Саяси ғылымның құрылымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 125 бет
Таңдаулыға:   
САЯСАТТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР
Дәріс № 1. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
1. Саясаттану, оның пəні мен əдістері
2. Саяси ғылымның құрылымы
3. Саясаттанудың негізгі қызметтері
1. Саясаттану, оның пəні мен əдістері
Саясаттану, антикалық заманда пайда болып (Платон, Аристотель, Цицерон), Батыс Европа мен АҚШ - та қалыптасты. XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиалық пəн ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мəртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО - ның басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Бүгінгі таңда АҚШ - тың, Шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пəн ретінде оқылады, əлемнің ең ірі университеттері оған мамандар дайындайды.
Бұрынғы Кеңес елінде бұл ғылымды партияға, халыққы қарсы, буржуазиалық ғылым деп айдар тағып, оқытпаған болатын. Кеңес Одағы қирағаннан кейін, 1990 жылдан бастап ТМД-ның елдерінде саясаттану оқытыла бастады. Қазір Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында бұл ғылым жеке пəн ретінде өтілуде. Саясаттану қазіргі қоғамдық жəне саяси құрылыстың мəн - мағынасын терең түсініп - білуге, адамдардың өмірінде алатын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Саясаттану сөзі гректің саясат жəне ілім деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Ол саясаттың адам жəне қоғам арасындағы қарым - қатынастары туралы жинақталынған ғылым жəне саяси биліктің қалыптасу мен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен əдіс - тəсілдерін зерттейді.
Саясат, қоғам өмірінің саяси өрісі саясаттанудың объектісі болады. Саяси биліктің қалыптасу, қызмет ету, өзгеру заңдылықтары саясаттанудың пəні болады. Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мəн - мағынасын түсініп - білу үшін бірталай əдістерді пайдаланады.
Саяси құбылыстарды жəне процестердi əр түрлi əдiстер, яғни метод (грек. Methodos - зерттеу жолы) арқылы зерттейдi. Əдiстер арқылы логикалық операциялар өткiзiледi. Саясаттануда ең бiрiншi құнды - нормативтi амал қолданды: саяси əрекеттер нормаларға жəне жалпы қоғам теңдiктерiне талпынуы қажет. Ең бiрiншi идеалды саяси тəртiп ұйымдастыру қажет, жəне шын мəнiсiнде болатын қатынастар. Тарихи əдiстердi қолдану барысында, яғни өткен замандағы саяси құбылыстардың пайдалы əдiстерiн қазiргi кездегi саяси құбылыстардың пайдалы əдiстерiн саяси проблемаларды шешуде қолдану. Оны ең бiрiншi Н. Макиавелли қолданды. Əлеуметтiк əдiстерде саяси ғылымның дамуына үлес қосты, яғни ол арқылы өмiр сферасын, мемлекеттiң əлеуметтiк

табиғатын, оның билiгi мен басқаруын зерттейдi. Антропологиялық тəсiл немесе əдiс саяси өмiрдегi адамзаттың, яғни адамның сапасы биоəлеуметтiк дамуы болып зерттеледi. Бихевиористiк əдiс ХХ ғ. 20-30 жылдарында пайда болды. Ол саяси тəртiптi, яғни жеке тұлғаның немесе топтың өзiндiк тəрбиесiн зерттейдi.
Бихевиоризмге сəйкес:
Саяси ғылымның жұмысы - болып жатқан құбылысқа бейне беру.
Iс-қимылдың өзi стимул жəне реакция қарым-қатынасын анықтайды.

Саяси тəртiптiң негiзiнде мотивтер жатыр.
Бихевиористі əдiс саясат дүниесiн бiртұтас ретiнде көрсете алмады, сондықтан 50-60 жылдары ХХ ғ. ортасында жүйелi қатынас енгiзiлдi. Бұл жүйеде саясаттың құрама бөлшектерiнiң iшкi байланыстары ашылып, оның сыртқы ортаға əсерiн зерттейдi.Қоғамның дамуы барысында саясаттың орнын белгiлейдi.
Саяси ғылымның ең маңызды əдiсi - психоанализ. Оны негiздеушi австриялық врач-психиатр З. Фрейд:
1.Саяси əрекеттердi иррационалды факторды, яғни саяси тəрбиедегi психологиялық механизмдi ескерген жөн.

2.Тұлғаның саяси қылығы негiзiнен адам мінезіне байланысты.
Ресей саяси ғылымына салыстырмалы əдiс сəйкес келедi. Бұл құбылыс басқа мемлекеттердегi дамымалы əдiстердi қолдана отырып Ресейдiң құқылы демократиялық мемлекет құруына үлес қосады. Саяси ғылым қоғам арасында əлеуметтiк мəнiсi бар қызметтерді атқарады (лат. Functio-атқару). Саясаттану қызметтерiне мыналар жатады:

Танымдық - теоретикасы - ол мемлекеттiк қатынастар табиғаты мен саясиқұбылыстары туралы бiлiмнiң жиналуы жəне қоғамның даму эффект түрлерiн зерттейдi.

Болжамдық - ол берiлген саяси шешiмдердi қабылдау негiзiнде дүниежүзiндегi саясаттың дамуы мен оның қоғаммен қызығушылығын зерттеу.

Тəжірибелік - ол қоғамның шын мəнiсiндегi алдын ала диагностикажүргiзуiн анықтайды, яғни əлеуметтiк процесс жүруi.

Мəдени қызмет - ол мемлекет азаматтарына керектi бiлiм, яғни билiк, құқық, мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастың пайда болуын, қолдануын үйрену.
Əдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тəсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік жəне тағы баска əдістер жатады.

Салыстырмалы əдіс əр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын жəне жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.
Жүйелеу əдісі саяси құблыстарды басқа қүрделі құрылымының бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің əлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін қарастырады.
Социологиялық əдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, əлеуметтік құрылым, мəдени жəне т. б. жағдайына байланысты анықтайды.
Тарихи тəсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дəйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі жəне болашақтың байланымын айқындай отырып қарастырады.
Бихевиористік əдісі жеке адамдар мен топтардың іс - əрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді.
Нормативтік əдіс қоғамның игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға əуел бастан тəн ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.
Диалектикалық - материалдық əдісі табиғаттағы, қоғамдағы жəне санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен - бірі тығыз байланыста жəне үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды. Қазіргі демократиялық мемлекеттерде саясатқа байланысты жағдайларды зерттегенде сан түрлі əдістемелерді пайдаланады.Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл атқарады. Саясатқа берілген анықтамаларды екі топқа бөлуге болады. Мемлекеттік іс - əрекет пен саясатты байланыстыру біріншісіне жатады жəне бұндай көзқарас, антикалықта пайда болып, бүгінгі күнде өзінің мағынасын жоғалтқан емес.
Ежелгі грек тілінде саясатты мемлекет басқару өнері немесе мемлекеттің аумағы шегінде (ішкі саясат) жəне одан тыс жерде (сыртқы саясат) оның мақсаттарын белгілі бір əдіспен жүзеге асыру дегенді білдіреді. Саясаттың негізгі элементі билік болу себебінде, саясатты саяси билікпен байланыстыру екіншісіне жатады жəне бұл көзқарас бүгінгі күнде біріншісіне қарағанда артығырақ болады. Себебінде, саяси биліктің институттары арқылы өздерінің мүдделерін іске асыратын əртүрлі топтардың əрекеттестерінің өрісі саясат болады деп белгілейміз.
Саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін өткен заманда ғұлама ғалымдардың, данышпан дарындардың саралы саяси ой - пікірлерін оқып үйренудің манызы зор. Саяси ғылымның дамуының негізгі кезеңдері:
1.Ежелгі Шығыстың саяси ойлары.
2.Ежелгі Греция мен Римнің саяси ойлары.
3.Орта ғасыр мен Кайта өрлеу дəуіріндегі саяси ой - пікірлері.
4.Жаңа замандағы саяси ой.
5.Қазіргі саяси концепциялар мен теориялары.
АҚШ-да Колумбия колледжiнде 1857 жылы Ф. Либер тарих жəне саяси ғылыми кафедрасы негiзделдi. Бұл құбылыс политологияның өзiндiк академиялық пəні туғандығын көрсетедi. 1948 жылы ЮНЕСКО ұсынысы бойынша Парижде халықаралық колоквиум өткiзiлдi, бұл жиналыста Еуропа жəне Америка саясаттанушылары саяси ғылымның мəселелерін талқылады. Бұл жиналыста саясат ғылымы терминiн қолдануда келiсiм бердi, ал оның пəнi ретiнде мыналар ұсынылды:
Саяси теория (саяси теория жəне идея тарихы);

Саяси институттар (конституция, орталық басқару, аймақтық жəнежергiлiктi басқару, экономикалық жəне əлеуметтiк басқару, т.б);

Партиялар, топтар жəне қоғамдық пiкiр (саяси партия, топтар жəнеассоциациялар, басқару жүйесiне азаматтардың қатысуы);

Халықаралық қатынастар (халықаралық саясат, саясат жəне халықаралықұжымдар, халықаралық құқық).
Саясаттану анықтамасы бiр дауыспен қабылданған, яғни бұл ғылым саяси ұйымдарда билiк орнатуды құратын, оны бөлшектерге бөлiп, шын мəнде шығарады. Бұның өзiнде институттар, қоғам жəне жеке тұлға қатысады.
Саясаттану пəнiне айтарлықтай бiр пiкiр алынбайды, яғни саясат ғылымын зерттеуде екi көзқарас бар.

Саясаттану - мемлекет туралы ғылым, яғни оның пəнi тар мағынадаберiледi. Бұл дəстүр Аристотельмен қаланған.

Саясаттану - билiк туралы ғылым. Бұл түсiніктi Н. Макиавелли негiздеген. Бұл саладағы саясаттану пəнi кең мағынада берiлген.
Əр мемлекеттерде жəне ұлттар арасындағы əлеуметтiк-экономикалық, мəдени шарттарда билiк институты құрылуда. Бұл құбылыстар саясаттану дамуында еуропалық жəне америкалық мектептер деп бөледi.

Еуропа дəстүрiне сəйкес саясаттану - саяси тарихы, саяси философиясы,саяси социология, т.б туындылары бар саяси ғылым. Еуропалық саясаттанушылық мектебi үшiн жалпы əлеуметтiк, философиялық аспектiлер, мемлекет əрекеттерiн жəне басқа саяси институттарды зерттеу жатады.

Американдық саяси ғылымға жоғары бағдарлама мен қорытынды функциялары қасиеттерi тəн. Американдық зерттеушiлерi саясаттану ғылымын психологиялық, функционалды жағынан қарастырды. Мысалы, Т. Парсонс жəне Р. Даль билiктiң басты функциясын ресурстардың бөлiнуi мен жалпы қоғамдық тəртiптiң болуында көредi. Басқа американдық саясаттанушы Д. Истон саяси ғылымның пəнiн тəсiлдер ретiнде көрген, өйткенi əр түрлi тəсiлдердi қолдана отырып қоғамға, билiк институттарына қандай да шешiм қабылдаған.

Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бəрінің зерттеу объектісі ортақ - қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланады. Бірақ та əрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пəні бар. Сондықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған лəзім.Саясаттану ең алдымен фəлсафамен (философиямен) тығыз байланысты. Фəлсафа - табиғат, қоғам жəне таным дамуының неғұрлым ортақ зандылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің, түпкілікті себептерін, рухани байлықтардың негізінде не жатқанын жəне т. с. с. ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан, ол басқа пəндер сияқты саясаттануға жалпы əдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фəлсафалық тұрғыдан дəлелдейді, саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Бірақ ол мəселелерді, кұбылыстарды, өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің өресі тарлығын байқатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заңдылықтарды нақтылайды, айқындайды, саяси танымды тереңдетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады. Сайып келгенде, саясаттану өмірдің жалпы жақтарын карастырғанда фəлсафа тұжырымдарына сүйенеді, ал саясаттың нақтылы жақтарына келгенде фəлсафа саясаттануға жүгінеді.
Саясаттану экономикалық, теориямен өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дəлелдей отырып, ол процестердің негізінде əр түрлі əлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық, саясатты дайындау жəне іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принциптерін ғылыми түрде негіздейді.
Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық, адамдардың, қоғамдағы қатынастары мен тəртібін, жүріс-тұрысын реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың кұқықтық тетіктерін көрсетеді, құқықтық жəне мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін қарастырады. Құқықты К. Маркс заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың еркі деп атаған.
Саясаттану құқықтануға жалпы теория, оның теориялық-əдістемелік негізі іспеттес. Саяси үкіметжүйесінсіз əлеуметтік, оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар жалпыға міндетті сипат алып орындалмайды. Сонымен қатар, құқықтық тұрғыда қалыптаспай саяси өкімет те əдеттегі қызметін атқара алмайды.
Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі - əлеуметтану (социология). Саясаттану саясатты белгілі бір зандылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде карайды. Ал əлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, əлеуметтік ортаның саяси салаға етер əсерін зерттейді. Оның айналысатын мəселелері адамды жəне қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады жəне саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде, саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, əлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы байланыс əсіресе, саясаттануды сандық əдіс-тəсілдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі.

Тарих болса жүйелі, дəйекті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты саяси институттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап, суреттейді.Аты аталған ғылымдармен қатар саясаттану басқа да адамгершілік ғылымдарымен байланысты. Солай бола тұра саясаттанудың өзіне тəн зерттеу объектісі бар. Оған қоғамның саяси саласы, ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер жатады.
Қазір еліміз тəуелсіздігін алып, шын мəнінде, демократиялық жолға түсіп жатқан кезде азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет орнату үшін саясаттану пəнін окыпүйрену болашақ, мамандарға ауадай қажет.
Бұрынғы Кеңес Одағында саясаттану буржуазиялық ілім, ғылымға қарсы теория деп саналып, ол оқу орындарында оқытылмады. Коммунистік Партия бұқараның саяси сауатын көтеруге мүдделі болмады. Себебі, халықтың, саяси мəдениеті жоғары болса, тоталитарлық кұрылыстың өзі көпке шыдамаған болар еді.Əкімшілік экономикадан нарықтық шаруашылыққа, тоталитарлық жүйеден демократиялық құқықтық мемлекет құруға өту жұртшылықтың саяси мəдениетін түбегейлі өзгертуді талап етеді. Саясаттануды оқып үйрену саяси шыдамдылықты, келісімге, ымыраға келуге дайын болуды, өркениетті жəне заң шеңберін де, демократиялық институттар арқылы өз мүдделерін білдіріп, қорғай білуді, əлеуметтік шиеленістердің алдын алып, болдырмай немесе оларды ауыртпалықсыз жеңілірек шешу сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Қазіргі демократиялық мемлекеттерде саяси оқу институттарының қызметі негізгі адамгершілік құндылықтарды, əсіресе, əрбір тұлғаның еркіндігі мен абыройын, оның табиғи, ажырамас құқықтарын мойындап, қадірлеуге негізделеді.Саяси білім азаматқа өмір сүріп отырған қоғамдық жəне саяси құрылысты, мемлекеттегі өз орны мен рөлін, кұқығы мен міндеттерін дұрыс ұғынып, жете түсінуге көмектеседі. Оның мақсаты - адамды күрделі əлеуметтік-саяси жағдайда лайықты жөн таба білуге, басқа адамдардың мүдделері мен құқығын сыйлай отырып, өз мүддесін қорғай білуге үйрету. Сонымен катар, ол азаматтарды демократиялық тəртіпті жəне оны қамтамасыз ететін мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарды сыйлауға баулиды. Себебі, берік саяси тəртіпсіз жеке адамның шын мəніндегі еркіндігі болуы мүмкін емес. Бұрын саяси білімнің мақсатын негізінен азаматтардың арасында этикалық парызды насихаттауға, оларды мемлекет жəне оның шығарған заңдарын сыйлаушылықты, азаматтық міндеттерін орындауға əрқашан дайын болуды калыптастыруға саятын. Ең алдымен тек мемлекеттің қажеттілігін ескеретін мұндай тəсіл, көзқарас Еуропада, əсіресе Германияда, XX ғасырдың 60-жылдарына дейін орын алды. Ал АҚШ-та көптеген жылдар бойы саяси білімнің пайдалы нəтижеге жетуді көздеген прагматикалық бағыты басым дамыған. Ол азаматтарды өзінің өмірлік мəселелерін басқа адамдармен өркениетті қарым-қатынаста, ынтымақтастықта шешуді үйретеді. Əртүрлі дау-дамай, шиеленістерді онша ауыртпалықсыз, қатты қиналтпай реттеуге баулиды. Қазір демократиялық елдерде саяси білім жүйесі еуропалық жəне америкалық ғұрыптарды біріктіруге, бүкіл мемлекетпен қатар жеке тұлғалардың мүдделерін үйлестіре, ескере отырып шешуге тырысады.

Біздің заманымызда қандай кəсіппен айналысқанына қарамастан, саяси білім мен мəдениет əр адамға қажет. Себебі, ол қоғамда тұрып, тіршілік еткендіктен басқа адамдармен жəне мемлекетпен сөз жоқ бірлесіп əрекет етуі керек. Мұндай білімі жоқ адам саяси істерде амал-айла, қулықтың құлы болып кетеді. Оны саяси жағынан белсенді күштер өз мақсатына пайдаланып, ойындағысын істейді. Азаматтардың көпшілік саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет. Саяси сауаттылық қоғамды бір адамның дара əкімшілігіне негізделген үкімет жүйесінен, қатал, деспоттық басқарудан, адамгершілікке қарсы, мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдастырудың экономикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады. Сондықтан адамдарды біріктіріп бір мемлекеттің ішінде өркениетті өмір сүруге тек жеке адам ғана емес, бүкіл қоғам мүдделі жəне ол осы бағытта талмай тиімді жұмыс істеуі тиіс.
2. Саяси ғылымның құрылымы
Саясаттану саясат туралы ең бiлiмдi ғылым болып есептеледi. Басқа əлеуметтiк бiлiм түрлерiне қарағанда саясаттанудың өзiндiк арнаулы ерекшелігі болады, яғни саясат қоғамындағы табиғат, шарт жəне билiк технологиясы. Саясаттану саяси əрекеттердi зерттей отырып, бiрнеше пəнге бөлiнедi:

Саяси философия - ол саясат аспектiнiң дүниежүзiлiк құндылықтарын,саяси идеяларды, нормаларды зерттейдi.

Саяси тарих - ол əлеуметтiк емес, саяси институттар мен ұжымдардың даму тарихын, əр кезеңдегi революциялық өзгерiстерi мен себептерiн зерттейдi.

Саяси теория - ол билiк ұжымындағы анализ түрлерi мен формаларын, саяси субъектiлердi, мемлекет жəне құқық теориясын, т.б зерттейдi.

Саяси зерттеу теориясы - ол саяси идеялардың пайда болуы мен дамуын зерттейдi.

Саяси психология - ол саяси тəртіптiң субъективтi тетігін зерттейдi жəне өзара қатынасын ашады.

Қолданбалы саясаттану - ол өткен ғасырдағы 60-жылдары саяси ғылым iшiнде негiзделдi. Ол психология, əлеуметтану, кибернетика нəтижелерi барысында нақты саяси мəселелерді шешедi.

Саяси əлеуметтану - ол əлеуметтану мен саясаттанудың аралық өнiмi болады. Ол саясатқа қатысушылардың қызығушылығы мен олардың пiкiрлерiнiң мазмұнын зерттейдi. Саясаттану мен саяси əлеуметтану арасындағы айырмашылықты американдық социологтар С. Липсет жəне Р. Бендикс айтулары бойынша саяси ғылым мемлекет бастап оның қоғамға деген əрекетiн зерттейдi, ал саяси əлеуметтану қоғамнан бастап, оның мемлекетке тигiзетiн əсерiн зерттейдi.

Саясаттану саясатты зерттей отырып үш деңгейдегi бiлiммен шектеледi.
Философиялық, мұнда билiк пен мемлекеттiң мəнiсiн, табиғатын жəнемiндеттерiн анықтайды.

Теориялық, мұнда əр саяси институт пен субъектiнiң орнымен, оның рөлiжəне де билiк қатынастағы функциялары анықталады.

Социал, яғни əлеуметтiк, мұнда саяси əсерлердiң себебi мен салдарынжəне тұлға мен топтың тəртiбiн анықтайды.

3. Саясаттанудың негізгі қызметтері
Саясаттанудың пəні жөнінде алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдің ғалымдарының арасында болсын бірыңғай, жалпы жұрттанып, мойындаған анықтама, тоқтам жоқ. Оның ауқымы мен мазмұны, қарастыратын мəселелер шеңбері, жеке ғылыми пəн ретінде ерекшелендіретін белгісі, өлшемі не болуы керек деген сауалдар төңірегінде бірталай көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар оған қоғамда билікті жүргізетін немесе оған əсер ететін мемлекет, партиялар жəне басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде карайды. Əлбетте, саясаттанудың бұл мəселелермен айналысатынында дау жоқ. Дегенмен, оның өрісін тек солармен шектеуге əсте болмайды. Себебі, ол солармен қатар жалпы саяси теориялар мен нақтылы саяси іс-əрекеттерді, саяси процестер мен жүйелерді, халықаралық катынастарды да зерттейді, ел аралық салыстырмалар да жүргізеді. Сондықтан мұндай көзқарас саясаттануға тар мағынасында қараған болып шығады.
Саясаттануды зерттейтін ғалымдардың көпшілігі (үшінші топ) бұл ғылымды саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қамтып, тəртіпке келтіретін, жинақтап біріктіретін ғылым деп санайды. Бұл пікірді Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім беру, ғылым жəне мəдениет мəселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясаттанушылардың Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатынасқан дүниежүзінің белгілі ғалымдары саясаттану пəні мына бөлімдер-ден тұрғанын жөн деп тапты: 1) саяси теориялар (олардың пайда болуы, дамуы жəне қазіргі кездегі қызметі); 2) саяси институттар (конституциялар, аймақтық жəне жергілікті басқару; көпшілік əкімшілігі, саяси институтгарды салыстырып зерттеу); 3) партиялар мен қоғамдық ұйымдар; 4) қоғамдық пікір; 5) халықаралық саясат (халықаралық ұйымдар мен халықаралық кұқық).
Саясаттану пəні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, казіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялык қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндетгері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тəсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мəдениетті қалып-тастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мəні, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы жəне қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі жəне мінез-кұлық, іс-əрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.
Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам жəне қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің калыптасуы мен даму зандылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен əдіс-тəсілдерін зерттейді.Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мəн-мағынасын түсініп-білу үшін бірталай əдістерді пайдаланады. Əдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тəсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік жəне т. б. əдістер жатады.
Салыстырмалы əдіс əр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын жəне жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылықпен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер кабылдауға көмектеседі. Бұл əдістің əсіресе қазіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тəжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ.
Жүйелеу əдісі саяси кұбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны кұрайтын элементтердің əлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.
Социологиялық əдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, əлеуметтік құрылым, мəдениет жəне т. б. жағдайына байланысты анықтайды.
Тарихи тəсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дəйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі жəне болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол əр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып білуді талап етеді.
Бихевиористік əдіс жеке адамдар мен топтардың іс-əрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл əдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-əрекеттерін талдау арқылы түсініп білуге болады дейді.
Нормативтік əдіс (XIX ғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға əуел бастан тəн ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.
Ал бұрынғы Кеңес Одағы кезінде ең дұрыс жəне мызғымас тəсіл болып есептелген диалектикалық-материалистік əдіс болатын. Ол табиғаттағы, қоғамдағы жəне санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен-бірі тығыз байланыста жəне үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды. Бұл əдісті ешкім жоққа шығармайды. Бірақ коммунистік көзқарас сияқты бір ғана бұл əдістің шеңберінде қалуға жəне болмайды.
Жоғарыда аттары аталған əдістермен қатар басқа да əдіс-тəсілдер бар. Бұлардың бəрі де саяси процестер мен олардың дамуы жөнінде шынайы мағлұматтар алуға тырысады. Сондықтан қазіргі демократиялық мемлекеттерде саясатқа байланысты жағдайларды зерттегенде сан түрлі əдістемелерді пайдаланады.
Ғылымның басқа салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзіндік үғымдары (категориялары) бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердің мəнін білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: саясат, саяси билік, саяси жүйе, саяси тəртіп, саяси партия, саяси мəдениет, саяси əлеуметтену, саяси өмір, саяси қатынастар, қоғамдық ұйымдар, мемлекет, демократия, егемендік, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам", ішкі саясат, сыртқы саясат жəне т. б. Қоғамды бұдан басқа да ғылымдар зерттейтін болғандықтан, жоғарыда көрсетілген ұғымдарды басқа коғамтану пəндері де (тарих, əлеуметтану, фəлсафа, құқықтану) пайдалануы мүмкін. Бірақ олар бұл категорияларды өз пəніне сəйкес қолданады.
Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады. Саясаттануда да ондай міндеттер бар. Оған ең алдымен танымдық (гносеологиялық) қызметтер жатады. Олай дейтініміз саяси білім қоғамдағы окиғаларды танып-білуге, олардың саяси мəнін түсінуге жəне болашақты болжауға мүмкіндік береді.
Ғасырлар бойы Ресей империясы, одан кейін кеңестік тоталитарлық тəртіп саясат пен билік сырын бүгіп келді. Қазірдің өзінде де халқымыздың саясат пен саяси жетекшілердің іс-əрекеттері жөнінде хабарлары аз. Көбіміз саяси кайраткерлердің сөздерінің, ұрандарының, бағдарламаларының сырында не жатқанын байқамаймыз. Оларды білмей демократиялық жолмен алға басу қиын. Ондай білімді тек саясаттану ғана бере алады.
Саясаттану бағалау (аксеологиялық) қызметін атқарады. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-əрекеттерге жəне оқиғаларға саяси баға береді. Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси əлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мəдениеттілігін қалыптастырады.
Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі - қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-əрекетіне тікелей əсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мəлімет, мағлұматтар береді. Саяси білімдер, сипаттамалар, кеңестер адамдардың күнделікті практикалық с-əрекетінде басшылыққа алынады. Саясаттану саяси өмірді жетілдіруді де атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы жəне атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, коғамда немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады. Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттік басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, əлеуметтік-саяси шиеленістерді ауыртпалықсыз шешу жолдары мен əдістерін көрсетеді.
Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің, құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда.
Саясаттану қызметі танымдық (гносеологиялық), сипаттамалық, түсіндірмелік, дүниетанымдық, реттеушілік, аксеологиялық (бағалау), болжамалық жəне əдістемелік (инструменталдық) болып бөлінеді. Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның қөмегімен заң шығарушы жəне атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси - басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады. Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттік басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, əлеуметтік саяси шиеленістерді ауыртпалықсыз шешу жолдары мен əдістерін көрсетеді.
ƏДЕБИЕТТЕР

Хан И.Г., Садырова А.Т. Саясаттану: оқу құралы. - Алматы КҚУ Ғылыми - баспа орталығы, 2011ж.

Жамбылов Д. Саясаттану. - Алматы: Жеті жарғы 2003ж.

Жамбылов Д. Саясаттану: оқу құралы.- Алматы, 1996 ж.
Саясаттануға кіріспе. Проф. Т.Т. Мұстафиннің редакциясы. - Алматы, 1994, I-і бөлім.

Политология. Энциклопедический словарь. - М., 1993.
Хан И.Г. Политология. - Алматы, 2000 ж.
Н. Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. - Алматы, 1996 ж.

Дәріс №2. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері

1. Құлдық дəуірдегі саяси ой - пікірлер
2. Орта ғасырдағы саяси ойлар жəне қайта өрлеу кезеңi
3. Жаңа замандағы саяси теориялар
4. Марксистік саяси идеялар
5. XX ғасырдағы саяси ілім
6. Қазақ даласындағы саяси ойдың дамуы

1. Құлдық дəуірдегі саяси ой - пікірлер
Барлық ғылымдар адамзат қоғамы сияқты біркелкі дами қоймайды. Олардың шарықтайтын, құлдырайтын кезеңдері де болады. Тарихта белгілі ең алғаш өркениеттіліктің ошағы болып саналатын Ежелгі Шығыс-Мысыр (Египет), Вавилон (Ирак), Үндістан, Қытай, Парсы (Иран) елдері болып келді. ХV ғасырға дейін Шығыс мəдениеті Батыс мəдениетіне қарағанда жоғарғы дəрежедегі өркениеттіліктің үлгісін көрсетті. Мұнда ең алдымен математика, геометрия, астрономия, медицина сияқты нақты ғылымдар дами түсті. Шығыс елдерінде жоғарғы билік монархтың (халиф, хан, патша, сұлтан жəне т.т.) қолында болды. Жерге мемлекет иелік етеді, ал мемлекет бүкіл халықтың илігі үшін қызмет етеді деген көзқарас қалыптасты. Патша əлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарға əкелік қамқорлық көрсетті, ал оның қол астындағылар оған талап қоюға құқылығы болмады. Себебі билеуші халық алдында емес, тек құдай алдында ғана есеп береді. Бұл елдердің тəртібі, саяси ойы өткен ұрпақтың дəстүр-салтына берік берілгендікті білдіретін. Қоғамда орнатылған тəртіп өмір бақи өзгерместей көрінді. Ондағы өзгерісті адамдардың құдай қағидаларын орындамағандықтан туып отыр деп ұқты. Билік орнатылған тəртіпті, шындықты, əділеттілік, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құралы деп есептелінді.
Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамыды. Онда қоғам Шығыс елдермен салыстырғанда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді. Грецияда ол кезде саяси бытыраңқы күн кешкен еді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар (полистер) құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық жəне құл иленушілік демократия орынына алды. Билеу түрі сан алуан болатын жəне жиі ауысып отырды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына əкелді. Сондықтан олар саяси мифтан теорияға тез ауысты. Көне гректерде саяси ойшылдар көп. Солардың ішінде ең көрнектілері Платон мен Аристотельге тоқталамыз.
Платон б.з.б. 427-347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты - Аристокл. Ол жасында спортпен көп шұғылданды, жоғарғы көрсеткіштерге жетті. Жауырыны кең болғандықтан оны Платон (кең жауырынды) деп атап кеткен. Сол атпен ол адамзат тарихында мəңгілік қалды. Платон атақты фəлсафашы Сократтың мектебінде оқып, оның үздік шəкірті болды. Ол қаза тапқаннан кейін қатты қайғырып, біраз елді аралап кетеді. Кейін Афинаға қайта оралып өз мектебін - академиясын ашады. Платонның екі жүздей еңбегі бар. Соның ішінде біздің ғылымымызға тікелей қатысы бар шығармалары Мемлекет, Саясатшы, Заңдар, Софист, Парменид жəне т.б.Платонның ойынша, адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндірулері, үй салулары жəне т.т. жасаулары керек. Сөйтіп, олардың бəрі бірігіп қана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудін арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет адамдарды байына да, кедейіне де, азына да, көбіне де қарамай - бəріне бірдей қызмет ету керек. Бірақ мұнда Платон адамдарды бəрін теңдестірген деген ой тумауы керек. Керісінше ол адамдарды үш үлкен əлеуметтік топқа (сословиеге);
1) əкімдер;

қорғаушылар;
3) өндірушілер етіп бөлді.
Ол əкімдерге фəлсафашыларды жатқызды. Қорғаушыларға əкімдердің ниеттерін іске асыратындарды, мемлекет қорғайтындарды жатқызды. Өндірушілерге егіншілер мен қолөнерлер, мемлекеті материалдық жағынан қамтамасыз ететін адамдарды жатқызды. Платон оларды тым бай немесе өте кедейлікке бөлгісі келмеді. Себебі, мұндай қоғамда ортақ мүдде орнамайды. Сондықтан орта деңгейді ұнатты. Платон жеке меншікке қарсы болды. Жеке меншік адамдар арасында жанжал туғызады. Сондықтан барлығына бірдей ортақ болғанын жөн көрді.
Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия жəне тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принціптері - адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады.
Ертедегі гректердің саяси ойларын одан əрі дамытқан фəлсафашы, ұлы ойшыл Аристотель (б.з.б. 384-322ж.ж.) болды. Ол он жеті жасында Платон академиясын іздеп келіп оқуға түседі. Оны үздік бітіріп 20 жыл бойы сонда ұстаздық етті. Платон дүние салғаннан кейін біраз елді аралап б.з.б. 342-340 жылдарында Македония Патшасы ІІ Филиптің шақыруымен оның баласы, болашақ император Ескендірді (Александр Македонскийді) оқытып, тəрбиелейді. Кейін Афинаға оралып өзмектебін ашты. Осында ол сясат пəнін алғаш рет енгізіп, сол пəннен өзі сабақ берді. Саясаттануға қатысты Саясат, Афиналық полития, Этика, Риторика деген еңбектері бар. Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемелекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты-адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Сөйте тұра, ол құлиеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді.

Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, əкім қаншалықты жақсы болғанымен ол сезімге, ашуға берілмей қоймады, ал заң болса парасаттылығын жоғалтпайды. Аристотель Платон айтқан қоғамдық меншікке қарсы шығып, жеке меншікті қолдады. Сонымен қатар, адамдардың байып шектен шығып кетуін қолдамады. Себебі, мұндайда қоғамның тұрақтылығы бұзылады дей келіп, орта деңгейді дұрыс көрді.

Саяси ойдың дамуына айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды. Онда əсіресе атақты ойшыл, мемлекет қайраткері Марк Туллий Цицерон (б.з.б. 106-43 жж.) өмір сүрді. Оның мемлекет туралы, заңдар туралы, міндеттер туралы көпке əйгілі еңбектері орын тапты.Цицерон мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі - адамның бірігіп өмір сүруі жəне жеке меншікті қорғау мақсатында туындайды деді. Қоғамға жəне жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Цицерон мемлекеттің құрылым түрі оны басқарушының мінезі мен еркіне байланысты болады деп түсіндірді. Басқарушының санына қарай ол мемлекет басқаруды патшалық билік, аристократия (оптиматтардың билігі) жəне демократия (халық билігі) етіп үш түрге бөлді. Бұлардың əрқайсысының кемшілігі мен жақсы жақтары да бар. Цицерон мүліктік тендік идеясына қарсы болды, қоғамдық - саяси қатынастарда əлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті əділеттілік деп санады.

2. Орта ғасырдағы саяси ойлар жəне қайта өрлеу кезеңi
Саяси ой тарихында орта ғасырдағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артық созылды (V-XVI ғасырлар). Бұл дəуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Феодалдық қоғамның көзқарасының өзегі біртұтас христиан мəдениетінің негізі болды. Осыған байланысты христиан патшалары шіркеу басшыларына бағыну керек деп уағыздады. Бұған ақсүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарына алғысы келді.
Осы заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фəлсафасын зерттеп жетілдірді деп айтуға болады. Оның саяси көзқарастары Құдай қаласы туралы деген еңбегінде баяндалған. Августин барлық əлеуметтік, мемлекеттік жəне құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнəсінің нəтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай еріктің еркіндігін берді, яғни ол өз бетімен күнəһар болып немесе құдай жолмен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен жəне адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Біріншілері болашақта құдаймен мəңгілікке патшалық ететіндер, екіншілері жын-шайтандармен жапа шегіп, сазайын тартатындар деп түсіндірді.
Христиан дінінің саяси теориясын жасаған Фома Аквинский (1225-1274). Оның саяси көзқарастары Билеушілердің басқаруы туралы, Теологияның жиынтығы деген еңбектерінде қаралды. Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Фома Аквинскийдің ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан, патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс. Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман діндерінде де орын алады. Ислам саяси билік дін басыларының қолында болуын көздейді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне жəне билік иесіне бағынуы тиіс. Бірақ 945 жылдан бастап имамдар негізінен діни беделмен шектеліп, нағыз билік ақсүйек-сұлтандарға ауысты.

ғасырда феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда бола бастады. Жас буржуазияны жақтаушылар католик шіркеуіне қарсы шығып, адам құқығын, ар-намысын қорғауға шақырды. Адам мəселесі, оның мемлекетпен арақатынасы саяси ілімде маңызды орын алды. Қоғамдық санада гуманизм түсінігі орын алды.
Қайта өрлеу дəуірінің көрнекті өкілі буржазиялық саяси ғылымының негізін салушы Никколо Макиавелли (1469 - 1527). Оның атақты шығармалары Патша, Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөніндегі ойлар, Флоренцияның тарихы. Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тəжірибе деп білді. Ол мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағынштылардың қарым-қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Макиавелли əділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан қарады. Ол мақсатқа жету үшін, айланың қай түрін болса да қолдануға кеңес берді. Мемлекеттің басын қосып, жаңарту үшін сөзге түсінбейтін керітартпалармен күресте жауыздық пен күшті пайдалануға болады. Қаталдық өзіне бағыныштылардың пайдасы үшін бірақ рет қолданылуы керек. Бірақ Макиавеллидің бұл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай мақсат əдіс, тəсілді ақтайды деген қағида кейін макиавеллизм деген атпен тарап кетті.

3. Жаңа замандағы саяси ой

XVII ғасырда буржуазиялық революция Европа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге қатты соққы беріп, капиталистік қатынастардың дамуына жол ашты.
Бұл дəуірдің көрнекті ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588-1679). Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімінің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздік сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға немесе мемлекет ұйымдарына жеке адамдардың құқығы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.
Франция буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье (1689-1775) əр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарын, айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға жəне ауа райына, жер бедеріне, топырағына байланыстырды. Бостандық теориясына сипаттама берді. Заң неге ерік берсе соны істеу керек деген. Саяси бостандық экономиканың дамуына əсер етеді. Ол өзі ұждан бостандығын жақтады. Бостандықты баянды ету мақсатында жəне төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы жəне сот билігі етіп бөлу керек деді.
Францияның ойшыл-ағартушысы Жан Жак Руссо (1712-1778) ұсақ буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркінділіктің кепілі теңдік, ал теңдік саясатта ғана емес, мүлікте де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жол бермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек. Руссо тікелей халық билігін ұсынды. Руссо жиі халық жиналысын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талап етті.
Демократияны жақтаушы Томас Джефферсон (1743-1826) атына байланысты. Ол сол кездегі ұлы революциялық құжат - АҚШ Тəуелсіздік Декларациясын жазды. Мемлекеттік өкіметін құрып, оны бақылау құқынан еш адам шектеуге болмайды. Егер өкімет халық құқығын қорласа ондай үкіметті ауыстырып, өзінің қалауына сай өзгертуге болады. Мұнда Джефферсон рақымсыз билеушілерге қарсы шығып барлық адамдарды тең көрді.
Тəуелсіздік үшін күрес кезіңде өзінің батыл идеяларымен Томас Пейн (1737-1809) көзге түсті.Пейн бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Мемлекетті қоғам тудырады. Үкімет мақсаты - қауіпсіздік пен бостандықты қамт амасыз ету. Оның саяси мұраты - жалпыға бірдей сайлау құқы, тең өкілдігі бар демократиялық республика. Пейн соғысқа қарсы болды. Бейбітшілікті сақтамайтын үкіметті құлату керек. Бірақ ол əділет соғысты, азаттық үшін соғысты қолдады. Т. Джефферсон мен Т. Пейннің еңбегінің арқасында 1776 жылғы 4 шілдеде АҚШ Тəуелсіздік Декларациясы шықты. Бұл Тəуелсіздік Декларациясында адамның бостандығы жан-жақты қарастырылған.
Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған немістің классикалық философиясының негізін қалаушы Иммануил Кант (1724-1804). Оның саяси пікірлері Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихының идеялары, өмірлік бейбітшілікке деген еңбектерінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теориялық және қолданбалы әлеуметтану.
Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі
Әлеуметтану ғылымының құрылымы мен қызметтері
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі
Теориялық әлеуметтану түсінігі
Әлеуметтану және әлеуметтік философия
Социология ғылым ретінде
Саяси ғылымның пайда болуы
Пәндер