Қылқан жапырақты трансплантациялау ерекшеліктері. Құрылыс салуға бөлінген қала аумағынан ағаштар мен бұталарды қайта отырғызу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Д.СЕРІКБАЕВ атындағы
ШЫҒЫС-ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Жер туралы ғылымдар мектебі
Сәндік өсімдіктану дисциплинасы бойынша
Курстық жоба
Тақырыбы: Қылқан жапырақты трансплантациялау ерекшеліктері.Құрылыс салуға бөлінген қала аумағынан ағаштар мен бұталарды қайта отырғызу.
Орындаған: тобының студенті
Тексерген:
Өскемен қ.
2022 ж.
Кіріспе
Қылқан жапырақтылар -- сүректі ағаш және бұта түрінде өсетін ашық
тұқымды өсімдіктер класы. Қазақстанда 2 тұқымдасы бар: қарағай
тұқымдасы -- қарағай, балқарағай, шырша, майқарағай және кипарис
тұқымдасы -- арша, кипарис; мәңгі жасыл (қыста қылқаны түсіп
қалатын балқарағайдан басқасы) өсімдіктер. Тұқымы арқылы, кейде
вегетативтік жолмен өніп-өседі. Жапырағы қылқанды, жіңішке, түкті
не қабыршақты болып біткен, сағақсыз, өркендері қысқа, шоқтанып
орналасқан. Мамыр -- шілдеде гүлдеп, шілде -- тамызда жеміс береді.
Қылқан жапырақтардың сүрегінен құрылыс материалдары жасалады,
қағаз жасайтын үгінді, канифоль скипидар. Қылқан жапырақты
өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және
адам шаруашылығындағы маңызы.Ашық тұқымды өсімдіктер тамыры
тереңге бойлайтындықтан, топырақты эрозиядан сақтайды. Эрозиялатын сөзі, яғни ірітіп- шіріту, бүлдіру мағынасында қолданылады.
Демек топырақтың ең құнарлы бөлігінің судан шайылуын, жел
ұшыруын болдырмайды. Ашық тұқымдылар өскен жерде қар және
нөсер суы да топырақты бүлдіре алмайды. Сөйтіп табиғаттағы су
айналымын реттейді. Бұлар басқа жасыл өсімдіктермен бірге ағзалық
заттар түзеді. зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат
бөлінеді
Мазмұны
1.Қылқандылар тобының ортақ биологиялық ерекшеліктері.
2.Қылқанды жапырақты өсімдіктердің биологиялық-шаруашылықтық
сипаттамасы.
3.Шырпуды (күзеуді) жақсы көтеретін бұталар.
4.Еркін өсетін бұталар.
5.Қылқанжапырақтыларды көкжелектерде отырғызу
6.Бақ-парк егістерін қайта отырғызу
Қылқан жапырақты ағаштардың биологиялық- шаруашылықтық сипаттамасы
1. Қылқандылар тобының ортақ биологиялық ерекшеліктері.
2. Қылқанды жапырақты өсімдіктердің биологиялық-шаруашылықтық
сипаттамасы.
Қылқандылар - жалаңаш тұқымды өсімдіктер. Олардың тұқым бүршіктері аналық гүлшоғырлардағы қабыршақтарында бұршықтарда ашық жатады. Ұрықтанғаннан кейін тұқымбүршіктерден тұқым дамиды. Жемісі болмайды. Бұршықтардың қабыршақтарының астында дəндері піседі.
Қылқандылардың көпшілігі мəңгіжасылдар, балқарағайдан басқалары, бұлар қолайсыз факторлардан қорғану үшін қылқандарын тастайды. Сондықтан, балқарағайлар барлық қылқанды өсімдіктерден қысқа жəне газға төзімділеу.
Қылқанды өсімдіктердің сүрегінде түтікшелері (сосудтары) болмайды, су жəне тұз ертінділері трахеидтер арқылы өтеді, ол өсімдіктердің ылғалдық режимдерін нашарлатады. Қылқанның болуы ылғалды сақтауға бейімделгені болып табылады.
Барлық қылқандылар тамырларында микоризалары болады жəне онсыз дами алмайды. Дəндерімен көбейеді. Кейбіреулері қалемшелермен көбейе алады, мысалы майқарағай (пихта), шыршалардың, арша мен боз аршаның кейбір түрлері. Қылқанды өсімдіктердің көпшілігінің дəндерінің өнгіштігі нашар болады жəне стратификациялау қажет. Стратификация кезеңі 2-3 ай. Себінділері өте нəзік, күн күйігінен зардап шегеді сондықтан көлеңкелеуді қажет етеді. Себінділері өте жəй өседі. Қарағай мен балқарағайларда басқаларынан өсу тезірек жүреді. Қылқанды өсімдіктердің көкжелек құрлысында үлкен маңызы бар жəне жылдан-жылға олардың ролі артуда.
Қылқандылар мен жапырақтылардан құрылған парктер, скверлер, бақтар өте сəнді көрінеді. Сонымен қатар олар қоршаған ортаны сауықтырады, сондықтан олар жасыл егістер құрамында жетекші орын алуы қажет.
ТМД елдерінде қылқанды өсімдіктердің 60-тан астам түрі жабайы өседі, ал дүниежүзінде 500 астам саналады. Олардың көпшілігі Солтүстік жартышардың қоңыржай аймағында таралған.
Қазақстанда қылқанды өсімдіктер орман алқабының шамалы ауданында орналасқан, ал түр құрамы жұтаң. Басқаларынан жиірек кəдімгі қарағай, тяньшань шыршасы, майқарағай (пихта), сирегірек сібір самырсыны мен балқарағай (лиственница) кездеседі.
Ертеректе Алматы ботаникалық бағында 200-ден астам қылқандылардың жаңа түрлері сынақтан өтті. Олардың көпшілігі Алматының қатаң - континентальді климатына шыдай алмады жəне қурап кетті (өлді). Алматы қаласын жəне Қазақстанның басқада облыстарын көкжелектендіруге ұсынылатын түрлері мен болашағы молырақ өсімдіктері.
2. Қылқанды жапырақты өсімдіктердің биологиялық-шаруашылықтық сипаттамасы
Қарағай - (pinus L (сем. pinaceae Lindl - Сосна). Жас шағында ұшар басы конус тəрізді, қартайғанда жұмыр, шатыр тəрізді, тегіс келетін ағаш. Қылқаны ұзын жəне енсіз, бір шоқта 2-3 данадан орналасады, 3-6 жыл өмір сүреді. Аталық масақтары сары немесе қызыл, жылдық өркендердің түбінде ал аналық масақтары жеке өседі немесе өсіп тұрған өркеннің ұшына, əйтпесе түбіне жақын тобымен өседі. Жетілген түйіндері қатты, түзу, қисайыңқы, салбыраңқы. Тұқым қабыршақтары гүл табақшасына қарай жуандаған. Тұқымы жаңғақ тəрізді, көбінесе қанатты, 2-ші жылы пісіп жетіледі.
Қарағайдың көпшілігі жарық сүйгіш, топыраққа талғампаз емес, суық пен құрғақшылыққа төзімді, түтінге, ысқа жəне газға сезімтал. Қазақстанда 2 түрі жабайы өседі жəне 5 түрі жерсіндірілген.
Қарағай кəдімгі - (С. обыкновенная - P.silvestris L.). Биіктігі 20-40 м жəне диаметрі 1 м дейін жететін, жас шағында конус тəрізді, ал қартайғанда дөңгелектенген ұшар басты ағаш. Қабығы төменгі жағынан қызғылт-қоңыр, терең тілімді, жоғарғы жағы тегіс, бұтақтарында сарғыштау. Өркендері жасылдау, қызғылт-қоңыр үшкірленген, бүршіктері түксіз, шатырлы болады. Қылқанының ұзындығы 4-7 см, бір шоқта 2 ден, көкшілдеу-жасыл, 3 жыл тұрады. Гүлдеуі мамырдың аяғы - маусымның басы, түйіндерінің 3-7 см. Екінші жылдың қарашасында пісіп жетіледі, келесі жылдың сəуір айында ашылады. Тұқымның ұзындығы 3-4 мм, қанаты онан үш есе ұзын. 1000 дəнінің салмағы - 5-9 г. Жарық сүйгіш.
Құрғақ континентальды құбылмалы ауа райына төзімді. сезімталдығы аз. Өте құрғақ құнарсыз топырақта да өсе алады. Жас, аса құнарлы құмайт топырақ өте қолайлы. Өртке берік. Біршама жылдам өседі. Өмірінің ұзақтығы 300-350 жыл. Тұқыммен көбейеді.
Таралу аймағы: Еуропа, Сібір, Қиыр Шығыс, Қазақстанда Қостанай, Ақмола жəне Қарағанды (Сары-Арқа), Павлодар (орман жолдар), Шығыс Қазақстан (Қалба жотасы) облыстарында кездеседі.
Сүрегін тұрғын үй құрлысында, кеме, вагондар, ағаш бұйымдарын жасауда жəне де басқа өндірістерде пайдаланылады. Шатырынан канифоль жəне скипидар өндіріледі. Елді мекендерді, газы жоқ көкжелектендіруде пайдаланады.
Сары қарағай - (Сосна желтая - Pinus ponderosa). Шыққан жері Солтүстік Америка. Биіктігі 50 м жететін ірі ағаш. Қылқандарының ұзындығы 30 см дейін, 3 жəне 5 данадан, қалың. Аязға, қысқы-көктемгі кезеңдердегі температура ауытқуына төзімді, жарық сүйгіш жəне құрғақшылыққа төзімді. Университет алдында жəне Алматы қаласындағы 25 гвардиялық-панфиловшылар паркінде өседі. Тау қарағайы - Сосна горная. Батыс Европадан шыққан. Бұта тəріздіөседі. Бізде аздап үсікке шалдығады, бірақ тез қалпына келеді. Оларды партерлерде, көгалдарда (газон), парктердегі ашық жерлерде орналастырады.
Сібір самырсыны - Кедр сибирский - P.Sibirica Mayr. Ұшар басы конус тəрізді өте қалың жəне қоңыр-сұр қабықты, биіктігі 35 м дейінгі ағаш. Бұтақтары қысқа жақындасқан күлте басты келеді. Өркендері жиі жирен түсті, түкті. Бүршіктері конус тəрізді, шайырсыз. Қылқанның ұзындығы 13 см, бір шоқта 5 данадан, тығыз қоңыр-жасыл түсті, 3-5 жылға дейін тұрады. Мамыр айында гүлдейді. Түйіндері дөңгеленген ашылмайтын ашық-қоңыр, екінші жылы қыркүйек айында піседі: ұзындығы 10-14 мм, 40-тан 150-ге дейін қанатсыз (жаңғақша) тұқымдары болады. 1000 дəнінің салмағы - 250 г. Олардың өзектерінде - 50 пайызға дейін сапалы май болады. Көлеңкеге едəуір төзімді, топыраққа аса талғампаз емес, бірақ неғұрлым құнарлы сазды жəне ылғалды топырақты жақсы көреді. Қысқа шыдамды. Ауаның құрғақшылығына сезімтал. Біршама жəй өседі. Өмірінің ұзақтығы - 500 жыл. Құстар мен тышқандар таратқан тұқыммен көбейеді. Өмірінің 50 жылында жеміс салады. Таралу аймағы: Ресей федерациясының Европалық бөлігінің Солтүстік-шығысы, Сібір, Алтай. Қазақстанда Алтайдың таулы аймақтары. Олар терісі қымбат аңдар үшін жемшөптік қор болып табылады. Сүрегі өнеркəсіпте, тұқымы тағам үшін, май алуға пайдаланады. Шайыры емдік мақсаттар үшін қолданады. Қылқанына эфир майы жəне С витамині болады.
Шырша - Ель - Picea Dietrich (сем. Pinaceae Lindl). Ұшар басы қалың,
шашыраңқы күлте басты жəне түзу діңді биік ағаш. Бүршіктері шайырлы. Қылқаны ине тəріздес, 4 жақты, 7-9 жыл тұрады, қалалық жағдайда 3-4 жыл. Түйіндері салбыраңқы, қабыршақтары аса көрінбейді, бірінші жылдың күзінде піседі. Тұқымы уақ, қанатшаларынан қасық тəрізді шұңқыр қалдыра отырып жеңіл бөлінеді. Тамыр жүйесі топырақтың үстіңгі қабатында жатады. Көлеңкеге өте төзімді, ауа райының едəуір құбылмалығына жəне топырақтың аздаған батпақтануына шыдай алады. Газ бен ыстан зардап шегеді. Қазақстанда шыршаның 2 жабайы түрі өседі жəне 3 түрі жерсіндірілген.
Тяньшань шыршасы - Ель Шренка или Тяншаньская - PiceaSchrenkiana Fisch. Қазақстанның тауларында өседі. Биіктігі 40-45 м, диаметрі 2 м дейінгі конус тəрізді қою ұшар басты ағаш, ал үлкен ағаштарда бүгілген бұтақтары болады. Қабығының түсі қызғылт пен сұрдың арасында. Өркендері сұрғылт-сары, түксіз, кейде түкті. Бүршіктері біршама шайырлы. Қылқаны боз-көкшілдеу жасыл, ұзындығы 25-30 мм, ені 1-1,5 мм, сүйір, 4 жақты, 8-20(22) жылға дейін сақталады. Гүлдеуі мамыр-маусым айлары. Түйіндері ұзындау цилиндр тəрізді, ұзындығы 10-12 см, жуандығы 2,5-3 см, қыркүйекте піседі. Тұқымының ұзындығы 4-5 мм, қанаты тұқымынан үш еседей ұзын болады. 1000 дəнінің салмағы - 3,5-10 г. Жоғары сапалы. Көлеңкеге төзімді, бірақ таудың жоғарғы белдеуінде де жарық сүйгіштік байқатады. Топыраққа талғампаздығы аз тастақ топыраққа да көнімді. Топырақтың жəне ауаның құрғақшылығынан көп қиындық сезінеді. Өмірінің ұзақтығы 400 жыл. Тұқыммен көбейеді. 20-25 жылға дейін баяу өседі. Себінділері жылына 2-3 см-ге өседі, көп жарамсыз себінді береді. Таралу аймағы: Іле, Жоңғар Алатауы салаларында өседі.
Сібір шыршасы - Ель сибирская - P.obovata Ldb. Ұшар басы конус тəрізді, биіктігі 34 м дейінгі ағаш. Өркендері жіңішке, сəл салбыраңқы, сары- жасыл, аздап жылтырақ, қою түкті. Бүршіктері кегл тəрізді, сəл шатырлы. Қылқаны тікенекті, 4 жақты жуандау, қою-жасыл, ұзындығы 7-20 мм. Гүлдеуі - сəуір-мамыр айлары. Түйіні цилиндр-жұмыртқа тəрізді, ұзындығы 4-8 см жас кезінде қара қошқыл түсті, енді, дөңгеленген, тегіс жиектелген қабыршақты, тамызда піседі, қыркүйекте ашылады. Тұқымының ұзындығы 4 мм, 1000 дəнінің салмағы 5 г шамасында. Сапасы жоғары. Көлеңкеге төзімді. Сазды, орташа ылғалды топырақта жақсы өседі, Қысқа төзімді, 200-300 жылға дейін жасайды. Тұқыммен көбейеді. Таралу аймағы: Ресей, Орал, батыс жəне шығыс Сібір, Қиыр Шығыс. Республикада Шығыс Қазақстан облысы ормандарында (Алтай, Саур, Тарбағатай).
Кəдімгі немесе еуропалық шырша - Ель обыкновенная или европейская - P.excelsa link. Биіктігі 20-50 м дейін, диаметрі 1 метрден жоғары қартайғанша үшкір ұшты болып келетін ағаш. Өркендері жирендеу-сарыдан қоңырға дейін, бүршіктері үшкір, жұмыртқаға ұқсас, конус тəрізді. Қылқанның ұзындығы 10-15 мм күңгірт-жасыл тікенекті, 7-9 жылға дейін тұрады. Гүлдеуі - мамыр-маусым айларында. Түйіндерінің ұзындығы 15 см дейін, шеттерінде тісті қабыршағымен, қазанда піседі, қыстың екінші жартысында ашылады. Дəнінің ұзындығы 4-5 мм, үшкір бітімді жұмыртқа тəріздес, қоңыр қанаты ашық-қызыл қоңыр, ұзындығы 12-15 мм. 1000 дəннің салмағы - 5,5-8 г. Өнгіштігі 70-80 пайыз. Көлеңкеге көнбіс. Шыршалардың ішіндегі тым жылдам өскіші, қысқа төзімді, бірақ көктемгі үсіктерге сезімтал. Оған қолайлысы - сазды жəне жас құмайт топырақ. Топырақ құрғақтылығын нашар көтереді. Өмірінің ұзақтығы - 250-300 жыл. Тұқыммен көбейеді. Көкжелектендіруге, жаңа-жылдық шыршаларды өсіруге кең қолданылады. Таралу аймағы: Еуропадан Оралға дейін. Қазақстанның Солтүстік облысында жəне Іле Алатауында жерсіндірілген.
Сібір бал қарағайы - Лиственница сибирская - Larix sibirica Ldb. Биіктігі 40(42) м дейін, диаметрі 80-100(180) см болатын толық сүректі, қартайған шағында төменгі жағы жуандаған діңді, жаз бойы жасыл ағаш. Ұшар басы жас шағында жұмыртқа ұқсас, конус тəрізді, қартайғанда аумақты, көлденең ұзын бұтақтарының ұштары көтеріңкі болады. Өркендері сабақ тəрізді - сары жапырақ жастықшалардан бастап бүкіл бойына тілімделген. Бүршіктері ұсақ, жартылай сфералық сары қоңыр. Қылқанының ұзындығы 13-45, ені 0,6-1,6 мм, жұмсақ, ашық-жасыл көкшілдеу-сұр түсті, мамыр айында шығады да, қазанда түседі, ұзарған өркендерінде кезекпен, қысқарғандарында - 20-30 дан шоқ болып орналасқан. Аталық масақтары сарғыштау, жарты шар тəрізді, аналықтары - қызылдау, қарақошқыл түсті, күлгін-қызыл жəне жасылдау, жұмыртқаға ұқсас - конусты қылқан тəжбен қоршалған. Гүлдеуі мамыр-маусымның басы. Түйіндері ұзынша, жұмыртқаға ұқсас, жасыл, күлгін түсті, піскен кезінде қызыл-қоңыр жəне қатты; тамыздың аяғында пісіп жетіледі, қыркүйектің бірінші жартысында ашылады. 1000 дəнінің салмағы - 9,5(6-14)г. Өнгіштігі - 60-75%, нашар түсім кезінде 30-35% дейін төмендейді, ал жеке тұрған ағаштарда 6-10% аспайды. Тамыр жүйесі қуатты, өзекті микроризасы болады. Өте жарық сүйгіш, жас кезінде көлеңкеге көнімді. Топыраққа талғампаз емес, дегенмен жас қою түсті сазды топырақта жақсы өседі. Тез өседі. Жел жəне өртке берік. Өмірінің ұзақтығы 350 жылға дейін. Дəнмен көбейеді. Сүрегі су-техникалық құрлыстарда пайдаланады. Қабығында тері илейтін заттар бар. Қылқанынан желім өндіріледі. Венециялық терпантин деген атпен бағалы шайыр береді. Сағыз қарағайы орман шаруашылығында жəне көкжелектендіруде өте бағалы. Таралу аймағы: Еуразияның көлемді жер бөлігін алады. Қазақстанда Алтай мен Сару тауларында таралған.
Батыс бозаршасы - Туя западная - Thuja accidentalis. Солтүстік Америкадан шыққан. Өз отанында 12 м дейінгі биіктікке жетеді. Жапырақтары 3-4 мм ұзындықта, қабыршақты, түтесіп айқаса орналасқан. Бөрікбасы пирамидальді əдемі пішінді жəне күңгірт-жасыл түсті. Құрғақшылыққа, ыстыққа жəне аязға төзімді. Топыраққа талапсыз. Аллеяларға, жасыл жиектемелерге, жеке-дара егістерде жекелеп немесе топтап отырғызуға пайдалануға болады.
Арша - Можжевельник - Jniperus L (сем. cupressaceae F.W.Neger) Жапырақтары ине тəрізді немесе көпшілігінде қабыршақ тəрізді. Жайылып өсетін мəңгі жасыл ағаштар немесе бұталар. Түйіндері жидекке ұқсас, көкшіл сұр (тозаң) өңізбен қою жасыл түсті, күзде немесе келесі жылдың көктемінде піседі, ашылмайды. Тұқымы жаңғақ тəрізді, қатты қабықпен, қанатсыз; еккенде екінші жылға қарай өсіп шығады. Олардың өнгіштігі төмен. Сүрегі тығыз, шірікке берік, қызылқоңыр-қызыл түсті; исі жағымды кипаристің иісіндей, өңдеуге жеңіл көнеді. Жарық сүйгіш, көпшілігі құрғақшылыққа төзімді жəне топыраққа талғампаз емес, əйтседе жеңіл құнарлы топырақта жақсы өседі. Түтінге жəне шаң-тозаңға сезімтал. Баяу өседі. Тұқыммен, қалемшемен, жайылмалы түрлері сұлатпа сабақтармен, бағалы сирек кездесетіндері ұластыру арқылы көбейеді. Қазақстанда 11 жабайы өсетін түрі бар, олардың негізгілерін келтіреміз.
Кəдімгі арша - Можжевельник обыкновенный - J.communis SL Ұшар басы конус тəрізді, биіктігі 8 (12), көбінесе 3-5 м ағаш немесе бұта (қос үйлі). Діңінің бас жағы үшкірленіп келген сұрлау-қоңыр. Қопсыған қабықпен. Өркендері 3 жақты, қызылдау-қоңыр, қылқаны тікенекті, күлте баста 3-тен болады. Аталық гүлдері сары түсті, сопақша, аналықтары - ашық-жасыл. Жеміс беру уақыты - маусым-шілде айлары. Түйіндері отырыңқы, піспегендері - жасыл түсті, жетілгендері - көкшіл-қара көгілдір өңізді, екінші немесе үшінші жылы піседі. 1000 дəнінің салмағы - 18 г. Көлеңкеге төзімді. Суыққа жəне құрғақшылыққа төзімді, топыраққа талғампаз емес. 1000 жылға дейін жасайды. Қырқуды (күзеуді) жақсы көтереді.
Қазақстанның барлық аумағында эррозияға қарсы отырғызуға жəне көкжелектендіру үшін пайдалануға болады. Сүрегі токарлық заттар үшін жарамды. Түйіндері медицинада жəне шарап дайындағанда пайдаланылады. Қылқаннан эфир майы алынады, ал бұтақтарын ағаш ыдыстарды ыстауға пайдаланады. Таралу аймағы: Еуропа, Кавказ, Батыс жəне Шығыс Cібір, Солтүстік Америка. Қазақстанда Ақмола, Қостанай жəне Солтүстік Қазақстан облысы.
Виргиндік арша - Можжевельник виргинский - J.virginiana L. Солтүстік Американың шығыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz