Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді нығайтудың маңыздылығы, жолдары туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
10 семинар
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді нығайтудың маңыздылығы мен жолдары
Орындаған: Искаков Б.
Тексерген: Толенова З.
Жоспар:
1. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер.
2.Нұрлы көш бағдарламасы және отандастардың тарихи Отанына қайтып оралуы.
3.Қазақстан халықтары Ассамблеясының (ҚХА) құрылуы және оған жаңаша көзқарас. Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің бірегейлік тұжырымдамасы.
1.Бүгінгі Қазақстан үшін ең маңызды қос мәселе - Көші-қон мен демографиялық өсім екені түсінікті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты да аталған мәселені оңтйлы шешуге қарата бағытталып отырғаны жайлы жазып келеміз.
Қазақ халқы небір алмағайып күндерді бастан кешті. Десе де, халқымыз қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бүгінгідей бақытты, бейбіт күнді ешқашан көрмеген болар. Бабаларымыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған байтақ даласы бізге қалай мирас болса, осы ел мен жердің тәлейіне туған Нұрсұлтан Назарбаев алыстағы ағайынды Отан құшағына оралтып, қазақ тарихында алтын парақтар ашты.
1999 жылғы санақ жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық бөлінісіне сәйкес, оның әкімшілік-территориялық бірлігінен 84 қала және 200 кент, 2036 округ және 7684 ауылдың елді меккендер кіреді. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан тұрғындарының 56%-і қалалық елді мекемеерде, 44%-і ауылдық елді мекендерде тұрады.
Әдетте қазақтардың көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады. Сондықтан онжылдықтағы олардың қалалықтарға айналу қарқыны жоғары.
Консулдық қызмет департаменті басқармасының соңғы мәліметі бойынша, әрбір үшінші қазақ шет елдерге тұрады. Алыс және жақын шетелдердегі жалпы қазақтың саны 6 млн 100 мың адам.
Қазақтардың 2000 жылдың басындағы барлық саны:
Қазақстанның өзінде 8 млн 590 мың. Бұрынғы посткеңестік, қазіргі дербес республикаларда 3 млн 837 мың.
Шалғай шетелдерде 2 млн 263 мың. Ал 1999 жылдың аяғы мен 2001 жылдың басындағы өтпелі Маргиналдар мен метистері қосқанда исі қазақ саны 15 млн-ға толады. Соның 12,5 млн таза қазақтар қалғандары ұлттық менталисті анықталмаған ділі шала қазақтар.
Алыс және жақын шетелдегі қандастарымыздың саны 6 млн 100 мың (метис пен маргиналдарымызбан бірге).
Қазақстанға миграциялық ағым осы Республика мен елдер жағынан біртіндеп күшейе түсуде.
Біздің есептеуіміз бойынша соғыстан бергі соңғы жылдары Қарақалпақстандағы қазақтардың үштен бірі, Түркіменстандағылардың үштен екісі өздері шыққан атамекені Қазақстанға қайтқан. Бұл процес осылайша стихиялы түрде жүре отырып 2020-2030 жылдары қазақтың етек жеңі біршама жиналып қалады. Біздің есептеуіміз бойынша алдағы он жылдықта Қазақстанға 300 мыңдай қазақ қайтуы ықтимал, 1996 жылы Монғоиядан 130 мыңға жетерлік бауырларымыз көшіп келген екен.
Осындай миграцияның 12-17 мыңдық мөлшері жыл сайын алда сақтала бермек. Дәл бүгінгі күні жыл сайын бұрынғы Одақтас Республикалардан Қазақстанға 10-15 мыңға жық қазақтар қайтып оралуда. Ол 1992 ж 24 мыңға дейін жетті. Алда осы сияқты өз еліне береке молшылық ала келетін "Майтабандар" көші-қоны бұданда кең етек жояды. Бұл қозғалыс жақын болашақта Республикамыздағы қазақтар саны келесі ғасырдың ортасына дейін 4-5 млн қомақты үлес қоса алады.
Қазіргі таңда Президенгтіміздің жолдауы бойынша әр жыл сайын мемлекеттік квотаның көлемін кең дегенде 15 мыңның үстінде ұстап отырып, экономикамыздың дамуына орай квоталар санын бұдан 2 есеге көбейту жоспарланып отыр.

Үкіметтің жоспарлап отырған жылына 15000 квота мен біз шете елдердегі қандасатрымызды жақын арада көшіріп алу мүмкін емес. Шет елдердегі қандастарымыз жағдайы келгендері яғни өз күшімен көшіп келе алатындары квотаға қарамай өз қаражатарымен келеуде.
Оралмандар өз тарихи отанына келу үшін көптеген қиыншылықтарға кездеседі:
-- Тұрғылықты жерінен отанына қайту үшін рұқсат алуы керек. Ол мемлекет Қазақстан Республикасымен Көші-қон туралы келісім шарт жасасқан болса онда қандасымызға виза алу көп қиындық болмайды. Ал егер де ондай келісім-шарт жасалмаса онда виза алу да көп қиындықтар болады.
-- Қазақстанға келгеннен кейінгі азаматтық алу қиындықтары. Азаматтық алғаннан кейін берілмейтін жәрдем ақының тоқтатылуы. Мамандығы бойынша жұмыс табу, егерде мамандығы болмаса жұмыс табу қиындығы, әлеуметтік жағдайының нашарлауы т.б.
Көшіп келудің түрлі қиындықтарына қарамастан көшті тоқтатпау керек.Үкіметтің осы мақсатта жүргізіліп жатқан жұмыстары да оралмандарды қолдау мақсатында жүргізілуде. Шет елдердегі ұандастарымызды көшірудегі мақсаттың бірі ол өмір сүріп жатқан халыққа сіңісіп кету қауіпі. Мысалыға: Өзбекстандағы қазақтардың көпшілігінің өзбек болып жазылып кетуде. Қаржы қиынықтарына байланысты ол елдегі мектептердің жабылуы, Соңғы уақыттағы екі ел арасындағы салқындықта екі ел арасындағы көші-қон мәселесін тежеуде. Осы мәселелерді шешуде екі жақты келісөздер жүргізілуде.
Қытай Республикасының батысты игеру мақсатында жүргізіліп жатқан саясаты яғни қытайлардың саны аздау батыс аймағын игеру бұл.Батысты мекен ететін қазақ ұлтына қиындықтар туда, өйткені саны көп қытайлықтар аз санды қазақтарды жұтып жіберуі мүмкін . Міне осы жағдайларды ескере отырып Қытайдағы қандастаымызды тез арада көшіріп алу жолдарын қарастыруымыз керек. Осы елдермен қатар тарыдай шашылған қандастарымызды көшіріп әкеле алсақ. Президентіміз айтқандай 2020 жылы Қазақстандағы халықтың санын 20 млн адамға жеткізуге болады. Қандастарымызды әкелу өз республикасында саны аз қазақ ұлтының көбеюіне яғни үлес салмағының артуына әкеледі.
2. Қазіргі кездегі мемлекеттік билік күннен күнге халық санының өсіп-өнуіне үлкен назар аударуда. Адам санын есептеу мемлекетке өзінің əлеуметтік функцияларын атқару үшін қажет. Ол өз кезегінде барлық еңбек ресурстарын анықтайды, сонымен қатар, əлеуметтік даму саласында белгілі бір шешім қабылдау үшін жəне басқа мемлекеттің функцияларын орындау үшін негіз болып табылады.
Халықтың туу мен өлім көрсеткіштерінің жақсы жаққа өзгеруіне, көші-қон мəселелерін шешуде мемлекет функциясының ролі зор. Демографиялық үрдістер адамның еркінен пайда болмайды. Мемлекет пен құқықтың өзара əрекет етуі өте күрделі үрдіс. Демографиялық үрдістерді жүйелі жəне жан-жақты талдау үшін мемлекеттік билік қажет. Мемлекеттің əлеуметтік жəне басқа да функцияларын атқаруда демография өте ауқымды фактор болып табылады. Қазіргі кезде мемлекет функциясы ішінде демография функциясы өте күрделі болып отыр. Себебі қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін жаңа, бұрын-соңды болмаған функциялар қалыптасуда.
Қазіргі жаһандану кезеңінде демографиялық мəселелердің дамуы көп ғалымдарды қызықтыруда. Демографиялық үрдістерді зерттеуші ғалымдар көбінесе оның тек экономикалық қырын зерттеумен айналысуда. Қазіргі кездегі демография ол үлкен ғылым. Ол қоғамның барлық жағын қамтиды. Соның ішінде статистикаға көп сүйенеді. Статистика болмаса, халықтың ұлттық, əлеуметтік жəне басқа да əр түрлі деңгейін зерттеу мүмкін емес. Егерде заң ғылымына келсек, онда демографиялық үрдістерге мемлекет пен құқықтың əсері теориялық тұрғыдан зерттелмеген. Осы күнге дейін демографиялық үрдіс əлеуметтік үрдістің бір бөлігі болып келді. Қазіргі дүниежүзі жаһандану кезеңін бастан кешіріп, экономикалық дағдарыстың тұғырында тұрған қоғам үшін, əлеуметтік үрдістерді оның ішінде демографиялық үрдістерді реттеуде мемлекет пен оның функциясының рөлін күшейту талап етіліп отыр. Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан əр түрлі демографиялық стратегияларды мемлекеттік саясаттың ең негізгісі деп біліп, оны жүзеге асыруға көшу керек. Нарықтық заманға көше бастағанда мемлекеттің ең негізгі экономикалық мақсаты еңбек өндірісін көтеру арқылы халықтың əл-ауқатын көтеру болған. Қазақстан Республикасы халқының тіршілігін жақсарту үшін экономиканы тұрақтандыру, бəсекелестікті дамыту, халықты жұмыспен қамтуды белгілейтін еңбек жəне ақша нарықтарын жасауды көздеген. Жалақының көтерілуін қамтамасыз ету кедейшілікпен күресу жəне əлеуметтік қорғанудың бірден- бір амалы ретінде көрсетілген. Бұл мəселелердің барлығы жүзеге асырылған жоқ.
Жаһандану кезеңіне мемлекеттің əлеуметтік функциясы, нарықтық экономиканың талаптарына сай келмейді. Халықты əлеуметтік қорғауда əр түрлі мекемелердің қызметін жақсарту қажет. Олардың басты мақсаты халықты жұмыспен қамту болу керек. Бұл аталған мақсат - міндеттер мемлекеттің алдына қойған міндеттердің бір ғана бөлігі.
Халықтың демографиялық даму көрсеткішін білмей, елдің ұлттық құрамының қалай өзгергенін анықтау мүмкін емес. Халық санының өсуі мен дамуын зерттеу қоғам өмірінің барлық салаларын мемлекеттік басқару үшін маңызы бар. Демографиялық үрдістердің өзгеруімен, мемлекеттің де маңызды экономикалық, саяси, əлеуметтік жақтары өзгереді.
Демографиялық үрдістерді құқықтық жəне саяси құралдар арқылы басқаруға болады. Мемлекеттің демографиялық үрдістерін елдегі туылым, өлім жəне көші-қоны мəселелері құрайды. Қазіргі Қазақстан жағдайында заңи тұрғыда аталған демографиялық үрдістерді нақты түрде реттеу қажет. Туылым, өлім, көші-қоны мəселелері бүгінгі таңда көлемі жағынан да, дəрежесі жағынан да үлкен проблемалардың бірі болып табылады. Заманның ағымы осы мəселелерді құқықтық реттеуді талап етті. Соның нəтижесінде осы үрдістерді реттейтін бірқатар нормативтік - құқықтық актілер қабылданды.
Қазіргі жаһандану кезеңінде Қазақстан үшін бұрын - соңды құқықтық реттеу аясынан тыс болған қатынастарды реттеуге бағытталған жаңа заңдарды қабылдау қажеттілігі байқалып отыр.
Мемлекетіміз демографиялық үрдістерді шешуге бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауда басқа шетел мемлекеттерінің тəжірибесін пайдаланса жақсы болар еді.
Елдің демографиялық дағдарыстан шығуы үшін көші - қоны үрдістерін реттеу қажет. Қазіргі кезде мемлекеттің əлеуметтік жəне экономикалық дамуы мен ұлттық қауіпсіздік мүдделері көші - қонды реттеуде жаңа жолдарды талап етіп отыр. Мемлекетімізде байырғы кезде əр түрлі себептермен көшіп кеткен шетелдердегі қазақтардың еліне қайта оралуына жағдайлар жасалуда. Мемлекет əр жылы оралмандарды қабылдауда квоталар белгілейді. Елімізде заңсыз көшіп келушілер мен босқындар саны өсуде. Халықтың өсіп-өнуі оның өзгеруі, туылым, өлім, көші-қоны көрсеткіштерін дамуын қамтиды. Соңғы кездері біздің ел үшін адамдардың шекара арқылы қоныс аударуы, өздерінің тұрғылықты жерлерін ауыстыруы маңызды мəселе болды.
Көші-қонын адамдардың тіршілік ету ортасын өзгерту нысаны деп қарауға болады. Көші-қон дегеніміз тұрғылықты өзгерту не оған қайтадан қайтып келу мақсатында адамдардың шекара арқылы белгілі бір аумақ арқылы қозғалысы болып табылады.
1997 жылғы 13 желтоқсандағы Халықтың көшi-қоны туралы Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес: көші-қон - жеке тұлғалардың бір мемлекеттен басқа мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті немесе мəжбүрлі қоныс ауыстыруы - деп түсініледі.
Елімізге халықтың табиғи аз өсімінің орнын толтырған көшіп келушілер ағымын реттеуге бағытталған жаңа жолдар іздеп табу қажет. Оларды жыныстық, жастық ерекшеліктеріне қарай, денсаулығының жағдайына, кəсібіне қарап пайдалы етіп ынталандыру керек. Сонымен қатар халық санын сақтап қалуды ойлай отырып, шетелден жоғары кəсіби мамандарды жұмыс күші етіп тартуды дамыту қажет. Еліміздің ішкі көші - қонын реттеу барысында, азаматтардың тіршілік етуін қолдай отырып, жұмыс күшін көтермелеуге бағытталған шаралар кешенін жасау қажеттілігі туындап отыр. Республикамызда көші - қон үрдістерін реттейтін заңнамалардың іске асуы баяу жүрді. КСРО - ның ыдырауымен тез арада бірқатар заңдарды қабылдау қажеттілігі туды. Қазақстан тəуелсіздік алуымен шетелдерге көшіп кетушілермен, жақын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді нығайтудың маңызы мен жолдары
Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді нығайтудың маңыздылығы мен жолдары туралы
Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді нығайтудың маңыздылығы мен жолдары
Саяси процестер жүйесіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін зерттеу
Қазіргі таңда Қазақстанның саяси және экономикалық өрлеу кезеңінде ҚХА құрылу және даму қажеттілігі
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
−орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі
Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ БҮГІНГІ КӨРІНІСІ
Пәндер