Қазіргі қазақ прозасындағы романтикалық сарын

Көп ғасырлық бай дəстүрі бар қазақ əдебиеті ұлттың рухани мəдениетінің үлкен бір құрамдас бөлігі ретінде үздіксіз жүйелі əрі көп кешенді зерттеуді қажет етеді. Əдебиет тарихының түрлі кезеңдерін теориялық тұрғыда бағымдау əлемдік көркем мəдениет дамуының жалпы жүйесінде диахрондық, синхрондық аспектілер тұрғысынан халықтың рухани ізденістерінің орны мен қызметін анықтауға, сол арқылы егеменді еліміздің жалпыазаматтық ғылыми-мəдени үрдіске батыл қадам жасауына мүмкіндік береді.
ХХ ғасырдың соңы -- қазақ əдебиетінің даму тарихындағы күрделі кезеңдердің бірі. Бұл тұста əлеуметтік-саяси формацияның, қоғамдық сананың өзгеруіне байланысты қоғамда қалыптасқан эстетикалық идеалдар мен рухани мəдениетіміздегі құндылықтарды қайта қарау, бағалау орын алды. Қазақ елі тəуелсіздікке қол жеткізген 1991 жылғы атаулы күннен жаңа қоғамдық дəуір, жаңа тарихи кезең басталды. Еліміздің егемендік алып, рухани еркіндікке ие болған бұл кезеңді тəуелсіздік жылдарындағы қазақ əдебиеті деп атаймыз. Осы тұста ұлттық əдебиеттің даму ерекшеліктерін жаңаша көзқараспен, əділ бағалау үшін қазақ əдебиеті тарихын ешқандай идеологиясыз, таза əдеби, рухани мұра ретінде зерттеу мүмкіндігі туды. Тəуелсіздік жылдарындағы əдебиеттануда бет алған басты ғылыми бағыттардың бірі -- бұрындары ойдан шығарылған социалистік реализм əдісімен əдіптеліп, сыңаржақ көзқарас тұрғысынан бағаланған əдеби шығармаларға жаңаша ойлау жүйесіне əділ бағасын беру қолға алынды.
Əдебиет тарихына көз жіберсек, қашанда жаңа дəуірдің жаңа тақырып ала келетіні белгілі. Еліміз егемендік алғаннан кейінгі жылдар əдебиетінде жаңа бетбұрыс байқалды. Жаңа заман лебі дүниеге жаңаша көзқарасты қалыптастырды. Əдебиетке жаңа қаһармандар келді, өмірді бейнелеу кеңістігі кеңейді, философиялық сарын, драматизм күшейді. Əдебиет өмірді бұрынғыдай таптық аяда бейнелемей, əлеуметтік-шаруашылық мүддені емес ұлттық мүддемізді жоқтаған күрескер кейіпкерлерді алға тартты. Тəуелсіздік жылдарындағы проза кеңес дəуіріндегі қуғын-сүргіннің сырын тереңдете ашуға бет қойды. Руханият, инсаният мəселелеріне терең бойлауға мүмкіндік туды. Уақыт талабына орай тереңге тамыр жайып, жаңа сапалық қасиеттермен толыса түскен əдебиетіміздің қуатты бір бұтағы прозада өзгеше бояу, соны нақыштар, рухани ізденістер бой көрсетті.
Жаңа дəуір жаңа мазмұн əкелсе, көркем əдебиеттің оның табиғатына сəйкес жаңа формада бейнеленуі заңдылық. Осыған орай, тəуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасының мақсат-мұраты, тыныс-демі, өрнек-айшықтары да жаңаша, өзгеше болып қалыптаспағы заңды болатын. Алдымен кешегі кеңестік замандағы идеология келмеске кетті. Қазақ прозасы айтар ойының ауқымдылығымен, психологиялық тереңділігімен, көркем образдардың кеңдігімен, сан алуандығымен ерекшеленеді. Прозада түрлі тенденциялар, алуан əдеби дəстүрлер табиғи үйлесті.
Қазіргі қазақ прозасы егемендікке қол жеткізген тəуелсіз қазақ мемлекетінің аяғына тұруы, қалыптасуы жағдайында дамыды. Осыдан келіп қаламгерлер жаңа мазмұндық, пішіндік ізденістерге ұмтылып, болмыстың дəстүрлі түсініктері мен социалистік реализмге тəн концепциялардан бас тартты. Тəуелсіздік жылдарындағы қазақ əдебиетінде тарихымызды қайтадан жаңа көзқарас тұрғысынан саралау, тарихи оқиғаларға жаңаша баға беру орын алды. Жазушы халқымыздың өткен тарихи бастауларына ден қойды. Осы ретте қаһарманның ішкі əлемінің ұңғыл-шұңғылына бойлау, оның қоршаған ортамен, болмыспен қарым-қатынасын көрсету басты бағдарға айналды. Прозалық шығармаларда адамгершілік жады, инсаният, жатсыну мəселелері алдыңғы қатарға шықты.
ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында күрделі көркем проза ағыны қарқындылығымен жəне сан алуандығымен ерекшеленді. Көркем проза контекстінде бинарлық оппозицияларға құрылған мəңгілік тақырыптар (өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, махаббат пен зұлымдық, жалғыздық, жатсыну) алдыңғы қатарға шықты. Əлемнің шектеулілігі мен шексіздігі, ғарыш, өмір, кеңістік пен уақыт мəселелерінің драмалық кернеуі ұлғайып, ұлттық прозамыздың көркемдік тініне жымдаса өрілді.
Махаббат -- адамзаттың даму тарихында, жеке адамның ғұмыры мен тағдырында, жүрегінде із қалдыратын сезім. Мəңгілік махаббат -- романтикалық тақырыптардың бірі. Əлем əдебиетінің алтын қорына кірген мəдени-рухани жəдігерлердің алтын арқауы -- жастық пен махаббаттан құралған. Жалпы романтизм эстетикасында махаббат сезімі айрықша орында. Романтиктердің махаббатты бейнелеуге көп мəн беруі кездейсоқтық емес. Тек махаббат арқылы адам жанының бірлігін, екі жүректің одағын көрсетуге болады деп пайымдайды. Романтиктер махаббатты адамды адаммен ғана емес, барлық тірі дүниемен жақындастыратын, біріктіретін ұлы құпиялардың бірі (Шелли
Махаббат философиясы) деп таныды. Өмірдің бірлігі тек махаббат арқылы ғана жүзеге асады. Махаббат арқылы əлемді тануға, ең жоғарғы үйлесімге жетуге болады. Махаббат -- күйкі тіршілікке ұлы өзгеріс əкелетін, адам жанын түлететін, жаңартатын қуатты күш. Романтиктер тек сүйетін адамның ғана көзі ашық, ал сүйе алмайтындар соқырлар деп таныды. Махаббат туралы шығармалар көркем əдебиетте бұрын да жазылған. Алайда, Ж. де Сталь əділ бағасын бергендей, тек романтиктердің туындыларында ғана махаббат киелі, рухани толымды қасиетке, құрбандыққа, өлімге де даяр тұратын мазмұнға ие болды.
Еуропа əдебиетіндегі романтикалық шығармаларда да махаббат тақырыбы ерекше орын алады. Романтиктер сүйіспеншілік сезімімен тұлғаның терең рухани болмысын сабақтастырады. Кейде тіпті тұлғаның тіршілігі, өмірінің мəні махаббатқа, сүйетін адамының өмірімен ғана байланысты болады. Мəселен, Байронның шығыс поэмаларында басты кейіпкер сүйікті жарын, махаббатын жоғалтса, өлімге бел байлап, өмірден безеді. Мұнда жалғыз махаббат сезімі ғана емес, сонымен бірге оны жоғалтқаннан кейінгі қайғы-қасірет те маңызға ие. Махаббат сезімі қаншалықты күшті болса, оның қайғысы да соншалықты ауыр. Романтиктерге тəн əлемдік қайғы да осы сезімдермен өзектес. Байрон, Эдгар По қаһармандары, Шатобрианның Ренесі, орыс əдебиетіндегі Онегин мен Печориндер де осындай кейіпкерлер галереясын құрайды.
Махаббат тақырыбы, махаббат туралы түсінік романтиктердің əлем, өнер мен адам концепциясында үлкен орын алады. Махаббат -- ол бүкіл Ғарыштың (Вселенная) құпиясын айқындайтын жəне түсіндіретін нəрсе, ол өзінің қасиеті жағынан əрі шексіз, əрі адал, əрі құпия, əрі ғажайып болуы қажет [1]. Тек махаббат ғана табиғатты, əлемді тануға мүмкіндік береді. Ғашық, сүйетін адамның жағдайы былайша айтқанда, тұлғаның ішкі көзін, жанарын ашатындай, оның қабілетін күшейтеді, шығармашылыққа бастайды. Шығармашылық -- романтиктер үшін өмір сүрудің шарты. Сезімдер əлемі ғарышты тануға мүмкіндік береді. Повесте де осы сарын Шалдың ғарышпен байланысы, олардың бірігуі, өзара түсінісуі арқылы маңызды орын алады.
Махаббат -- қазіргі қазақ əдебиетіндегі тым тереңдемеген тақырып болғанымен, бұл бағыттағы нəрлі ізденістеріміз бен рухани олжаларымыз жоқ деп айта алмаймыз. Бұған халық ауыз əдебиетінің үлгілері, лиро-эпостық жырларымыз, ежелгі əдебиет пен жыраулар поэзиясы, Абайдан, Мағжанға, Əуезовтің көркемдік əлеміне ұласқан ғашықтық иірімдері мысал бола алады.
Т.Ахметжанның Сұлу мен суретші (2001) шығармасы адамзатты ықылым заманнан бері толғандырып келе жатқан мəңгілік тақырыптарды: қоғамның махаббат пен өнерге деген қарым- қатынасын суреттейді. Повестің негізінде драмалық ширығыс пен адамгершілік проблематикасы жатыр. Жазушы повесте адам тағдырының рухани драмасын жан-жақты талдайды. Шығармада шым- шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адамның санасындағы өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезім құбылыстары талданады.
Жазушының тағы бір повесі -- Нобель сыйлығында реалдылық пен романтикалық фантастиканың, тұрмыстық жəне поэтикалық деңгейдің бір шығарма аясында өзара ұштасқан бірлігін көреміз. Ар-ұят періштесінің адамдарды сынауы үшін жерге түсуі, олардың ұятын оятуға тырысуы, соңында не Иранбаққа қайта алмай, не жерде қала алмай əуеде қалықтап қалуы шығармадағы фантастикалық сарынды күшейткен. Шығармадағы оқиға желісінде періште қаланың ол шетінен бір, бұл шетінен бір шыр-пыры шығып, адамзаттың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz