Музыка сауатының қарапайым негіздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс 3
Тақырыбы: Музыка сауатының қарапайым негіздері

Музыканың бала тәрбиесіндегі алар орыны ерекше. Музыкасыз, ойынсыз, ертегісіз баланың толық мәніндегі ақыл ой мен қиялын дамыту мүмкін емес. Сондықтан, балабақшалардағы саз жетекшілері сазды эстетикалық тәрбие беруді мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік стандартқа сай бағдарламаға сүйеніп, қызықты да, көңілді өткізуге тырысады. Еліміздің балабақшаларында тәрбиелеп жатқан бүлдіршіндердің арасынан болашақта небір майталман өнер иелерінің шығуы әбден мүмкүн.
Музыкалық эстетикалық тәрбие сұлулықты, көркемдікті сезінуге баулу, сезініп қана қоймай оны өз бойына қалыптастыра білудің әдет дағдыларын меңгеру.
Бала музыканы тыңдап, әнді, ойынды, көркем кейіпкерлерді, биді көз алдында елестете отырып өзінше қабылдайды. Мысалы, бала салтанатты адымдап келе жатқан сарбаздарға, маң маң басқан аюға, үркек қоянға т.б тән бейнелі қимылды іздейді және оны өзі орындайды.
Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер етеді. Олардың музыкаға деген көзқарас қалыптасып, есту қабілеті жетіле түседі, шығармашылық елестету сезімі пайда болады. Балаларды мазмұны бай әр түрлі шығармалар мен таныстыра отырып, біз, оларды түрлі жағымды әсерлерге бөлен білуге баулимыз. Музыка мектеп жасына дейінгі баланың мінез құлқына, рухани дамуына әсерін тигізеді.
Өнерге жақын бала жігерлі күш қимылды қажет ететін ән, би немесе түрлі ойындарда музыкаға бағынып, қимылдай білу қажет. Мұның өзі бала бойындағы ұстамдылықты, ерік жігерді жетілдіреді. Сөйтіп, музыка баланың жеке басындағы қабілетін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар туғызып, жалпы өнерге деген қызығушылықтың алғашқы түп негіздерін қалайды.
Музыка қабылдау ақыл ой үрдісімен де тығыз байланысты, яғни, музыка арқылы балалардың дыбыс үніне зейіні, байқағыштығы, тапқырлығы жетіледі. Балалар дыбыс үніне құлақ салғанда ұқсас және өзгеше дыбыстарды салыстырып, олардың бейнелік мәнәмен танысады, көркем бейненің мағыналық ерекшіліктерін байқайды, шығарманың құрылымын түсіне білуді үйреніп, өз сезімін білдіреді.
Баланың эстетикалық және ақыл ой тұрғысынан жетілдіре отырып,оның қабылдау және көз алдына елестету қабілетін, қиялын жандандырып барынша демеп, қолдап отыру керек.
Өнер баланың әлемді тануына, халықтың мәдени бай мұрасынан сусындауына мүмкүндік береді. Балабақша бүлдіршіндерінің өнерге деген құштарлығын арттырудың берден бір жолы сазды әуен мен сиқырлы күйдің, әсәресе, ұлттық аспаптардан домбыра мен қобыз үнін тыңдап, олардын музыка сырын түсіне білуіне жол ашу.
Біз балалардың қабілетін дамыта отырып, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын шығармашыл, құзіретті тұлғаны тәрбиелеуге жұмыстанудамыз.
Бүлдіршіндерді әсемдік әлеміне неғұрлым кеңінен жақындатып өнерге, шығармашылыққа баулитын кезең - ол балабақшадан басталмақ. Өсіп келе жатқан жас буын әдеби ертегілер мен бейнелеу өнері шығармаларындағы, музыка мен әуендегі, табиғаттағы, тұрмыстағы шын мәніндегі көркемдік қабылдау арқылы эстетикалық құштарлықты сезініп қана қоймай, ондай туындыларда кездесетін нәрсіздік пен көріксіздікті де ажырата біледі. Жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеуде эстетикалық тәрбиенің басты саласының бірі - музыка мен ән.
Музыка адамның жан дүниесін тебіренте отырып, оның өмірге деген көзқарасын, әдет, мінез - құлқын қоғам мүддесіне сәйкес қалыптастыруға, әдемілік заңымен өмір сүруге тәрбиелейді. Бүлдіршіндерді әсемдік әлеміне неғұрлым кеңінен жақындатып өнерге баулитын кезең - балабақшадан басталмақ. Әсіресе музыка өнерімен шұғылдану баланың жеке басының жалпы дамуына жәрдемдеседі. Музыка сабақтары балаларды жан - жақты дамыту барысында көптеген мақсаттар қояды. Дәлірек айтсақ: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка және оны пайдалану жолдары
Мектептегі музыкалық тәрбие әдістемесі
Музыкалық қабілет мәселелеріндегі адамның тұжырымдамасы
Бейнелеу өнері негіздері мен оқыту әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту ерекшеліктерін талдау
Мектепке дейінгі мекемеде балалардың музыкалық оқу іс - әрекетін ұйымдастыру жолдары
Бастауыш мектептің оқыту процесінде ойын сабақтарын қолдану
Оқушылардың музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыру жолдары
Білім саласындағы әлемдік даму
Балалардың музыкалық қабілеттілігін дамыту
Пәндер