Баланың сөз сөйлеу, ар-намысын қорғау, ақпарат және қоғамдық өмірге қатысу құқығы. Баланың мүліктік құқығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Баланың сөз сөйлеу, ар-намысын қорғау, ақпарат және қоғамдық өмірге қатысу құқығы. Баланың мүліктік құқығы

Балалардың құқықтық мәртебесін дамытудың Қазақстанда да өз тарихы бар. Егер тарихқа үңілсек, жесір­лер мен же­тім­­дердің мүліктік және жеке құқықтарын, сондай-ақ олар­ға қатыс­ты қауымның және қай­тыс бол­­ған­­дардың туыстарының мін­дет­­темелерін регламенттейтін дала заң­дары­ның жинағы Жеті Жарғының өзінде (XVII ғасыр) Жесірлер туралы заң болғанын атап көрсетуге болады. Отбасы-неке қатынастары саласында ата-ананың бала өміріне құқықтары бекітілді. Бірақ әйелдің некесіз дүниеге келген баланы өл­тір­уі өлім жазасымен жазаланды.

Бала құқықтарының қазіргі тарихы 1994 жылы Қазақстанда Балалар құқықтары туралы конвенцияны ратификациялаудан басталады. Қа­зақ­стан бұрынғы кеңестік елдер кеңіс­тігінде алғашқылардың бірі бол­ып Конвенцияға қосылды және оны ратификациялады, сондай-ақ оның екі факультативтік хаттама­сын ратификациялады. Бүгінге дейін адам құқығына қатысты 60-қа жуық халықаралық құжат, оның ішінде бала құқықтарын қорғауға қатысты 15 құжат ратификацияланды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 45-тен астам ұлттық заңнамалық құжат бар, олар қоғамдағы баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге кепілдік береді.

Көрсетілген заңнамалық құжат­тарда кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің жан-жақты сақталуын қамтамасыз ететін және оларды кемсітушілікке жол бермейтін, балалардың мүдделері үшін мемлекеттік саясатты іске асыру барлық мемлекеттік мекемелердің, жер­гі­лікті атқарушы органдардың қызме­тінің басым саласы болып анық­талған.

Осы мақсатта бала құқықтары кепілдіктерінің құқықтық негіздері қалыптастырылып, баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тиісті органдар мен ұйымдар құрылды. Баланың құқығын қорғаудың тиімді тетігін құру үшін көптеген елдер балалардың құқығын қорғау жөніндегі арнайы органдарды - бала құқықтары жөніндегі уәкіл институттарын (балалардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмендерді) құрды. Швеция, Франция, Италия, Ресей, Балтық елдері және т. б. елдерде осындай мекемелер табысты жұмыс істеуде. Елімізде 2016 жылғы 10 ақпанда Президент Жарлығымен Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылды. Институттың негізгі міндеттері - балалар­дың құ­қық­тары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемле­кет­тік және қоғамдық инсти­тут­тармен ын­тымақтастықта олар­дың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру.

Жас ұрпақты қорғаудың маңызды бағыттарының бірі - кәмелетке толма­ған­­дар­­ды қылмыстық-құқық­тық қор­ғау. Балаларға қа­тыс­ты кез кел­ген зор­лық-зомбылық қа­таң түрде тоқ­татылуы тиіс, бұған жыныс­­тық тиіспеушілікке қарсы қыл­­мыс­­­тар үшін жауап­тылық шараларын күшейту дәлел болып отыр. 2015 жылдың 1 қаң­тарынан бастап Қыл­мыс­тық кодекстің жаңа редакциясы қолданысқа енгізілді, оның 122-бабына сәйкес 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау 5 жылға дейінгі мер­зім­ге бас бостандығын шектеуге, ал дәл сол іс-әрекеттерді ата-анасы, педагог, тәрбиелеу жөніндегі міндет­тер жүктелген өзге адамның жасауы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра оты­рып, 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер белгілі бір лауа­зым­дарды атқару немесе белгілі бір қыз­метпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бос­тан­дығынан айыруға жазаланады. Кәмелет­ке толмағанға қатысты зорлау немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері, оның ішінде еркек пен еркектің жыныстық қатына­сы, әйел мен әйелдің жыныс­тық қатынасы (ҚР ҚК 120, 121-баптары), дәл сол іс-әрекеттер жас ба­лаға қа­тысты жасалса, 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостан­ды­ғы­нан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жаза­лана­ды. Қылмыстық кодекстің 93-бабының 1-бөлігінің 5-тармағына сәйкес (медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлерi) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының тізбесіне химиялық кас­­трациялау түрінде мәжбүр­леп емдеу кіреді. Соны­мен қатар Қылмыстық кодексте жас балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс үшін жәбірленушімен татуласуға байланысты істі тоқтатуға, шартты түрде соттауға заңнамалық түрде тыйым салынған.

Соңғы он жылда балалардың құқы­ғын қорғауды қамтамасыз ету мақсат­ында көптеген жұмыс ат­қар­ыл­ды және жылдан-жылға бала құқығын қорғау жүйесі жетілдіріліп келеді. Бала өзінің физикалық және ақыл-ойының толық жетілмеуіне байла­ныс­ты туғанға дейін де, туғаннан кейін де қашанда арнайы қорғау мен қам­қор­лыққа мұқтаж.

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www. egemen. kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen. kz: https://egemen. kz/article/178843-balalar-quqyghyn-qorghaudaghy-betburys© egemen. kz

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы.

11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы

1. Әрбiр баланың сөз бостандығына және өз пiкiрiн айтуға, ар-ождан бостандығына, өзiнiң қоғамдық белсендiлiгiн дамытуға, жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға, қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ басқа да коммерциялық емес ұйымдардың нысандарына және Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етiлген бейбiт жиналыстарға өз еркiмен қатысуға құқығы бар.

2. Мемлекеттiк органдар балалардың жеке адами тұлғасын, олардың шығармашылық бейiмдiлiгiн, әлеуметтiк белсендiлiгiн, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылығын дамытуды, олардың интеллектуалдық меншiгiн қорғауды, балалардың өмiрi мен денсаулығын сақтауды, қоршаған табиғи ортаны, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғауды өзiне мақсат тұтатын, қайырымдылықты жүзеге асыратын, мәдени және спорттық өмiрге қатысуға тартатын, демалысты ұйымдастыратын қоғамдық ұйымдарға жәрдемдеседi.

13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары

1. Әрбiр баланың заңмен белгiленген тәртiппен және мөлшерде өз ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерiнен қаражат алуға құқығы бар. Балаға алименттер, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтiк төлемдер ретiндегi тиесiлi сомалар ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) билiк етуiне келiп түседi және олар баланы күтiп-бағуға, оған бiлiм беруге және оны тәрбиелеуге жұмсалады.

2. Әрбiр баланың заңдарда белгiленген тәртiппен өз бетiнше немесе өзiнiң заңды өкілдері арқылы мәмiлелер жасауға, банктерде салымы болуға және жалақысына, стипендиясына немесе өзге де кiрiстерiне және интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне билiк етуге, өзге де мүлiктiк құқықтарды иемденiп алуға және оларды жүзеге асыруға құқығы бар.

Ата-аналар немесе заңды өкілдер баланың жәрдемақысын немесе материалдық көмек ретiнде мемлекет бөлген ақшалай қаражатты баланың атына банкке салуға құқылы.

3. Әрбiр баланың өзi тапқан табысқа, өзi сыйға немесе мұра ретiнде алған мүлiкке, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген мүлiкке меншiк құқығы бар.

Өз еңбегiмен табыс табатын бала, егер ол ата-анасымен бiрге тұратын болса, отбасын асырауға жұмсалатын шығындарды бөлiсуге қатысуға құқылы.

Баланың өзiне меншiк құқығымен тиесілі мүлiкке билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен айқындалады.

14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы

1. Әрбiр баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам құқықтары саласындағы білім беру жұйесі
Жол ережесін бұзу бойынша хабар-ошарсыз болмау институты, азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі түсінігі мен мазмұны, мәмілелер ұғымы мен түрлері және жарамсыз мәмілелер - тапсырмаларына жауаптар
Мемлекет. Мемлекет функциясы және белгілері
Балаларды конкурстарға қатысуға дайындау
Баланың құқықтарын қоргау
Құқықтық мәртебенің негізгі түрлері
Жеке мүліктік емес қатынастарды қорғаудың түсінігі және әдістері
Мектеп күніне орай өткізілген педагогикалық практиканың күнделігі
Азаматтық құқықтың обьектілері
Педагогикалық мамандық бойынша білімдендіру үдерісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz