Компьютердің құраушы бөліктерін іздеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Компьютердің құраушы бөліктерін іздеу.

Орындаған: Бекмолданова. Кенжегуль

Компьютерді құрастыру үшін алдымен антистатикалық қолғап немесе антистатикалық білезікті қолға тағу керек. Осы құралдар болмаған жағдайда, құрылғыларды ағытпаларына орнатар кезде, екінші қолмен жүйелік блоктың қорабын ұстап тұру қажет.

http://konspekta.net/allrefs/baza3/1633545953641.files/image232.jpg

Антистатикалық қолғап және білезік

Компьютерді құрастыру мен бөлшектеу үшін мынадай алгоритм бойынша қызмет еткен жөн:

1. Алдымен орнататын құрылғылардың орауларын шешу керек;

2. көрсетілгендей қажет құрал жабдықтарды жинақтап алыңыз;

3. Әрбір бөлшектің аталуын дәл білуге ұмтылыңыз;

4. Жүйелік блокқа орналастырылатын жүйелік тақтаның орны мен оны бекітуге қажет болатын бұрандалар мен саймандарды дайындаңыз;

5. Қорапты өз ыңғайыңызға қарап, көлденеңінен оң жақ бетін төменге қаратып үстелге қойыңыз;

6. Жүйелік блогына жүйелік тақшамен келетін енгізу-шығару тақтасын жүйелік блоктың ішінен орнату керек;

7. Монтаждық көзге жүйелік тақшаның тесікшелері дәл келетіндей етіп жай ғана қойыңыз;

8. Дәлдікке көзіңіз жетсе ғана бұрандаларды бекітіңіз.

9. Процессорды жүйелік тақшаның процессорлық ұясына орнату (кейде жүйелік тақшаны жүйелік блогына салмастан бұрын тақшаны тегіс жерге қойып процессорды орнатып алады) ;

10. Процессордың үстіне термосықпаны жағып, кулерді орнату (термосықпа процессор мен салқындатқыш арасындағы жылу алмасуын жақсартады) ;

11. Қоректендіру блогы баусымдары жүйелік тақшаға жалғанатындай етіп, қораптың сыртқы артқы тақтасына коректендіру блогынан электр тогына жалғайтын ағытпа қарайтындай етіп оң жақ жоғары жағына орналастырып бекітіңіз;

12. Диск-жетектерді (FDD, CD-DVD) компьютердің алдыңғы тақтасына орналастырыңыз;

13. Қатқыл дискіні қораптың ішкі алдыңғы бөлігіндегі орынға орналастырып, бұрандалармен бекітіңіз;

14. Бейнекартаны, жедел жадыны жалғаңыз.

15. Жүйелік блогына желдеткіштерді орнату;

16. Тағы басқа құрылғылар болса жүйелік блоктың бітеуіштерін ағытып алып орнатуға болады;

17. Құрылғылардың барлығын орнатқан соң кабельдер мен байсымдарын ағытпаларына орнату қажет;

18. Компьютер жұмысқа дайын екеніне көз жеткізіңіз.

19. Осы әрекеттерден соң жүйелік блоктың қорабын жабуға болады.

http://konspekta.net/allrefs/baza3/1633545953641.files/image234.jpg

Жүйелік қорабының айырып-қосқыштар мен индикаторлардың қосу схемасы

http://konspekta.net/allrefs/baza3/1633545953641.files/image236.jpg

Компьютерді құрастыру кезіндегі көрініс

http://konspekta.net/allrefs/baza3/1633545953641.files/image238.jpg

Жүйелік тақшаны орнату жолы

http://konspekta.net/allrefs/baza3/1633545953641.files/image240.jpg

Алдыңғы суретте көрсетілген құраушылардан құрастырылған жүйе

Компьютерді бөлшектеу үшін жоғарыда көрсетіліп кеткен әрекеттерді кері қарай орындау қажет.

Компьютерді жаңғырту

Кез келген құрылғы біраз уақыт өткеннен кейін өзінің мүмкіндігін жоғалта бастайды немесе қазіргі заманның талабына сай келмейді. Басты себебі - ешкім өзгертіп жоя алмайтын және қашанда үзіліссіз даму үстіндегі ғылыми-техникалық үрдістің болуы.

Компьютерлер және кез келген компьютерлік техникаға келсек, құраушыларының ескіруі немесе істен шығуы техниканың жұмыс жасауының нашарлағанынан байқауға болады. Сондықтан, ерте ме кеш пе жүйені жаңғыртуға тура келеді.

Жаңғырту (модернизация, апгрейд) - ескірген құрылғыны жаңасына ауыстыру немесе берілген конфигурацияға жаңа құрылғыны қосу. Басқаша айтқанда, бастапқы конфигурацияны қолданушының жаңа талабына сай өзгерту.

Конфигурация (пішін) - бұл компьютердің жұмысын анықтайтын толық жиынтық: жүйелік тақша, процессор, жедел жады, қатқыл дискі және т. б.

Жаңғырту себептері

Егер компьютер жылдамдығы берілген тапсырманы шешуге жеткіліксіз екендігіне, қалаған нәтижеге қол жеткізуге кедергі келтіретініне сенімді болсақ, онда ең алдымен әлсіз буынды анықтап алған жөн. Тек сонда ғана компьютердің жұмысын арттырудың бағытын, жолын таңдауға болады. Егер оның графикалық мүмкіндіктері қанағаттандырмаса, онда орнатылған графикалық бейімдеуішті талдап, тексеріп және қандай операцияларды шеше алатынын, ал егер процессор жылдамдығы жеткіліксіз болса, онда оған қандай тапсырма жетіспейтінін анықтап алу қажет.

Компьютерді жаңғыртуға әкелетін себептер көп. Алдымен ақау жерлерін аңықтау қажет, мәселен, қатқыл дискінің шуылы, процессордың қызуы. Бірінші жағдайда жүйелік қорапты ыдыратып, тыңдау жеткілікті, екінші жағдайда - арнайы бағдарламаны орнатып, температурасын тексеру керек. Қалған құраушылардың жұмысын тек компьютермен жұмыс жасау кезінде алған әсерінен анықтауға болады.

Жаңғыртуға келетін негізгі құраушылар:

1. Процессор 3D-графиканы қолданғанда, бейне және дыбысты өңдегенде және кез келген бағдарламалармен жұмыстанғанда үлкен маңызды роль атқарады.

2. Жедел жады ешқашан көп болмайды. Қарапайым бағдарламалармен жұмыс істеуге, ережеге сәйкес, 512 Мбайт жеткілікті. Егер компьютерлік ойындарды алсақ, жадының көлемі кем дегенде 2-4 Гбайт болу керек. Ол процессордың, жадының жылдамдығына кепіл бола алады, компьютердің жалпы өнімділігін 15-20 % -ға арттырады.

3. Бейнекарта жадының көлемі кем дегенде 64 Мбайттан кем болмауы тиіс. Егер қолданушы графикалық бағдарламалармен жұмыстанса, онда PCI Express 16x интерфейсті, графикалық жадының көлемі 512 Мбайттан жоғары болса жеткілікті.

4. Қатқыл дискі тек сақтау қоймасы ретінде маңызы зор десеңіз, қателесесіз. Негізінде бұл ақпаратты сақтауға арналғанымен, жедел түрде қажетті ақпаратты алатын құрал. Ол әрбір ақпаратты жазғанда жылдамдыққа бағынады. Оның жұмысы жай болса, онда компьютердің де жұмысы баяулайды. Ол процессорға, бейнекартаға, жедел жады көлеміне тәуелді. Сондықтан компьютерге жай қатқыл дискі қойылса, оны жаңа көлемді жылдамдығы көп қатқыл дискіге ауыстырған ыңғайлы.

5. CD/DVD диск-жетекке көптеген мәліметтерді сақтап қоюға болады, мәселен, музыка, бейнефильмдер, кітаптар және т. б. Жаңғыртуға келгенде қазіргі заманның талабына сай екі қатарлы және екі жақты DVD-дискіге жаза алатын DVD диск-жетегіне ауыстырған жөн.

Компьютер жұмысының жылдамдығы көптеген құраушылырынан бағынады. Сондықтан қай жері жаңғыртуға келетінін анықтау керек болса, тестілік утилиталар көмектеседі.

Жүйенің өнімділігін Windows Vista/Seven стандартты құраушысымен тексеруге болады, немесе өзге тестілік бағдарламалар арқылы: BurnIn Test Pro, SiSoftware Sandra, 3DMark және т. б.

http://konspekta.net/allrefs/baza3/1633545953641.files/image242.jpg

Тестілеу утилитасының Windows Vista терезесі

Windows Vista-да өнімділікті тестілеу жүйесі - компьютерде орнатылған құрылғылардың өнімділік индексін тексеру мақсатында тестілейтін құраушы. Кейін бұл индексті операциялық жүйе компьютердің белгілі бір бағдарламаны орындай немесе орындай алмайтындығын анықтау үшін қолданылады.

Операциялық жүйені қосқаннан кейін автоматты түрде жүйені тез баптауға арналған механизмдерге сілтеулері бар <Алғашқы жүктеу орталығы> терезесі ашылады.

http://konspekta.net/allrefs/baza3/1633545953641.files/image244.jpg

Жүйенің өнімділік индексінің толық бағасы

Біздің жағдайымызда 3, 0 индексі. Ол операциялық жүйе қосылғанда анықталады. Ескере кететін жайт, жүйе бұл индекстерді автоматты түрде өзгертпейді, себебі жүйені тестілеуге көп уақыт алады. Сондықтан құрылғыларды ауыстырып қосқанда, өнімділік индексін өзгерту үшін тестілеу жүйесін қайта

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ - ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗІ
Мультимедиялық оқулық жасау негіздері
Компьютерлік вирустар және оның түрлері жайында
Мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу
Электрондық оқыту құралдарының функционалдық сипаттамалары
Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудағы педагогикалық шарттар
Мультимедиялық жүйені ұйымдастыруда бағдарламалық құралдарды пайдаланып, алгоритм құру
Электрондық оқулыққа қойылатың жалпы талаптар
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі
Статистикалық физика.Физикалық кинетика негіздері оқулығы бойынша электрондық оқулық құру тақырыбын
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz