Ұғым мен сөз мағынасы: теориясы, типологиясы және қатынастары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ұғым және сөз мағынасы. Ұғым мен мағына айырмашылығы

Ұғым - объективті нағыздық нәрселерін және олардың қасиеттерін көрсететін абстрактілі ойлау формаларының бірі. Ұғым туралы мәселені талдауды "белгі" ұғымын қарастырудан бастайық.

Белгілер дегеніміз - заттардың бір-біріне ұқсастықтары немесе айырмашылықтары. Демек, олардың қасиеттері мен арақатынастары да белгілерге жатады деген сөз. Бір затта екінші бір зат иеленген қасиеттердің жоқ болуы да белгіге жатады (мысалы, жолаушының біреуінде жол билеті болса, екіншісінде ол билеттің болмауы) .

Кез келген заттың толық жатқан өзіне тәң белгілері болады, алайда олардың бәрі сол заттың мәнін айқындау үшін ұстанымды маңызға ие бола алмайды. Затқа тән, оның ішкі табиғатын, мәнін айқындайтын белгілер мәнді белгілер дәлінеді. Ал затқа тән болуы да, болмауы да мүмкін, оның мәнін айқындай алмайтын белгілер мәнсіз белгілер деп аталады.

Нақты және абстрактілі ұғымдар. Өздігінен өмір сүріп жатқан белгілі бір затты немесе заттардың жиынтығын білдіретін ұғымды нақты ұғым дейміз. Заттардың қасиеттерін немесе заттар арасындағы қатынасты білдіретін ұғымдар абстрактілі ұғымдар деп аталады. Олай болса, "тау", "өсімдік" ұғымдары нақты, ал "қараулық", "құлық", "парасаттылың" ұғымдары абстрактілі ұғымдарға жатады. Абстрактілі ұғымдар белгілерді білдіреді, сол белгілерді алып жүретін заттан тыс өздігінен өмір сүре алмайтын ұғымдар. Құптаушы және терістеуші ұғымдар. Затқа тән қасиеттерді құрайтын мазмұндағы ұғымдарды қитаушы ұғым, дейміз. Мысалы, "сауатты адам", "тәртіпті". Затқа тән емес қасиеттерді көрсететін мазмұнды білдіретін ұғымдарды терістеуші ұғым дейміз: "сауатсыз", "тәртіпсіз". Орыс тілінде терістеуші ұғымды білдіретін сөздер сөздің басында келетін "не", "без" демеуліктерімен беріледі, шет тілдерінен ауыскан кейбір сөздер көбінесе "а" приставкасынан басталады. Қазақ тілінде парсы тілінен енген сөз басында келетін "би", "бей" қосымшаларымен, сөз соңында жалғанатын "сыз", "сіз" жалғауларымен өрнектеледі. Сонымен қоса қазақ тілінде затқа тән қасиеттерді ешқандай қосымшасыз білдіретін сөздер көп: "надан", "жауыз" және тағы басқа.

Ұғымның арасындағы қатынастар

Ұғымдар арасындағы қатынас - сол ұғым арқылы ойға оралатын заттар арасындағы қатынастың бейнеленуі. Екі ұғымның арасындағы байланыс кейде олардың арасында іс жүзінде жалпы белгілер болмайтындай тым әлсіз болуы мүмкін. Мұндай ұғымдар салыстырылмайтын шымдар делінеді. Бұлардан езге ұғымдардың бәрі салыстырылатын ұғымдар деп аталады. Мысалы, "Қазақстан Республикасы" мен "Өзбекстан Республикасы" ұғымдарын біріктіріп тұрған ұғым - олардың Орталық Азия мемлекеттері екендігі. Тек салыстырылатын ұғымдар ғана бір-бірімен логикалық қатынаста болады. Салыстырылатын ұғымдар сыйысатын және сыйыспайтын болып бөлінеді. Көлемі жағынан алғанда толық немесе жартылай сәйкестіктері бар ұғымдар сыйысатын ұғымдар делінеді.

Сөз деген не?

Сөз (орыс. слово, ағылш. word) - зат пен құбылыстың атын, түр-түсін, сапалық белгісін, амалын, қимыл-әрекетін таңбалаушы негізгі мағыналық-құрылымдық бірлік. Болмыстың тілдік атауы ретінде дыбыс пен мағына тұтастығынан тұрады. [1] Сөзді құраушы бірлік - дыбыс, ал мағына - Сөздің ішкі мәні, мазмұны. Дыбыстық құрылым сөздің ішкі мәніне, ұғымға бағынышты болады. Сөз - тілдік категория, ұғым - логикалық категория. Ұғым сөз арқылы айтылады, бірақ сөз тілдегі барлық ұғымдарды білдіре бермейді. Одағай, шылау сөздерде мағына болғанмен, олардың ұғымға қатысы болмайды.

Сөз және оның мағынасы

Адамдар бір-бірін тіл арқылы түсінісетін болса, сол тілдің басты құралы - сөз. Сөз дегеніміз - заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің атауы. Әрбір сөздің білдіретін жеке ұғымы болады. Мысалы: қар деген сөздің білдіретін ұғымы - түсі ак, салқын, еріп, суға айналатын зат.

Парта - ағаштан жасалган оқушьшың мектептегі құралы, отыратын орны. Әр сөздін білдіретін осындай ұғымы оның мағынасы делінеді. Сөз білдіретін мағына бірдей, біркелкі бола бермейді, Әдетте сөз мағынасы екі тұрғыдан екіге бөлініп қаралады: лексикалык, мағына және грамматикалық мағына.

Лексикалық мағына - зат, құбылыс, іс-әрекеттің санада бейнеленіп тұрақталған ұғымының мазмұны.

Лексикалық мағына сөздерді бір-бірінен ажыратып танытатын ең негізгі мағына, ол арқылы сөз жеке даралық (единицалық) сипатқа ие болады. Лексикалық мағына сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады, сол себепті сөз мағыналарын саралағанда ең алдымен оның лексикалық мағынасына көңіл аударылады.

Сөздің лексиқалық манасына, оның алдымен, онык нақты тура мағынасы жатыр. Айталық, Көл, құс, тау, үй, Көк, биік, Үш, жын Келу, жүрі сияқты сөздің лексикалыҚ Яғни нақты мағынасы: табиғаты соус қоймасы, үстін қуырсын жапқан ұсып, құйырлы адам. тұратын баспанасы, бір заттық нақты түсі (көк), бір заттың өлшемдік сипаты, заттардың нақты сандары (үш, жын), қымыл, көзғалыс. Сонымен бірге бір сөз осындаи наты тура мағынамен бірге басқа да мағыналарды айтып, ауыс, келтірді мағыналард да жұмсала берді. Мысалы, айыру етістігі, һер алдымен, саңылаулар еткізін жырту жүне қақ ыстығы, екіге бұлу мағыналарын білді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз мағынасы, ұғым және таңба арасындағы өзара байланыс
Сөз мағынасы, ұғым және таңба: семантикалық құрылым мен типология
Сөз мағынасы мен ақпараттың тілдік байланысы
Қазақ салт-дәстүр атауларының уәжділігі: теориясы, типологиясы және туынды сөз ретінде талдауы
Темперамент туралы жалпы ұғым: теориялар, тұлға типологиясы және кіші мектеп оқушыларының ерекшеліктері
Лексика-семантикалық өрістер мен сөз топтарының айырмашылық белгілері және құрылымдық типологиясы
Есім сөз тіркесінің түрлері мен синонимдік қатынастары
Қазақ ою-өрнегінің мәні мен мағынасы: тарихы, типологиясы және заманауи қолданылуы
Қазақ фольклоры мен әдебиетінде сөз магиясы: көне сөздердің мағынасы мен түп-төркіні
Мәдениет типологиясы: ұғым, тарихи типология және сызықтық пен жергілікті құрылымдар - қазіргі қазақ мәдениетінің типтері мен технологиялық ықпалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz