Абай Құнанбаев шығармалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс облысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында) дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқалы уезіне аға сұлтан болған.
Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таниды. Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді. Ол бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навои, Физули, Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқып, ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен танысады.

Абай медреседе небәрі үш-ақ жыл оқып соңғы жылдары өз бетімен «приходская школаға» түсіп, орысша да оқиды. Бірақ мұндағы оқу ұзаққа бармайды. Жасы 13-ке келіп, ерте есейіп, ақыл-ойы тола бастаған шақта өткір, зейінді Абайды әкесі Құнанбай ел билеу ісіне араластырып тәрбиелемек болып, оны оқудан елге алып кетеді.
Әкесінің жұмсауымен Абай ел ішіндегі әр түрлі мәселелерге араласады. Ол көптеген ескі әңгімелерді, өлең-жырларды халық ішінен үйренеді.

Абай және қазақ, Шығыс әдебиеті. Қаладағы медреседе үш жыл діни оқу арқылы Абай араб, парсы, шаатай тілдерін жетік біліп, Шығыс ақындарының шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды. Қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз-әңгімелерін әжесі Зере бәйбішеден, халық ақындары Шөже, Бәйкөкше, Балталардан естіп, жастай жадында сақтады.
Абай және орыс, Батыс әдебиеті. 1860 ж-дың аяғында Абай өзінің білімінің таяздығын сезініп, Семей қаласындағы Гоголь кітапханасына келіп орыс, Батыс классиктерінің шығармаларын өз бетінше ізденіп оқи бастайды. Осы кітапханада Л. Н. Толстойдың шығармаларын оқып отырған Абай Петербург университеті студенттерінің саяси ереуіліне қатысқаны үшін жер ауып келген жартылыстанушы ғалым Е. П. Михаэлиспен кездесіп, танысады, кейін олар айырылмас дос болып кетеді.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (29. 07. 1845 - 23. 06. 1904) - қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ жайлауында дүниеге келген, бейіті Жидебайда. Абай - ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор. Ол бала кезінен шешен, ертегі, әңгімелерді тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен көзге түскен. Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Шортанбай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін адам болған.

Абай 8 жасында «Ескітам” медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабиханнан оқыған. 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахметриза медресесінде 3 жыл оқып, одан «Приходская школаға” түсіп онда 3 ай орысша оқиды. Абай өз бетімен ізденуге құмар болған. Абай Шығыс классиктері Низами, Сағди, Хафиз, Науаи, Физули, Жәмилердің, т. б. еңбектерін, екінші жағынан А. С. Пушкин, А. И. Герцен, М. Е. Салтыков-Щедрин, И. А. Некрасов, Л. Н. Толстой, И. А. Крылов, Ф. М. Достоевскийлерді көп оқыды. Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылыми салалар бойынша зерттеулер жүргізді.

Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875-1878 жж. Қоңыр, Көкше еліне болыс болады. Бұл жылдары өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең ұстауға күш салады. Абай кейін Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 жылы И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым -қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарында әділеттілігімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі.

Абай өлеңдерін 10 жасынан («Кім екен деп келіп ем, дүние қуған”) қағаз бетіне түсіре бастады. «Сап, сап, көңілім”, «Шәріпке”, «Абыралыға”, «Жақсылыққа”, «Кең жайлау” оның алғашқы өлеңдері. Сонымен бірге аударма жасаумен де айналысқан. Оның «Қансонарда” (1882), жылдың төрт мезгілін суреттеген «Қыс”, «Күз”, «Жаз”, «Жазғытұры” өлеңдері, «Масғұт”, «Ескендір”, «Әзім” поэмаларының қазақ әдебиетінде орны ерекше. Араб, парсы, түркі білім көздеріне Абай ерекше көңіл аударып. Осы тілдерді өз бетімен жүйелі түрде оқып игереді.

Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік, гуманистік көзқарастары қара сөздері арқылы да берілген. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан «Абай” журналында жарық көрді. Кейіннен Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т. б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Абай музыка саласында да мол мұра қалдырған. Қазіргі уақытта ақынның 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген.

Орыс классиктері мен Абай

Батыс әдебиеті дегенде, алдымен айтатынымыз орыс әдебиеті. Өткен ғасырдағы қазақ ақындарының орыс әдебиетінен ары барып, француз, неміс, ағылшын, италия әдебиеті сияқтылармен танысқандары аз. Олардан шыққан ірі ақын, жазушымен қазақ ақындарының танысқандары болса, орыс әдебиеті арқылы таныс. Не орыс тіліне жасалған аудармаларын оқып, немесе солардың орыс ақындарына еткен әсерін орысша шығармалардан көріп қана танысты.
Сонымен қазақ әдебиетінің ауқымына мәдениетті батыстан келген әсерді алсақ, алдымен айрықша айтатынымыз орыс әдебиеті болды. Мәселе ХIХ ғасырдағы әсерлер жайында.
Өнерлі орыс ұлтының мәдениетін қазақтай бұратана отар елге таратып, орна-тайын деген ниет-талап ол кездегі әкімшілік иесі, үстем таптардың ойында да жоқ еді . . .
Ел өзінің ән-күйінде, үлкенді-кішілі жыр, әңгімесінде, айтыс-тартыстарда берік бағытын үнемі білдірумен келген. Қалың көпшіліктің осы бағыты, патшалық жағынан шыққан қараңғы, қаскөй саясаттарымен салыстырғанда барынша алға қарай ұмтылған, өнер-мәдениет іздеген, үлгілі тартыстың жолы еді . . .
Өнер-білім іздену, үлгілі елдің қалпына қарай талпыну-көптің мұраты еді. Замандағы құлдық пен қанаудың зардабынан сергу үшін, аз да болса соған қарсы құралдану үшін-ақ өнер-білімді ендігі жалғыз сүйеніш, арқа тірегі деп біліп еді.
Міне XIX ғасырдағы батыс әдебиетінің әсерін сөз қылған уақытта, ең алдымен осындай жалпы қоғамдық, тарихи жайларды еске алу керек.
Әдебиеттегі белгілі дәуірлермен, сол дәуірдегі үстем сарындар, әрқашан сол қоғамның тұрмысындағы таптық-тарихы күй-жағдайдан туатыны даусыз. Олай болса XIX ғасырдағы батыс әдебиетінің біздің мәдениеттен көрінетін әсерлерді де осы жағдай тудырады. Қалың ел тұрмысының ендігі дамуы, ендігі бет алысы өзге өнер иесі болған елдің аңдысын аңдап, үлгісін тұтынуды талап етті.
Ел өрісінің осындай алға беттеген жол кезеңін сол елмен табысқан ақын, жазушы өзіне де жол, бағыт етеді.
Біздің әдебиеттің XIX ғасырында осы аңғарға беттеген екі белгілі ақын бар. Олар-Абай мен Ыбырай Алтынсарин.
Олар-өз заманында прогресс жолында болып, көпке пайдалы еңбек еткен ақындар. XIX ғасырдың екінші жарымы, әсіресе мынау екі ақынның еңбек еткен жетпісінші, сексенінші жылдары және одан бергі жиырмасыншы ғасыр басына шейін созылған жылдар барлығы да, қазақ даласын саудалы базар, кеңселі қала баурап меңгере бастаған кездер еді.
Ресей көлемінде күш алып, қанатын жайып, өрлеп өсіп келе жатқан өндіріс капиталы ол кезде отар, базар іздеп жалақтайтын. Отар бір жағынан өндірістік шикі бұйымын арзан беруші қор, екінші жағынан сол өндіріс туындыларын қымбатқа алатын базар. Сондықтан ондай отарды жебей-жебей сауып, берерін де, бермесін де баса қимыл етіп, омыраулай беріп алатын күш керек еді. Сол күш орнына, өндіріс капиталы қазақ даласына, алдымен жалаңқия сауда капиталын агент қылып жұмсады. Екінші, сол өндірістің тап мақсатына үйлес келерлік тәртіп орнатып, өз дегенін бұлжытпай орындатып отыра алатын әкімшілік керек болды.
Мұндай әкімдер патшалық үкіметтің ел ішіндегі тірегі, көзі боларлық міндетті орындай, әлеумет майданына шықты. Ел ішінде әкім, сұлтан, төре, болыс, би дегендер көбейді.
Бұрын да титығы құрып келген ел енді жерден айрылып, малдан ажырап, алым-шығын, салық-қаржы, қымбат базар талауына бір ұшырады. Жұт, індет, пара-пәле сияқты кесірлерге тағы шырмалды.
Осындай күйлердің барлығының арты, көпшілік қолының аса төмендеп, кедейленуіне себеп болады. Ашаршылық-жоқшылыққа қамалтады. Басқа түскен күйге наразылық үндемесе өшпейді. Бірақ бұрын әр кезеңде алысып көрсе де дегеніне жете алмаған ел енді жаңа шараларға ұмтылады. Онысы сол қала, сол базардың, сол өктемдік етіп тұрған әкімнің өз құралымен құралдану шарасы болады. Ашаршылықтан қала жағалау, батырақ болу, жұмысқа жалдану, кәсіп іздеу, өнер үйрену-барлығы да тұйыққа қамалған елдің жалғыз көздеген ниеті болады. Осы кезде мүмкіндік болса, қолынан келгенінше ел көпшілігі қол-өнерді талап етеді. Бірақ кедей бұқараның қолына ол игілік тимеген.
Ел ішінің әкімдері сол елді сорлатушы, тыныштығынан айырушы бүлдіргіш әкім болады. Олар-әсіресе жемшіл-парақор, партияқор, зорлықшыл әкімдер, әрі жоғары ұлыққа жағынымпаз құлдар. Елдің өнерлі, мәдениетті болуын олар ойламақ түгіл, өздеріндей қып елді де надан күйінде ұстауға тырысады. Қолына түспеген өнер-білім, елдің аңсаған сусыны, жалғыз суаты есепті болады. Ел осы тілегін қиялында, көкірегінде сақтайды. Басына түскен хал менен жаңағыдай әкімшілікке ел наразы, жұрт күйзеу болып күңірене береді.
Сол күндегі құрылыстың көпшілікті тұйыққа қамаған халіне наразы болушы ел жоқшылары көбейді. Ел ішінен шыққан ақыны, өнерпазының қайсысы болса да, көргенде, сөз қылғанда ең алдымен ел көзіндегі жасты сөз қылады. Топас билік пен қара күшке сүйенген қанаушылыққа наразы болушы жалғыз елдің өзі, яки елдің өз жоқшылары ғана емес. Сол билеуші таптың өз ішінен шыққан бірен-саран білімді, либерал ағартушылар да пайда болады. Бұлар елді билеу жолы жаңа үлгіде, жаңа мазмұнда болу керек деген ұранмен сөз бастайды. Алғашқы бағыты сол болғандықтан бұрынғы әкімдердің, әкімшіліктің барлық лас-былық белгілерін аямай шенеп, мінеп сөйлейді. Осымен әкімшілік, шаруашылық, жалпы қоғамдық жайларға өзгеріс кіргіземіз деп талпынады.
Көпшілік бұқара күйіне де өзгеріс кірсін, ол кәсіп үйренсін, оқу-білім білсін, көпшілік сауатты, саңылаулы болсын деп, ұран тастайды. Осы тілекпен шыққан ағартушылар, халықтың сол кездегі жоғарыда айтылған мұң-мұқтажын ауызға алушы адамдар болып шығады. Бұлар-елді дұрыс меңгеру жағын үгіттеушілер. Тарихтың жаңа жағдайына үйлескен басшылықты көксейтін кәсіпке, білім-қаракетке үгіттеумен бірге өздеріне өнер табады.
Міне, өткен ғасырда, сондайлық үлгі-өнеге, оқу-білімге ден қойып, көпті артынан ертпек болған, алғаш оянған, мәдениетті ақындар Абай мен Алтынсарин болады. Бұлардың әрі өздері кәдірлеп, әрі жұртшылығына да нұсқаған қыбласы Европа мәдениеті-орыс халқының мәдениеті болды.
Әдебиет майданын алғанда, екеуі де орыс халқының XIX ғасырдағы классик әдебиетінің мектебінен өткен, содан үлкен үлгі, ұстаздық көрген кісілер. Бұлар көрген әдебиет мектебінің басы Крылов, Пушкин, Лермонтовтардан басталса, бергі жағы Белинский болып және 60-жылдардағы халықшыл-бұқарашыл, сыншыл жазушылар Чернышевский, Добролюбов, Писарев, Некрасов, Салтыков-Щедриндер боп кетеді.
Бұл мектептен олардың нық ұстап шығатын үлгі, түсінігі ақындық, халыққа қызмет етудің үлкен жолы деген ұғым болады. Ақын шығармалары қоғамның тәрбиесіне, өсіп дамуына, дүние тануына жәрдем ететін еңбек деп таниды. Орыс әдебиетінің жаңағы ұлы қайраткерлері өз шығармалары арқылы тұс-тұсындағы зұлымдық, қараңғылық күштермен алысып өткенін көреді. Пушкин, Белинский, Чернышевский, Некрасов, Салтыковтардың сол замандағы жауыз тәртіпке қарсы алысқан қандай құралдарды қолданғаның

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай өлеңдері
Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармаларының тәрбиелік қызметі
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Абай дана Абай дара
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасы
Абайтану ғылымының бастауы
Абайдың әдеби мұрасы
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру
Абай Құнанбаев (1845-1904) өмір тарихы
Ақын мен жазушының үндестігін жас ұрпаққа насихаттау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz