Ақыл-ой тәрбиесіндегі Абайдың көзқарасы, қарасөздерінің тәрбиелік мәні



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Зерттеу жұмысы
Жоба тақырыбы: Ақыл-ой тәрбиесіндегі Абайдың көзқарасы,
қарасөздерінің тәрбиелік мәні
Секциясы: Әдебиет

Орындаған:

Жетекшісі:

2019 жыл

"Ақыл-ой тәрбиесіндегі Абайдың көзқарасы, қарасөздерінің тәрбиелік мәні" ғылыми жұмысына

Пікір
Абай қарасөздерінің мағынасын терең түсіне отырып, оның пікірлерінің құндылығына, өміршеңдігіне талдау жасаған. Ойшыл ақынның даналық сөздерін оқытып, жалпы тіршілік атауының тұтастығын түсіндіріп, әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятып, егеменді еліміздің жас ұрпақтарын жан-жақты жетілген адам атына лайықты азамат болып қалыптасуға тәрбиелеу құралы ретінде мұғалімдер қауымына ұсынуға болатын жұмыс. Ұсыныстарын қоғамдық орындарға тәрбие құралы ретінде қолдануға болады. Ғылыми жұмыс жан-жақты зерттелген.

Жетекші:

Андатпа
Ғылыми жұмыста данышпан ақынның, шығармашылық кемелдену бағытынан адаспай, эволюциялық өсу жолымен жүріп, шығармаларындағы ішкі логикалық ой сабақтастығын жүйелеп, ақынды толғандырған замана мен халық тағдырын ақын көзімен көріп, бұзылған заманды түзету жолын көздеп айтқан "заман емдерін" (адал еңбек ету, сөз ұғу, ғылым табу, "Адам болу", "Толық адам болу", халқын сүю, дос табу, махаббатын аялау) саралап, одан бүкіл адамды рухани тазарта отырып, әлемді, әлемді жаратушыны тануға жетелейтін Абайдың асқақ мұратына шәкірттерімізді бастауды мақсат еттік.

Аннотация
В научной работе мудрый писатель систематизировал путь эволюционного роста, избегал направления творческого прогресса, упорядочивал внутреннюю логику своих произведений, современные методы (верность, речь, наука Быть ​​человеком, Быть ​​человеком, Любовь народа, Найти друга и Любящая любовь) - это начать наших учеников в совершенной судьбе Абая, который ведет мир к Создателю мира, конина.

Аnnotation
In scientific work, the wise writer systematized the path of evolutionary growth, avoided the direction of creative progress, streamlined the internal logic of his works, "modern methods" (loyalty, speech, science "To be a man", "To be a man", "Love of the people", "Find a friend" and "Loving love") is to start our students in the perfect destiny of Abai, who leads the world to the Creator of the world, horse.

Тақырыптың өзектілігі: Абай қарасөздерінің мағынасын терең түсіне отырып, оның пікірлерінің құндылығына, өміршеңдігіне талдау жасай отырып, ойшыл ақынның даналық сөздерін оқытып, жалпы тіршілік атауының тұтастығын түсіндіріп, әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятып, егеменді еліміздің жас ұрпақтарын жан-жақты жетілген адам атына лайықты азамат болып қалыптасуға тәрбиелеу.
Зерттеудің болжамы: Абайдың қарасөздері жай оқи салатын дүние еместігі, бүгінгі тәрбиенің негізгі құралы екендігін айқындау;
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Абай қарасөздері арқылы "Толық адам болу" қағидаларын зерттеу. Зерттеу жұмысының негізгі міндеттері:
1. Ұрпағымыздың рухани болмысын, отансүйгіштік санасын жат пиғылдылар үгітінен аман сақтап қалу үшін, оларды Абай сөздері арқылы нәрлендіріп отыру;
2. Ақын қарасөздері бүгінгі ұрпақты елжандылыққа, отбасын сүюге, ата-ананы құрметтеуге тәрбиелеудің баға жетпес құралы екенін айқындау;
3. Абайдың қарасөздері арқылы рухани болмысымызды, отансүйгіштік санамызды, келесі ұрпаққа үлгі боларлықтай етіп түсіндіріп, ұрпақ санасына сіңіру;
Жұмыстың негізгі нысанасы ретінде Абай Құнанбаевтың қарасөздер жинағы, Абайды зерттеуші ғалымдардың еңбектерін, газет-журнал материалдары, Қазақ тілі мен әдебиет журналын басшылыққа алдым.
Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.

Жұмыстың жаңалығы:
Абайдың қарасөздері - "Толық адам болу", "Адамның баласы болу" сияқты қағидаларды үйренудің негізгі көзі екені анықталды. Қарасөздер арқылы қоғамның келеңсіз жайттарына тұсау салуға болатындығы дәлелденеді. Ақын мұрасы арқылы игі істерге қадам басып, ұрпақ жүрегіне шынайы сезімнің ұшқынын жағуға болатынына көз жеткізу.
Зерттеудің нәтижелері мен қорытындысы:
1. Абай қарасөзері - жастар тәрбиесі үшін бірден бір өнеге мектебі;
2. Абай қарасөздеріндегі айтылған даналық ойлардың бүгінгі күнге қажеттігі, ақын сөзі ұрпағына мәңгі үлгі болатын қасиетті сөз болып қалғандығы.

Мазмұны:
1. Кіріспе
1.1.Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні.
2. Негізгі бөлім:
2.1. Ақыл-ой тәрбиесіндегі Абайдың көзқарасы, қарасөздерінің тәрбиелік мәні
3. Қорытынды
3.3. Абай қарасөздері - бүгінгі тәрбиенің қайнар көзі

Кіріспе
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе!
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге!- деп Сұлтанмахмұт айтқандай, Абай туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі, ана тілінің, қазақ поэзиясының өсіп гүлденуіне зор үлес қосқан қамқоршысы. Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы құбылыс, халқының жарық жұлдызы. Абайдың ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы. Сонымен бірге Абайды ойшыл ақын дейміз. Ұлы ақын туған халқының ұлттық сана-сезіміне сәуле жүгіртіп, қалың жұртымен бірге қамыға отырып, қалам тартпаған тақырыбы жоқ. Өз кезеңінің қоғамдық оқиғаларына терең үңілді. Абай халық тағдырымен ортақ күй кешті, мұңын мұңдады, жоғын жоқтады, асыл мұратын биіктетті. Жұртымды түзеймін, оны ел қатарына қосамын деп, бар уақытын, өзінің күш-жігерін жұмсады. Бұл заманның рухани мүддесінен, қоғамның даму талабынан, ішкі қажеттіліктен туындады. Осынау қажеттілікті ақын терең түсінді. Білім мен ғылымға еріккеннің ермегі деп қарамады. "Жасымда ғылым бар деп ескермедім" деп өзі айтқандай, ол өзінің алдына мәртебелі де мерейлі мақсат қойды. Анығын айтқанда, Абай ғылымда берік эстетикалық принцип ұстанады.
Жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз. Адамгершілік пен арлылық, махаббат пен зұлымдық туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз. Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстары мен сырлары туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз. Тіршіліктің мәңгі сауалдарына жауап іздеп, он сегіз мың ғаламның құпиясын білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз. "Абай-қазақ поэзиясының асқар биігі". Абай поэзиясы - махаббат, сүю, сүйіспеншілікке толы поэзия. Ақынның қай туындысы болмасын, оның алтын арқауы болып Адам тұрады, адамға деген махаббат тұрады. Ақын поэзиясында толық адамның бейнесі тұрады. Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үңіле отырып сезіну - тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар нұрын, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы.
Абай - ұлттық мәдениетіміздің, тарихымыздың ерекше, шын мәніндегі жаңашыл тұлғасы. Поэзия, өнер, философия, тарих, музыка, этика, эстетика, педагогика ... ол қамтымаған сала жоқ.

Ақыл-ой тәрбиесіндегі Абайдың көзқарасы, қарасөздерінің тәрбиелік мәні
"Абай - дария, мен одан шөмішпен қалқып алдым". Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің осылай айтуы тегін емес. Абайдың осындай баға жетпес мұрасының оқу-тәрбие жұмысындағы маңызы өте зор. Өреміз жетіп, ұлтымыздың жас ұрпағын уақыт талабына сай ақылмен, білімпаздықпен, жаңаша таныммен, оқыту-тәрбиелеу ісіне Абай тағылымын пайдалансақ, ақ жол адастырмас.
Біз осы күнге дейін Абайды ақын, ұлы ойшыл ретінде таныдық. Абайтану негізін қалаған М.Әуезов бастап ғалымдарымыз Абайдың ғылыми мұраларын талдап, екшеп, таразылап ой-тұжырымдарын жасады. Бұл-біз үшін үлкен қазына, байлық. Ғалымдар ғылыми тұрғыдан таразыласа, біз соны ұрпақ бойына сіңіру жолын іздестіреміз.
Абай оқыту теориясының ішкі сырларын терең де, жан-жақты білген. Ұсынған дидақтикалық пікірлерінің бүгінгі педагогикамен үндесе қабысып жатқандығын мақтанышпен айта аламыз. Өйткені білім алудың, адам болудың жолын жалпылама айтумен ғана шектелмеген. Қайта, қалай оқу, толық адам болу, оқығанды қалай меңгеру, ал меңгергенді қалай жүзеге асыру керек екендігі жөнінде ұсынған ойлары педагогикалық тұрғыдан өте байыпты. Абай білімді меңгеру мен толық адам болудың әдістемелік амалдарын даналықпен дәл нұсқап, оның педагогикалық, психологиялық негіздерін терең аша білген. "Мен - дейді Абай - егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайдыдеген кісінің тілін кесер едім". Демек, адам мінезін өзгертуге болатындығына көзі жетіп, замандастарына зығырданы қайнап, Абайдың зілдене айтқан бұл сөзіндегі терең мағына - мінез өзгертсе, адамның жан дүниесі де өзгеретіндігінде. Бұл жағынан келгенде бүгінгі психолог-педагог ғалымдармен Абайдың ой-түсінігі іштей тұстасып жатқандығы қайран қалдырады. Ақыл-ой білімін игерудегі сатылық теориясын қолдайтын, әлемдік беделге ие болған поляктың көрнекті педагог ғалымы Винценты Оконь былай деп жазады: "изменяя поведение человека, можно изменить его психику". Міне Абай атамыз адам болу үшін, терең білім алу үшін барлық адам бойындағы жаман мінезді де басқа да кеселді қылықтарды де өзгертуге болатынын айтады. Абайдың өзі айтқандай, бала оқуға өз еркімен емес, оқудың пайдасын түсінген кезде ғана білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттырады. Олай болса, баланың бойындағы барлық қасиеттерді ояту, адами құндылықтарды меңгерту өз қолымызда екенін ескертеді. Абай өз қарасөздерінде білім алудың тиімді жолдары мен толық адам болудың қағидаларын өмірмен байланыстыра отырып, өз басынан өткен небір қиындықтармен ұштастыра келе бүгінгі ұрпаққа өсиет ретінде қалдырады.
Абай бірінші қарасөзінде "Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, яоқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысыи жоқ",- демей ме. Ғылым жолына түсіп, ақындықты мұрат еткен Абайды сонда толғандырған не екен десек "Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман", "Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек" болыпты. Ұйқысын сергітіп, арманын ұлғайтқан қалың елі қазағымның тағдыры екен. Халқын шексіз сүйе отырып заманының "шайтан өрнек тауып бұзылғанын", "терін сатпай, телміріп көзін сатқан" замандастарының бишаралығына күйіне отырып, замандастарына жақсы мен жаманның, алыс пен жақынның нарқын ажыратып беріп, заманды, оның адамын түзетудің жолын көрсетеді. Ол - адал еңбек етіп, ғылым тану, адам болып сөзді ұғу, ел бірлігі, достық, махаббат, өнерді сүю, "толық адам болу", адамзатты сүю, жаратылысты, жаратушыны тануға ұмтылу жолдары.
Абай қарасөздері-философиялық көзқарастары жайлы нақты деректер береді және ақынның шығармашылық зертханасын ашады.
Абайдың 1890-1898 жылдары жазған бір алуан шығармалары қарасөздері. Жалпы саны-45. Қарасөздері алғаш рет Семей қаласында 1948 жылы "Абай" журналында жарық көрді. Абай қарасөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Қарасөздерінің негізгі тақырыптары:
1) керегін тапса, ел алсын; 2) өз мініңді көре біл; 3) қанағатсыздық; 4) өмірдің мағынасын түсіне бермейді; 5) мал туралы мақалдарды сынайды; 6) малға бірлік емес, іске бірлік керек; 7) жан азығы мен тән азығы; 8) байлық кө тұндырады; 9) дұрыс жолды ұқтыру мүмкін емес; 10) жақсылық жасасаң, құран оқыр адам табылады; 11) біріңді қазақ, біріңді дос көрмесең, істің бәрі бос; 12) иман, ұят; 13) иман-дәстүрлі сенім; 14) жүрек-қайраттылық; 15) өз ісіңе есеп бер; 16) жеңіл ойлау; 17) қайрат, ақыл, жүрек; 18) адам баласы - ақыл, ғылым, ар, мінезімен артық; 19) адам естіп, көріп, ұстап, танып, біліп есті болады; 20) дүние бірқалыпты тұрмайды; 21) мақтаншақ (десін дейді, демесін демейді); 22) жаман мінез; 23) салғырттық; 24) көре алмаушылық; 25) оқу, білімнің пайдасы; 26) надандық; 27) Сократ пен Аристотель (жаратушы құдіретін түсіндіреді); 28) бәрі де өзіңе байланысты (бай, кедей болуы); 29) мақалдарды сынайды (атың шықпаса, жер өрте); 30) мақтаншақтық ( ұялмас бетке талмас жақ береді); 31) естігенді ұмытпастыққа төрт нәрсе бар; 32) мінез салты; 33) мал керек болса, қолөнер үйренбек керек; 34) екі дүниенің рахаты, адалдық туралы; 35) имандылық; 36) имандылық; 37) афоризм; 38) әрбір ғалым - хакім емес, әрбір хакім -ғалым; 39) екі қасиетімізді жоғалта бастадық, бірі- сөз тыңдау, екіншісі - намысқойлық; 40) қазақтың шын сөзге ермей, өтірікке сүттей ұйыйтыны несі екен? 41) қазақты билеу үшін қолында билігі бар кісі немесе бай кісі керек; 42) жалқаулық; 43) жүректің айнасы бұзылса, күңгірт көрсетеді; 44) талапсыздық; 45) махаббат сезімі - адамшылдықтың алды;
Қарасөздердің 6-7 түрі көлемі қысқа, аз болып келеді. Олар: 16,18,19,20,24,31,45. Барлығы - жетеу. Ерекшелігімен көзге түсетін қарасөз - отыз жетінші.
Афоризмдер. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Жаман дос - көлеңке, басыңды күн шалса қашып құталы алмайсың, басыңды бұлт шалса іздеп таба алмайсың.
Сократтан алынған үзінді (27-сөзде) ерекшеленеді. 38 -сөз - "ғақлият-тасдихат". 46-сөз -тарихи очерк. Мұнда қазақ халқының пайда болуы туралы айтылады. Сонымен, ерекше көзге түсетін қарасөздер саны-11. 1-сөзде ақын мақсатын айтады. 2-сөзде халықтарды салыстырады. 3-сөзде билеуші тапты сынайды. 4-сөзде күлкі әшкереленіп, "ызалы күлкі - өзі де қайғы" деп қорытынды жасайды. 5-сөзде және 29-сөзде қазақтың мақал-мәтелдері сыналады. 6,8,9,10,14,23,26,29,33,39,40,41,43 - сөздерде ел мінезі сыналып, надандық әшкереленіп, білім насихатталады.
Абайдың "Жиырма сегізінші сөзінде" халықты имандылыққа, ақылды, тоқтатуға, біреуге қиянат жасамауға шақырады. Күндестіктен аулақ бол, еңбек ет, ғылым үйрен, бәрі де өзіңе байланысты деп түсіндіреді. "Жоқ, сен жақсылық, жамандықты жаратқан құдай, бірақ қалдырған құдай емес; ауруды жаратқан құдай, ауыртқан құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан - құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес деп нанып ұқсаң болар, әйтпесе, жоқ,"-деген үзіндіден түсінеміз.
Абайдың қарасөздері тақырып жағынан ақынның өлеңдерімен астасып жатады. Алайда әңгіме- сұхбат жанрының өзінің ерекшелігін толық пайдаланыпғ Абай адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім-ғылымды игеру, қоғамдағы әр түрлі топтардың қылып жүрген харекеті, мінез-құлқы, адамгершілік, имандылық секілді бірталай мәселелерді қара сөздерінде кеңінен толғайды, үлкен көрегендікпен көптеген құнды пікірлер түйеді.
Абайдың "Он жетінші қарасөзі" болашақ ұрпақ жүрегіне адамгершілік қасиеттерді сіңіруді ойлайды.
Ақыл: -Дүние мен ахиреттегі пайда мен залалды ілетұғын -мен, Менсіз... залалдан қаша алмайды, ғылымды үйрене алмайды.
Қайрат:- Ерінбей, жалықпай үйрену-менің ісім. Адасқан жолға бара жатқан бойда қайта жиғызып алатұғын - мен.
Жүрек:- Адам денесінің патшасымын, менсіз тіршілік жоқ. Ұят, рақым мен мейірім, әділет, нысап менен тарайды.
Ғылым: - Ей, қайрат! Қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол. Кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман. Адалдық пен ізгілік - тек жүректің ғана ұстанатын жолы. Адам үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні
Ұлы ойшыл Абайдың қарасөздері - қазақ әдебиетіндегі ерекше дара туынды
Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні
АБАЙДЫҢ ҚАРАСӨЗДЕРІНІҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Абай қарасөздерінің зерттелуі
Абай Құнанбаев пен Ғабит Мүсірепов нақыл сөздерінің үндестігі
Абай шығармаларының тәрбиелік мәні
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ (1845—1904) туралы ақпарат
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер