Халық ауыз әдебиеті туралы


Қазақ Ұлттық Қыздар Университеті
СӨЖ
Пәні: Халық ауыз әдебиеті
Мамандығы: Қазақ тілі және әлем тілдері
Факультет: Филология
Орындаған: Шыңғысбекқызы Айзат
Халық ауыз әдебиеті
Ауыз әдебиетінің жазба әдебиетінен айырмашылықтары.
1. Шығарманың авторының белгісіз болуы. Яғни авторы халық.
2. Шығармалардың түрлі нұсқаларының болуы. Демек мазмұны, желісі, кейіпкерлері бір шығармалардың көптеген түрлері кездеседі. Мысалы «Қобыланды батыр» жырының 28 нұсқасы бар.
3. Шығармадағы сөздер мен сөйлемдердің, ұйқастардың жиі кездесетінін көруге болады.
4. Бірнеше өнердің бірлесіп келуі яғни ақын, күйші, әнші шығарманы айту кезінде домбыра мен болсын қобызбен болсын бір сарынға салып айтуы.
Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі-халықтың ауыз әдебиеті. Жазу-сызу болмаған кезеңде қазақ халқы өзінің тұрмыс тіршілігін, қоғамдық өмірін, шаруашылығын, кәсібін өлең шумақтары арқылы, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі күйінде тудырған. Ауыз әдебиеті фольклор деп те аталады. Ағылшын сөзі халық даналығы деген мағына береді.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі ертегілерді оқыту
Халық ертегілерінің бала дүниетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі ертегілер. Ол ұрпақтан ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Сондықтан ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп, тәрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн. Бүгінгі күнгі оқытуға қойылып отырған талаптардың бірі -өмір шындығын балаларға халық ауызекі шығармашылығы арқылы көрсету, оның негізінде балалардың ой-өрісін, қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, халық шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыру.
Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де, терең ой да, тамаша үздік кейіпкерлер де табылады. Оның осы сияқты аса жоғары идеялық көркем қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін бұлардың да өзіне лайық оқып, үйрену жолдары, әдіс амалдары бар.
Ертегі бала ойында сақталу үшін түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүргізуге болады:
1. Ертегі оқу . Мұнда сол ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп соның көңіл күйін образ арқылы бейнелеп беру.
2. Пантомима ойыны . Ешқандай сөз айтпай сол кейіпкерлердің қимылдарын көрсету.
3. Суретпен жұмыс . Әртүрлі жәндіктер бейнеленген суреттер немесе бір ертегідегі барлық қимылдарды суреттер арқылы көрсету.
5-сынып. Қырық өтірік ертегісі
«Автор орындығы» әдісі бойынша ертегінің мазмұнын сұрау.
2. Салыстыру. «ВЕНН диаграммасы»
3. Ертегі желісі бойынша сурет салғызу
1-сурет. Инеліктерге жүк артып көшіп бара жатқан көрініс
2-сурет. Шегіркенің мұртына атты арқандау
3-сурет. Ақсақ қоңызға отырып, қоянды қуған адамның суреті.
Аңыз әңгімелер -халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма. Қазақ аңыздарын Қорқыт, Асанқайғы, Алдар Көсе сияқты тарихи адамдар туралы аңыздар мен күй аңыздары деп екі түрге бөлген.
Фольклорлық прозаның басқа жанрларына қарағанда, аңыздың танымдық қызыметі айқынырақ, ол елдің өткен тарихынан, өмірінен мағлұмат береді, яғни аңыз оқушылардың білімін кеңейтеді. Мектеп бағдарламасында 5 және 6 сыныптарда аңыз әңгімелердің бірнеше сипаты берілген. Осы аңыз әңгімелерді оқытуда олардың шығуна және тарихпен байланысына аса мән берген дұрыс. Оқушыларды оқытқан кезде қызық әрі шынайы болған оқиға деп таныстырып сол аңыз әңгімеге сендіре білу түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқыту мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
5-сынып « Ақсақ құлан, Жошы хан» аңыз әңгімесі
2. Оқиға кейіпкерлеріне мінездеме беру
5 -сынып. «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz