Түркі халықтары әдебиеті


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті» деген термин-ұғымды алғаш рет өз зерттеу еңбектерінде кеңінен қолданған ғалымдар Ф. Көпрүлузаде, Н. Банарлы және Г. Грюнебаум еді. Ал Ахмет Байтұрсынов бүкіл түркі халықтарының X-XII ғасырлардағы тарихына қатысты болып келетін «ислам дәуірі әдебиеті» деп аталатын аса кең мағынадағы ұғым-түсінікті бертін келе қалыптасқан қазақ әдебиетін дәуірлеуге бөлу процесінде зор білгірілікпен нақтылай түскен.

Төл әдебиетіміздің тарихында басым салмаққа ие діни шығармалардың арғы бастаулары бірнеше ғасырлар үлесінде жатыр десек, артық айтқандық емес. Құранның әдебиетке тигізген әсері, соның негізінде ислами әдебиеттің дүниеге келуі - өзіндік ішкі заңдылығы бар, тарихи үрдістен туған күрделі құбылыс. Осы жұмысымызда біз ислам дәуірі әдебиетінің әдебиет тарихындағы маңызын талдай отырып, оны орта мектепте оқытудың тиімді жолдарын қарастырдық.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазақ әдебиетінің ежелгі және ортағасырлық кезеңі - күні бүгінге дейін аз зерттеліп келе жатқан кезеңдердің бірі. Осы дәуірлерде дүниеге келген шығармалар ұзақ уақыт бойына ғылыми айналымға түспестен, жабық тақырыпқа айналды.

VII ғасырда дүниеге келіп, көп ұзамай көрші жатқан елдерге тараған ислам діні өзімен бірге ұлы өркениет пен тың мәдениетті алып келді. Осы имани сенімді қабылдаған халықтардың әдебиетінде жаңа бағыт, тың серпіліс пайда болды. Бүгінде әлем әдебиетінің алтын қорына қосылған мұсылман шығыс асыл жауһарларының бәрі де осы діннің ықпалында дүниеге келді. Мұсылмандықты қабылдаған түркі халықтарының әдебиетінде Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк», Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік», Ахмет Ясауидың «Диуани Хикмет», «Сүлеймен Бақырғанидың «Ақыр заман кітабы», Саиф Сараидың «Түркіше Гүлстаны», Құтыбтың «Хұсрау уа Шырын» секілді әдеби жәдігерлері пайда болды.

Қазақ хандығы тұсындағы жыраулар мен жыршылардың бәрі де алғашқы сөздерін «Алланың атымен» бастап, содан соң ғана негізгі тақырыпқа кіріскені тарихтан белгілі. Қарахандықтар билігінен бері XX ғасырдың алғашқы ширегіне дейін өмір сүрген ақындардың жырлайтын басты тақырыптарының бірі - діни мазмұндағы шығармалар еді. Өткен ғасыр ақындары Шәді жәңгірұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Әбубәкір Кердері, Жүсіпбек Шайхисламұлы, Ораз молдалар діни медреселерде тәлім алып, көкірек көздерін қасиетті Құранмен суарды. Олар хақ дінді өз шығармаларында жырлау арқылы бұл сенімнің қазақ халқының арасына тарауына айтарлықтай дәрежеде өз септігін тигізді. Алаш ардақтысы А. Байтұрсынұлының «Қазақтың өлеңді сөзді сүйетін мінезін біліп, дінді халыққа молдалар өлеңмен үйреткен. Дін шарттарын, шариғат бұйрықтарын өлеңді хикая, өлеңді әңгіме түрінде айтып, халықтың құлағына сіңіріп, көңілдеріне қондырған», [1, 316] - деп жазғанында осыны меңзеген еді.

Бүгінгі күні қазақ әдебиетін орта мектепте оқытудың тиімді жолдары мен амалдары әдістеме тұрғысынан зерттеліп жатқан жайы бар. Соның ішінде ислам дәуірі әдебиетін орта мектепте оқытудың маңызы аса зор. Біз осы жұмысымызда ислам дәуірі әдебиетін орта мектепте оқытудағы басты мақсат не және жалпы ислам дәуірі әдебиеті шығармаларының оқушылардың дүниетанымына әсері қандай деген сауалдар тұрғысынан жан-жақты тұжырымдар жасадық.

Тақырыптың зерттелу деңгейі . Ислам дәуірі әдебиетінің зерттелу деңгейі әлі де толыққанды ізденісті қажет етеді. Мұның теориялық жағы А. Қыраубаеваның «Ежелгі дәуір әдебиеті», Х. Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің тарихы», А. Жақсылықовтың «Образы мотивы и идеи с религиозной содержательностью в произведениях казахской литературы», У. Қалижанның «Қазақ әдебиетіндегі діни ағартушылық ағым», Д. Қамзабекұлының «Әдеби-тарихи процесс: ағымдар, концепциялар (ағартушылық кезең), Қ. Әлқожаевтың «Абай эстетикасы және ислам», М. Әбіловтың «Қарақалпақстандағы қазақ ақын-жыраулары поэзиясындағы діни-ағартушылық ағым (XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы) », С. Бермағамбетовтың «Діни ағартушылық және Кердері Әбубәкірұлының мұрасы», М. Бұлутайұлының «Ата-баба діні. Түркілер неге мұсылман болды?» деген еңбектерінде жан-жағынан қарастырылды. Ал тақырыптың әдістемелік жағы қазіргі кезде орта мектепте осы кезең әдебиетін оқытуға қатысты тұщымды еңбектермен толықпай отырған жайы бар. Десе де А. Көшімбаевтың «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы», Б. А. Әрінованың «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы», Ә. Қоңыратбаевтың «Әдебиетті оқыту методикасы. (ІХ-Х класс мұғалімдері үшін көмекші құрал» сынды әдістемелік еңбектерінде қазақ әдебиетін оқытуға қатысты нұсқаулар бар. Осы себепті біз орта мектепте Ислам дәуірі әдебиетін оқытудың амалдары жайлы сөз қозғап отырмыз.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты ислам дәуірі әдебиетінің арғы бастауларын анықтап, поэтикалық қуатын көрсете отырып, оны орта мектепте оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну және талдау. Аталған мақсатқа жету үшін алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық:

- орта ғасырлық шығармалардың поэтикалық негіздерін сұрыптап, оның ислам құндылықтарымен байланысын және түркі даласындағы таралу тарихын жинақтай отырып шолу;

- қазақтың ислами әдебиетінің арғы басталауларын анықтау;

- ислам дінінің әдебиеттің дамуына тигізген әсерін түсіндіру;

- орта мектепте қазақ әдебиетінің ислам дәуірі кезеңін оқытудың амалдарын саралау.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері . Қазақ әдебиеттану ғылымының жетістіктері осы жұмыста басшылыққа алынды. А. Байтұрсынұлы, Х. Досмұхамедұлы, М. Әуезов, Ә. Қоңыратбаев, Б. Кенжебаев, М. Қаратаев, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, З. Ахметов, З. Қабдолов, С. Қирабаев, Р. Бердібай, Т. Кәкішев, А. Қыраубаева, М. Базарбаев, А. Қыраубаева, М. Мырзахметов, Ш. Елеукенов, Р. Нұрғали, Қ. Сыдиықұлы, Х. Сүйіншәлиев, Ш. Сәтбаева, С. Қасқабасов, Ж. Ымағұлов, Ә. Дербісәлі, М. Жармұхамедұлы, С. Дәуітов, Ө. Күмісбаев, Н. Келімбетов, А. Егеубаев, М. Жолдасбеков, М. Мағауин, Т. Қоңыратбаев, Б. Майтанов, Д. Ысқақұлы секілді ғалымдардың әдебиеттану мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесіне қатысты ой-тұжырымдары зерттеу жұмысында пайдаланылды.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері . Зерттеу жұмысында хронологиялық, тарихи-салыстырмалы, жүйелеу, талдау сынды әдіс-тәсілдер қолданылды.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы . Осы жұмыс нәтижелері мен қорытындылары, ғалымдардың пікірлері ислам дәуірі әдебиетін оқытуға қатысты түрлі оқу құралдарында, оқу-әдістемелік жұмыстарда қолданыла алады. Сонымен қатар жұмыс нәтижелерін орта мектеп мұғалімдеріне қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Бұл жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен (әр бөлім екі бөлімшеден) және қорытындыдан тұрады. Сонымен қатар пайдаланылған әдебиеттер тізімі жұмыстың соңында берілген.

  1. ИСЛАМ ДӘУІРІ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ АЛАР ОРНЫ МЕН МАҢЫЗЫИСЛАМДЫҚ ДҮНИЕТАНЫМНЫҢ ЖАЛПЫТҮРКІЛІК СИПАТЫ

Әр ұлттың жазба мұралары мен әдебиет тарихы алыс ғасырлар қойнауына енген сайын, ол барынша құнды болып, барша адамзат баласының ортақ қазынасына айналатыны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда түркі халықтарының әдебиеті бірнеше ғасырлар үлесінде жатыр десек, артық айтқандық болмас еді. Бұл туралы қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші ғалым Н. Келімбетов Түркиялық Н. С. Бонралының «Түрік әдебиетінің тарихы» атты кітабынан: «Түрік әдебиетінің жиырма жеті ғасырлық тарихы бар. Бұл әдебиет Кореядан Еуропаға дейін созылып жатқан Орта Азия, Қорасан, Иран, Үндістан, Әзербайжан, Анадолы, Мысыр, Сирия, Ирак т. б. көптеген жерлерде мемлекет құрған түріктер жасаған әдебиет» [2, 195], - деген мәлімет келтіреді. Расында түркілер өткен тарихта ірі оқиғалардың куәсі болып қана қоймастан, керек кезінде сондай ұлы өркениетті жасаушы да бола білді. Өзінің басынан өткенін кейінгі ұрпаққа аңыз-әпсана ретінде жеткізіп, одан бері де мәңгі өшпестей тас-жартастарға ойып жазып отырды. Олар (түркілер) тарих сахнасына көтерілгелі бері көрші жатқан Шығыстағы көне қытай, монғол мен Батыстағы бір кездері грек-рим мәдениетімен таласқан өркениеті бар парсы тілдес халықтармен қарым-қатынас орнатып, мәдени һәм әдеби байланыстар жасады. Сондай мәдени тоғысулардың арқасында түркі даласында өшпестей болып тарих, ұмытылмастай болып мәдениет пен әдебиет қалды. Өзімен бірге Шығысқа ұлы серпілісті алып келген ислам дініне дейін-ақ түркілер өздерінің бай мәдениеті мен әдебиетін, жазуын қалыптастырып үлгерді. Орхон-Енесей, талас бойынан табылған руна жазулы тас ескерткіштерінде Күлтегін, Тоныкөк сияқты қолбасшылардың тарихи тұлғасы мен әдеби бейнесі сомдалды. Сол кездегі түркілік өлең құрылыстары мен мен сөз саптауларын осы тарихи жәдігерлерден аңғаруға болады. Сонымен бірге Алып Ер Тоңа, Еділ, Шу патшаларға қатысты құрылған аңыз-әпсаналар да сол замандардағы тарихи өмірді суреттеуге арналды. Аталмыш тас ескерткіштерде түркі халықтарының көне тарихы мен әдебиетіне қатысты мол дүниелер жазылды. Ислам діні келісімен бұл бай мұралар Шығыстың асыл-жауһарларымен толысып, тағы бір саты жоғары көтерілді. Әдебиетке жаңа тақырып, сом образдар келді. Бұрынғы руна жазуын араб алфавиті ауыстырды. Ғылым мен білім жаңа сатыға көтерілді. Әдебиеттанушы ғалым С. Қирабаевтың «Қазіргі қазақ әдебиетінің ұзақ даму жолын шолып қарасақ, оның бай фольклорына қоса ерте ғасырдан бастап-ақ түркі тектес халықтармен ортақ әдебиет жасағанын көреміз. Көне түркі ескерткіштеріндегі жазулар (Орхон, Күлтегін, Білге-Қаған, Тоныкөк) мен «Қорқыт ата кітабы», «Оғызнаме», дастанында кездесетін эпостық жыр үлгілері, аңыз әңгімелер, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі», Махмұт Қашқаридың «Түркі тілдерінің сөздігі», Қожа Ахмет Ясауидың «Даналық кітабы», Ахмет Иүгінекидің «Ақиқат сыйы», кейінірек туған «Кодекс Куманикус», «Махаббатнаме», «Қисас ул әнбия» кітаптарында басылған халық өлеңдері мен дастандарының үлгілері, мақал-мәтелдер осыны айғақтайды» [3, 17] - деп жазғанындай, қазақ әдебиетінің тарихы тереңдей түсті. Өкінішке орай осындай құнды болмысы бар қазақ әдебиеті бірнеше жылдар бойына толық зерттеліп, жинақталмай келді. XX ғасырдың басында С. Сейфуллин: «Бүгінге дейін қазақ әдебиеті туралы ештеңе жоқтығы былай тұрсын, сол ескі ел әдебиетінің жинақтары да жоқ. Сондықтан «Қазақ әдебиеті туралы бірдеме жазу ескі ел әдебиетін іздеп, құрастырып жинастыру қажет екендігі соңғы жылдары қатты сезілді» [4, 7], - деп жазған болатын.

Өткен ғасырда қазақ әдебиетінің тарихы бірнеше рет басылып, жарық көрді. Алғашқы еңбектердің бірі ретінде 1927 жылы жарық көрген М. Әуезовтың «Әдебиет тарихын» атауға болады. 1948 жылы осы ғалымның редакторлығымен «Қазақ әдебиетінің тарихы» деген жинақтың алғашқы томы басылса, араға оншақты жыл салып барып үш томдық (алты кітап) зерттеу тағы жарық көрді. Бірақ бұл еңбектерде қазақ әдебиетінің ежелгі және орта ғасыр дәуірі жіті қарастырылған жоқ. Кеңес құрамында болған басқа түркі тілдес халықтардың әдебиет тарихын қарар болсақ, онда да осындай жағдайды кездестіреміз. 1977 жылы Ташкентте басылған «Узбек адабиети тарихи» деген үш томдық жинақта түркі халықтарының ежелгі және орта ғасырлық әдеби жәдігерлері біршама болса да қамтылды. Сонымен бірге 1963 жылы Қазанда басылған «Борынгы татар әдәбияти» атты кітапта да сол дәуірлердегі әдебиет хақында сөз болды. «Схемы и заданные установки сильно затрудняли воссоздание исторически и научно-объективного облика средневековой литературы. Злочастными камнями преткновения для исследователей неизменно представили два момента: идеологический и политический. Идеологической помехой являлось то, что вся средневековая литература носит религиозную окраску. Исследователь и критик, вернее, их внутренний цензор упорно не хотели признавать, что господствующая идеология средневековая литература носит религиозную окраску» [5, 5], - деп татар ғалымдарының жазғанындай, ортағасырлық әдеби жәдігерлерді зерттеудегі басты кедергі - ол шығармалардың діни астар алуында, не дінді көркем тілмен үгіттеуінде еді. Сондықтан да ежелгі дәуір әдебиеті біраз жылдар бойына тың тақырып болып келді. Өткен ғасырдың сексенініші жылдарының соңында әдебиетке қойылған шектеулер біртіндеп жойыла бастады. Бұл түркі тілдес халықтардың әдебиеттанушыларына, соның ішінде, қазақ ғалымдарына зор мүмкіндік ашып берді. Әдебиет тарихы жаңа пайым, ұлттық көзқараспен жазыла бастады. 2000 жылы М. Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институты ғалымдарының атсалысуымен ұлттық көзқарастағы әдебиет тарихы дүниеге келсе, 2001 жылы университет профессор-оқытушыларының құрастыруымен «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» деген үш томдық жинақтың алғашқы кітабы жарық көрді. Одан бері де жекелеген авторлардың орта ғасырлық әдебиетке қатысты зерттеулері баспасөз беттерінде жарияланып келеді. Аталмыш бұл еңбектерде ұлттық әдебиетіміздің арғы арналары мен бастаулары жүйелі түрде берілген. Десек те, ислами астар алған орта ғасырлық әдеби жәдігерлердің қыр-сыры толық ашыла қойған жоқ.

Бірнеше ғасырлар үлесінде жатқан түркі халықтарының әдебиет тарихын ғалымдар негізінен екі топқа бөліп қарастырады. Йасауитанушы Ф. Көпрүлүзаде өзінің «Түрік әдебиетінің тарихы» деген 1926 жылы Стамбулда басылған еңбегінде мынадай мәлімет келтіріпті: «Әдебиет тарихын ірі дәуірлерге бөліп қарастырар болсақ, онда негізі үш кезеңге келіп тірелеріміз анық:

исламнан алдыңғы түрік әдебиеті;

ислам мәдениеті кезіндегі түрік әдебиеті;

Еуропа мәдениеті кезіндегі түрік әдебиеті» [6, 96] .

Ғалымның мұнда келтірген деректері негізінен бүгінде Кіші Азияны мекендеген түрік халқының әдебиетіне қатысты болғанымен де, мұндағы алғашқы екі кезең біздің ұлттық әдебиетімізді де қамтитыны анық. Түркілердің тарихын саралаған италияндық ғалым А. Бомбачи да әдебиетті «Исламнан алдыңғы және исламнан кейінгі кезең» деп екіге бөліп қарастырады. Бұдан екі ғалымның түркілік әдебиеттің дәуірлеуі тұрғысындағы ой-пікірлері өте ұқсас екенін аңғарамыз. Сондай-ақ академик М. Әуезов те: «Сол себепті өз бетімізбен долбар жасасақ, қазақ елінің ішкі өмірі екі үлкен дәуірге бөлінеді. Бұның біреуі - ислам діні кірген соңғы мезгіл. Екіншісі содан арғы ескі дәуір» [7, 19], - деп екіге бөліп берген. Ғалымдар пікірлері әдебиеттің дәуірлеуін исламмен байланыстырып қарауында үлкен мән бар. Себебі, соңғы дінді қабылдау арқылы түркі халықтары бұрынғы сенімін ғана ауыстырып қойған жоқ, сонымен қатар, өздерінің болашақ мәдениеті мен әдебиетіне де жаңа өзгерістер алып келді. Ислам дінімен бірге түркілік әдебиетте жаңа бағыт, қуатты серпіліс пайда болғаны белгілі. Біз де осы ғалымдардың ой-тұжырымдарына негізденіп, орта ғасырда ислам өркнеиетінің аясында дүниеге келген әрі бар мазмұны діни астар алған шығармаларды ислами әдебиет деп қарастырамыз. Әрине, бұған дейінгі зерттеу еңбектерде бұл әдебиет жалпы атаумен «діни» аталып келіп еді. Әдеби жәдігерлерде бұл ұғым шартты түрде берілгенімен, исламға дейін түркі даласында пайда болған өзге де діни мәтіндер бар. Ислам өркениетінің аясында дүниеге келген шығармаларды «діни» деп қарастырар болсақ, онда бұл ұғымның астына «Алтын жарық», «Хуастуанифт» және «Абыздардың құлшылығы» деген ескерткіштер де кіруі мүмкін.

Ислам дінінің аясында дүниеге келген шығармалар алдыңғы дәуірден тематикалық жағынан да, жанрлық тұрғыдан да өзгеше құрылысқа, басқа мәнге ие болды. Әдебиетте бұрынғыдай тек тарихи оқиғалар ғана суреттелместен бұдан былай көркем сөз адамзатты хақ жолға үгіттеуші, жақсылық пен жамандықтың аражігін ажыратушы ретінде көрініс бере бастады. Әдебиет деген атаудың мағынасы кеңейе түсті. Құранда айтылатын діни сюжеттер мен кейбір негізгі аяттар мұсылман шайырларының шығармаларынан орын алды. Қасиетті кітаптың ішінде ислами ақындар хақында айтылатын «Бірақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер, Алланы көп зікір еткендер» («Шұғара, 227) деген аятқа мұсылмандар қатты арқа сүйеп, шайырлар туралық пен ізгілікті ғана жырлай бастады. М. Мағауиннің: «Классикалық Шығыс әдебиетінде әр бір сөз Алла атынан басталатын. Бүкіл әлемге аян атақты дастандардың барлығында ең алдымен Хақ тағалаға мадақ айтылады. Содан соң жүз ныспылы, бір кейіпті пайғамбарға сыйыну шарт» [8, 284], - деп жазғанындай қолына қалам алған ақындар өлеңін «Бісмилләсіз» бастаймайтын болды.

Түркі халықтарының ежелгі әдебиет нұсқаларынан саналатын Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк», үсіп баласағұнның «Құтты білік», Ахмет Иасауидың «Диуани хикмет», Сүлеймен Бақырғанидың «Ақыр заман кітабы», Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы», рабғузидың «Қисас ул әнбия», Құтыбтың «Хұсрау уа Шырын», Хусам Кәтибтың «Жұмжұма сұлтан» сияқты Қарахандықтар билігі мен Алтын Орда тұсында дүниеге келген XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында дүниеге келген шығармалардың басым бөлігінде көрініс берді.

Түркі даласына сопылық ілімді таратқан Қожа Ахмет Иасауи өнегелі жыр-жолдарын:

«Бисмилляһи» деб баян айлай хикмат айтыб,

Талибларга дурр-гауһар сачтим ман-а.

Риядатни қатиғ тартыб қанлар иутиб,

Мен «Дафтар сани» сузин ачтим ман-а [9, 17], - деген жолдармен бастаса, араға бірнеше жүздеген жылдар салып барып Шәді ақын да:

Жат еттім аузыма алып бисмилләні,

«Әррахманир-рахим-дүр» Ахад аты деп «Қарунның жер жұтқан оқиғасы» деген діни дастанын Алланың атымен жазған. Осылайша ислам діні тараған кең байтақ мұсылман жұртында Алланың аты шайыр шығармасының «кіріспесіне» айналған. Оған себеп, ислам пайғамбары Мұхамедттің «Кез келген қайырлы істі бисмилләмен бастаңдар» деген өсиеті кейінгі үмбетіне қатты әсер еткен десе де болады. Сондай-ақ Құранның бір жүз он төрт сүресінің бір жүз он үші «бисмилләмен» басталуы мұсылман халықтарына ой салған.

Алайда исламнан алдыңғы дәуірде дүниеге келген әдеби һәм мәдени ескерткіштердің мәтіндерінде де Жаратушының аты ұшырасатындығын әрі оның бірінші аталатындығын аңғару қиын емес. Исламға дейін түркі даласында бой көрсеткен мәдени мұраларда Жаратушының аты Тәңір, будда, Хормузта, Құдайдың ұлы болып кездесіп отырған.

Орта Азияға ислам діні келгенге дейін түркі халықтары Көк Тәңіріге табынғаны белгілі. Олар тәңіріні ардақ тұтып, жақсылық пен жамандық атаулы соның қалауымен болады деп сенген. Түркілердің арғы тегі болып табылатын ғұндар заманында дүниеге келген «Алып Ер Тоңа», «Шу батыр» сияқты дастандарда тәңірі атауы бір емес, орта ғасырлық мұсылман әдебиетіндегі секілді бірнеше жерде кездесіп отырады. Жаратушы онда жақсылыққа бастаушы, халықтың қамын ойлаған батырға қолдаушы ретінде көрініс табады. Ежелгі түркі тайпаларының өткенінен мол мәлімет беретін «Алып Ер Тоңа» дастанында:

Тәңір сүйіп жаратқан,

Әлемді өзіне қаратқан.

Қаһарман жауға таратқан,

Көк тәңірінің ұлы еді [2, 25], - деп түркі елінің батырын жаратушының сүйіп жаратқандығы айтылса, сол дәуірде дүниеге келген «Шу батырда»:

Көктен тілеп күш-қуат,

Тәңірі бізді қолдады [2, 27], - деп түркілердің жеңіске жетуіне құдайдың өзі жар болғаны жайында айтылады.

Жаратушының атынсыз іс бастамаған түркі халықтары жақсылық атаулыны көктегі Тәңіріден күткен. Оны шексіз құдырет иесі деп санаған. Жаңа басталар істі мұсылмандар Алланың атымен бастайдындығы секілді, ежелгі түркілер де Тәңіріні ерекше құрметтеген. Төл әліппесі - сына жазумен тасқа қашалып жазылған Орхон-Енесей, талас бойынан табылған Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштерінде де осы жағдай сөз болады. Күлтегіннің кіші жазуы:

Тәңірдей тәңірі жаратқан,

Түрік Білге қаған,

Бұл шақта отырдым [10, 44], - деген жыр-жолдарымен берілсе, осы жәдігердің үлкен жазуы:

Биікте көк тәңірі,

Төменде қара жер жаралғанда,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орхон ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Еуразия кеңістігіндегі түркі тілдері
ХХ ғасыр басындағы әдеби үдеріс
Қазақ, шығыс және еуропа әдеби байланыстары
Орхон жазба ескерткіштерінің тарихи негізі
Түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеу. салыстырмалы-тарихи зерттеу (xyiii-xix ғғ.) Европа, Ресей ғалымдарының зерттеулері
Көне түркі сөздік құрамының қалыптасуының түркі тайпалалары мен байланыстылығы
Археологиялық, жазба мәліметтер, түркі тілдес халықтардың халық ауыз әдебиеті шығармашылығының ескерткіштері
Ортағасырлық түркі ғалымдары мен жазушылары
Орта ғасыр әдебиетіндегі «қисса – дастандар» үрдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz