Тұрақты тоқ генераторы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Лекция 19
4.7. Тұрақты тоқ генераторы. Өркениеттің қазіргі дамыған кезеңінде
электр энергиясын өндіру үшфазалы синусойдалы ЭҚКі бар электрмеханикалық
генераторлармен өндіріледі. Өндіріс жағдайына байланысты тұрақты тоқ
қажеттілігі туындағанда оны айнымалы тоқты тұрақты тоққа (түзеткіш)
айналдыру арқылы алады. Тұрақты тоқ генераторы алғашқы тоқ көзі ретінде,
негізінде жеке қондырғыларда (электрмен пісіру кезінде синхронды
машинелердің қоздырғышы ретінде және т.б.) қолданылады. Ауылшаруашылық
өндірісінде ол іс жүзінде қолданылмайды. Сондықтан мұнда генератордың
негізгі қасиеттері ғана қарастырылады.
4.7.1. Өздігінен қозатын тұрақты тоқ генераторының. Тұрақты тоқ
генераторлары арасында ерекше кең тарағандары, параллель және аралас
қыздырғыштары бар генераторлар, олар магнит ағынын туғызу үшін жеке тұрақты
тоқ көзінталап етпейді. Мұндай генераторлардың қоздыру орамалары машиненің
өздігінен қозуы есебінен қоректенеді, оның алғашқы себепшісі ретінде
мәшиненің полюстері мен жармасындағы магнитизм қалдықтары әсер етеді.
Якордің магнетизм қалдықтары өрісінде айналған кезінде онда магнетизм
қалдығының азырақ ЭҚКі индукцияланады. Ол қалыпты мәннің 5...10% құрайды.
Якорь орамасында индукцияланған магнитизм қалдығынан якорь орамасына
параллель жалғанған қоздыру орамасында (4.19в-сурет) шамалы тоқ пайда
болады, ол қоздыру орамасы мен якорь орамаларының келісімді жалғасуынан
полюстердің магнит ағынын көбейтеді. Енді магнитизм қалдықтарынан пайда
болатын магнит өрісімен тоқ қыздыру орамасы арқылы өткенде пайда болған
магнит өрістерінің қортынды магнит өрісімен машиненің якорі айналады. Соған
байланысты якордің магнит өрісінің шамасына тәуелді болып келетін ЭҚКі
артады. Ол қоздыру орамасында үлкен тоқ тұғызады, сол тоқ машиненің магнит
өрісін және соған лайықты якордің ЭҚКін артады. Бұл өздігінен қоздыру
процессі машиненің магнитөткізгіші қаныққанша жүреді, қоздыру орамасындағы
тоқтың одан ары артуы магнит өрісін арттырмайды, демек якордің ЭҚКін
молайтпайды. ЭҚКтің өсуі әуелі баяулай бастайды, одан соң тіпті қоздыру
орамасын тұрақты тоқ көзінен қоректендірсең де мүлде тоқталады. 4.20 -
суретте қоздыру орамасындағы тоқтың өзгеруінен, өздігінен қозатын тұрақты
тоқ генераторының бос жүріс кезінде ЭҚКтің өсуі мен бәсеңдеу қисығы
көрсетілген.
4.7.2. Тұрақты тоқ генератор тепе-теңдігінің теңдеуі. Генератордың
білігіне берілетін механикалық энергияны, электр желісіне берілетін электр
энергиясына айналдыру, ЭҚК туғызу үшін энергия жұмсауымен және машинелердің
орамаларында, магнит өткізгіштерінде және механикалық сипаттағы
кедергілерді жоюға кететін электр шығындарына байланысты. Жалпылама түрде
бұл процессті генератор якоры орамасының электрлік тепе-теңдік теңдеуімен
көрсетуге болады:
U = Eя - ІяRя (4.18)
(4.18)-теңдеуден көрсетілгендей генератор қысқыштарындағы кернеу
генератордың желіге беретін электр энергиясымен мәндес оның электр қозғаушы
күшінің механикалық энергияны электр энергиясына айналдыру барысында, щеткі
түйіспесінде және якорь тізбегінде болатын энергия шығынына шамалас
келетін, генератор якорда кернеудің төмендеу мөлшеріндей аз.
4. 7. 3. Тұрақты тоқ генераторларының негізгі сипаттамалары.
Генераторды электр энергиясының көзі ретінде сипаттайтын маңызды
өлшемдері кернеу, оның өзгеруін талдауды электр техникалық сипаттамасы
арқылы орындауға болады. Тұрақты тоқ генераторының негізгі сипаттамалары:
- сыртқы сипаттама U=ƒ(І) мұнда n = сonst және Ів= сonst;
- реттеу сипаттамасы Ів=ƒ(І) мұнда U= сonst және n = сonst;
- жүктемелік сипаттамасы U=ƒ(Ів) мұнда І=сonst және n=сonst. Қосымша
сипаттамаларға бос жүріс пен қысқа тұйықталу сипаттамалары жатады.
Сыртқы сипаттама. Якордың айналу жылдамдығы мен қоздыру орамасының
тұрақты кезінде жүктеме тоғының артуына байланысты генератор
қысқыштарындағы кернеудің өзгеру дәрежесінің сипаты-сыртқы сипаттама
болады, оның тәжрибелік маңызы зор. Жүктеменің артуынан кернеудің
төмендеуі, якорь реакциясының әсерінен магнит өрісінің ағыны азаюынан,
якордың электр қозғаушы күші кемуіне сондай-ақ, якорь орамасында ішкі
кернеудің құлдырауын артуынан болады. Кернеудің азаюы қалыпты мәнінің
проценті арқылы мына өрнекпен беріледі:
U = (Uхх – Uн) 100% Uн
(4.19)
ол (5...10) % болады.
4.21-суретте қоздыру жүйелері әртүрлі генраторлардың сыртқы сипаттамалары
келтірілген.


4.21 – сурет. Қоздыру жүйесі арқылы
4.20 – сурет. Тұрақты ток тұрақты ток генераторларының сыртқы
генераторының бос жүріс жұмысыныңсипаттамалары: 1-тәуелсіз қоздырғыш; 2-
тәжірибе арқылы алынған параллель қоздырғыш; 3-тізбектей
сипаттамасы. қоздырғыш; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрақты тоқ қозғалтқыштары мен генераторы
Тұрақты тоқ Машиналары
ЭЛЕКТРОНДЫ КҮШЕЙТКІШТЕР
Аккумулятор батареясындағы электролит тығыздығы
ГАРМОНИКАЛЫҚ ТЕРБЕЛІСТЕРДІҢ ГЕНЕРАТОРЛАРЫ
Жел-энергетикалық станциясы
Массасы ауыр ферромагнитті роторы бар асинхронды қозғалтқыш
Құрастырма электр жабдықтыру (ҚЭЖ) жүйенің автоматтандырылған басқару жүйесі
Электр энергиясы
Тұрақты және айнымалы ток тахогенераторы
Пәндер