І және ІІ Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясы құрамындағы қазақ депутаттарының қызметі. 1907ж. 3 маусым заңы
І және ІІ Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясы құрамындағы қазақ депутаттарының қызметі. 1907ж. 3 маусым заңы.
Ресей мұсылмандарының азаттық қозғалысының өрлеу барысындағы үлкен тарихи оқиғаның бірі 1905ж. 6 тамызда шыққан манифест бойынша мұсылман халықтарына да Мемлекеттік думаға депутат сайлау құқығының берілуі еді. Мұсылман зиялы қауымы Мемлекеттік думаны патша өкіметінің мұсылман халықтарына жүргізіп келе жатқан саясатына әсер ету құралы деп бағалап, оның жұмысына үлкен үміт артты. Сондықтан да 1905ж. 11 желтоқсандағы сайлау заңының түз халықтарын Думаға депутат сайлау үшін ерекше ережелер шығарып кемсітетіндіктеріне қарамастан 1906ж. қаңтарда өткен жалпыресейлік мұсылман съезі Думаға бакот жариялаудан бас тартты. Мұсылмандық қозғалысқа атсалысушылар Мемлекеттік думаны мұсылман халықтарының мүддесін қорғаудағы бірден-бір мүмкіндік деп бағалады. Ресей мұсылмандары одағы Орталық комитетінің мүшесі А.Ибрагимов мұсылмандар сайлау науқанында ұйымшылдық танытып Думаға көбірек мұсылман депутаттарын енгізсе бәлкім, бірер министр мұсылманнан тағайындалар деген үмітте болды. Алайда, Бұл кезеңде басқарушы бюрократиялық топ патшалық биліктің ұлыдерфавиялық саясатын барынша қызғыштай қорғап, Мемлекеттік думаға шеткері ұлт аймақтардың өкілдерін мүмкіндігінше аз қатыстыруға тырысып бақты. 1906ж. сайлау ережелерін қарастыру барысында Ерекше комиссия мүшелері арасында Орта Азия тұрғындарын Мемлекеттік думаға қатыстырудың қажеті де жоқ, себебі олардың даму деңгейі төмен, әлі заң шығару ісіне даяр емес деген пікір де болған еді [79].
Ерекше комиссия 1906ж. 22 ақпанда Ақмола, Семей, Орал және Торғай облыстарының, 25 наурызда Астрахань губерниясына қарасты Ішкі Орданың, 23 сәуірде Түркістан өлкесінің сайлау ережелерін бекітті.
Бұл ережелер бойынша дала облыстарынан 10 депутат сайланатын болды. Оның төртеуі жергілікті халықтың, қалған алтауы орыс тұрғындары мен казактардың үлесіне тиді. Ішкі Ордадан бір орын ғана қазақтарға берілді. Түркістан өлкесінен 13 депутаттық орынның алтауы жергілікті халықтың үлесіне тиді. Қалған жеті орынның алтауы орыс тұрғындарына, біреуі Жетісу казактарына берілді. Түркістан өлкесінде жергілікті халық тұрғындардың 94,4%-ін, орыстар 5%ін, қазақтар 0,6%-ін құрайтын. Мұның өзі депутаттық орындардың нағыз әділетсіз түрде бөлінгенін көрсетеді [80].
Империяның басқа да шеткері ұлттық аймақтарындағы жағдай жалпы осындай еді. Оның үстіне сайлау барлық жерде бірдей өткізілмеді. Шеткері ұлттық аймақтарда сайлау ең соңында барып өткізілді. Сайлау метрополияда үш жетінің ішінде (1906ж. 26 наурыздан 20 сәуірге дейін) аяқталса, бірінші Мемлекеттік дума таратылған күні Жетісу облысында өтіп те үлгерген жоқ еді. 1906ж. 27 сәуірде Мемлекеттік дума өз жұмысын бастап кеткенде, Семей облысында болыстар өз сайлаушыларын енді ғана анықтаған еді [81].
Бірінші Мемлекеттік думаға қазақ елі атынан төрт депутат сайланды. Олар Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Орал облысынан - Алпысбай Қалменов, Семей облысынан - Әлихан Бөкейханов, Ақмола облысынан - Шаһмардан Қосшығұлов. Бұлардың ішінде алдыңғы үшеуі жоғары білімді, ал соңғысы дін иесі, молда еді. Осы аталған депутаттардан А.Бірімжанов пен А.Қалменов ғана бар болғаны 72 күн (1906ж. 27 сәуірден - 9 шілдеге дейін) жұмыс жасаған Дума мәжілістеріне қатысып үлгерді. Ш.Қосшығұлов Дума мүшелігіне сайланғаннан кейін орыс тілін білмейді, яғни сайлау ережесінің 55 бабына сай келмейді деген желеумен сайлау комиссиясы оның кандидатурасын бекітпей тастады [82]. Ә.Бөкейханов Дума жұмысына қатынаса алмады. Өйткені ол Дума өз жұмысын бастаған кезде Омбы генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен соттың тергеуінсіз үш ай Павлодар абақтасында отырды. Ал абақтыдан шығып Петерборға жеткенде, Дума патша үкімімен таратылып жіберілген еді [83].
І Мемлекеттік дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқарыдан сайланған қазақ азаматтары да бар еді. Олар Дәуіт Санжынұлы Тұндыт пен Сәлімгерей Сейтжанұлы Жантөрин болатын. Д.Тұндыт Астрахань мен Ставрополь өңірінің көшпелілері атынан сайланған жоғары білімді, ірі жер иесі болған. Уфа губерниясынан сайланған жоғары білімді, ірі жер иесі болған. Уфа губерниясынан сайланған С.Жантөрин болса, Мәскеу университетінде заң мамандығы бойынша білім алған, мұсылман халықтарының азаттық қозғалысында белсенділігімен көпшілікке танымал болған қайраткер еді. Ол Автономистер одағы бюросының және Ресей мұсылмандары одағы Орталық комитетінің мүшесі болатын.
Мемлекеттік дума жұмысына заң бойынша 524 депутат қатысу керек еді. Бұл депутаттарының алғашқы кезде 436-сы, 15 маусымда 448-і жиналып үлгерді. Дума мүшесі Н.А.Бородиннің мәлімдесеміне қарағанда мұсылмандар депутаттарының 3,3%-ін ғана құраған. Шеткері ұлт аймақтардан сайланған барлық депутаттар жиналғанда мұсылман депутаттарының жалпы саны 36-ға жетуі керек еді. Алайда 36 мұсылман депутатының 24-і ғана Дума жұмысына қатысып үлгерді.
Осы кезеңдегі Ресей мұсылмандарының қоғамдық-саяси белсенділігінің тағы бір жарқын көрінісі І Мемлекеттік думада бүкіл империя мұсылмандарының мүддесін қорғау қажеттілігінен туындаған мұсылмандардың парламенттік фракциясының құрылуы болды. Фракция құрамы Дума жұмысына қатысқан 24 мұсылман депутатынан тұрды. Оның ішінде қазақ жерінен сайланған А.Бірімжанов пен А.Қалменов бар еді. 1906ж. 21 маусым күні мұсылман депутаттарының бас қосқан жиылысында фракцияның төрағасы сайланып, оның бюросының құрамы бекітілді. Мұсылман фракциясының төрағалығына Алимарданбек Топчибашев, бюросына мүшелікке Орынбор губерниясынан алтын өндірісінің кәсіпкерлері М.Рамеев, Қазан губерниясынан заңгер, әрі Қазан мухбире (Қазан хабаршысы) газетінің дедакторы С.Алкин, Елизаветполь губерниясынан заңгер И.Зиятханов, Уфа губерниясынан заңгер А.Ахметов, отставкадағы офицер, земство қызметкері Ш.Сыртланов және заңгер, сондай -- ақ земство қазметкері С.Жантөрин сайланды.
Мұсылмандардың парламенттік фракциясы басқа фракцияларға қарағанда кеш құрылды. Бастапқа кезде мұсылман депутаттарының көпшілігі кадеттердің парламенттік фракциясына жазылып, соның құрамында болып келді. Оның себебі, біріншіден, мұсылман депутаттарының біразы кадеттер партиясының мүшесі болса, екіншіден, Ресей мұсылмандарының екінші съезінде кадеттермен ынтымақтаса әрекет ету қажет деген қарар қабылдағандықтан еді.
Мемлекеттік дума жұмысының күн тәртібіне бүкіл Ресей мұсылман жұртшылығын алаңдатқан жер, азаматтық теңдік, ар-ождан бостандығы және т.б. маңызды мәселелер қойылды. Мұсылман фракциясы думада және оның комиссияларындағы жұмыстарында Ресей мұсымандары одағы бағдарламасының жобасын басшылыққа алады. Сонымен бірге бұл бағдарлама жобасы фракция мәжілістерінде бірнеше рет талқыланды.
Фракция мәжілісінде бағдарламаның жерге байланысты тұжырымдамасын талқылау барысында қазақ депутаттары А.Бірімжанов пен А.Қалменов сөз алып жер халықтың өз меншігі саналсын, әрі мал бағушылардың жері арттырылсын деп бүкіл қазақ елінің мүддесін білдірді. Мұндай пікірді басқа да мұсылман депутаттары көтерген еді. Кавказдық мұсылман депутаттар түрлі генералдар мен офицерлерге сыйлыққа тартылған жерлерді тез арада кері қайтару қажеттігін бағдарламаға енгізуді талап етті. Нәтижесінде фракция жерге байланысты төмендегідей тұжырымдаманы қабылдады:
1. Өз күшімен егін егушілердің және мал бағушылардың жері арттырылсын;
2. Халықтан кабинетке, монастырьға және т.б. деп жерлер алынғанда тура бағасы берілсін. Қызметі үшін сыйға берілген жерлер халыққа кері қайтарылсын;
3. Вакуф жерлері күшпен алынбасын;
4. Жер губернияның, облыстың меншігі болсын;
5. Жерді пайдалану әр уалаяттың өзіне берілсін;
6. Қоныс аудару тоқтатылсын.
Мұсылман фракциясы Мемлекеттік думаның талқылауына енгізілген заң жобаларын жіті қадағалап отырды. Думаның 10 шілдедегі мәжілісінде ар-ождан бостандығы туралы заң жобасын талқылау жоспарланған болатын. Бұл мәселе бойынша фракциясы атынан С.Алкин баяндама жасауы керек еді. Алайда бұл заң жобасы 9 шілдеде Дума таратылғандықтан талқылусыз қалды.
Мемлекеттік думадағы басқа да партиялармен қарым-қатынас мәселесінде мұсылман фракциясы кадеттер фракциясына жақын тұрды. Бірақ мұсылман фракциясы автономия мен жер мәселесінде солшыдау болды.
І Мемлекеттік думаның аз уақыт жұмыс істегеніне қарамастан мұсылман депутаттары Ресей парламентіне мұсылман халықтарының жағдайы жайлы шындықты жеткізуде мүмкін болғанның бәрін істеді. Ш.Сыртланов Думаның 8 маусымдағы мәжілісінде сөйлеген сөзінде Ресей мұсылмандарының орыс тұрғындарына қарағанда құқықтарының шектеулі екендігін, мұсылмандардың мешіт салуына, Бұқара мен Түркияда білім алған мұғалімдердің ұстаздық етуіне рұқсат етілмей жатқандығын, мұсылман оқу орындарында орыс тілін оқыту орынсыз талап етілетіндігін, орыс оқу орындарындағы мұсылман балаларына христиан ілімін оқытудың жөнсіз екендігін баса көрсетті [84].
Мұсылман фракциясының өкілдері Думада құрылған жер, азаматтық теңдік, қаржы және т.б. комиссиялардың құрамына енді. Мұндай комиссиялардың құрылуы барысында кейбір ұлт аймақтардан келген депутаттарға оын бөлінбей қалды. Мәселен, жер комиссиясында қазақ депутаттарына бірде орын бөлінбеген еді. Осыған байланысты 30 маусым күні Дума отырыснда А.Бірімжанов сөз сөйлеп, қазақ елінің жерге байланысты шешілмей жатқан көп мәселелері бар екенін айтып, жер мәселесі бойынша құрылған комиссияның құрамына қазақ депутаттарының өкілін енгізу қажеттігін ұсынды. А.Бірімжановтың сөзін мұсылман фракциясының тағы бір мүшесі - Ш.Сыртланов қуаттап сөйледі.
Елдегі ресми билікке оппозицияда тұрған саяси күштермен мұсылман фракциясы бірге болды. Олар Думаның құқын кеңейте түсуде, заң шығару ісімен қатар үкіметті де Дума қолына тапсыруды талап етті [85]. Оған жауап ретінде 1906ж. 9 шілдеде ІІ Николай Думаны тоқтату жарлығына қол қойды. Осылайша алғашқы Ресей парламентінің ғұмыры қысқа болып, бар-жоғы 72 күнге созылды. Соның нәтижесінде мұсылман фракциясының Мемлекеттік дума арқылы шешеміз деген үлкен үміттері жүзеге асырусыз қалды.
Патшаның осы әділетсіз жарлығына наразылық танытқан Думаның 182 депутаты 9 шілде күні Финляндияның Выборг қаласына келіп, онда Выборг манифесі аталған үндеуге қол қойды. Бұл наразылық актісіне қол қойғандардың ішінде мұсылман депутаттарынан С.Жантөрин, С.Алкин, А.Ахтямов, И.Зиятханов және Дума таратылған күні Петерборға келіп жеткен Ә.Бөкейханов болды.
Жаңадан халық өкілдері жиналысын шақырғанға дейін халықты салық төлеуден және әскери міндеткерлікті өтеуден бас тартуға шақырған бұл үндеуге қол қойған Дума депутаттарының 108-і патша өкіметі тарапынан жауапты тартылып, қуғын-сүргінге ұшырады [86]. Осы үндеуге қол қойған мұсылман депутаттары келесі Думаға сайлау құқын айырылып, түрлі мерзімге абақтыға отырып шықты.
Әйтсе де І Мемлекеттік думада фракциясының бой көтеруі ұлттық езгіні бастан кешіріп жатқан мұсылман халықтарының, соның ішінде қазақ халқының да қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиға болды. Ол жөнінде И.Гаспринский Тәржіман газетінде: Бірінші Мемлекеттік думадағы мұсылман депутаттары тұтас бір фракция құрды. Бұл фракция бірінші Думаның таратылуына байланысты 20 күн өмір сүргеніне қарамастан өз соңында терең із қалдырды. Фракцияның құрылуы 20 миссионнан астам мұсылмандардың талап-тілекгінен туындады. Халық өзінің парламенттік фракциясының әрбір сөзі мен қадамын қалт жібермей қадағалап отырды. ...Бірінші Думадағы мұсылман фракциясына үлкен рахмет. Ол өз міндетін айқын түсініп, биіктен көріне білді. Келесі думадағы фракцияның қызметіне кең, ауқымды жол ашып берді. Енді халық ІІ Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясынан тек ұйымдастырушылық ғана емес, заң шығарушылық қызметін де күтеді [87], - деп жазды.
Өз жұмысын 1907ж. 20 ақпанда бастаған ІІ думаға сайланған 518 депутаттың 35-і мұсылман өкілі болды. Олардың жетеуі қазақ депутаттары - Орал облысынан Бақытжан Қаратаев, Ішкі Ордадан Бақыткерей Қлманов, Семей облысынан Темірғали Нұрекенов, Торғай облысынан Ахмет Біріжанов, Ақмола облысынан Шаһмардан Қосшығұлов, Жетісу облысынан мұхметжан Тынышбаев, Сырдария облысынан Тілеулі Аллабергенов еді.
ІІ Мемлекеттік думада 35 мұсылман депутатының барлығы І Думадағыдай бір фракция төңірегіне топтаспады. Бұл жолы мұсылман депутаттары Ресей мұсылмандары одағы және Тродовиктер бағдарламасын қолдаушылары болып екіге бөлінді.
Трудовиктер бағдарламасын қолдап, тар таптық мүддені басшылыққа алған 6 мұсылман депутаты Мұсылман трудовиктер партиясы деп аталатын фракция құрды. Бұл фракцияға негізінен ішкі губерниядан және Кавказдан сайланған депутаттар енді. Мұсылмантрудовиктер партиясына К.Хасанов (Қазан губ.), З.Зайнулов (Баку губ.) және Г.Атласов (Самара губ.) жетекшілік етті [88].
Ресей мұсылмандары одағының бағдарламасын қолдаушы мұсылман депутаттары мұсылман фракциясына бірікті. Қазақ депутаттары осы фракция құрамына енді. Фракция бюросының төрағасы болып Уфа губерниясының өкілі, отставкадағы офицер, әрі земство қызметкері Мұхаммедкәрім Биғұлов сайланды. Бюро мүшелігіне қазақ депутат Бақытжан Қаратаев, Уфа губерниясынан сайланған отставкадағы офицер, ірі жер иесі Құтлұғмұхаммед Тевкелев, Орынбор губерниясынан мұғалім Ғабдолрашид Маһдиев, Баку губерниясынан сайланған заңгер Халилбек Хасмамедов және Елизаветполь губерниясынан сайланған заңгер Фатих Хан-Хойский тағайындалды.
ІІ Думада мұсылман фракциясын құруда және оның бюросын ұйымдастыруда А.Топчибашев белсенділік танытты. Ол ІІ Думаға сайланбаса да фракция бюросының жұмыстарына араласып, онымен тығыз қарым-қатынаста болды. Мұсылман фракциясының бағдарламасы Ресей мұсылмандары одағы бағдарламасының негізінде жасалды. Фракция бағдарламасын әзірлеу үшін құрылған ІІ адамнан тұратын комиссия құрамында қазақ депутаттарынан А.Бірімжанов болды. Қабылданған бағдарламада фракцияның мақсаты өмір талабына сай, экономикалық, діни және т.б. бірқатар реформаларды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz