Патронаждық қызмет


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Патронаждық қызмет.

XX ғасырдың соңғы онжылдығы бүкіл Еуропа бойынша, әсіресе Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде басталған денсаулық сақтаудың ірі реформаларымен ерекшеленді. Денсаулық сақтау саласындағы зерттеулерге инвестицияларды азайтып, көбінесе медицина қызметкерлерін дайындау үшін көп жұмыстар атқарылды. Бұл елдердегі мемлекеттік денсаулық сақтау қызметтері соңғы 15 жылда көп өзгерістерге ұшырады. Денсаулық сақтау саласына дұрыс мән берілмей, басқа да көптеген мәселелердің айқын болуына байланысты жеткілікті деңгейде назар аударылмай, көбінесе халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталмаған, политикалық өзгерістер орын алды. Кейін келе қоғамдық денсаулық сақтаудың мәніне байланысты-денсаулықты нығайтуға жәрдемдесу және барлық халықтың денсаулығына ерекше көңіл бөле отырып, ауру мен мүгедектіктің алдын алу - осы ісшаралардың принциптері соңғы уақытта қоғамдық денсаулық сақтау саласында халыққа негізделген іс-шаралар ретінде үлкен өзгерістерге ұшырады. Екінші жағынан, науқастардың ауруханада болу ұзақтығы қысқарды. Соған байланысты ауруханадан ерте шығару, өткір науқас адамдардың үйде медициналық арнайы күтімді қажет ететіндігіне алып келді. Ал алғашқы медициналық-санитарлық көмек үкіметтің реформаторлық шараларының басты назарында болды. Нәтижесінде, денсаулық сақтаудың қаржылық ресурстарын ауруханаларда шұғыл көмекке аз көлемде бөле отырып, жалпы көмекке қарай біртіндеп ығыстыру байқалды.

Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде, әсіресе бұрынғы жақсы дамыған Югославия елдерінде, кеңейтілген медициналық қызмет көрсетудің бір танымал тұжырымдамасы бар, оған медициналық ағарту және денсаулықты нығайту, үйге медициналық көмек көрсету және қауымдық деңгейдегі іс-шаралар кіреді.

  • Ол мейірбикелердің патронаждық қызметі,
  • мейірбикелердің үйде көмек көрсету қызметі,
  • халықпен жұмыс бойынша мейірбикелердің қызметі және т. б. әртүрлі атаулармен белгілі болды.

Бұл атауларды алдағы мақалада терминдік және тұжырымдамалық жағынан сипаттауға тырысамыз.

ДДҰ1 мейірбикелердің қоғамдық денсаулық сақтау мен алғашқы медициналық-санитарлық көмекте, үйде көмек көрсету және алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтарында алатын негізгі үлесін және маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Алайда, ДДҰ Еуропалық аймағына мүше мемлекеттердің көпшілігінде мейірбикелер -тек ауруханаларда жұмыс істеу үшін білім алып, дайындықтан өтті. Сондықтан, осы білікті мейірбикелерді басқа жағдайларда жұмысқа дайындау қажеттілігі туындады, яғни ауруханаларда талап етілгеннен басқа еркін түрде жұмыс істеу .

2000 жылғы 15-17 Маусымда Мюнхенде өткен “ДДҰ-ның Мейірбикелік іс және Акушерия жөніндегі екінші еуропалық министрлік конференциясы” алты миллион еуропалық мейірбикелер мен акушерлердің денсаулық сақтауды дамытуға және медициналық қызмет көрсетуге қосқан бірегей рөлі мен үлесін қарастырды. Бұл конференцияда министірлер «Мюнхен декларациясын» қабылдады: “Мейірбикелер мен акушерлер: денсаулық үшін күш- 2000 жыл". Декларацияда отбасына бағдарланған қауымдық бағдарламалар мен мейірбикелік күтім және акушерия қызметтерін құруға, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтаудағы мейірбикелер мен акушерлердің рөлін арттыруға, денсаулықты нығайту мен қауымдастықтарды дамытуға ерекше көңіл бөлінетіндігі қарастырылды. Соңғы 100 жыл ішінде Еуропада Қоғамдық денсаулық сақтау қозғалысымен қатар ұлттық, өңірлік және жергілікті мемлекеттік қоғамдық денсаулық сақтау департаменттерінің қамқорлығымен “қоғамдық мейірбике ісі” дамыды. Бұл дамудың ауқымы мен көлемі әртүрлі мемлекеттерде өзгеше болғанымен, бүкіл әлемде қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мейірбикелік істің дамуының негізгі себептеріне жойқын кедейшілік, теңсіздік, базалық медициналық қызметтердің болмауы, қоршаған ортаның ластануы және жұқпалы аурулар сияқты мәселелер ықпал етті .

Мейірбикелердің қоғамдық жұмысқа белсене қатысып келе жатқандарына 100 жылдан асты. Бәрімізге белгілі Флоренс Найтингейл ханым, Еуропадағы қазіргі заманғы мейірбике ісінің негізін салушылардың бірі, өзінің "Таймс" баспасына жазған хаттарының бірінде былай деп мәлімдейді: "Аудандық мейірбике - бірінші мейірбике болуы тиіс. Ол одан да жоғары дәрежелі болуы керек және ауруханалық мейірбикеге қарағанда толық білімі болуы керек, өйткені оның қолында ауруханалық аспаптар жоқ, себебі ол өзінен басқа ешқандай көмекшісі жоқ дәрігердің алдында есеп беру үшін жазбалар жасауы керек. Ол- дәрігердің клиникалық клеркі, дәрілік қобдишасы және мейірбикелік штаты”. Әдебиеттердегі терминологияда және практикада жүзеге асырылатын және денсаулықты нығайту мен санитарлық ағарту аспектілеріне ие мейірбикелердің қызметін анықтайтын терминдердің алуан түрлілігі бар. Соның ішінде " Қоғамдық денсаулық сақтау мейірбикесі" немесе "Денсаулық сақтау келушісі " атауын пайдаланатын Еуропа елдеріне Хорватия, Дания, Финляндия, Франция, Ирландия, Израиль, Норвегия, Швеция және Біріккен Корольдігі кіреді. Патронаждық мейірбике жүйесінің терминін анықтау мақсатында, мейірикелердің патронаждық қызметтері, үйдегі мейірбикелердің қызметтері немесе мейірбикелердің қоғамдық аутрич/патронаждық қызметі сияқты терминдер пайдаланылды.

Патронаждық мейірбике бұрынғы Югославия елдерінде медициналық қызметтерді тиімді пайдалануға және алдын алу шараларын неғұрлым тиімді қабылдауға және жүзеге асыруға жекелеген адамдарды, отбасын және қоғамды дайындай отырып, кең ауқымда профилактикалық іс- шаралармен айналысатын алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірегей қызметі ретінде анықталды . Бұдан басқа патронаждық күтім жүйесінің келесі сипаттамасы табылды. Патронаждық қызмет денсаулық сақтау саласының санитариялық ағартуға бағытталған жұмысының ерекше әдістерін пайдаланатын денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде айқындалды. Оның негізгі мақсаты-медициналық көмекпен қамту, медициналық және әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды белсенді қадағалау, жекелеген адамдардың, отбасылардың және басқа да топтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және оларды өз денсаулығын сақтау жөніндегі шараларды өз бетінше қолдануға үйрету.

Патронаждық мейірбикенің қамтитын денсаулық мәселе-лерінің санына байланысты патронаждық қызмет - моновалентті, бивалентті және поливалентті болуы мүмкін. Соңғы онжылдықта ДДҰ «Отбасылық мейірбике» деп аталатын жаңа атауды енгізді. Отбасылық мейірбике денсаулықты нығайтуды, аурулардың алдын алуды, оңалтуды және аурудың соңғы кезеңінде науқастанғандарға көмек көрсетуді қоса алғанда, медициналық көмектің барлық саласында маңызды рөл атқарады. " Отбасылық денсаулық мейірбикесі" деген атау мейірбикенің назарында тек отбасында тұратын адамдар ғана болады деп болжайды. Бірақ бұл рөл әлдеқайда кең ауқымды қамтиды. Отбасылық мейірбике халықтың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуде және олардың алаңдаушылықтарын туғызатын мәселелердің шешімдерін іздестіру барысында халықпен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Еуропадағы ДДҰ-ның 60% елдер қауымдарының деңгейінде науқастарды күту бойынша көрсетілетін қызметтерінің ауқымы мен түріне байланысты жүргізілген арнайы зерттеу барысында (жауаптар 31 елден алынған) күтім жасау практикасының екі моделін анықтады: әмбебап моделі және мамандандырылған моделі . Мамандандырылған мейірбике қауымдастықта 23 түрлі атауға ие. Олар: қоғамдық денсаулық сақтау мейірбикесі, аудандық мейірбике, отбасылық мейірбике, денсаулық сақтау келушісі, патронаждық мейірбике және психикалық денсаулық мейірбикесі және т. б (1) Дегенмен, патронаждық мейірбикелердің осы түрлерін анықтау үшін қандай терминдер қолданылса да, олардың атқаратын төрт негізгі функциясын бар:

  • Қоғамдық денсаулық сақтау мейірбикелері: біріншікезекте денсаулықты нығайту
  • /қоғамдастық шеңберінде− аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысады;
  • Аудандық мейірбикелер: ауруханамен байланысты емес жағдайларда күтім мен емдеуді қамтамасыз етеді; −
  • Қауымдық акушерлер: жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдер мен олардың отбасыларына− қолдау көрсетеді;
  • Қауымдық психиатриялық мейірбикелер: психикалық бұзылулары бар науқастарды үй жағдайында күту мен− емдеуді қамтамасыз етеді (8) .

Патронаждық мейірбикелерді дайындайтын оқу жоспары теориялық білімді арттыруға да, практикалық дағдыларды дамытуға да бағытталуы тиіс. Мысалы, Ұлыбританияда, АҚШ-та және Еуропалық Одақ елдерінде патронаждық/қауымдық мейірбике дәрежесін алу үшін мейірбикелерге арнайы оқу бағдарламасын сәтті аяқтауын және мейірбике ретінде кемінде екі жылдық жұмыс тәжірибесінің болуын талап етеді. Оқыту әдетте кем дегенде бір жылға созылады. Оқуды бітірген патронаждық мейірбикелер алған білімінің дәрежесіне сай құзыреттерге ие болады. Қоғамдық патронаждық мейірбикенің құзыреттері мынадай міндеттер мен қызмет түрлерінің кең ауқымын қамтуы тиіс (1) : бастапқы медициналық-санитарлық көмек тобының мүшесі ретінде немесе өз бетінше, өз үйлерінде науқастарды күтуде жұмыс істеу; отбасында және қауымдастықта денсаулықты нығайту; отбасылық және қауымдастықтық аурулардың алдын алуға қатысу; физикалық, ақыл-ой және рухани қажеттіліктеріне сәйкес және барлық жас кезеңіндегі адамдар үшін күтім мен медициналық көмекті бағалау, жоспарлау ; сауықтыру жұмыстарында мейірбикелік көмекті қамтамасыз ету; денсаулық сақтауды қолдау жөніндегі жобаларға белсенді қатысу; ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы ұсынған патронаждық мейірбикелерге арналған оқу бағдарламасында денсаулықты нығайтуға ерекше назар аударылады.

  • Жалпы мейірбикеге арналған дидактикалық тақырыптар төмендгі пәндерді қамтиды (1) :
  • денсаулықты анықтау бойынша бастапқы профилактика,
  • эпидемиология,
  • әлеуметтік медицина,
  • денсаулық скринингі-аурулардың алдын алу,
  • иммундау/вакциналау,
  • отбасын жоспарлау және әйелдердің денсаулығы,
  • бала/ана денсаулығы,
  • мектепке дейінгі/мектептегі денсаулық,
  • еңбек гигиенасы.

Жеке адамдардың, топтардың және қоғамдастықтардың психологиясына оқытудың маңызды аспектісі ретінде және күнделікті жұмыста қолдану үшін патронаждық мейірбикенің дағдыларына ерекше назар аудару керек. Атап айтқанда, бұл психологиялық біліміне, баланың дамуына отбасылық қарым-қатынастардың ықпалына, отбасының динамикасына, балалармен қарым-қатынасына мән беру. Өте маңызды мәселе болып табылатын коммуникация, оның ішінде коммуникативтік дағдылар, сондай-ақ құпия сақтау сияқты этикалық мәселелер оқу барысында қарастырылатын негізгі тақырыптар арасында болуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патронаж қызметкері - осы қызметтің ортасында
Балалар емханасының, балалар ауруханасының жұмысын ұйымдастыру
Балаларды тамақтандыру туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік қызмет көрсету - әлеуметтік жұмыстың ажырамас бөлігі
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі
Қазақ тілін жаңа технологиялармен оқытудың маңызы
Балалардың әлеуметтік кызметтері
Адамға қарсы жасалатын қылмыс
Әкімшілік мемлекеттік қызметті мамандандыру
КІСІ ӨЛТІРУДІ ТЕРГЕУДІҢ КРИМИНАЛИСТІК ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz