Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасын талдау туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

1-СӨЖ

Тақырыбы : «Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасын талдау»

«Смак» ЖШС

Орындаған: Жорабай Айзере

Тексерген: Зурбаева Алия

Алматы, 2021

Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасын талдау

«Смак» ЖШС

Сыртқы орта - белсенді шаруашылық субъектілер, экономикалық, қоғамдық және табиғи жағдайлардың, ұлттық және халықаралық институциялық құрылымдары мен кәсіпорын айналасында қызмет ететін және оның қызметіне әсер ететін шарттар мен факторлар жиынтығы.

«Смак» ЖШС -гі сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорын болып табылады. Бұл кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметін бірнеше шаруа қожалықтарының бірігуінен бастаған болатын. Кәсіпорын Қазақстан нарығында сұранысқа ие тамақ өнімдерін шығарады. Нарыққа шағын ғана зауыттың ену тиімділігін осы кәсіпорынның табиғи өнімдерді пайдаланатынымен түсіндіруге болады.

1998-2001 жылдар аралығында кәсіпорын жемісті дамып отырды. Алғашқы кезде кәсіпорындар жекелеген шаруа қожалықтарынан құрылған болғандықтан; негізінен олар сүтті сүт өңдеу зауыттарына өткізумен айналысты. 1999 жылы осы кәсіпорын өз бетінше дайын өнім шығаруды ұйғарды, себебі сүт түріндегі шикізат ең төменгі бағамен өкізілетін еді. Сүт өнімдерін өңдеу үшін құрал-жабдықтар 1999 жылы сатып алынды. «Смак» ЖШС-гіне кейбір құрал-жабдықтарды шикізаттың жетіспеуінен зауытқа қайтаруға тура келді. Осы себептермен кәсіпорын нарыққа жоспарлаған ассортимент бойынша сүт өнімдерін шығара алмады. Бірақ кәсіпорын бірден өз өнімдерін тиімді өткізе бастады. Ал 2000 жылы өнімді сату көлемі нарыққа арзан тауарларды шығару есебінен ұлғайды. «Смак» ЖШС-гінде басқару батыс еуропалық мемлекеттер тәжірибесі бойынша жүргізіледі. Кәсіпорындағы басқару тәжірибесі шет елдікке көп ұқсас болғандықтан Ұлыбритания компанияларынан бірлесіп қызмет істеу туралы ұсыныстар түсті.

Ұйым қызметінің мақсаты: Өзінің құрылтайшыларының қызығушылығын пайдалану үшін табыс табу, жиналыста белгіленген жалпы тапсырмаларды, жарѓыдан шыққан функцияларды орындау үшін және Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік актілерімен және заң шығарушылардың қызметіне қайшы келмейтін қызметтерді жүзеге асыру.

Өзінің жарғылық мақсаттарын жүзеге асыру үшін, ұйым келесідей миссияларды орындайды:

  • сүт және сүт өнімдерін құю мен өндіру;
  • импорттық және отандық алкогольді өнімдер мен сусындарды құю;
  • шикізаттар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу және дайындауларды, қайта өңдеулерді, өндірісті, жанама шаруашылықты дамыту мен ұйымдастыру;
  • заңды және жеке тұлғаларға тауар-аралық, маркетингтік және т. б. қызмет түрлерін көрсету;
  • Өндірістік тауарларды өткізу үшін аукциондарды ұйымдастыру, сату секциялары мен фирмалық таңбаларды ашу;
  • жарнамалық және ақпараттық қызметті ұйымдастыру;
  • Үзіндік сыртқы экономикалық қызмет;
  • Өндірістік- коммерциялық, сатып-сатып алу мен табыс операцияларын
  • жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының заң шығарушы органдарымен рұқсат

етілген және басқа да қызмет түрлері.

Ұйымның жарғылық капиталы 167670, 1 мың тг мөлшеріндегі қызметін жүзеге асыру үшін қалыптасқан. Ұйым өзінің шығынын жабу үшін резервтік капитал құруы тиіс, ал оның сомасы жарғылық капиталдың қосылған сомасының кем дегенде 15 пайызына тең болуы тиіс. Резервтік капитал ұйымның әр жыл сайын таза табыстан аударылғаны арқылы пайда болады. Кәсіпорынның резервтік капиталы 25150, 5 мың тг құрайды, ал егер алда- жалда белгілі бір төлем атқарса, онда біріктірілген жарѓылық капиталдан 15 пайызға кемиді. Жарғылық капиталды толтырып, белгіленген мөлшерге жету үшін, ұйым аударымдарды жаңартады.

Ұйым мүшелері болып келесілер табылады:

  • Жоғарғы мүше - Серіктестіктің Жалпы Жиналысы;
  • Басқару мүшесі - Директорлар Кеңесі;
  • Атқарушы мүшесі - Басқарма;
  • Бақылау мүшесі - Ревизиялық комиссия;
  • Басқарма көмекшісі - Қоғамның Директорлар Кеңесі арқылы Президент сайланады.

«Смак» ЖШС сүт, қаймақ, сүзбе, айран, ряженка, йогурт, балмұздақ, құймақ және сүт өнімдерін өндіреді. нарығының қалыптасуы мен нығайуына байланысты, нарық экономикасының бірте-бірте дамуына алып келді, жеке кәсіпкерлік дамыды, азық өнімдерінің өндірістік даму мүмкіншілігі анықталды. Жас кәсіпкерлер ұжымы - азық-түлік өнімдерін өндірумен айналыса бастады.

Алғашқы болып тізімге майонез бен сүзбеден жасалған ақ ірімшіктер енген болатын. Бүгінгі күн компания сүт өнім ең ірі өндірушілерінің төрттігіне кіреді. Компания нарық үлесінің 23 % құрайды.

«Смак» ЖШС-нің қызметі сұт өнімдерін өндіру және сату болып табылады. Тиімді баға мен суретті де, әсем қорабы бар, сапалы өнім шығаруға негізделіп, кәсіпорынның стратегиясынан шыққан, кәсіпорынға маркетинг қызметі енгізілген.

Кез-келген жүйе сияқты маркетингте өзінің бағыттары, әдістері және өткізу жолдары бар. Кәсіпорындағы маркетинг қызметі коммуникацияға, табысты ұйымдастыруға, бағаны қалыптастыруға, өнім ассортименті мен сапа жағынан саясат жүргізуге бағытталған маркетинг қызметі, сапа бөлімі мен бақылау мүшесі бір- бірімен тығыз байланысты. Өндіріс үрдісінің әр операциясында қолданылып, бұйымның пішінін тексеру үшін осы бөлімде 10 жұмысшы жұмыс істейді.

Кәсіпорында өнімді өткізу бөлімі бар оның ең негізгі бөлігі болып дайын өнімді Алматы қаласындағы нарықтарға және дүкендерге тиімді өткізу. Фирма өзінің дистребьютерлік жүйесі бар, ол дайын өнімді тек Алматы қаласында ғана емес сонымен қатар оның шетіне де өткізеді.

Өнімді өткізу үшін, өнімнің бағасы оның өзіндік құнына, биржа нарығында қалыптасқан бағаға және бөлшек саудаға байланысты қойылады. баға орнатудың ең негізгі қағидасы ол - беріктілік, өнім сапасының деңгейі, бәсекеге қабілеттілігі.

«Смак» ЖШС өнімі көбінесе әр түрлі жақтар бойынша өткізіледі олар:

1) еркін сауда нарығында және Алматы қаласындағы;

2) облыстардағы сауда нүктелерінде сатылады;

3) сонымен қатар олар жалақы есебінде және бартер түрінде беріледі.

«Смак» ЖШС өткізу бөліміне келесілер бағынады:

  • 2 менеджер;
  • ұсыныс қабылдайтын 2 диспетчер;
  • 5 машина жүргізуші - экспедитор;
  • өткізіү бөлімінде сонымен қатар келесілер жұмыс істейді:
  • потенциалды клиенттерге өнімді жеткізетін 7 машина жүргізушілер;
  • қор меңгерушісі.

Өнім өтіміділігіне байланысты ұйымында әртүрлі қызметтер жүзеге асырылып жатыр. Алматы қаласындағы ірі дүкендермен келісім шартқа отырып, өздерінің өндірген өнімдерін нарыққа шығарады. Мысалы: «Рамстор», «Сити орталық», «Ардагер» гипермаркеттері және әртүрлі ұсақ дүкендерге, базарларға сатуға береді. .

Сүт өнімінің сәйкес келу шарт деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын соғұрлым оның қанағаттану деңгейі де жоғары болады. Берілген талғамды зерттеу бағыты респонденттермен Лайкерттің 5 баллдық шкаласымен бағаланды, мұнда “1”- өте нашар, “2”- нашар, “3”-қанағаттанарлық, “4”- жақсы, “5”- өте жақсы және 3 балды маңыздылық шкаласымен, мұнда “1”- онша емес, “2”- маңызды, “3”- өте маңызды. Тұтынушылардың сүт өнімдерінің негізгі сипаттамаларымен қанағаттану деңгейі барлық респонденттердің қанағаттану/ маңыздылық шкаласы бойынша мәліметтерімен және әрбір шарт бойынша 5 баллдық шкала бойынша жауаптардың есептелуінен кейін және анкеталық мәліметтерін есептеуден кейін есептелінеді.

«Адал» фирмасының ассортиментті саясатының ерекшелігі тек аталған өнімдерді өндірісі болып табылады, оның ішіне сүт пен айран 2, 5% және 3. 5% майлылығы, ал басқа зауыттардың бұл өнімдерді өндірісінің майлылығы 2, 5% ғана, ал «Фуд мастер» зауыты қант диабеті ауруына шалдыққан адамдар үшін майсызданған айран шығаруды жүзеге асырады. Компания 0, 9 литр және 0, 450 литр көлемді полиэтиленді орама қолданалады. Қазірге сүт өнеркәсібінде республика бойынша лидер болып «Фуд Мастер» компаниясы болып табылады. Есік қаласында «Фуд Мастер» компаниясы үшін бірінші өңдейтін сүт зауыты модерзацияланған және өндіріске енгізілген.

Бірінші уақытта кәсіпорын бүгінгі өндірісінің 3 көлемінде өндіріп отырады. Өзінің өмір сүру уақытында компания жыл сайын сүт өнімдерін өндіруді ұлғайтты-1999ж 80%-ті құрады, Есіктегі «Фуд Мастер» зауытынан бөлек өңдейтін кәсіпорындар Шымкент, Қордай, Астана қалаларында бар және ашылуға ұсынылған сүт зауыттары Павлодарда, Ақтөбе мен Атыруда бар. Жұмыс атқарып жатқан зауыттар әлемге әйгілі “Тетро-Лаваль”, “Феникс”, “Нимко” компанияларының технологиялық тораптарымен жаңартылған. “Фуд Мастер-Асептик” зауытында компания табиғи сусын мен йогурт-микс өндірісі бойынша жобаны іске асырады. Компанияның айранның жеміс қоспалары мен бірнеше түрлерін шығару жоспарлануда. Бүгінгі күнге “Фуд Мастер” компаниясы күнделікті 35-50 тонна сүт өңдейді. “Фуд Мастер” шикізат өңдеудің бар болғаны 70-нан Қазақстанның 4 облысында Алматы, Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстанда жеке сектордың 70-тен аса сүт қабыдау орталықтары жарақтанған болатын. Әр қызметкер тұлға ретінде бағаланып, оның шығармашылық потенциалын, тұрақты еңбек қызметін, маманды өсу және мансаптың ашылуына жағдай жасалынады. Енді бір компанияның принципті ерекшелігі болып жоғары сапалы өнім шығару болып табылады, сондықтан өнімді дайындау мен өндіруді” барлық кезеңдері мұқият тексеріліп, дүкендер сөресінде пайда болғанша жүргізіледі. Компания республикадағы ИСО- 9000 басқару сапасы жүйесін өзіне ендірушілердің бірі болып табылады.

Бәсеке қабілеттілікті жоғарылату “Смак” компаниясының даму стратегиясы болуы керек, тек сонда ғана ол сол нарықта қызмет етумен қатар өз жұмысын кеңейіп, нарықтағы үлесін жоғарылатады. Тауар бәсекестігі бағалық немесе сапа бойынша болуы мүмкін.

Тауардың сапасы мынадай параметрлермен анықталынады:

  • нормативті-техникалық параметрлер-бұл тауардың норма мен стандарттарға сәйкес келуі;
  • сенімділік және қауіпсіздік параметрлері;
  • эргономикалық параметрлер: қолайлы қорабы. Тауардың адамның физикалық қажеттіліктеріне сәйкес келуі;
  • эстетикалық параметрлер - дизайн және мода;
  • бәсекелестерді білу және классификациялау, яғни бәсекелестер туралы мәліметтер банкасын құру;
  • бәсекелестер қызметінің көрсеткіштерін талдау;
  • бәсекелестердің күшті және әлсіз жақтарын білу.

Жүргізілген талдау бойынша мынадай қорытынды жасауға болады: компания әртүрлі көрсеткіштерге ие. “Адал” компаниясының бәсеке артықшылығы жоғары деңгейде тауардың сапасы, ол төменгі деңгейде жарнама және өткізуді ынталандыру болып табылады. Бәсеке артықшылықтың біреуі болып, өнімде Алматы тұтынушылары үшін қажетті йодты медициналық көрсеткіштің болуы.

Қазақстанның сүт өнімдер нарығының бәсекелестік ортасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын мен цехтарды ірілендіру
Кәсіпорын қаржысының тұрақтылығын талдау
Сыртқы ортаның сипаттамалары
Маркетингтік орта жайлы
Кәсіпорынның бәсекелік артықшылығы және бәсекеге қабілеттілігі
Корпорацияның қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары және қаржылық жағдайын бағалау
Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасын талдау
Өндірістің ішкі және сыртқы ортадағы қызметтері
Бақылаудың мақсаты мен оның аудиторлық тексерістің жалпы мақсаттарымен өзара байланысты
Туристік фирма ұсынатын қызметтер спектрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz