі: Гипертонияға дейін
Систолалық АҚ(мм. сын. бағ): 120-139
Диастолалық АҚ(мм. сын. бағ): Немесе 80-89
АҚ жіктелуі: Гипертензия
Систолалық АҚ(мм. сын. бағ):
Диастолалық АҚ(мм. сын. бағ):
АҚ жіктелуі: І дәрежелі
Систолалық АҚ(мм. сын. бағ): 140-159
Диастолалық АҚ(мм. сын. бағ): Немесе 90-99
АҚ жіктелуі: ІІ дәрежелі
Систолалық АҚ(мм. сын. бағ): ≥160
Диастолалық АҚ(мм. сын. бағ): Немесе ≤100

Жоғарыда аталып өткен жіктемелерден ОНК VII, (АҚШ) баяндамадағы жіктеме біршама ерекшеленеді. Мұнда қалыптан жоғарылаған немесе «жоғары қалыпты» деген ұғым жоқ. Бірақ осы ұғымға сәйкес келетін систолалық АҚ 120-139 мм. сын. бағ және диастолалық 80-89 мм. сын. бағ «гипертония алды» термині сақталған. 2-3 сатылары 2 сатыға біріктірелген. АҚ көрсеткіштері: САҚ 160 және ДАҚ 100 мм. сын. бағ. Артериялық гипертензиямен сырқаттанған науқастардың ауру болжамы тек АҚ деңгейіне байланысты емес. Сонымег бірге қосымша қауіп-қатер факторлардың болуы, нысана ағзалардың зақымдану дәрежесіне және бірге ілесе жүретін клиникалык жағдайларға да байланысты. Сондықтан замануи жіктемеге науқастарды қауіп-қатер фактор дәрежесіне қарай бөліп енгізген.

ҚАУІП-ҚАТЕР ТОПТАРЫНЫҢ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Төменгі қауіп қатер тобы: Бұл топқа 1-дәрежелі АГ, қауіп факторы мен жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары жоқ және нысана ағзалары зақымданбаған 55 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер жатады. Жүрек қан тамыр жүйесінің асқынуларының дамуына әкелетін қауіп келесі 10 жылға 15% төмен.

Орта қауіп қатер тобы : Бұл топқа кең диапазонды АҚ бар науқастарды жатқызады. Міндетті түрде кауіп факторы болуы тиіс (ерлер 55 жастан, әйелдер 65 жастан жоғары, темекі шегу, холестерин-6, 5 ммоль/л жоғары. Отбасылық анализінде жүрек қан тамыр аурулары ескерімді) .

Басқаша айтқанда, бұл топқа аздап жоғарылаған АҚ мен көптеген қауіп факторлары бар науқастар жатқызылады. Жүрек қан тамыр жүйесінің асқыну даму қаупі келесі 10 жылға 15-25% құрайды.

АГ қауіп-қатер стратификациясының сипат белгілері

ДАГ-1, 2000 клиникалық ұсыныстары

Қауіп қатер факторлары
Нысана мүшелердің зақымдалуы
Ассоцияланған клиникалық жағдайлар
Қауіп қатер факторлары:

Негізгі:

  • Ер адам >55 жас
  • Әйел адам >65 жас
  • Темегі шегу
  • Холестерин>6, 5 ммоль/л
Нысана мүшелердің зақымдалуы:

Сол қарыншаның гипертрофиясы(ЭКГ, ЭОКГ, R-графия) ;

Протеинурия немесе креатинемия(1, 2-2, 0 мг/дл)

Ассоцияланған клиникалық жағдайлар:

Цереброваскулярлы аурулар:

  • Ишемиялық инсульт
  • Геморрагиялық инсульт
  • Транзиторлы ишемиялық шабуыл
Қауіп қатер факторлары:
  • Ерте жүрек қан тамыр ауруларының отбасылық анамнезі (әйел адамдарда <65жас, ер адамдарда <55 жас
Нысана мүшелердің зақымдалуы:
  • Атеросклероздық табақшалардың рентгенологиялық және ультра дыбысты белгілері
  • Торқабық артериясының жайлмалы немесе ошақты таралуы
Ассоцияланған клиникалық жағдайлар:
  • Жүрек аурулары
  • Миокард инфаркті
  • Стенокардия
  • Тәждік артерияларға ота жасау
  • Іркілген жүрек жеткіліксіздігі

Бүйрек аурулары

  • Диабеттік нефропатия
  • Бүйрек жеткіліксіздігі (креатинемия >2 мг/мл)

Қан тамыр аурулары

  • Қатпарланған аорта аневризмасы
  • Гипертониялық ретинопатия белгілерімен көрінетін шетікі артериялардың зақымдалуы
  • Геморрагиялық немесе экссудаттар
  • Көру нерві емізігінің ісінуі
  • Қант диабеті(ҚД)
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гипертензия
«ЖҮРЕК –ҚАНТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ
Тамыр тонусын реттеу
Стресс және жалпы адаптациялық синдром
Ішек цестодоздарын емдейтін дәрілер
Жүректің қақпақшалық аппаратының зақымдалуы себептерімен даму механизмдері
Патофизиология курсынан дәрістер жинағы
Патологиялық анатомия лекция кітапшасы
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР
Гипертониялық ауру кезіндегі мейірбикелік күтім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz