МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ ҚАЙСЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚОШҚАРБАЕВ ЕРНАР ҚАСЫМҰЛЫ

Ташкент облысы Шыршық мемлекеттік

педагогика институты Қазақ тілі мен

әдебиеті бағытының 2-курс студенті

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ ҚАЙСЫ?

Аннотация:

Алаш қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, артына өшпес мол мұра қалдырған қаламгер Мағжан Жұмабаевтың өмірінің соңы шын мәнінде қалай болды. Ол 1938 жылы шынында атылған ба?

Кілтті сөздер: ақын, күрескер, оқу-ағарту, редактор, партия, съезд.

Аннотация:

Чем закончился жизненный путь Магжана Жумабаева, алашского деятеля, поэта, яркого представителя казахской литературы, писателя, оставившего неизгладимое наследие. Его действительно расстреляли в 1938 году?

Ключевые слова: поэт, борец, просветитель, редактор, партия, съезд.

Annotation:

What was the end of the life of Magzhan Zhumabayev, an Alash activist, poet, an outstanding representative of Kazakh literature, a writer who left an indelible legacy. Was he really shot in 1938 ?

Key words: poet, wrestler, educator, editor, party, congress.

Мағжан ұлт өмірінде үлкен рөл атқарған, шығармашылығынан туған халқының тынысымен қатар, тұтас кезең бейнесі көрініс тапқан көрнекті тұлға бо­ла­тын. Көзінің тірісінде-ақ Мағжанды тек қазақ оқырмандары ғана емес, Ресей әдебиетшілері де жоғары бағалап, әлемдік деңгейдегі ақын ретінде таныды. Мағ­жан­ның бұл реттегі артықшылығы, ол сонымен бірге жалынды күрескер де еді. Яғни ол күш-қайратын халқының тәуелсіздігі жолына жұмсап, оқу-ағарту арқылы ұлтын биік деңгейге көтеруді, жаңғыртуды көк­седі.

Жалпы оның өмірбаянына тоқталсақ.

Мағжан Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Бұлаев ауданында орта дәулетті үлкен отбасында дүниеге келген. Әкесінің есімі Бекен, анасы - Гүлсім. Бекен мен Гүлсімнің отбасында 7 ұл бала мен 2 қыз тәрбиеленді. Әділдігімен, адамгершілігімен өз ортасының алды, беделдісі болған БекенніңМүсілім, Қахарман, Мағжан, Мұхаметжан, Салтай, Қалижан, Сабыржан, Гүләндан, Гүлбарам есімді балалары болды. Әке қамқорлығының арқасында барлық балалар қажетті бастауыш білім алды. Олардың ішінде Мағжан, Қалижан және Сабыржан жоғары білім алады. Ол уақытта кез-келген ата-ана мұндай молшылық көрсете алмайтын, бірақ Бекен балаларының болашағы үшін бәрін жасады.

Мағжан ауылмолдасынан сауатын ашып, 1905 - 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М. Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді. Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды

1910 - 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ. Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С. Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б. Майлинмен танысады. Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ” журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды.

1913 - 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. “Бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып, “Балапан” қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, “Қазақ” газетіне өз өлеңдерін жариялайды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкіл ресейлік мұсылман съезіне қатысты.

Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімі бойынша Бүкіл ресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. “Алаш” партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. “Үш жүз” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпы қазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті.

1918 - 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919 - 1923 жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде, “Шолпан”, “Сана” журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады.

1923 - 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады. 1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Мағжанның 1922 жылы қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды. Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы “Еңбекші қазақ” газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын “Сәлем хат” деген өлең жазды. Ол “Тілші” газетінде жарияланды. “Еңбекші қазақ” газетінің 1924 жылы 19 желтоқсанындағы санында С. Мұқановтың “Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына” деген ескертпемен “Сәлемге сәлем” деген жауап өлеңі басылды. Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, “уралапайқайламадың” деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Мағжан қатаң сынға алынды.

Ақын 1927 - 1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады. 1929 жылы Жұмабайұлы “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М. Горький мен Е. Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады. Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады.

1937 жылы наурызда Мағжан Бекенұлы Алматы қаласына келеді келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді деп барлық әдебиеттерде жүргізіледі.

Былайша айтқанда, Мағжан шынымен де 1938 жылы атылдыма? Рас, барлық құ­жат­тарда «Мағжан 1938 жылы 19 нау­рыз­да атылды» деп айтылады. Бірақ хал­қы­мыздың ұлы перзенттерінің бірі, даңқты қол­бас­шы Бауыржан Момышұлы Мағ­жан­ды соғыстан кейінгі жылдары өз көзімен көргенін маңайындағы жұрттарға айтып та, естеліктерінде жазып та кетіпті. Батыр баба әңгімесіне сүйене отырып, біз де Мағжанның кейінгі өміріне қатысты шындықты іздестіріп көруге тырыстық . . .

Бауыржан МОМЫШҰЛЫ - Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы.

Мен Мағжанды көрдім

1948 жылы мен Сібірдегі 59-бригада командирінің орынбасары болып тағайындалдым. Кезекті әскери жаттығулар өткізіп жүрген кезімде ну орманның арасында отқа жылынып отырған бір топ адамды көріп, маңына жақындадым. Киген киімдері бір түрлі, әсілі сотталғандар болу керек. Олардан өзгешелеу, басында түлкі тымағы бар бір адам 10-15 метрдей жерде өз алдына жылынып отыр екен. Тегінде қазақ сияқты. Мен соған жақындап келіп, қазақша «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем бердім. Ол менің сәлемімді ернін жыбырлатып қана қабылдап, түріме одырая қарады да үндемей отыра берді. «Бұл не қылған адам?» деп өз ойымды жинап алғанша, ол теріс қарап отырған күйінде:

- Маған жақындама, бәлем жұғып кетеді, - деді. Сол кезде барып менің есіме Мағжан түсіп, оның өлеңдерін жатқа айта бастадым. Ол сәл жібіп:

- Менің жағдайым қиын ғой, маған жақындамағаның дұрыс болады. Шамаң келсе, мені елге жеткіз, - деді. Мен оның қазақтың ақиық ақыны Мағжан екенін біліп, шамам келсе көмектескім келді де:

- Мен он шақты күннің көлемінде қайта ораламын. Сол кезде дайын болып тұрыңыз, - дедім. Он шақты күннен кейін уақытым болмай, қайтып келе алмадым. Бір айдан кейін келсем, түрменің бастығы маған оның сал айдап жүріп суға кетіп қайтыс болғандығын айтты.

(Қаһарман Бауыржан Момышұлы, 98-бет. Алматы, «Өнер» баспасы, 2008 ж. )

Кей деректерде «Мағжан 1951 жылы лагерьде Магаданда қайтыс болды» делінеді. Мағжан Жұмабаевпен соғыстан кейін Колыма лагерінде бірге болған Абдулла Әбдірахманов 1951 жылы ақынның аштық пен аурудан көз жұмғанын көргенін айтқан.

Абдулла қарттың айтуынша Сусуманскдегі лагерьде ұзын-ырғасы 5 мыңдай адам жазасын өтеген. Осы жерде ол жарты жыл бойына белгілі ақын Мағжан ЖҰМАБАЕВПЕН тағдырлас, сырлас болады.

- Әрине мен оның аса белгілі қайраткер екенін білгенім жоқ. Тек иісі қазақ болған соң жауаптасып аз-мұз сөйлесіп жүрдік. Оның істейтін жұмысы бөлек, менікі бөлек болғанмен қабат-қабат нар қылып салып тастаған 30-40 адамдық жатын орнымызға бірге оралатынбыз. Мағжана йдауда көп жылдар жүргендіктен денсаулығы нашар, әлжуаз еді, -деп суреттейді ұлы ақынды Абдулла ақсақал.

Қарияның айтуынша қазақтың дана ұлымен 6 ай бірге жүрсе де кең отырып, арқа-жарқа әңгіменің реті болмаған. Өйткені, айдалғандар арасында НКВД-ның тыңшылары болатын еді. Кімге не айттың, қандай оймен айттың деп, әр сөзіңді салмақтап, өлшеп сөйлеген уақыт еді ол. Әсіресе 58-баптың салмағы тым ауыр, ол саяси бағытта болғандықтан, оны арқалағандарға деген бақылау ерекеше болған.

- Мағжанның шер болып қатып қалған бір арманы бар еді. Сол ішіне сыймағанда қайта-қайта айтатыны: «Шіркін, Сәбиттің, Мұқанов Сәбиттің жүзін бір көрсем» дейтін. Ол оны көріп, жағасынан алсам деп емес, тек бір көрсем деп арман қылатын. Оның айтуынша белгілі жазушы Сәбит Мұқанов оған ерекше зәбір көрсеткен көрінеді, -дейді Абдулла қарт.

Ұлы ақынның атыраулық қартқа айтты дегеніне мән берсек алғашқы жазасын өтеп келген Мағжан Жұмабаевтың қолтығынынан демеп, қайта жұмысқа орналасуына осы Сәбит Мұқанов себепкер болған. Бірақ . . . ол тек тұзақ болғанға ұқсайды.

- Алдымен сен жаман ойыңнан арылып, түзеліп келіпсің деп жұмысқа алады. Бірақ бір күні «мына шіріген жұмыртқа, тағы шіріп жатыр» деп НКВД-ға ұстатып жібереді. Мұны да маған есіл азамат өзі айтқан, - дейді ақсақал. Бұдан бөлек Мағжан Мұқановтан өзге қазақ зиялыларына қырғидай тигендердің қатарына Қазақстанның бұрынғы жетекшісі, 30-шы жылдардағы ОГПУ-НКВД органдары қызметкері Жұмабай Шаяхметов мен ақын Асқар Тоқмағамбетов деген кісілердің есімдерін атаған. Әрине, бұл екі тұлға жайлы Қазақстандағы қоғамдық пікір әзірге жағымды.

«Ол азапты көп көргендіктен, денсаулығы нашар еді. Жұмысқа шықпай ауырып жатқандарға 400 грамм ғана нан беретін. Біз оған артылған нанымызды, шайымызды апарып беретінбіз. Шифер қайнатып ішетін. Өлер алдында ісініп-кебініп, төрт тағандап жүре алмай қалды. Тістерінің бәрі босап, иектері ас жегізбейтін. Цингамен ауырды. Өмірден солай өтті», - деген еді Абдулла ақсақал.

Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ -Абайтанушы, Бауыржантанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Баукеңнің өтірік айтуы мүмкін емес

- Мағжанды көргенін Баукең маған ке­зінде айтқан. «Ол кісі 1938 жылы аты­лып кетіп едіғой» деп едім, «жоқ, КГБ-ға сенуге болмайды. «Атылды» деп жай құ­жат толтыра салады, сөйтіп, пай­да­ла­на­ды, атақты болғаны үшін ұстап тұрады. Мы­салы, Т. Рысқұловты да «1938 жылы атыл­ды» дейді, бірақ ол 1943 жылы атыл­ған. Мағжанды мен көзіммен көр­дім», - деді. Баукең Мағжанды ерекше құр­мет­тейтін, өлеңдерін жатқа білетін. Өтірік айтуы мүмкін емес.

- Бауыржан ата елге келгеннен ке­йін Мағжанды көргенін айтып, пі­кір тудыруға тырыспады ма?

- Айтуын айтты, естеліктерінде жазды да. Бірақ ешкім сенбеді.

- Ал қазір неге іздестір­мес­ке? Мүм­кін, нақты құжаттар табылып қа­латын шығар?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойын түрлері
Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы тарихи шындық және көркемдік шешім
Мағжан лирикасындағы өлең өрнектері
Мағжан қазақ әдебиетінде
Мағжан Жұмабайұлы шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі
Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов
Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойындардың жіктелуі
Ғабиден Мұстафин - қазақ әдебиетінің классигі
Қазақ ағартушы-педагогтарының отбасылық тәрбие туралы ой-пікірлері
Алаш зиялыларының оқу-тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz