Философия - ойлауға тікелей байланысты ғылым


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Философия - ойлауға тікелей байланысты ғылым. Бірақ кәсі-би мамандардың өзі мұндай анықтамамен үнемі келісе бермейді.

Эпистемология - философияның заттарды қалай танып-білетіні тура-лы бөлімі.

Логика - ойларымызды белгілі бір ретпен - мұқият және батыл түзуіміз-ге көмектесетін ережелерге қатысты ғылым.

Метафизика - бол-мыстың шығу, пайда болу себептері мен принциптерін зерделейтін ғылым.

Этика ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсінуге тікелей байланысты.

Саяси философия - этиканың бір саласы. Ол біздің қауымдаса өмір сү-руімізді зерттейді.

Эстетика - өнерге және әдемілікке, сонымен қатар адамның осы ұғым-дар жайлы түсінігіне байланысты ілім

Философтың негізгі идеялары әртүрлі кітаптардың немесе жазбалардың негізінде, байыппен және ретімен баяндалады. Осылайша идеялар айдар-ларға жіктеледі. Философия - адамның ойлау тәсілдерін сыни бағалауды жүзеге асырудың және «түрліше ойлаудың» жаңа мүмкіндіктерін ашудың тұрақты үдерісі.

Сократ

Сократ философияның бастауында тұрған жанның бірі болды. Оны философия үшін зардап шеккен ең алғашқы адам деуге де болады. Сократ «Афина жастарын азғындатты, қаланың құдайларына құлшылық етпей, жаңа құдайларға табынуға шақырды» деп айыпталды. Ол үшін адамгершілік ұстанымдар қашанда маңызды болды. Ол лайықты азаматтар тәрбиелеуге тырысты. Сократ «ізгілік - бәсты құндылық» деген пікірді ұстанды. Ешқандай сыртқы себеп адамды ізгіліктен айыра алмайды. Сократтың басты пайымы: ізгілік - білімнен, дұрыс іс-әрекет рационалды түсінуден туындайды.

Платон

Платон философияның метафизика, эпистемология және саясат философия-сы бөлімдеріне елеулі үлес қосты. Осы салалардың бәрінде Платонға Сократ-тың ілімі қатты ықпал етті. Платон демократия ұғымына мүлде сенген жоқ. Демократия өкілдерінің Сократты аяусыз жазалауы оған үлкен соққы болып тигені анық Платон адамның жаны үш бөліктен тұрады деп есептеді. Біріншісі - рацио- налды бөлік, ақыл-ой негізі. Даналық - оның ең басты құндылығы. Екінші - жандағы рухани, қуатты бөлік, оның ерекше құндылығы - батырлық пен батылдық. Үшіншісі - адам жанының қалауын қанағаттандыруға ұмтылатын бөлік. Оның басты құндылықтары - ұстамдылық және бағыныштылық. Платон редукционизмді қолдаған емес, ол адам танымының өрісін шектемеді. Ол адам қазір білетінінен де көбірек танып-біле алады деп үнемі атап көрсетіп отырды

Аристотель

Оның мақсаттарының бірі - дүниеде бар болған заттар мен құбылыстардың көптүрлілігін түсіндіру еді. Аристотель себептердің біртұтас жіктемесін жасауға ұмтылды. Ол себептердің төрт негізгі түрін бөліп көрсетеді.

(1) Материалды себеп - сөзбен тұтасатын дыбыстар, логикалық ой-тұ-жырымдар түзетін дәлелдер тәрізді объект қалыптастыратын заттың, нақты дүниенің негізі.

(2) Формалды себеп - қоршаған дүниеде қандай да бір объект өмір сүре алу үшін қажет болатын форма.

(3) Туындатушы (қозғаушы) себеп - қандай да бір үдерістің басталуы және дамуына немесе оқиғаның пайда болуына эсер етер себеп.

Аристотельдің логика туралы еңбегі қазір ескірген деп саналады. Арис-тотельден кейінгі екі мың жыл бойына логика дамыған жоқ. Аристотельді көбіне дедуктивті ойлау қызықтырды. Дедуктивті ойлау дегеніміз - жалпы фактілерден жеке қорытынды немесе тағы бір жалпы қорытынды шығару. Ойлаудың осы әдісін қолдану үшін Аристотель силлогизмді пайдаланды. Ойлаудың бұл типінің мәні мынада: дәлелдер немесе алғышарттар ақиқат болса және оларды баяндау мәнері дұрыс болса, қорытындылар да ақиқат болуы тиіс.

Эстетика

Аристотельдің эстетикасы, оның әдемілік туралы ілімі «Поэтикада» жинақ-талған. Бұл кітаптың мәтіні, өкінішке қарай, бізге толығымен жетпеді. Аристотельдің пікірінше, поэзия - адам өмірінің бәріне белгілі қырлары-на еліктеу. Комедия - ұсқынсыздықты кейіптеу (біз бұрмаланған бірдеңені көргенде күлеміз) . Трагедия - негізгі мақсаты аяу, муң және үрей сезімдері арқылы эмоция (катарсис) туғызуды көздейтін байыпты іс-әрекетті кейіптеу. Трагедияның басты кейіпкері - өзін-өзі орға жыққан адам. Бірақ ол бас- ка кейіпкерлердің арасындағы ең бекзаты, яғни - басты кейіпкер. Трагедияда үш негізгі мәселе бар: тағдырдың өзгеруі, сюжеттің дами келе шегіне жетуі және басты кейіпкердің азап шегуі. Аристотельдің комедия туралы ілімі сақталған жоқ.

Аристотельдің ілімінде субстанцияның үш түрі бар делінеді. Біріншісі - сезім-дік және өткінші субстанциялар. Мысалы, жануарлар мен өсімдіктер. Екін-шісі - сезімдік және тұрақты, яғни мәңгілік субстанциялар. Оған жұлдыздар мен аспан денелерін жатқызуға болады. Олардың қозғалысы - біз бақылай алатын жалғыз ғана өзгеріс. Үшіншісі - сезімдік те, өткінші де емес субстан-циялар: Құдай мен адам жаны.

Аристотельдің «Этикасы» - телеологиялық ілім. Ол қол жеткізілуі қажетті мақсаттарға негізделген. Бұл жерде атап көрсетуді қажет ететін басқа да этикалық нормалар бар. Арисготельдің ойынша, адам өзі жасағалы отыр-ған қандай да бір іс-әрекеттің немесе ниеттің әділетті және ізгі екені туралы пікір түюі тиіс. Жасалайын деп отырған іс-әрекет жақсы және әділетті себептерден туындауы қажет, ол дұрыс және шектен шықпайтын ниеттерге негізделгені жөн. Қандай іс-әрекеттің де нәтижесі оң болуы керек. Тіпті не боларын алдын ала білмесе де, адам өзі ниет еткен ісінің ықтимал салдарын шамалауға міндетті.

Аристотель Платонның мінсіз мемлекет коммунизмін сынайды. Аристотель-дің пікірінше, отбасын жою - мүлде теріс қадам, себебі мемлекеттің өзі тікелей отбасына, сонымен қатар жекеменшікке негізделген. Қауымдастық болса, еш-кім жекеменшікке және жеке үйге ие болмайды дегенді білдіреді. Жекеменшік болмаған жағдайда қолы ашық дарқандық та өзінен-өзі жоғалады. Төңкерістерді болдырмау үшін үш нәрсе қажет. Біріншіден, білім беру ісінде мемлекеттік насихат болуы керек. Екіншіден, қоғамда әділдік пен заңға қүрмет салтанат құруға тиіс. Заң мен әділдік - басқару ісі бастау алатын маңызды негіз. Заңға сәйкес басқару - жігерлі де адал ниетті азаматтардың мемлекетін басқару деген сөз. Үшіншіден, мемлекет экономикалық тәуелсіз-дікке ие болатындай қаншалық…

Оның еңбектері араб дүниесінде жоғары бағаланды. Бағдаттың аса маңызды оқу орталықтары осы ұлы философтың еңбектерін көптеген жылдар бойы ұқыптылықпен, аялай сақтады. Шын мәнінде Аристотельдің философиясы Батыс және араб дүниесі ғалымдары арасында өзара тығыз байланыс пайда болғанға дейін христиандық Еуропаға беймәлім боп келді. Бұл байланыстар, негізінен, Испаниядағы араб өркениетінің ірі орталықтарында пайда болды.

Эпикур мен Зенон: жақсы өмірдің сыры

Эпикур мен Зенон - грек философиясының кейінгі кезеңінің өкілдері.

Эпикур эпи-курлік (кейде гедонизм) деген атпен белгілі ағымның негізін қалады, бірақ іс жүзінде бул ағымның ой-түжырымдарын, болжамдарын бүгінгінің адамы қолданбайды

Зенон - біз стоицизм деп атап үйренген философиялық ағымның бастауында тұрған адам. Бұл ағым заманында өте белгілі болды және көптеген ойшылдардың көзқарастарына ықпалын тигізді. Тарихта стои-цизмнің көптеген нұсқалары мен түрлері болды. Осы екі ойшыл да этиканың дамуына елеулі үлес қосты.

Гедонизм - ләззатты бірден-бір игілік деп түсінетін ілім. Платон жақсы өмір ләззат алуға байланысты деген ойға қарсы шықты. Аристотель ләззат - адам-ның бойында бақыт сезімінің туындауына әкелуі керек деп есептеді. Гедо-низм болса, адамның өмірінде ләззаттан басқа игілік жоқ деп тұжырымдады. Эпикур философиялық ілімі адам қарапайым тіршілік кеше отырып, өмірден қалайша ләззат алуға болатынын үйретеді.

Эпикур философиясының негізгі идеясы адамның ақылға жүгініп, байыпты, ты-ныш өмір сүруіне бағытталған. Философ рақаттану сезіміне ерекше мән береді. Бұған адамның көңіліне ұнаиды барлық рақат кіреді: дәм сезу, түйсіну, есгу, көру және иіс сезу. Ең басты рақат - қарын рақаты. Ақыл-ой рақаты - екінші. Эпикурдің пікірінше, ең басты рухани ләззат - тән рахаты және сезім қуанышы. Гедонизмнің іргелі идеялары екі бастауға негізделген. Бірінші бастау- адам-ның іс-әрекеттерін психологиялық турғыдан сипаттау: адам қандай болса да, оның іс-әрекеті рақаттануға ұмтылысынан туындайды. Осылайша егер әлдекім жаны сүйген адамдары үшін қандай да бір құрбандыққа барса, оны бұл қадамға жетелейтін - «осының бәрі сол адамдардың қауіпсіздігі үшін керек» деген ойдан туатын ләззат. Эпикур теориясының екінші бастауы - адам рақат алуға ұмтылуы тиіс деген пікір. Рақат - бірден-бір маңызды құндылық.

Акуинолың Томас: нақты дүниені бірыңғай түсіндіру

Акуинолық Томастың ілімі мен еңбектері батыс христиан білімінің негізіне айналды. Әсіресе Рим-католик дәстүрінде болашақ дін өкілдерін дайындау осы ілімге сүйеніп жүргізілді. Акуинолық Томас философиясын «томизм» деп те атайды.

XXI ғасырда оның еңбектеріне қызығушылық айтарлықтай өсті, оның философиялық әдістері қазіргі заманның ағымына қарсы келмейді. Сондықтан әлі күнге белсенді түрде қолданылады. Акуинолық Томастың негізгі идеяларын қамтыған филосо-фиялық ағым неотомизм ретінде белгілі.

Акуинолың Томастың бес жолы

1. Кез келген қозғалыстың түпнегізі (алғашқы қозғаушысы) бар. Қозғалыстың алғашқы себебін табу үшін біз өткенге кері жүре алмаймыз. Өзгерістердің осы бүкіл тізбегінің қандай да бір бұлжымас бастауы бар, ол - тұрақты. Осы өзгермейтін болмысты біз Қудай деп атаймыз.

2. Туындатушы себеп - бәрінің түпкі себебі. Бұл себеп болмыстың алдында ғана емес, ол - белсенді туындатушы. Олай болса, бүкіл дүниені өз қалауымен жасаған бір түпкі негіз болуы тиіс. Ол түпкі себеп - Құдай.

3. Кездейсоқтық арқылы дәлелдеу. Олардың өмір сүруін, бар болуын ештеңе қажет етпесе де, көптеген зат өмір сүреді. Олар кездейсоқ, бар болады да, жоқ болады.

Қорытынды нәтиже - Құдай осы дүниенің туындатушы себебі және саналы билеушісі. Тіпті осы дәлелдер де Құдайдың бар екенін логикалық түрде растай алмайды деп болжағанның өзінде де, олар Құдайды жаратушы, билеуші, түпкі себеп және құдірет ретінде сипаттайтын монархиялық тұғырнаманы атап көрсетеді. Бұл дәлелдемелер біз «Құдай» деген сөзді айтқанда нені түсінетінімізді айқындай түсіп, оны айрықша мағынамен толтырады.

Қазіргі уақытта Акуинолық Томастың философиясы Рим-католик шіркеуінде айрықша маңызға ие. 1879 жылы папа XIII Лев Акуинолық Томастың еңбектерін өзгермейтін, тұрақты құндылыққа ие деп жариялап, барлық католиктерді осы ұлы философтың ойларымен қанаттануға және томизмді қазіргі заманғы талаптарға сай дамытуға шақырды.

Акуинолық Томас ойлаудың қосдеңгейлі жүйесін жасады. Ол философия мен теологияны ажырата бөлді. Теология айналысатын көп мәселелерге фило-софия да тап болып отырады. Бірақ ол тек философияға ғана тән құралдар жиынтығымен жұмыс істейді, оларға зердеге негізделген еркін ойлау және дәйектеу жатады. Оған дейінгі христиан философтарының бәрі себеп арқылы салдарды түсіндіруге тырысты. Акуинолық Томас, керісінше салдардан бастады. Ол Құдайдың мәнін оның құдіретті артықшылығы мен кемелдігіне сүйеніп түсіндіруге тырысқан жоқ. Ол Құдайдың жаратқандары туралы өзі не білді, содан бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философиялық білімнің негізгі сипаттары
Сыни тұрғыдан ойлау - әлеуметтік ойлау
Жаңа дәуір философиясының ойшылдары және олардың ілімдері
Адам ойлауының тарихи түрлері
Канттың философиядағы таным мәселесі
Ойлау мен болмыстың арақатынасы
И. Кант
Қоғамдық сана формалары
Философия анықтамасы
КАНТ Иммануил
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz