Бейнелеу өнері теориясы мен әдістемесі
Тақырыбы: Кіріспе. Курстың пәні мен міндеттері.
Балаларда өнер арқылы әсемдікке сүйіспеншілік және ынта тәрбиелейді, эстетикалық сезім дамиды. Олардын алдында айналадағы дүниенің, формалардың, қыймыл-қозғалыстардың байлығы мен сан алуан реңі ашылады. Өнердің көмегі арқылы балалар жаңа заттармен және өмір құбылыстарымен танысады, жоғары идеяларға бой ұрады, біздің елімізде болып жатқан үлкен өзгерістерге үн қосады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды түрлі сабақтарда бейнелеу өнерімен таныстыру балалардың түрлі жанырдағы шығармаларды толық қабылдауына жағдай жасайды. Одан әрі балаларды өнерге тарту бұл үшін арнайы сабақтар өткізілетін мекемелерде өрбиді.
Бейнелеу өнері теориясы мен әдістемесі курсының мақсаты студенттердің эстетикалық мәдениетін көтеру және мектепке дейінгі балаларды бейнелеу өнері құралдары арқылы оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне үйрету.
Бейнелеу өнерінде балаларға көрсетілген шығармалардың мазмұны бай және алуан түрлі болуға тиіс.
Бейнелеу өнері балалардың эстетикалық сезімін, көркемдік талғамын оятып, шығармашылық қиялын дамыту үрдісі болып табылады. Бұл салада балалар бірқатар іскерліктер мен дағдыларды меңгереді, заттар мен қоршаған әлем құбылыстарын танып үйренеді. Бейнелеу іс-әрекетіне ынтанын тууына, жасалған обрызға баланың көңілі мен сезімін шоғырлануына жәрдемдесетін, қиындау жұмысын күшейтетін эмоциялар үлкен роль атқарады.
Бейнелеу өнері жөніндегі сабақтар, оқу тапсырмаларын орындаудан басқа, балаларды жан-жақты дамытудың маңызды құралы болып табылады. Сурет салуға, мүсіндеуге жапсырмалауға үйрету мектеп жасына дейінгі балаларға ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесін беруге жәрдемдеседі. Бейнелеу өнері қоршаған өмірді танып-білумен тығыз байланысты. Мұның өзі алдымен материалдардың қасиеттерімен тікелей танысудан, әрекеттің алынған нәтижесімен байланысын танып-білуден басталады. Одан әрі бала айналадағы заттар туралы, материалдар мен жабдықтар туралы білім алуын жалғастыра береді,алайда оның материалға деген ынтасы өз ойын, айналадағы дүниеден алған әсерін бейнелеу формасында беруге ұмтылуымен сабақтасып жатады.
Бейнелеу өнері балалардың ақыл-ойын, сана сезімін қалыптастырыды. Бейнелеу өнері әрбір баланы жан- жақты дамытып, өмірге жаңа көз қараспен қарауға көмектеседі.Сонымен қатар өзіне жүктелген істі ұқыпты әрі жауапкершілікпен орындауға дағдыланады.
Мектепке дейінгі балалардың көркемдік-эстетикалық жағынан дамуында педагогтың тәрбиелік рөлі
Мектепке дейінгі жастағы көркемдік эстетикалық тәрбиенің өрісі кеңейіп, өз деңгейінде жүргізілуі тәрбиешілердің ұлттық психологияны, халықтық тәлім-тәрбие дәстүрлерін тиянақты меңгеруіне және өз жұмысында сапалы пайдалана білуіне байланысты. Балабақша тәрбишісі бағдарламалық және оқу-әдістемелік талаптарды орындаушы ғана емес, ол балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысында кездесетін күрделі мәселелерді өздігінен шешетін, оны жүзеге асыратын ұстаз.
Қазіргі кезеңде баланы тұлға ретінде қалыптастыру, оның бойына ұлттық әдеп-ғұрып пен салт-дәстүр мұраларын сіңіру, имандылыққа тәрбиелеу бүкіл халықтық іске айналып, жұртшылық назарын аударуда.
Тәрбие тағлымы баланың нәрестелік шағынан бесік жырымен біртіндеп іске асырылып, санасына орнығып отыратын ұзақ үрдіс. Сол себептен қоғам өміріндегі білім беру саласындағы әрбір жаңалық мектепке дейінгі тәрбиеге тікелей әсер етіп, тәрбие мазмұнын жаңарту ісіне ықпал жамап келеді.
Эстетикалық бағытта бейнелеу іс-әрекеті (сурет, мүсіндеу, жапсыру) түрлері еңбек тәрбиесі, құрастыру және музыка сабақтары арқылы балалардың эстетикалық қабылдауын, сезімін, көркемдік талғамын дамыту іскерлік-дағдыларды меңгеруге, ұлттық қол-өнер ерекшеліктерін, оның әсемдігін сезінуге көңіл бөледі.
Бағдарламаға сәйкес бейнелеу өнері сабақтарына басшылық жасауда тәрбиеші баланың күнделікті өмірден алған әсерлері мен психикалық процестеріне: есте сақтауы, қабылдауы, ойлауы, қиялдауы және арнайы қабілеттілігінің дамуына ықпал етуін ескертуі тиіс. Бейнелеу өнері сабақтарын ұйымдастыруда айналаны бақылату үшін саяхаттар мақсатты серуендерге апарады, көргендерін ой елегінен өткізіп, танымдық қасиеттерін дамытуды, баланың белгілі бір затқа немесе құбылысқа зейінін тұрақтандырып, бейненің сипатына қарай іс-әрекет тәсілдерін таңдап алуға бағыттайды.
Бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие берудегі жұмыстың нәтижелі болуы тәрбиешілердің шеберлігі мен іздемпаздығы, шығармашылығы, білім деңгейңмен де тығыз байланысты болмақ. Осы орайда, тәрбиеші бейнелеу өнері түрлерін жетік біліп, балаға түсінікті түрде қарапайым мазмұнын шығармашылықпен әңгімелеп бере білуі баланың іс-әрекетке қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар көркемөнер туындыларының мазмұнын түсінуге, бояу түстерін ажырата білуге, көркемдік мәнерін сезіне білуге баулиды.
Бейнелеу өнерін үйретуге мынандай мақсат алынады:
- бейнелеу өнері түрлері жайында баланың қарапайым түсініктерін қалыптастыру;
- живопись, кескіндеме, мүсін, сәулет өнері, сәндік-қолданбалы өнер туындыларының әсемдігін, көркемдгін сезініп, эстетикалық талғамын арттыру;
- өнерге деген қызығушылық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту;
- жақсыға сүйсініп, жаманға күйіне білуге, өнер арқылы адамгершілік, ізгілік, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру;
- ұлттық өнердің айшықты нақыштарын сезіне білуге баулу;
- басқа халықтар өнерімен салыстыру, ерекшелігін сезіну;
Алға қойған мақсатты жүзеге асыруда баланың айналаны бақылау және қабылдауын дамытуға, көркемөнер туындыларымен таныстыруға, көркемдік талғамын арттыруға, іскелік дағдыларды меңгеруіне баса назар аударылады. Көркемөнер туындыларын, шағын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz