Дағды - әрекетті орындаудың қалыптасқан тәсілі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
7 дәріс:
Іс-әрекет психологиясы.
Жоспар:
1. Іс-әрекет туралы түсінік
2. Іс-әрекет құрылымы: дағды, икемділік және әдет
3. Іс-әрекет түрлері

1. Іс-әрекет туралы түсінік Адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отырады. Еңбекте болсын, оқуда болсын адам алдына бір мақсат қойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысады. Затқа бағытталған және белгілі мақсат кӛздеген қозғалыстарды әрекет деп атайды. Әрекеттің ең қарапайым түрі зат арқылы жасалатын әрекет. Бала тамақты қасықпен ішуді, қолын сабындап жууды үйренеді. Біртте-бірте затты игеруді үйреніп әрекетін жетілдіре береді. Психологияда әрекеттің екі түрі болады, бірі дененің затпен айналысу әрекеті, сыртқы моторлық, және ақылойдың (ішкі психикалық) реалдылықпен әрекеті. Кеңес психологтары Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев зерттеулерінде ақылой әрекеті әуелде сыртқы заттық әрекет түрінде кӛрініп, бірте-бірте ішкі психикалық амалға ауысатынын кӛрсетеді. Сырқы әрекеттің ішкі амалға ауысуы интериоризация деп аталады. Мысалы, бала санауды үйренеді, әуелі таяқшаларды санайды, бір-біріне қосады, соңынан таяқшалар керек болмай қалады. Есептеу заттан, сыртқы әрекет түрінен ауысып, ақыл-ойдың ісіне айналады. Ақыл-ой әрекетін игерген адам ӛзі тындырмақ болған іске, сыртқы әрекетке кіріспес бұрын әуелі ой елегінен ӛткізіп алады, кӛзге елестетіп кӛреді, сӛзбен сипаттайды. Ақыл-ой әрекетін заттық әрекет түрінде сыртқа шығару экстериоризация деп аталады. Сӛйтіп сыртқы іс-әрекет ішкі іс-әрекеттің бақылауымен жүргізіледі. Ортақ мақсатқа жету үшін біріккен және белгілі бір қоғамдық міндетті атқаратын әрекеттер жиынтығы іс-әрекет болып саналады. Іс-әрекет адамның ӛмір жолын анықтайды. Психика мен іс-әрекет арасында күрделі байланыс бар. Психика іс-әрекетте қалыптасады. Екінші жағынан - психика іс-әрекетті реттеп отырады. Іс-әрекет адамның ӛмір жолын анықтайды. Психика мен іс-әрекет арасында күрделі ара қатынас бар. Бір жағынан, психика іс-әрекетте қалыптасады және кӛрініс танытады, екінші жағынан, психика іс-әрекетті реттеп отырады. Іс-әрекеттің психиканы қалыптастырушылық рӛлін әр түрлі салада жұмыс істеп жүрген адамдардың ерекшеліктерін салыстыру арқылы кӛруге болады. Психологияның іс-әрекет, ерекшеліктерін (еңбек психологиясы, педагогикалық, спорттық т.б. психология) зерттейтін салалардың болуы кездейсоқ емес. Іс-әрекеттің түрі адамның бойында тұрақты бір белгілерді қалыптастырады, сол себепті мінез-құлықтың бір кӛрінісіне қарап, кейде тіпті сырт пішінінен-ақ адамның қай мамандық иесі екенін біле қоямыз. Мұғалімнің жеке басының қасиеттерін зерттеу арқылы балаларды оқытып, тәрбиелеуде оның шеберлік таныта алуына қай қасиеті кӛмектесетінін білуге болады. Мұндай деректер болашақ ұстазды тәрбиелеу мен ӛзін-ӛзі тәрбиелеудің бағдарламасын белгілеуге кӛмектеседі. Психика әрекет пен қоғалысты реттеуші қызметін атқарады. Бұл реттеу психикалық бейнелеудің әр түрлі дәрежесінде жүзеге асады. Түйсік және қабылдау дәрежесінде күштің, бұлшық еттің қимылы мен қозғалыс сипаты кӛрінеді. Ақыл-ойға салып ісі еленетін міндеттер сезім деректері негізінде шешіледі, бірақ оны ақыл-ой ретке келтіріп отырады, яғни екінші сигналдық дәрежесінде жүзеге асады. Іс-әрекеттің негізгі сипаттамасы болып - оның мағыналығы саналады. Мағынасыз әрекет деген ұғымға ешқандай түсінік берілмейді. Әр бір адам ісәрекет кезінде белгілі бір жайларға байланысты және қандай да бір мақсат кӛздеп қимыл жасаушы ретінде әрекет етеді. Іс-әрекетке жету үшін іштей талаптану жеткіліксіз. Бұл үшін іс-әрекет обьектісін білу қажет, сондай-ақ талаптануды мақсатпен ұштастыра білу керек. Мотив-мақсат болатын ортада іс-әрекеттің әлеуметтік және таптық себептері ерекше айқын байқалады. Ісәрекет арқылы табысқа жету сәтсіздікке ұшырау адамның бойында қалыптасқан ерекшеліктер арқылы електен ӛтіп барып, одан әрі іс-әрекетке әсер етеді. Табыс адамды қанаттандырады, кӛңілін ӛсіреді, 2-ден тоқмейілсу туғызады. Іс-әрекеттің қандайы болсын адамды қажытады. Қажу қызмет атқарушы орган немесе организм күшінің іс-әрекет процесінде табиғи таусылуы. Шаршау қажыған адамның кӛңіл күйі. Тынығу іс-әрекет түрін ауыстыру, күшті қалпына келтіру іс-әрекетті одан әрі жалғастыруға мүмкіншілік жасайды. Қажуда жұмыс қарқыны баяулайды және сапасы тӛмендейді.
2. Іс-әрекет құрылымы: білім, дағды, икемділік және әдет. Іс-әрекет құрылымы жӛніндегі проблема психология теориясының дамуы мен кӛптеген практикалық міндеттердің тиімді шешімін табуда үлкен маңызға ие. Іс-әрекет құрылымы жӛніндегі алғашқы теориялық пайымдаулар әрекет элементтерімен байланыстырылады. Адамның дүние жайлы білімі алғашында бейне, түйсік және қабылдау түрінде пайда болады. Білім тек білу үшін қажет емес. Таныс емес затпен кезіккенде біз ең алдымен онымен қалай әрекет жасау керектігін білуге тырысамыз. Сіз жаңадан шыққан тұрмыстық техниканы қолданбас бұрын ең алдымен оны қалай пайдалану жайында баяндалған нұсқаумен танысасыз. Қандай да болсын күрделі іс-әрекетті орындау үшін адамға мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін қимыл және әрекет жайлы мәліметтер қажет. Бұл мәліметтер кимылдық елестер түрінде есте сақталады. Іс-әрекетке тұрақты араласа отырып, білім іс-әрекетті ақылға салудың жоғары сатысына кӛтереді, адамның ӛзі атқарып отырған іс-әрекетінің дұрыстығына сенімін арттырады. Білімсіз іс-әрекет мүмкін емес. Адамның қызметі әрдайым дағды және білгірліктен тұрады. Қызметтегі дағды мен білгірліктің алатын орны жайлы әр түрлі пікірлер бар. Іс-әрекетті қарапайым дәрежеде орындауды да, осы іс-әрекетте адамның шеберлік танытуын да білгір деген ұғымға жатқызамыз. Қарапайым білгірлік дегеніміз білім негізінде немесе еліктеу нәтижесінде пайда болатын әрекет. Білгір-шеберлік әбден қалыптасқан дағды мен білім негізінде пайда болады. Сәби заттармен әрекет жасауды еліктеу арқылы игереді. Ол қимылқозғалыс түрлерін үлкен адамдарлың әрекетін бақылау нәтижесінде жинақтайды. Осының нәтижесінде қарапайым әрекет қалыптасады. Мысалы, ӛзіне-ӛзі қызмет ету әрекеті жаттығу нәтижесінде біртіндеп дағдыға айналады.
Адам жеке әрекеттерді орындау дағдысын меңгерсе, іс-әрекет мінсіз атқарылатын болады. Дағды - әрекетті орындаудың қалыптасқан тәсілі. Іс-әрекетті игерудің бастапкы кезеңінде бұл әрекеттер оның негізгі компоненттері болды. Мысалы, оқуға үйрету кезіндегі сӛзді буынға бӛлу, буындарды косу арқылы оны мағыналы сӛзге айналдыру оқудың негізгі мазмұны болып табылады. Оқуға жаттығу үстінде оқушы жүгіртіп оқуға дағдыланады. Яғни ол бұдан былай сӛзді буынға бӛлуді, буындарды қосуды мақсат етіп қоймайды. Ӛйткені оның әрекеті енді жеңіл, жүгіртіп оқитын дағдыға айналды. Қандай да болсын дағдының негізіндс шартты рефлекторлық байланыстарды қалыптастыру және бекіту жатады. Әрекетті тұрақты қайталау нәтижесінде нерв жолын соған икемдеу белгілі бір нерв жүйесінде қозу процесін дәлме-дәл тұрақтандыруға жеткізеді. Қалыптасқан нерв механизмдері әрекетті орындау процесінде бірқатар ӛзгерістер туғызады. Біріншіден, дағдының қалыптасуы нәтижесінде әрекетті орындау мерзімі күрт қысқарады. Мысалы, жаңа үйреніп жүрген машинистка тәжірибелі машинисткаға қарағанда материалды мүлде баяу басады. Әдетте жазуды жаңа үйрене бастаған кезде адам минутына 2-3 сӛз жаза алады. Ал жазуға дағдыланған соң, ол минутына жүз әріпке, дейін жаза алады. Екіншіден, артық қимылдар жойылады, қимыл кезіндегі күш жұмсау іс-әрекет мақсатына сәйкес келеді. Бірінші сынып оқушысы жазу жазған кезде қаламды тым қатты қысып ұстайды. Бұл жұмысты аатқару үшін ол бастапқы кезде едәуір дене және бұлшық ет күшін жұмсайды. Ал жазу дағдысы қалыптасқан соң артық, қимыл және күш жұмсау жойылады. Үшіншіден, жеке дербес қимылдар біртұтас әрекетке тоғысады. Балаға жазу үйреткенде мұғалім әріптің жеке бӛлшектерін жазу дағдысын үйретеді. Ал жүгіртіп жазғанда, әріптерді қаламды сүйкей салып-ақ тізе береді. Жақсы жаттыққан қимыл дағдысы нәтижесінде еңбек ӛнімділігі артады, жұмыс сапасы жақсарады және адам тез шаршамайтын болады. Жаттыққан қимыл дағдысы іс-әрекет құрылымын қайта кұруға мүмкіндік береді. Әрекеттің орындалуын қадағалайтын сезу жүйелерінің арақатынасы ӛзгереді. Дағдыны жаттықтырғанға дейін заттармен қимыл жасаудың дәлдігі мен дұрыстығы кӛру және қимыл талдағыштарының біріккен қызметі арқылы бақыланады. Бұл жағдайда кӛру жетекші роль атқарады. Ал қимыл дағдысы бекіген кезде қимылды кӛру арқылы қадағалау қакеті азаяды. Қимылдың дәлдігін дербес бақылайтын кинестезиялық (қимылды сезу) механизмдер қалыптасады. Маман пианист пьеса орындағанда клавиатураға қарамайды. Тәжірибелі машинистка материалды кӛзді жұмып отырып, яғни жазу машинкасының клавиатурасына қарамай басады. Дағдының ерекшелігі оның автоматтануы болып табылады. Қалыптасқан дағды оны орындаған кезде сананың қадағалауын қажет етпейді. Әрине бастапқы кезде сана қимылды бақылайды, бірақ дағды қалыптасқан сайыны сананың бақылау қажеті азая береді. Жақсы жаттыққан дағды тұсында қимылды санамен бақылау оны жүзеге асыруды қиындататыны байқалды. Мысалы, адам ӛзінің жүрісінің әрбір қадамын қадағалап, талдау жасауға тырысса, жүрісінен жаңыла беретін болады. Әрекетті дағдыға айналдыру сананы босатып, оны іс-әрекеттегі маңызды мақсаттарды шешуге жұмсауға мүмкіндік береді. Дағдының творчестволық ісәрекет үшін маңызы аса зор болатыны осыдан. Қарапайым әрекеттер дағдысын қалыптастырмайынша, творчестволық іс-әрекетке жағдай туғызу мүмкін емес. Перспектива құру дағдысын игермеген суретші персонажды қалай бейнелеуді емес, оны болашақта қалай орналастыруды ойлауға мәжбүр болады. Сӛйлемді дұрыс құру дағдысын игермеген жазушы ӛз кейіпкерлерінің психологиялық трактовкасын жасаудан гӛрі, сӛйлемнің грамматикалық құрылымын кӛбірек ойлайды. Сӛйтіп, қандай да іс-әрекетте болсын оны орындаудың дұрыс әдісін игеру және жеке компонентін дағдыға айналдыру сол іс-әрекетті табысты атқарудың бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Белгілі бір іс-әрекет жүйесінде қалыптасқан дағдылардың сипаты меін дәрежелерінід арақатынасы адамның психикалық ерекшеліктеріне тәуелді болады. Нерв жүйесі әр түрлі адамдарда танымдық, бағдарлаушылық және атқарушылық іс-әрекеттегі арақатынаста түрліше болады. Бұл сол адамдардың бәрінің де еңбек тапсырмасын табысты орындауға мүмкіндік береді. Нерв қызметінің типі бір адамдарға еңбек процесінде қимылды неғұрлым дәл орындауға, ал ӛзгелеріне неғұрлым тез орындауға мүмкіндік береді. Осылайша, дағды адамның жеке басының қасиетіне айналады. Дағдының түрлері. Еңбектің қай түрінде болсын, сондай-ақ істің табысты орындалуы дағдылардың белгілі бір қорын игергенде ғана мүмкін болады. Дағды: қимылдық, ойлау, (сенсорлық) және мінез-құлықтық болып тӛрт түрге бӛлінеді. Басқасынан гӛрі кимылдық дағдылар кӛбірек зерттелген. Оларды алуан түрлі іс-әрекеттен кӛруге болады. Қимылдық дағдыларды қалыптастырмайынша еңбек операцияларын орындау, оқушыларды жазуға, оқуға үйрету мүмкін емес. Ой еңбегінің стиліне міндетті компонент болып кіретін ойлау дағдьіларының да маңызы бұдан кем емес. Бұл дағдылардың аса маңыздылары чертеждерді оқу дағдысы, кітапты конспектілеу, лекция жазу, жаттау, дедуктивтік және индуктивтік ой қорытындылау әдісімен дәлелдеуді негіздеу болып табылады. Ой еңбегінде назарды бӛлу және оны шоғырландыру, бақылау, монологтық сӛйлеу дағдылары маңызды роль аткарады. Кӛп жағдайда ой еңбегі дағдысы адамның белгілі бір қасиетін анықтайды. Мінез-құлық дағдылары адамның жеке басының ерекшеліктерін қалыптастыруда маңызды роль аткарады. Бұл дағдылар мінез-құлық нормаларын білу және оларды ӛз басының қолдануы негізінде қалыптасады. Мінез-құлық дағдылары, мінез-құлықтың үйреншікті формаларынан туындайды. Мысалы, баланы адамдармен инабатты сәлемдесуге үйретеді. Оған адамдармен ӛмірдің түрлі жағдайларында қалай амандасу керек екенін кӛрсетеді (сыныпқа мұғалім кіргенде орнынан тұру керек). Сан рет қайталау нәтижесінде балада үлкен адамдарға инабатпен сәлем беру дағдысы қалыптасады.
Дағды жаттығу арқылы қалыптасады. Жаттығу - дегеніміз нысаналы түрде сан рет қайталап орындалатын әрекет, ондағы мақсат осы әрекетті жетілдіре түсу. Жаттығу процесінде белгілі бір түрде іс-әрекет ұйымдастырылады. Мұндай жағдайда істі, мысалы, әдемі жазу, фортепианода ойнағанда екі қолды дұрыс ұстай білу т. б. осы сияқты анағұрлым жетілген дағдылар қалыптастыруға жеткізетіндей етіп орындауға назар аударған жӛн. Дағдылардың ӛзара әсері. Адам белгілі бір іс-әрекетті меңгергенде әдетте оның бойында бір емес бірнеше дағды қатарынан қалыптасады. Жаңа дағдылар бұрыннан қалыптасқан ескі дағдылардың үстіне келіп қосылады. Ескі дағдылар жаңа дағдылардың қалыптасуына жағымды немесе жағымсыз әсер етуі мүмкін. Қалыптасқан дағдылардың жаңа дағдыларды игеруге жағымсыз әсері немесе қалыптасушы дағдылардың ескі дағдыларға жағымсыз әсері интерференция деп аталады. Интерференция да алмасу сияқты, дағдыларды қалыптастырудағы жалпы құбылыс болып табылады. Дағдылардан икемділік ұғымын айыра білу қажет. Осы ұғымдардың мағынасы біріне-бірі ӛте жақын болғандықтан бұларды бірімен-бірін шатастырып алуға да болады. Икемділік дегеніміз адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Мәселен, тӛменгі сынып оқушылары футбол ойнай алады, ойын ережелерін де біледі. Бірақ олардың ойнау дағдысы әлі жетілмеген. Ал нағыз футболшыда жақсы ойнай білу кемеліне келіп, дағдыға айналған. Бұл мысал балада дағды болмағанмен, оңда осы ойынға икемділіктің барлығын кӛрсетеді. Икемділік түрлі дәрежеде кӛрінеді. Мәселен, енді ғана әріп элементтерін салып үйрене бастаған баланың икемділігі икемділіктің қарапайым түрі болып келсе, кейін жеке сӛздерді, сӛйлемдерді жазған кездегі икемділігі бұрынғысынша күрлелірек болып келеді. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделеді. Кімнің білімі мен тәжірибесі кӛбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады. Икемділік - белгілі бір дағдылар мен білім жүйесін практикада пайдалана алудың кӛрінісі болып табылады. Бірінші сынып оқушыларының жазу, оқу дағдыларын менгеру ережесінің түрліше болып келетін себебі - икемділік дәрежесінің әр түрлілігінен деуге болады. Икемділік білімнің амалға айналуы, ол саналы әрекетті қажет етеді, икемділік амалды жүзеге асырудың да тәсілі. Икемділік пен білім тығыз байланысып жатады. Дағды мен икемділіктен әдеттерді айыра білу керек. Әдеттер де әрекеттің автоматтанылған кұрамдары. Бірақ мұның дағдыдан айырмашылығы мынада: әдетте қимыл-қозғалыстарды орындауға адам үнемі дайын болып, оны қажетсініп тұрады. Мәселен, адам күн сайын беті-қолын жуып тұруға әдеттенгендіктен осыны ылғи да қажетсінеді, мұны істемесе, кӛңілі кӛншімейді. Дағдыны қалыптастыру үшін адам сан peт жаттығады, есепсіз қайталайды. Егер де адам ӛзіне ұнамсыз дағды қалыптастырып және бұған кӛп уақытын жіберіп жатса, мұның ӛзі ӛте ессіздік болар еді. Сондықтан да дағдылар пайдалы, пайдасыз болып бӛлінбейді. Ӛйткені оның қай-қайсысы да пайдалы. Ал, әдеттің ұнамды, пайдалы түрлерімен қатар ұнамсыз, зиянды түрлері де кездеседі. Ұнамды әдеттерге: жүйелі түрде еңбек ете білу, қызмет орнын ұқыпты ұстау, тұрмыстағы мәдениеттілік, гигиеналық әдеттер т.б. жатады. Бұл адамның ӛмірі үшін аса қажет нәрселер. Ұнамсыз әдеттерге: орынсыз ысқыру, қарандашты ауызға салу, тісін үнемі шұқылап отыру, столда отырып аяқты селкілдету, сӛйлегенде қыстырма сӛздерді қолдану, қолы қалтасында, аузында шылымы тұрып, жұртқа кезек бермей сампылдап сӛйлеу т. б. жатады. Әдеттердің соңғы ұнамсыз түрлері жӛнінде халық "Әдет - әдет емес, жӛн әдет" деп ӛте дұрыс айтқан. Расында да бізге керегінің ӛзі пайдалы әдеттер. Үйреншікті әдет болмайынша, адамның істеген ісінің берекесі де болмайды. Егер адам: ӛзінің бойына сіңген әдетіне байланысты қимылдаса, оның ісі оңайианып, кӛңілі рахат тауып отырады. Үйреншікті әдет адамның табиғи қылығы сияқты бойына сіңіп кетеді. "Ауру қалса да, әдет қалмайды'' деген нақыл осы сӛзден шықса керек. Әрине, мұны тіке ӛз мағынасында түсінбеу қажет. Бұл жерде үйренген әдеттен құтылу қиын екені жӛнінде айтыльш отыр. Әдеттердің тезірек қалыптасатын кезеңі - балалық шақ, әсіресе, мектепке дейінгі дәуір. Балалардың кез-келген нәрсеге еліктей бергіштік қасиеті кейде ұнамсыз әдеттердің қалыптасуына себеп болады. Мәселен, кейбір отбасында бала үлкендерге еліктеп шылым шеккісі, шарап ішкісі келіп тұрады. Атааналар мен мұғалімдер балаларда ұнамды әдеттерді қалыптастырып, зиянды әдеттерден баланы арылту жағын қарастыруы қажет. Атақты ағылшын драматургі В. Шекспир: Жақсы әдет жақсылыққа бастайтын періште десе, орыс педагогі К.Д. Ушинский: Жақсы әдет ӛсімге берген ақша, адам ӛмір бойы соның ӛсімін пайдаланады, жаман әдет борыш, адам ӛмір бойы сол борыштың ӛсімінен азап шегеді,- дейді. Ал, ежелгі үнді мақалында былай делінген: Қылық ексең - әдет орасың, әдет ексең - мінез орасың, мінез ексең - тағдыр орасың. Сӛйтіп, дағды мен әдет адамның мінез-құлқының фундаменті болып табылады. Дағды мен әдеттің негізінде мінез қырлары қалыптасады. Жақсы қалыптасқан дағды мен пайдалы әдет адамның оқу материалдарын, еңбек әрекеттерін тез игеруіне мүмкіндік береді.
3. Іс-әрекет түрлері. Іс-әрекеттің үш түрін бӛліп кӛрсетуге болады: ойын, оқу және еңбек. Олар ӛздерінің нәтижелері, ұйымдастырылуы, мотивация ерекшеліктері бойынша айрықшаланады. Адам іс-әрекетінің негізгі түрі еңбек болып табылады. Еңбектің түпкі қорытындысы - іс-әрекеттен қоғамдық маңызы бар ӛнім алу. Ол колхозшы ӛсірген егін, болат құюшы ағызған болат немесе ғалым ашқан ғылыми жаңалық болуы мүмкін. Ойын қоғамдық маңызы бар ӛнім бермейді. Оқу тікелей еңбекке әзірлеу кезеңі бола отырып, тек мамандық игерудің кезеңінде материалдық және мәдениет байлықтарын жасауға қатысады. Еңбек әрекеті белгілі бір міндетті ұйымдасқан формада жүзеге асырады. Дәлме-дәл белгіленген мерзімде жұмысшы қатаң реттелінген іс-әрекетті орындайды. Ұйымдастыру жүйесі оқудың да қажетті компоненті болып табылады. Ойынға еркін ұйымдастыру жүйесі тән. Мысалы, балаға сағат 10-11ге дейін қуыршақ ойнап, 11-ден кейін доп ойнауды ешкім міндеттемейді.
Ойынның негізгі мотиві баланың ойын процесінде қанағаттануы болып табылады. Егер баланың ойынға ықыласы таусылса, ол ойнауын тоқтатады. Оқу мен енбек адамды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың білім сапасын арттырудаға оқу іскерліктерін қалыптастыру процесін зерделеу
Адам санасының табиғаты. Адам іс-әрекетінің құрылымы
Қабілет пен дағды - сол немесе басқа әрекетті орындау қабілеті
Қойылған мақсатқа жетуді көздей отырып, өз іс-әрекеттерін жоспарлау және нақты міндеттерді түйіндеу, орындау іскерліктері
Оқушылардың білімі мен дағдысын ауызша тексеру
Дағды және оны қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері
Бірінші сынып оқушыларының математикалық білім, білік, дағдыдыларын қалыптастыру жолдары
Дағдылар мен дағдылардың мәні
Іс - әрекет және оның құрылымы
Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру
Пәндер