Қазіргі несиелеу жүйесінің негізгі мәселелері және Қазақстандағы қайта құру үрдістері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ілияс Жансүгүров атындағы Жетісу университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қазiргi кездегi несиелеу жүйесiнiң негізгі мәселелері.

Орындаған:ҚҚ-211, Камза Дана

Тексерген: Беделбаева А. Е

Талдықорған қаласы 2022ж

ЭССЕ

Қазiргi кездегi несиелеу жүйесiнiң негізгі мәселелері.

Менің ойымша, нарықтық экономикада несие жүйесі маңызды рөл атқарады. Ол арқылы кәсіпорындар, ұйымдар мен халықтың ақшалай есеп айырысулары мен төлемдерінің едәуір көлемі жүргізіледі, сондай-ақ ол уақытша еркін ақша құралдарын, халықтың жинақ ақшалары мен табыстарын белсенді әрекет етуші капиталға айналдырады, көптеген әр алуан несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық сенімділік, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды. Өндіріске қатысты екінші кезекте бола тұра, несие жүйесі оған үнемі және едәуір дәрежеде ықпал етті. Ол ақша жинақтарының масштабын бірнеше есеге кеңейтеді, ақша құралдарының бір саладан екінші салаға құйылуын қамтамасыз етіп, сол арқылы өндіріс тиімділігінің өсуіне ықпал етеді. Жалпы тұғыда несие жүйесі-ұлттық және коммерциялық банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығынан тұрады.

Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады. Мысалы, Қазақстанда несие жуйесi ұғымы банк жүйесiне қарағанда кеңiрек, яғни мұнда өзге де несиелiк мекемелер қамтылады. Әр елдiң өзiндiк ерекшелiгiне қарай несие немесе банк жүйесiнiң құрылымы қалыптасады. ҚР-дағы несиелiк жүйе екi буыннан тұрады: бiрiншiсi - банктiк жүйе, ал екiншiсi - парабанктiк жүйе.

Қазіргі кездегі несие жүйесі соңғы жылдары едәуір өзгерістерге ұшырады. Әлемдік экономикадағы құрылымдық қайта құрулар нәтижесіндегі өзгерістерге байланысты банк жүйесінің барлық компоненттері жаңғыртылуда. Ғылыми - техникалық революцияның дамуы әсерінен өндірістің шоғырлануы капиталдың шоғырлануымен орталықтануын талап етті, сәйкесінше банктер өз операцияларын кредиттік ресурстарды ұлғайтуға қарай модификациялайды, яғни қазіргі кездегі банк жүйесінің экономика дамуының өзгермелі жағдайларына бейімделу жүзеге асады; банктік жүйенің құрылымдық қайта құрылуы айқын; белгіленген мамандануды сақтай отырып, банктер қызметінің шоғырлануы және әмбебаптануы орын алады; банктік емес кредиттік мекемелердің динамизмі байқалады. Банктердің жекелеген типтері, банктер және банктік емес мекемелер арасындағы айырмашылықтардың жедел жойылуы немесе кедергілердің жойылуы - соңғы жылдардағы несие жүйесінің құрылымдық қайта құрылуының маңызды тенденцияларының бірі.

Қорытындылай келе, Халықты несиелеу халықтың өмір деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік несие саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Қазіргі екінші деңгейлі банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын салааралық және аймакаралық кайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта бөлудің банктік механизмі өндірістің объективтік қажеттілігіне байланысты шаруашылықты дамытуға және экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік туғызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан банктік жүйесінің қазіргі жағдайы, негізгі мәселелері және даму перспективалары
Қазақстандағы қаржы-несие саясаты мен несиелеу жүйесінің ұйымдастырылуы
Қазақстандағы қазіргі салық жүйесінің қалыптасуы мен негізгі сипаттары
Қазақстандағы ипотекалық несиелеу: теориясы, қазіргі жағдайы және жетілдіру жолдары
Қазіргі әлемдік туризмнің дамуы: негізгі тенденциялары мен Қазақстандағы мәселелері
Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесінің дамуы және педагогика ғылымының негізгі мәселелері
Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңдері мен негізгі үрдістері (1914-бүгін)
Қайта құру кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық ахуалы мен әлеуметтік-мәдени мәселелері
Қазақстандағы тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесінің құрылуы мен дамуы: екінші деңгейлі банктер мен АТФ Банк тәжірибесі
Қазақстан Республикасындағы банктік несиелеу жүйесінің теориялық негіздері, қазіргі жағдайы және жетілдіру жолдары (Банк ЦентрКредит мысалында)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz