Батыс аймақ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті

Жараталыстану және географиялық институті

Тынық мұхитына физикалық географиялық сипаттама.

Орындаған: Сұлтанов А. Ж.

Тексерген: Әбілмәжінова С. Ә

Алматы 2022 жылы

Жоспар:

I. Кіріспе

1. Тынық мұхиты - жер шарындағы ең үлкен су айдыны

II. Негізгі бөлім

2. 1 Тынық мұхитындағы Мариянна дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма. .

2. 2 Тынық мұхиты рельефы мен оның әсері.

2. 3 Мұхиттың үш негізгі физиологиялық аймаққа бөлінуі.

III. Қортынды

IV. Қолданылған әдебиеттер

Теңіз бен аспан - шексіздіктің екі символы.

Джузеппе Мацзини

Тынық мұхит - ең үлкен мұхит, оның ауданы 178, 7 млн км2. Кейде оны Ұлы мұхит деп те атайды. Мұхиттың қазіргі атауын португалдық зерттеуші Фердинанд Магеллан 1521 жылы испандық әлемді айналып өту кезінде мұхитқа жеткенде қолайлы желдерге тап болған кезде ойлап тапты. Ол оны «Mar Pacífico» деп атады, ол португал және испан тілдерінде «бейбіт теңіз» дегенді білдіреді. Ол Дүниежүзілік мұхит айдынының тең жартысына жуығын, Жер шары беткі бөлігінің 1/3 бөлігін алып жатыр.

Мұхиттың пішіні дөңгеленіп келген, əсіресе, тропиктік жəне экваторлық белдеулерде батыстан шығысқа қарай өте енді болып келеді. Көлденең қимасы 17, 2 мың км, теңіздерімен бірге 20 мың кмге созылып жатыр. Сондықтан да мұхит беткі сулары салыстырмалы түрде жылы болады. Шығысында мұхиттың жағалау сызықтарының пішіні қарапайым, ал батысында өте күрделі болып келеді. Оған Еуразия жағалауындағы теңіздер, шығанақтар мен бұғаздардың күрделі жиынтығы дəлел болады [Әбілмажінова « Жалпы жертану » 265-266 бет ] .

Су көлемі бойынша да ең жоғары болып табылады- 710 000 000 км 3 . Бұған әсер ететін фактор үлкендігі мен тереңдігі. Тереңдігіне байланысты 3ке бөлінеді олар: Эффатия зонасы -200м бұл жердің басты фаунасы- Наутилас омир суреды. Десфатия зонасы-1000м де теңіз жануары спосован тіршілік етеді. Осы жердің эндемигі. 4000 м ден томен афатия зонасы, бұл жердің эндемигі өзінің формасын өзгерте алатын «үлкен ауыз» жануары. Тынық мұхитының максималды тереңдігі 11022м Челленджер нүктесі. 1957жылы Алексей Добровольский бастаған ғалымдар « Витязь » ғылыми-зерттеу кемесінің 25-ші рейсі кезінде жүргізген өлшеу нәтижелері бойынша Марияна шұңғымасы деп аталады. Бұл шұңғыма екі тектоникалық плитаның түйісу шекарасында яғни Тынық мұхиты тақтасы Филиппин тақтасының астынан өтетін жарықтар бойымен қозғалатын жерде орналасқан. Зерттеулерге сүйенсек 2016 жылдың маусымында Мариана шұңқырынан шыққан терең теңіз шаяндарының денесінде ағынды сулар мен қалдықтар шығарылатын жағалаудағы мұхит суларына қарағанда әлдеқайда жоғары улы заттар бар. Теңіз түбінен де жағалауындағыдай қалдықтар табылуда, сынған метал қалдықтары т. б. бір өкініштісі оларды тазалау өте қиынға соқпақ . Шұңғымаға түсудің өзі 3сағатты алады. Сәйкесінше қысым да жоғарылайды. Қараңғы болғандықтан тек кеме жарығымен жүреді, бірақ бұл да жеткілікті тұрде көмектеспейді, теңіздің түбіне түскенде теңіз түбіндегі тастар қонуға, дүруге ыңғайсыздық тудырады. Тегіс болса топырақтар шаңды болып жоғарыға көтеріледі де, айналаны көру мүмкіндігін төмендетеді. Соған қарамастан әлі де зерттеулер жүргізілген [ «Discovery» сайты Виктор Весков зерттеуі: https://youtu. be/PMUkEw5DDTk ] .

Тынық мұхиты рельефы күрделі болып келеді. Бұл аймақтың батысына қарай Еуразия және Аустралия тақталарының астына жылына 6-10 см жылдамдықпен қозғалып жатқан ең үлкен Тынықмұхит атты тақта орналасқан. терттеулерң бірнеше жерінде мұхиттық жоталар кездеседі. Бұл жаңа мұхиттық қыртыстардың жер бетінен төмен қарай итерілетін аймақтары. Тынық мұхитында жанартау салдарынан пайда болған аралдар көптеп кездеседі. Олардың көбі маржандар түзіп, ақыр соңында мұхит түбіне кетіп, ал кейбіруелері өз соңынан маржан сақиналарын қалдырған. Мұхитының солтүстігінде Тынық мұхитының оңтүстігіне қарағанда көбірек жер бар. Мұхиттың солтүстік бөлігі оның оңтүстігімен салыстырғанда жылы болып келеді, ол Солтүстік Мұзды мұхиттың салқын суларынан Чукот жəне Аляска түбектері мен Алеут жəне Командор аралдарының суасты жоталар тізбегі арқылы бөлініп жатуымен түсіндіріледі. Ал оңтүстігінде Антарктида маңындағы салқын сулар жəне Батыс Желдер суық ағысы ықпалымен өте зор кеңістіктерде мұхит суының температурасы күрт төмендейді.

Мұхит жан-жағынан тектоникалық жəне жанартаулық жолмен қалыптасқан тау жүйелерімен көмкерілген. Олар жалпы атпен Тынықмұхиттық «отты шеңбер» деп аталады. Жанартау атқылау жəне аса қуатты жер сілкінулер Чили, Перу, Аляска, Жапония, Курил, Алеут жəне Гавай аралдары жағалауларына апат əкелетін цунами құбылыстарын туғызады.

Цунами кезінде толқын жылдамдығы 700 км/сағатқа дейін жетіп, ашық мұхит айдынында толқын 2 метрге, ал жағалауға жақындаған сайын 10-15 метр, тіпті одан да жоғары биіктерге көтеріледі. 2007 жылдың тамыз айында Перу мен Чили жағалауларында бірнеше рет қайталанған апатты жер сілкінулері осы «отты шеңберде» болып жататын қозғалыстардың жаңғырығы іспетті [Әбілмажінова « Жалпы жертану » 267-269 бет ] .

Мұхиттың жалпы бассейнін ыңғайлы түрде үш негізгі физиологиялық аймаққа бөлуге болады: шығыс, батыс және орталық Тынық мұхиты аймақтары

Шығыс аймақ Аляскадан оңтүстікке қарай Тиерра-дель-Фуэгоға дейін созылады. Ол салыстырмалы түрде тар және үзілмейтін тау тізбектерімен байланысты, оның жағалаулық жоталары Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жағалауларына келгенде тік көтеріледі. Оған параллель жатқан материктік беткей тар, ал іргелес континенттік беткейі өте тік келген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс еуропа аймағына экономикалық – географиялық сипаттама
Анд тау жүйесі
Батыс Тянь-Шань флорасы. Батыс Тянь-Шаньның физико-географиялық жағдайы
Қазақстан Республикасының аймақтық даму мәселелері
Ресейдің Солтүстік-Батыс ауданы
Жерді табиғи – ауылшаруашылық аймақтарға бөлу
Халықаралық қауіпсіздік
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан туралы ақпарат
Солтүстік – Батыс туристік аймақ
Латын Америкасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz