Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасын талдау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЭССЕ

Тақырыбы : «Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасын талдау»

Орындаған: Қашағанова А. Б.

Тексерген: Алмекеева И. С.

Алматы, 2020

Кәсіпорын - қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесінде оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдықтары мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады. Және де өзінің қызметін дербес жүзеге асыра отырып, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Бірақ кәсіпорын қызметіне қатысты кез келген шешім ішкі және сыртқы ортаның нәтижелерін есепке ала отырып жасалады. Фирманың ішкі ортасы - кәсіпорынның қызметінің барлық құрамын қамтитын өзінің экономикасы: өндірістік процестер, өнімді өткізу, қаржылық, материалдық және кадрлық қамтамасыздық, басқару жүйесі. Фирманың сыртқы ортасы - бұл кәсіпорынның ұлттық шаруашылықтың бөлігі ретінде қызмет атқаратын экономикалық, құқықтық және әлеуметтік ортасы. Кәсіпорын қызметінің нәтижелігі оның сыртқы ортасынан көрінеді. Сондықтан сыртқы ортаны шеберлікпен реттеп отырудың және оның кәсіпорынның ішкі құрылымымен үйлесімді байланысын қамтамасыз етудің маңызы зор. Сыртқы ортаға катысты беймәлім жайлар неғұрлым көп болса, тиімді шешімдер қабылдау да соғұрлым қиындай түседі. Кәсіпорынның сыртқы ортасы негізгі екі фактормен сипатталады: тікелей және жанама әсер ететін.

Бірінші, тікелей әсер ететін факторлар: мемлекет, жеткізуші, тұтынушы, бәсеке болып бөлінеді. Мемлекет - кәсіпорын үшін реттеуші, қорғаушы және басшылық етуші ролін атқарады. Сонымен қатар, ол: салық жеңілдіктерін белгілейді, субсидия (жәрдем), несиелер береді, нарыққа көшуді көздейтін экономикалық заңдарға бақылау жасайды, процент мөлшерін белгілейді, басқа да көптеген реттеу жұмыстарын жүзеге асырады. Ал жеткізуші - кәсіпорынның өндірістік кызметтеріне қажетті материалдық-техникалық ресурстармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуші. Ол материалдық қорлардың бағасына, тауарлар мен шикізаттардың сапасына, сонымен қатар халыққа әртүрлі қызмет көрсетуге, қатысты келісім-шарттарға сүйене отырып ұтымды байланыстарды ұйымдастыруға міндетті.

Екінші, жанама әсер ететін факторлар: елдегі экономикалық хал-ахуал, техникалық немесе технологиялық, әлеуметтік (мәдени), саяси жағдай. Экономикалық хал-ахуал: экономикалық өсудің қарқыны, төлем балансы, жұмыспен қамту деңгейі болып бөлінеді. Төлем балансы - елдің белгілі бір уақыт ішінде сыртқы экономикалық операциялар балансын көрсететін маңызды статистикалық құжат. Ал жұмыспен қамту деңгейіндегі басты мәселе жұмыссыздық. Ол жұмыс істегісі келетін, еңбекке жарамды адамдардың өндірісте және басқа да қызмет орындарында жұмыспен қамтылмауы. Жұмыссыздық - нарықтық экономика жағдайында жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының көрсеткіші. Жұмыссыз қоғам мүшелерінің санын барған сайын азайтып, жұмыссыздық деңгейінің оңтайлы межеден аспауын қамтамасыз ету жолында іске асырылатын макроэкономикалық шаралар кәсіпорындар қызметінің оңалуына тікелей әсер етеді. Мәселен: салыққа қатысты жеңілдіктер беру, шектеу аясын тарылту.

Техникалық факторлар - кәсіпорынның атқарымдылығы, өзгерту, жетілдіру, қосымша мүмкіндіктер мен шектеу тенденцияларын қамтиды. Жоғары деңгейдегі технологиялармен жұмыс істейтін кәсіпорындар техниканың жаңа түрлерін әзірлеп, олармен өндірісті жабдықтаудың тиімді жолдарын басқаларға ұсынады. Өндірісті жаңа техникамен жабдықтаудың өнім өндіруде, оны дайындау мен тиімді сатуда, ақпарат жинауда, кәсіпорыннан тұтынушылардың қандай жаңа өнімдер мен қызмет түрлерін күтетіндігін анықтауда алатын орны ерекше.

Әлеуметтік факторлар - кәсіпорын белгілі бір мәдени ортада қызмет атқарады, оның қызметтерінің табыстылығына ел тұрғындарының: мәдениеті, тарихи ерекшеліктері, менталитеті мен әдет-ғүрыптары әсер етеді.

Саяси факторлар қоғамның саяси жағдайын жөне оның тұрақтылық деңгейін анықтайды. Бұл - мемлекеттің, заң органдарының және соттардың кәсіпорынмен қарым-қатынас барысында ұстанатын көзқарасы. Осы көзқарас: табысқа салық салу, салық жеңілдіктерін белгілеу, тұтынушыларды қорғау жөніндегі заңдарды әзірлеу, айналадағы ортаны қорғау, бағаға бақылау жасау, жалақыны реттеу мәселелерінде үкіметке ықпал етеді. Ал ішкі орта факторлары - тауарлар алмасуының жиынтығы. Бұған бартер, өтем келісімдері, тауар түрі, басқару құрылымы, кадр құрамы, және т. б. кәсіпорын өзі бақылау-реттеу жасай алатын жағдайлар жатады [1] . Жоғарыда айтылған барлық факторларды қарастыра келе мен еліміздің экономикасында нақты секторда қызмет жасайтын беделді компаниялардың бірі “Raimbek Group” компаниясын таңдап, оның ішкі және сыртқы ортасына үш түрлі талдау жасадым.

“Raimbek Group” компаниясы - Қазақстанда 1992 жылы шет елден тұрмыстық техника тауарларын сатумен айналысатын фирма негізінде қалыптасқан. Негізі холдинг қызметінің басты бағыттары - тамақ өнімдерін өндіру мен бөлшек сауда. 1998 жылы Алматы жеміс-консерві комбинатының базасында жаңа Raimbek Bottlers компаниясы құрылды: TetraPak фирмасының жабдықтарында шырындар мен құрамында шырыны бар сусындар өндірісі іске қосылды. Бүгінгі күні Raimbek Bottlers 5 тауар белгісінің шырындарын шығарады: Juicy, Junior, Frutta Mix, Palma және Fantan. Барлық өнімдер Қазақстан Республикасының тамақтану академиясымен мақұлданған және ұсынылған. Raimbek Bottlers компаниясы өз өнімдерін Ресейге, Орталық Азия елдеріне және Кавказға экспорттайды. Кейін компания өндіруші тауарларына сүт өнімдерін қосты. Оның ішінде Қазақстан нарығында танымал “Айналайын”, “Милоко” секілді сауда белгілері қойылған сүт өнімдері бар. Одан басқа компания жеміс-жидек өсіру («Alma Prodex»), Грузиядан елімізге «Borjomi» сусынын жеткізумен айналысады. Және де 2003 жылы “Raimbek Group” сыртқы нарыққа шықты. Көрші Қытайда қытай нарығы үшін шырын шығаратын Raimbek Food (XINJIANG) Co. Ltd компаниясы құрылды - ҚХР-да бұл 100% жеке капиталы бар алғашқы Қазақстандық кәсіпорын болды. Бірнеше жыл бұрын зауыт Қытай кәсіпкерлеріне сатылды. Жылдар бойы компания дамып, әлемдік брендке айналған алкогольді сусындарды жеткізумен де айналысуда. Тарихы 28 жылды құрайтын бұл компания еліміздегі ірі холдингтердің біріне жатады. Қазіргі күні компания Орта Азия, Ресей, Еуропа нарығына белсенді түрде шығуда[2] . Еліміздегі ең беделді 50 компания ішінде 39 орынға ие. Оның басшысы белсенді қоғам қайраткері Райымбек Баталов болып табылады.

Компания туралы барлық мәліметтерге сүйене отырып, оның ішкі және сыртқы ортасын бірінші SWOT-талдаумен талдадым.

  1. S - Мықты жақтары(ішкі, жағымды тұстары) .

* Жұмыскерлеріне барлық жағдайды жасайды, арақатынастары жоғарғы деңгейде.

* Мол тәжірибесі бар мамандар жиналған.

* Нарықта жақсы жағынан қалыптасқан орны бар.

* Сапалы өнімдер мен тауарлар шығарады.

* Бәсекелестері мен салыстырғанда сенімді компания.

* Қаражаттандыру жағы жоғары.

  1. W - Әлсіз жақтары(ішкі, жағымсыз тұстары) .

* Әртүрлі бағытта жұмыс жасағандықтан, бір нарықта жетекші емес.

* Заман талабына сай интернетпен жұмыс жағы төмен.

* Маркетинг бөлімі нашар.

* Тауарлар туралы мәліметтер анық көрсетілмеген.

* Техникалық тұстары нашарлау.

S - Мықты жақтары(ішкі, жағымды тұстары) .* Жұмыскерлеріне барлық жағдайды жасайды, арақатынастары жоғарғы деңгейде.* Мол тәжірибесі бар мамандар жиналған.* Нарықта жақсы жағынан қалыптасқан орны бар.* Сапалы өнімдер мен тауарлар шығарады.* Бәсекелестері мен салыстырғанда сенімді компания.* Қаражаттандыру жағы жоғары.:
  1. O - Мүмкіндіктер(сыртқы, жағымды тұстары) .

* Бірнеше елдердің тауар нарығында өсу қарқыны жоғары.

* Бірнеше елдердің нарығында төлем қабілеттілігі жоғары. (валютаға байланысты) .

* Компанияның дайын өнімдеріне сұраныс өсуде.

* Жергілікті өкіметтен жаңа өнімдер шығаруға қолдау бар.

W - Әлсіз жақтары(ішкі, жағымсыз тұстары) .* Әртүрлі бағытта жұмыс жасағандықтан, бір нарықта жетекші емес.* Заман талабына сай интернетпен жұмыс жағы төмен.* Маркетинг бөлімі нашар.* Тауарлар туралы мәліметтер анық көрсетілмеген.* Техникалық тұстары нашарлау.:
  1. T - Қауіптер(сыртқы, жағымсыз тұстары) .

* Шикізаттың бағасының өсу қауіпі бар.

* Валютаның өзгерістерінің қауіпі (құнсыздану) .

* Тауарлардың уақытында жеткізілмеу қауіпі бар.

* Алыс аймақтарға тасымалдау қауіптері.

* Экономиканың төмендеу қауіпі.

* Дайын өнімдерге бағаның төмендеу қауіпі.

SWOT талдау бойынша, компанияның мықты тұстарының көбірек екенін байқай аламыз. Алайда, оның қазіргі заман талабындағы маркетинг денгейінің төмен екенін көреміз. Оны шешу үшін алдағы уақытта жеке сайттары мен интернет желілерінде дамуды қолға алса дұрыс болатын еді. Ал сыртқы мүмкіндіктеріне келсек, мемлекет компанияға қолдарынан келгенше көмек көрсетуге де дайын және көршілес елдерде компанияның тауарларына сұраныс бар. Бірақ, барлық уақытта да жаңа шешімдер тәуекелді қажет етеді. Менің ойымша, компания ұзақ жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, сыртқы қауіптерді оңай шеше алады.

Екінші PESTLE талдау. Ең бірінші, елдегі, жергілікті аймақтағы, көршілес нарықтағы саяси факторлардың компанияға әсерін қарастырамыз. Олар:

  • әртүрлі тауарларға(сүт өнімдері, шырын, т. б) қатысты заң жүзіндегі өзегерістер мен регламенттер тауардың өзгерісіне және бағасының төмендеуіне немесе өсуіне алып келеді;
  • Тауарларға, компанияға мемлекеттік жаңа салық түрлері немесе салықтардың өсуі кәсіпорынның қаржылық жағдайын төмендетеді және таза табысты азайтады;
  • Кедендік мәселелер мен кедендік салықтарға байланысты өнімдер мен тауарлардың бағасының өсуі орын алады;
  • Мемлекет орташа жалақы мөлшерін көтеруі мүмкін, онда компаниядан жұмыскерлерінің айлығын көтеруге тура келеді;
  • Көршілес елдердің экспортқа салатын салықтарының артуы немесе тауар санын азайтуы, келісім шарттарға өзеріс енгізу немесе өз еліміздегі импортқа шектеу қою компанияның тауар айналымын азайтуға әкеледі;
  • Мемлекет тарапынан жаңа нарыққа шығуға мүмкіндік беру немесе қолдау көрсетуі де мүмкін, бұл жағдайда компания тауар санын арттырады.

Көріп тұрғанымыздай мемлекеттегі және көрші елдердегі саяси жағдай компанияға біршама әсер етеді. Ол дайын тауарларын шекарадан өткізе алмай қалуы немесе екі есе салық төлеуі әбден мүмкін. Бірақ, бұл жағдайлар орын алмас үшін компания ұзақ мерзімді келісімшарттар жасайды. Алайда, келісімшарт бұзылса амал жоқ жағдайдан басқа жолмен шығуға тура келеді. Ал екінші, экономикалық жағдай:

  • мемлекеттегі қаржылық дағдарыстың, инфляцияның орын алуы компанияның өнімдеріне бағасын өсіруге алып келеді;
  • Елдегі, белгілі бір аймақтағы жұмыссыздық деңгейі компанияның тауарларына деген сұранысты төмендетуі мүмкін;
  • Шетел валюталары бағамының өзгеруі компанияны көптеген шығындарға әкелуі мүмкін;
  • Кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруі тауарлардың өзіндік құнын көтеруге апарады, сосын шығынға ұшырауы мүмкін.

Экономикалық факторлар барлық компанияларға өз әсерін тигізеді, ал «Raimbek groups» әртүрлі саламен айналысатындықтан оның әр саласына ерекше әсер етуі мүмкін. Мысалы, елде инфляция орын алғанда оның сүт өнімдерінің бағасы төмендеп, екі сүтті бір сүттің бағасына сатуға тура келеді. Сол сияқты шырын мен алкоголь өнімдерінің бағасын өзгертеді. Келесі бізде әлеуметтік факторлар:

  • қоғамның тұтынушылық тауарлар мен тағамға деген көзқарастарының өзгеруі, мысалы, табиғи өнімдерге көшуі немесе жаңадан дайындалған өнімдерге сұраныстарының артуы компанияның өнімдеріне деген сұранысының азайуына алып келеді;
  • Халықтың табыс деңгейі немесе әлеуметтік жағдайының өзгеруі де оның сұраныстарының өзгеруіне алып келеді;
  • Халықтың имиграциясы мен эмиграциясы да тауардың өндіріс санының өзгеруіне ықпал етеді;
  • Қазіргі таңдағы трендке еліктеушіліктің артуынан белгілі бір тауарларды ғана қолдану немесе өзіне арнайы тапсырыс беру. Яғни, дүкеннен кез келген тауарды алу емес оның орнына тапсырысқа жасату. Мысалы, шырынды тетропакетте сатып алмай, таза жемістен көз алдында сықтырып сокты арнай алу.

Әлеуметтік фактор негізі тұтынушылардың қажеттіліктерінің өзгерісінен сұраныстың басқа тауарларға ауысуына әкеледі, яғни, компанияның сыртқы ортасының өзгерісі болып табылады. Бұл жағдайда кәсіпорын тек талдау арқылы басқа сұраныстағы бағытты таңдауға шешім қабылдайды немесе бар тұтынушымен жұмыс жасайды. Ал енді технологиялық факторлар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын қаржысының тұрақтылығын талдау
Кәсіпорын мен цехтарды ірілендіру
Маркетингтік орта жайлы
Сыртқы ортаның сипаттамалары
Кәсіпорынның бәсекелік артықшылығы және бәсекеге қабілеттілігі
Корпорацияның қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары және қаржылық жағдайын бағалау
Өндірістің ішкі және сыртқы ортадағы қызметтері
Корпорация қаржысы
Бақылаудың мақсаты мен оның аудиторлық тексерістің жалпы мақсаттарымен өзара байланысты
Туристік фирма ұсынатын қызметтер спектрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz