Баяндауыштың жасалу жолдары жайында



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
1.2. Баяндауыштың жасалу жолдары

Әрбір сөз табы сөйлемдегі өзге сөзбен синтаксистік қатынасқа түсіп, сөйлем мүшесі болуы үшін белгілі бір амал-тәсілдерді негізге алады.белгілі бір грамматикалық топтағы сөздердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы 2тәсіл арқылы жүзеге асады:
1)синтетикалық(морфологиялық)
2)аналитикалық
Есім баяндауыштың жасалуының ең негізгі тәсілі-синтетикалық(морфологиялық) тәсіл.Тілімізде баяндауыш болмайтын
сөз табы жоқ десек, оны баяндауыштық позицияға түсіретін арнайы формасы болады. Ол баяндауыштық тұлға деп аталады.
Аналитикалық тәсіл-сөзді баяндауыштық позицияға түсіретін көмекші тәсіл, өйткені, әсіресе, баяндауыштың жасырын формасындағы сөз сырт тұлғасы жағынан сөйлемнің өзге мүшесімен тұлғалас келуі
мүмкін.Сондай жағдайда көмекші тәсілдер белгілі бір рөл атқарады. Оған орын тәртібі,интонация, көмекші сөздер тәсілі жатады.
а)Баяндауыштың морфологиялық тәсіл арқылы жасалуы(баяндауыштық тұлға).
Қазақ тіл білімінде баяндауыштық тұлға туралы аз сөз болып жүрген жоқ.Н.Сауранбаев баяндауыштық тұлға ретінде жалғаусыз жіктік жалғауын, тәуелдік, көптік, атау және жатыс септігі жалғанған, -нікі,-дікі көрсетсе.(15.17) Аманжолов атау тұлғасын және жіктік жалғауын көрсетеді.(16.58-64).Балақаев сөздің түбір күйінде, грамматикалық тұлғада, жіктік жалғауы - дүр,-нікі,-тікі,-дікі баяндауыш болатынын,О.Күлкенова түбір күйіндегі жіктік,септік, тәуелдік, жалғау тұлғасындағы сөздердің баяндауыштық қызметін көрсетеді.(17.122-130)
М.Балақаев түбір сөздің баяндауыш қызметінде жұмсалуы туралы:"Есім сөздер де түбір күйінде ешқандай баяндауыштық жалғау жалғанбай-ақ баяндауыш бола береді.Бірақ ол үшін бастауыш пен баяндауыш қатар айтылуы керек. Сонда олардың сол қызметте жұмсалуына себеп болатын жағдай олардың сөйлемде белгілі орында тұруы болады." М:Жамал отауда,Ол тәртіпті, деп көрсетеді.
Түбірдің беретін мағынасы-лексикалық мағынаның негізінде туындайтын жалпы грамматикалық мағына дейтін болсақ, аталған сөйлемдегі 3жақтық мағынаны беріп тұрған 3жақтық жіктік жалғауының нөлдік тұлғасы екендігі дау туғызбайды.
Тәуелдеу тұлғасындағы сөз сол күйінде басыңқы сыңармен байланыспайды, мұндай жағдайда ол белгілі бір септік формасында тұрып, баяндауышпен предикаттық қатынасқа түссе (Жасың жиырмада) ілік септігінде тұрып өзі бағынған сөзбен атрибуттық қатынаста(инесінің көзі) қалған септік формаларында тұрып, объектілік,адырбиалдық қатынаста жұмсалады.Тәуелдеулі сөз баяндауыш болғанда белгілі бір жақ тұлғасында тұрады. Ол-інім.

Бұдан көріп отырғанымыздай, тәуелдік жалғауындағы сөз де, түбір сөз де өздігінен сөйлемнің баяндауышы бола алмайды.-Ніді,-дікі,-тікі қосарлы сөздердің синтаксистік қызметі жөнінде түркологияда көптеген пікірлер бар.Аталған құранды журналдың ілік септігінен қалыптасқандығын ғалымдар дұрыс көрсеткенімен, оның құрамындағы - кі аффиксінің табиғаты туралы әр түрлі пікірдің (бірі сын есім тудыратын жұрнақ десе, бірі онымен омонимдес , мағынасы басқа қосымша деп таниды) болуы оның синтаксистік қасиеті жайында нақты тұжырым жасауға қиындық келтіреді.Тілдегі - нікі,-дікі,-тікі қосымшалы сөздері жіктік жалғауын қабылдап, бастауыш септік жалғауында тұрып сөйлемнің өзге мүшелерінің де қызметін атқаратынын тіл фактілері көрсетіп отыр.Мыс:
табыс септігінде: Өзімдікін жөн екен деді де, ұмтылып кеп құлаштай тұрып жігітке қамшы сермеді (ж.т)
барыс септігінде:Кәрімбек жайбарақатсынды
Шығыс септігінде:үйінен
Сондай-ақ осы жұрнақ жіктеліп келіп қолданылу үлгісінің барлығы (мен сіздің ауыл-дікі-мін)оның предикаттық қосымша емес екенін нақтылай түседі.
Септік жалғауының баяндауыш қызметінде қолданылуы туралы да айтқанда, олардың білдіретін грамматикалық мағынасы мен атқаратын қызметін басты назарға аламыз.Грамматикалық септіктердің (атау,ілік, табыс) баяндауыш қызметінде жұмсалмауының басты себебі: бұл септіктің субстанттық, меншіктік, тура объектілік мағынаны білдіріп, синтаксистік қызметтің саралануынан деп те тұжырымдауғы болады, ал көлемдік септіктерде мұндай қасиет жоқ. Барыс, жатыс, шығыс,көмектес септіктеріндегі сөз жанама объектілік мағынаны білдіріп, заттық мәнде қолданылғанда, толықтауыштың, бағыттық, мезгілдік, мекендік, амалдық мағынаны білдіріп, адырбиалдық мәнде жұмсалғанда пысықтауыш, өзі меңгеріп тұрған басыңқы сөз сөйлемнен түсіріліп, ал оның білдіретін жақтық, шақтық мәні осы септіктегі сөздің өзіне ауысқанда, сөйлемнің баяндауышының да қызметін атқара береді. Мыс:Қызым-үйде,қылығы-түзде,Нар-түй еден, тұлпар-биеден,
Сары баладан есіткен түндегі әңгіме де есінде(18.44) Еламан содан
бері ойда(18.10)Сөйтіп баяндауыштық тұлға дегеніміз- сөйлемде баяндауыш болып тұрған сөздің сыртқы морфологиялық құрылымы емес, осы сөйлемдегі ойдың негізгі қазығы болып тұрған діңгек сөздерді байланыстыратын предикаттық мәндегі морфологиялық тұлға.
ә)Баяндауыштың аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы.
Есім баяндауышты жасаудағы орын тәртібі мен тәсілдерінің рөлі.
Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі басқа түркі тілдеріндегі сияқты қазақ тілінде де негізгі синтаксистік тәсіл болып саналады. Тілдің ғасырлар бойы жасалып, қалыптасқан синтаксистік құрылысындағы заңдылық бойынша, түркі тілдерінің барлығында да бастауыш пен баяндауыш қиыса байланысып, баяндауыш сөйлемнің соңында тұрады.Қазақ тіліндегі сөз таптарының барлығы дерлік сөйлемнің соңында тұрып, баяндауыш қызметін атқара алады.Өйткені баяндауыш сөйлемдегі белгілі бір мүшелерді өзіне бағындыра отырып, ойды тиянақтайды. Бұл әсіресе, есім баяндауышты сөйлемдерде айқын рөл атқарады. Өйткені баяндауыштық тұлға жіктік жалғауы десек, есім баяндауышты сөйлемде ІІІ жақтың арнайы морфологиялық көрсеткіші жоқ. Мұндай сөйлемде негізгі айырымдық белгіні сөздердің орын тәртібі атқаратыны сөзсіз. Мен сурет салдым Сурет салған-мен Менің салғаным-сурет.
Есім баяндауышты сөйлемді жасаудағы орын тәртібі тәсілінің рөлі. әсіресе бастауышы да, баяндауышы да есім сөздерден жасалған сөйлемдерде айқын байқалады. Мыс:Қасым-Сәтібекбің Омарының 3-ші баласы.
Демек, есімдер баяндауыш болуы үшін сөйлемнің соңында келіп, сөйлемдегі ойды тиянақтап тұруы керек. Бұл кезде баяндауыш қызметіне ауысқан сөздердің морфологиялық құрылымында бұрынғымен салыстырғанда тұлғалық айырмашылық болады.

б)Есім баяндауышты жасаудағы интонацияның ролі.
Сөйлемдердегі сөздердің байланысу тәсілдерінің қатарында интонацияның атқаратын жүгі ерекше. Бұл,әсіресе, есім баяндауышты сөйлемдерде айқын көрініс табады. Қалыпты сөйлемдерде интонация сөйлемде тиянақтаушы қызмет атқарса, есім
баяндауышты сөйлемдерде әрі ажыратушылық қызмет атқарады.
Айырмашылығы: интонацияның мәні бастауышы да, баяндауышы да есім сөздерден, субстантивтенген есімше тұйық етістіктен жасалған сөйлемдерде бастауышты баяндауыштан ажырату қызметімен сипатталады. Бұл-үй, Ол-бала. Бұл сөйлемдердің сөйлемдік сипатына ықпал етіп тұрған-интонация. Бастауыштан соң біршама дауыс кідірісі болып, сөйлем құраушы сөздер өзара тең салмақты дауыс ырғағымен айтылады. Егер аталған сөйлемдерді айтқанда, дауыс кідірісі сақталмаса, алғашқы сөз екі сөзбен қабыса байланысқан анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін құрайды. Бұдан байқағанымыздай, сөздердің әр түрлі интонациямен айтылуы олардың сөйлемдегі синтаксистік қызметіне де әсер етеді. Қатар тұрған есім сөздердің сөйлемдегі атқаратын қызметін интонация айқындайды.Үнді-европа тілдерінде көмекші сөздер бастауыш пен баяндауышты байланыстыратын негізгі тәсіл болса, түркі тілдеріндегі көмекші сөздердің сөйлем ішінде атқарар жүгі әр түрлі.Зат есімге,есімдікке тіркесетін көмекші есімдер көмекшілік қызмет атқарып қана қоймай, сөйлемдегі ойды тиянақтауға да ықпал жасайды.Көмекші есімді баяндауыш құрамынан оны (көмекші есімдерді) алып тастау- сөйлемнің мазмұнына, тиянақтылық сипатына нұқсан келтіреді.Өйткені ілік септікті сөзде сөйлемді тиянақтау қасиеті жоқ.Ол өзінен кейін міндетті түрде тәуелдік жалғаулы сөзді керек етіп тұрады.
Көмекші етістіктің атқаратын ролі көмекші есімнен өзгеше.Негізгі лексикалық мағынасы солғындаған көмекші етістіктер өзі тіркескен есім сөзге ғана емес, бүтіндей сөйлемге мән үстейді.Есім баяндауыштың қызметін тиянақты ете түсіп,оларға шақтық, видтік мағына қосу керек болғанда,олардан кейін әр түрлі көмекші етістіктер айтылады. Әдетте есім баяндауыштың негізгі белгісінің бірі оның осы шаққа қатыстылығы десек,көмекші етістік тіркескенде,не өткен, не келер шақтық мағынадағы сөйлем жасалады.Мыс:Промсолдағы жалғыз жанашырымыз осы сары бала еді.(18.62) Бүгін ауға балық тәуір түскен екен.(18.28)
Екен, еді көмекшілері есім баяндауыштың қызметін нақтылай түседі. Сондай-ақ сөйлемде екі түрлі қызмет атқарады:
1)шақтық мән үстейді;
2)айтылған нәрсе туралы айтушының көзқарасын, пікірін білдіреді.
Емес сөзі баяндауыш қызметінде айтылатын есімнің заттық, сындық,
сандық т.б. сапасы екенін жоққа шығарып, болымсыз ету үшін жұмсалады.
Есім баяндауышқа көмекші қызметінде жиі қолданылатын етістіктің бірі-болымсыз етістік. Ол баяндауыш қызметіндегі есімдердің шын болмыс екенін білдірумен қатар, етістіктерге тән түрлі қосымшаларда жұмсалып,есім баяндауыштарға әр түрлі шақтық мағына қосып тұрады.Сияқты, секілді, тәрізді, шығар, болар, көрінеді, білем, керек, тиіс деген модальдық сөздер есім баяндауыштарға көмекшілік қызметте айтылғанды модальдік мән береді.Қайта, оның бойы Еламаннан гөрі ұзындау,иықтылау сияқты.(18.42) Өзіне ет керек, атына шөп керек.(18.69)
Көмекші сөзді баяндауыштардың қатарына шылаулы тіркестер де жатады. Түркі тіліндегі, соның ішінде қазақ тіліндегі шылаудың арнайы грамматикалық белгісі-жеке тұрғанда сөйлем бола алмайтындығы. Шылаулар, әдетте, өзіне қатысты сөзден кейін келіп, оған қосымша мән үстейді.Мыс:Келін қарағым,қалың жақсы ма?(18.104 )
Модальдық мән беретін шылауларға қазақ тіліндегі :ау, ғой, ма, ме, ба, бе, па, пе,ақ және т.б. жатады. Бұл шылаулар сөйлемде модальдық мән берудің лексикалық тәсіліне жатады. Септеулік шылаулар да өзі тіркескен сөзге әр түрлі грамматикалық мән үстеп, сөйлем баяндауышы қызметінде жұмсалады.Атау, барыс, шығыс септігіндегі сөздермен тіркесетін шылаулар көмекші етістігі түсірілген эллипсис сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады.Сондықтан көмекші сөздер толық мағыналы есім сөздерге тіркесіп, онымен мағыналық бірлікте тұрып, олардың тұрақты баяндауыштық формасы,белгісі болып саналады.
Сөйлемде айтылатын ойдың негізгі тірегі-баяндауыштың сөз таптары ыңғайындағы есімді және етістікті болып бөлінуі- тарихи дамудың кейінгі кезеңдерінің жемісі. Ертедегі ескерткіштер тілінде-ақ баяндауыш қызметінде есімдік,етістік сөздерінің қолданылғандығын дәлелдейтін тіл фактілері де жоқ емес. Бұл жөнінде Е.Ағманов:"Алайда жай сөйлемдердің баяндауыштары есімдер тобынан не етістіктерден болып бөлінуі біздің жыл санауымыздың басында-ақ дараланып, қалыптасқан процесс екендігін тіл материалдары дәлелдейді,"- деп келіп, Күлтегін ескерткішіндегі сөйлемдер баяндауышы есімнен де, етістіктен де жасалғанын мысалға келтіреді.(3)Түркі тіліндегі сөйлемнің синтаксисі мен морфологиялық құрамын тарихи тұрғыдан зерттеуге арналған еңбектердің қорытынды пікірі бұл тілдегі сөйлемдердің есім негізді екенін көрсетеді. Түркі тіліне арналған алғашқы грамматиканың өзінде-ақ баяндауыштың есім сөздерден де, етістіктерден де жасалатыны сөз болды. П.М.Мелиоранский қарапайым, бірқалыпты сөйлемде жай сөйлем кемінде екі мүшеден-бастауыш пен баяндауыштан тұратынын, бастауыштың да баяндауыштың да атау септікте тұрып, бастауыштың баяндауыштан бұрын тұратындығын айтады.(4)
Өзбек тілі жөніндегі зерттеу еңбектерінде А.Кононов баяндауыштың жіктік жалғауы, іліктен басқа септік жалғаулары, эмас, эмоқ, бұлмақ көмекші етістіктерінің тіркесіп жұмсалатыны туралы айтады.(5)
Әзірбайжан тілінде З.И.Будагова есім баяндауышты жалаң және құрама деп екіге бөледі де, алдыңғысына есім сөздерге жіктік жалғауының жалғануы арқылы қалыптасқан баяндауышты жатқызса, соңғысына есім сөздер тіркесінен, негізгі көмекші сөздер тіркесінен құралған баяндауыштарды жатқызады.(6)
Сондай-ақ жай сөйлем синтаксисін зерттеу барысында есім баяндауыштарға талдау жасаған А.Жапаровтың,А.Ч.Кунаның, Қ.Ахмедовтың, А.Т.Тыбыковалардың тағы басқалардың іргелі зерттеу жұмыстары түркі тіліндегі есім баяндауышты сөйлемдердің табиғатын ашуға септігін тигізері сөзсіз.
Синтаксистің,сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің, соның ішінде
баяндауыштың жалпы теориялық мәселесіне арналған құнды
еңбектердің маңызы ерекше. Әсіресе баяндауыш деп аталатын күрделі синтаксистік категорияны танытуға әр қырынан келген О.Төлегенов,М.Балақаев, Т.Сайрамбаев,Р.Әміров, Е.Ағмановтардың зерттеу жұмыстарының орны айтарлықтай. Есім баяндауыштардың зерттелуі дегенде сөйлем мүшелері туралы шыққан алғашқы мақалалар мен оқулықтардың өзінде-ақ баяндауышқа түрліше анықтамалар беріліп келді. Қазақ тілінде баяндауыш туралы ең алғаш сөз қозғаған А.Байтұрсынов 1925жылы Қызылордада басылып шыққан "Тіл құрал" оқулығында:"Баяндауыш болатын сөз бастауыш атаған нәрсенің сыр-сипатын, не амалын, не жайын, не болмысын көрсетеді,"-деп анықтама береді.(7.270)
Алғашқы анықтамаға ұқсас анықтаманы Қ.Жұбанов та берді. "Сөйлем мүшелерінің ішінде біреудің не бірдеменің не қылғанын,я не болғанын баяндап тұратын бір мүше болады. Оны баяндауыш дейміз,-деп көрсеткен."(8.142)
С.Аманжолов "Баяндауыш- заттың жалпы көрінісін, болмысын тура көрсетеді.Біздің тілде баяндауыштың сөйлем аяғында келуі, баяндауыш бастауыштың көрінісі екеніне ерекше дәлел,"-деп тұжырымдаған.(9.105)
Ал М.Балақаев пен Т.Қордабаев "Баяндауыш бастауыштың ісін, қимылын, күйін және басқа заттық, сындық сапасын білдіріп, бастауышқа бағынады."(10.85)Сондай-ақ Р.Әмір мен Ж.Әмірова "Предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесін баяндауыш деп атаған екен".(11.116) Енді Қ.Шәукенұлы "Синтаксис"оқулығында: "Сөйлемде айтылған ойдың белгілі бір тиянағы болатын мүшені баяндауыш,"- деп түсіндіреді.Баяндауыш болатын мүше бастауыштың әр түрле жай-күйін білдіретіндігін айтқан.(12.85) Қалай дегенде де, баяндауыш деп- белгілі бір жаққа қатысты предикативтілікті білдіріп, сөйлемдегі ойды тиянақтайтын мүше. Сөйлем мүшелері туралы жазылған еңбектерде баяндауыштың есім сөз табынан, етістіктен де жасалатыны сөз етіледі. А.Байтұрсынов баяндауыштың әр сөз табынан жасалатыны туралы айта келіп, қосарлы баяндауыш деген түрін қосады. С.Аманжолов есім мен етістіктен жасалған баяндауышты аралас, кейіннен құрама баяндауыш деп атайды. Қазіргі қазақ тілінде баяндауыштың осы 3түрі(есімді, етістікті, құрама)көрсетіліп жүр. Т.Сайрамбаев бұған
модаль сөзді баяндауышты қосады.(13.133) Ал Т.Қордабаев пен М.Балақаев "Сөз табының бәрі де баяндауыш бола алады,"- дей келіп көбінесе баяндауыштық қызметте жұмсалатын сөздерді:
1)есім баяндауыштар
2)етістік баяндауыштар және құрама
болуы мүмкін деп көрсетті.(10.95-96)
Есім баяндауыштардың түрлері алдымен баяндауыш қызметінде жұмсалып тұрған сөздің қай сөз табынан жасалатынына байланысты болады.Осыған орай есім баяндауыш өз ішінде зат есім, сын есім, сан есім, есімдікті, үстеулі, модаль сөзді баяндауыш болып жіктеледі. Ал құрылысы жағынан екі түрі бар:
1)дара
2)күрделі
Күрделі баяндауыш өз ішінде:
а)тіркескен баяндауыш
ә) құрама баяндауыш
болып жіктеледі. Тіркескен баяндауыш толық мағыналы есім сөздің тіркесуі арқылы жасалса, құрама баяндауыш есім сөзге көмекші етістіктің, шылаудың тіркесуі арқылы жасалады.

1.3. Баяндауышты зерттеген ғалымдадың тұжырымдары

Сөз таптарының белгілі бір сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалуы оның лексика-грамматикалық сипаты, түрлену жүйесімен бірге сөйлемдегі өзге сөздермен синтаксистік қатынасына байланысты айқындалатын мәселе. Осы тұрғыдан келгенде, түркологияда, соның ішінде қазақ тілінде де баяндауыштың қай сөз табынан жасалуы туралы орыс тіл біліміндегідей айырықша пікір алшақтығы болған емес. Орыс тіл білімінде :А.Х.Востоков, А.А.Потебня, А.М.Пешковский баяндауыштың тек етістіктен жасалатынын көрсеркен.Қазіргі орыс тіл білімінде баяндауыштың есім сөзден жасалатын түрінің де бар екендігі берік орныққан. А.Байтұрсыновтың "Тіл-құрал" оқулығының өзінде-ақ баяндауыштың етістік, зат, сын, сан есім, есімдіктен жасалатыны айтылады.(7.270)

а) сын есімді баяндауыштар.

Есім баяндауыш қызметінде ең көп жұмсалатын сөз табының бірі- сын есімдер. Сын есімдердің басыңқылық сипатының кеңейгендігін Қ.Жұбанов көрсеткен болатын.(8.38-41) Қазіргі қазақ тіліндегі сын есімдердің басыңқы компонентте жұмсалуы, ең алдымен, олардың лексикалық мағынасына негізделеді.
Есім негізді сын есімдер де баяндауыш қызметінде жұмсалады. Алайда бұл қызметті сын есімдердің барлық семантикалық тобы атқара бермейді.Ғалымдардың көрсеткеніндей, басыңқы компонент құрамында жұмсалатын сын есімдер, негізінен, абстракт сапаны және адамға қатысты сынды білдіретін сөздер болады.(19.119,44)
Осындай мәндегі сөздердің баяндауыш қызметінде ерте кезден-ақ қолданылғандығын дәлелдейтін тіл фактілері бар. Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштерінде: Қаған сүс бөрі тег ерміс. Йығысы қон(тег) ерміс. (Қаған сүсі әскері)бөрідей еді, жауы қандай еді. Байқағаны мыздай сын есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалғанда,негізінде көмекші етістіктермен не жіктік есімдіктерімен тіркесіп барып қолданылған.Тілдің даму барысына сәйкес экономия заңына сәйкес баяндауыш түсіріліп, сын есім жалаң күйінде жіктеліп, келіп предика тивтілік мән беру дәрежесіне ие болған. Екіншіден, бұл шақтық мағынамен де байланысты.Көмекші етістіктер тіркескен сөйлемде өткен не келер шақтық мағына басым болса, көмекші етістіктері түсірілген сөйлемдерде осы шақтық мағына айқын байқалады.
Баяндауышы сын есімдер мен зат есімдердің ортақтасқан тобы болып келетін сөйлемдер құрамында бастауыштағы зат есім баяндауыш құрамында да айтылады. Сөйлем құрамындағы бір сөздің екі рет қайталанып келуі белгілі бір мақсатқа негізделгенде ғана болмаса, әдеби тіл нормаларына сиыса бермейді. Осыған сәйкес қайталанып қолданылған екі зат есімнің бірі баяндауыш құрамынан түсіп қалады да,сөйлемнің баяндауыш қызметін сын есім атқарады.
Сапалық және қатыстық сын есімнің баяндауыш қызметінде жұмсалуын бөліп қарастырамыз:
а)сапалық сын есімнің баяндауыш қызметінде жұмсалуы.
Сапалық сын есімнің баяндауыш қызметінле жұмсалу мүмкіндігінің мөлшері сын есімнің предикаттық мәнде жұмсалуының басты себебінің бірі оның лексика-семантикалық сипатына байланысты айқындалады. Сапалық сын есім Ә.Аблақовтың көрсетке ніндей, бірден предикаттық мәнде жұмсалуға бейім тұратын болса, екіншіден шырайлық мәнде жұмсалады,сөйтіп бір заттың сын-сапасының артық-кемдігін 2-1 затпен салыстыру ырқылы береді. Бұл сын есімнің септік жалғауындағы сөзді меңгеру арқылы жүзеге асады да,сын есім тіркестің басыңқы сыңары ретінде жұмсалады (20.11)
Сонымен сапалық сын есімнің баяндауыш қызметінде көп жұмсалуы оның шырай жұрнағын қабылдауға икемділігімен байланысты болады.Үйге кірген келіншек толық,дөңгелек жүзді анадан гөрі аласалау бірақ кесектеу.(18.71) Е.Ағманов сөз тіркесінің басыңқы сыңарының құрамында сын есімнің барлық мағыналық топтарының қолданыла бермейтінін,әсіресе, түр-түсті білдіретін сын есімнің бұл компонентте өте сирек қолданылатындығын айтады.Зат есімнің түсін білдіретін сын есімдер өзге септік тұлғасындағы сөзді бағындыра алмауы мүмкін,бірақ бұл сөздер белгілі жаққа қатысты алғандағы атау септігінде сөзбен предикаттық қатынасқа түсіп, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Үй иесі үнсіз(18.5)
Мұндай қасиетке заттың сапасы мен сипатын,көлемі мен аумағы н білдіретін сапалық сын есімнің бәрі ие.
ә)Қатыстық сын есімнің баяндауыш қызметінде жұмсалуы
Қатыстық сын есімнің баяндауыш қызметінде жұмсалуы тіл дамуының кейінгі кезеңдерінің жемісі. Бұл оның сапалық сын есімдерден кейін пайда болуымен сипатталады.Есім негізді қатысты сын есімдердің баяндауыш қызметінде ең көп жұмсалатыны-антоним сөздер тудыратын - лы,-лі және - сыз,-сіз аффиктері арқылы жасалған сын есімдер.
Мұндай сын есімдер, көбінесе, субъектінің белгісін, сынын білдіретіндіктен,сөйлемдегі грамматикалық бастауышпен қиыса байланысады.-Шылшіл,-дайдей, -тастес аффикстері арқылы жасалған сын есімдер туралы да осыны айтуға болады.
Қатыстық сын есім тудыратын өнімді жұрнақтардың бірі - қыкі есім сөздерге де, етістікке де жалғанады. Осы жұрнақ арқылы жасалған етістік негізді сын есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалады. Тілдегі етістік негізді сын есімнің барлығы бірдей сөйлемдегі ойды тиянақтау қабілетіне ие.
Дара сын есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл сын есім мағынасының кеңейіп,саралануына, түрлену жүйесі мен тіркесу қабілетінің артуына байланысты.Мыс:алаңғасар, тұңғиық, қосалқы,қанышер, желаяқ.

Болжамдық сан есімдердің ішінде баяндауыш қызметінде көп жұмсалатыны - дай,-дей формалы сан есімдер.Бұл аталған қосымшаның субстантивтік мән білдіруімен де байланысты.Шақырылғандар саны 100-дей.(18.622)
Ә.Хасенов пікірінше:
Топтау сан есімдері баяндауыш қызметінде мүлде сирек кездеседі. Шынында да топтау сан есімдерінің ішінде қосарланған түрі болмаса, дара сан есімдерден заттанған есептік, жинақтық сан есімдерде дара түрі көмекші сөз түкен жағдайда баяндауыш болады.Әр қайсысы 10-нан(18.482)
Қорыта келгенде сан есімдерді дара баяндауыш қызметінде жұмсалатын есептік, реттік, топтау, болжалдық,жинақтық сан есімдер қолданылады да, бөлшектік сан есімдер құрамы жағынан күрделі болғандықтан, күрделі баяндауыш құрамында қарастырылады.
Қазақ халқы мақалға бай. Кезінде оны зерттеушілер өте көп болған. Мысалы:орыс ғалымдары Плотников, Васильев, Катанов, Пантусов, Катаринский, Алекторов, Диваев сияқты көптеген ғалымдар жинап бастырған. Мақал-мәтелде халқымыздың өніп-өсуіне, мінез-құлқын қалыптастыруға, тіршіліктің қыры мен сырын түсінуге, оның қайшылығын тануға терең баға берілген.
Мақал-мәтелді кез-келген адам шығаруға қақылы. Ал, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, уақыт арқалатқан жүкті мойымай көтеріп, сөйтіп қалың елдің мұқтажын өтейтін мақал-мәтелдер салиқалы ой иесі, ділмар шешен, адуын мінезді ақындар араласуымен жасалған. Қазақтың мақал-мәтелдеріне өз үлесін қосып, отты сөздері ел аузына тараған М.Әуезов, Б.Момышұлы, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин сияқты ұлы адамдар есімі елдің есінде сақталады.
Жастарға өнер-білім, тіл үйретуге мақал-мәтелдің мәні зор. Білім - өрен еңбектің бір түрі болса, аз сөйлеп, көп тыңдаған, оқып білімін байытқан бала ғана өмірден өз сыбағасын алмақ.
Қазақ халқының даңқын шығарып, абыройын асырған айтулы ұлдарының бірі - жазушы, батыр Б.Момышұлының "Ер серігі - сергек ой", "Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды", "Азаматқа өмірден де ар қымбат,өлімнен де ұят күшті", "Қорқақ - дөрекі, әрі ақымақ", "Алғырлық ойдың ішкі мазмұнын нұрландырып тұрады", "Ақылгөйлік кейде өнегесіздікке тірейді" деген ұлағатты сөздерін жас ұрпақ оқып-үйренсе, адам мінезінің қыр-сырын түсінуіне кең жол ашатыны сөзсіз.
Б.Момышұлының мақалдары ерлікке, адамгершілікке шақырады.
Мысалы:Ана үшін аянба - ант ұрады.
Бала үшін аянба - бетің күйеді.
Ел үшін аянба - ерлігіңе сын.
Жұрт үшін аянба - жігітіңе сын.
Немесе:
"Жерге тер төгіп,
Халыққа қан төгіп қызмет ет",
"Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, Әдісіңе ақылыңды жолдас ет", - деген
мақалдары әрбір елжанды ұрпақтың жүрегіне әсер етпей қоймайды.
Халық ақыны Қайып Айнабековтің мақалдарына көңіл аударсақ:
"Алаңғасар адамнан ақау шықпай қалмайды", "Бос өткізу өмірді, ақымаққа көңілді", "Ердің сыны - сырында, сөздің сыны - шынында", "Ерінбегеннің еңбегі жанады, іркілмегеннің ерлігі артады", "Ойлай берсең дана боласың, ойнай берсең бала боларсың", - деген мақалдары тәлім-тәрбиесі мол даналық. Қазіргі бүкіл тіршілік техникаға жүгінген заманда жас ұрпақтардың
ойын мақал-мәтел даналығына қарай бұра берсек, нұр үстіне нұр болар еді.
Қазіргі таңда қазақ мақал-мәтелдерін құрылымдық тұрғыдан зерттеу мәселелері де өз алдына күшіне еніп, талдауды қажетсініп отырған құнды дүние.
Халықтың дәстүрлі мәдениеті мен дүниетанымдық көзқарасы бейнеленген ауыз әдебиеті үлгілерін қазіргі заманғы ғалымдар жетістігінің биіктерінен тану - алда тұрған үлкен міндеттер болып қала бермек. Бұл мақсатқа тіл білімінің мәтін құрылымы, мәтін лингвистикасы, инженерлік лингвистика, компьютерлік лингвистика, этнолингвистика т.б. осы тектес салаларының озық әдіс-тәсілдері нәтижесінде қол жеткізуге болады. Сонда ғана, ауыз әдебиетінің кіші жанрларына нені жатқызу керек, олардың ерекше белгілері мен сипаты қандай болады, мақал-мәтел мәтіндеріне ЭЕМ(ЭВМ немесе компьютер) арқылы талдау жасау, компьютерлік тілге түсірілген түрлі жинақтар мен арнайы сөздіктер (жиілік сөздік, негізгі тірек сөздер сөздігі мен көрсеткіші т.с.с.) шығару - қазақ паремиологтары алдында тұрған келелі мәселелер.

2. Мақал-мәтелдегі баяндауыш сөз таптары
2.1.Мақал-мәтелдегі баяндауыштың жасалу жолдары

Қазақ мақал-мәтелдерін құрылымдық тұрғыдан зерттеу мәселелері - жалпы мақал мен мәтелдердің қандай тақырыптық не құрылымдық топқа жататындығын дәл анықтауға жол ашады.
Фразеологизм және мақал-мәтел
Тілдегі мақал-мәтелдер де тұрақты сөз тіркесіне жатады. Бірақ, барынша тар ұғымда алынатын фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің арасында үлкен айырым бар. Мақал мен мәтел фразеологизмдерден өзінің сөз қолданыс, мағыналық жағынан ерекшеленіп тұрады. Ішкі мазмұны, сыртқы түрі жағынан, яғни өздерінің семантикасы, грамматикалық құрылысы жағынан мақал-мәтелдің фразеологизмдерден елеулі айырмашылығы бар. Фразерлогизмге кейбір ұқсастықтары бола тұрса да, мақал-мәтел сөз саптаудың дербес түрі болып есептеледі. Демек, олардың өздеріне тән лексика-семантикалық, грамматика-стильдік ерекше (релеванттық) белгілері бар.
Мақал-мәтелдерді лингвистикада фразеологияның объектісі ретінде қарастыру - түбегейлі шешімін таппаған мәселенің бірі.
Фразеологиялық тіркестер қай тілде болмасын мақал-мәтелдермен қат-қабат, қатарласа өмір сүреді. Бұл тілдік категориялар тіл байлығының ең құнарлы тармағына жатады және көркем сөз қорының мәйегі болып саналады.
Атап кететін бір нәрсе: мақал-мәтелдер бұрын да, қазір де көбінесе ауыз әдебиетінің кіші жанры ретінде әдебиетшілердің зерттеу нысаны, ал фразеологиялық тіркестер тіл фактісі ретінде негізінен тіл мамандарының зерттеу объектісі болып келеді. Алайда, осы категорияларды бөле-жармай, басын біріктіріп қарауға да болатын сияқты. Осыған сәйкес фразеологияның зерттеу объектісі туралы ғалымдардың ой-пікірлері бір жерден шықпай жатады. Фразеологизмдерді тар мағынада түсінушілер оның құрамына атауыштық (номинативті) қызметі бар сөз тіркесі түрінде келген фразеологиялық тіркестерді ғана жатқызады. Ал, фразеологизмдерді кең көлемде қарастыру бағытын жақтаушылар номинативті сөз тіркесі түріндегі фразеологиялық тіркестермен бірге коммуникативті сипаттағы сөйлем түрінде келген фразеологиялық тізбектерді, яғни мақал-мәтелдерді де фразеологияның құрамында қарастырады.
Н.Н.Амосованың пікірінше, фразеологияның құрамында номинативті фразеологизмдерді қарастыру керек, себебі коммуникативті сипаттағы предикатты мақал-мәтелдер номинативті қызмет атқара алмайды. Зерттеушінің ойынша, мақал-мәтелдерді фразеологияның қатарына енгізбеуге негіз - фразеологизмдердің сөзге балама болып жұмсалуы. Бірақ барлық тілші-фразеологтар фразеологизмдердің сөзге баламалық қызметіне бірдей көзқараста деп айтуға болмайды, өйткені соңғы жылдардағы зерттеулер барлық номинативті фразеологиялық оралымдар сөзге балама бола бермейтінін көрсетуде.
Фразеологияның құрамында мақал-мәтелдерді қарастыратын тілші-ғалымдарға (В.В.Виноградов, В.Л.Архангельский, В.Н.Телия, Г.Х.Ахунзянов, Р.Сәрсенбаев, Ө.Айтбаев, Н.Уәлиев, Ф.Ахметжанова т.б.) қосыла отырып, осы айтылғандарды Н.М.Шанскийдің ойларымен сабақтастыруға болады. Яғни, мақал-мәтелдер фразеологиялық единицаның басқа түрлері сияқты сөйлеу үстінде бірден түйдек күйінде пайда бола салмай, алдын-ала ойлау процесінде әзірленген даяр қалпында жұмсалады. Бұлардың тұрақтылығы мен қолданылатын сипаты мақал-мәтелдерді фразеологияның аясында қарастыруға мүмкіндік береді. "Демек, фразеологизмдер, мәтелдер мен мақалдар бір-бірінен алабөтен дүние емес, олардың арасында тұрған ешқандай "қытай қорғаны" жоқ, қайта олар өзара астарласып, бірінен-бірі туындап, өрбіп, дамып жатқан етене жақын, жүйелес, ыңғайлас құбылыстар". Бұл қағида бойынша, тіл-тілдегі тіркестердің бәрі бір үрдісте дамыған, бірақ әр түрлі мағыналық даму сатысында тұрған біртұтас категория деп танылады. Бұл теорияның негізін салушы профессор М.М.Копыленко мен З.Д.Поповалардың пікірлерін қолдаушылар да баршылық. Тұрақты тіркестерге деген бұл кең көзқарасты көпшілік қолдайды. Өйткені, фразеологиялық тіркестер де, мақал-мәтелдер де - тіл дамуының әр түрлі, әр деңгейдегі нақыштары.
Бұл құбылыстың бір көрінісін фразеологиялық тіркестердің мақалдардың құрамында кездесуінен байқаймыз. Мәселен, қазақ тілінде ор қазу деген тіркес бар. Тіл даму процесінде осы тіркестің негізінде "Біреуге ор қазба" деген мәтел, одан "Біреуге ор қазба, өзің түсесің" немесе "Біреуге ор қазба, ор қазсаң терең қазба, өзің түсерсің" деген мақалдар пайда болған деп есептейміз. Осындағы фразеологизмнің мақалдардан бұрын пайда болғандығын дәлелдеу қиын емес. Өйткені, логикаға сүйенсек, өмір тәжірибесі негізінде "біреу үшін ор қазу" тіркесінің фразеологиялық мағынасы қалыптасып, санамызға сіңбеген болса, аталмыш мақалдар да дүниеге келмеген болар еді. Мақалда фразеологиялық тіркес істің бастапқы себебін білдіріп тұр да, ал оның салдары (өзің түсерсің) кейіннен анықталып, күрделі ойды білдіретін мақал жасалғанын көреміз. Мақалдың жасалуын схемамен көрсетейік: сөз - фразеологизм - мәтел - мақал.
Зерттеу барысында мақалдардың құрамында (кейде мәтелдердің де) көбінесе фразеологиялық тіркестердің кездесетіндігі байқалған. Мысалы:
Әдет ету. Адам әдет етеді, әдет түпке жетеді.
Жағадан алу. Жау жағадан алғанда,бөрі етектен тартады.
Аталы сөз. Аталы сөзді арсыз қайырар.
Әзілі жарасу.Әзілің жарасса, атаңмен ойна.
Аузы дуалы. Көп аузы - дуалы, мал иесі - куәлі.
Бұл мысалдар фразеологиялық тіркестердің мақал-мәтелдермен түп-тамыры бір, мағыналық, тұлғалық табиғаты ортақ құбылыс екендігін айқын көрсете алады.
Түркі сөйлемдерінің дамуындағы ең көне және баяндауыш құрамының ең толық түрі жіктеу есімдіктерінің сараланып шығып, баяндауыш құрамында қолданылуымен байланысты. Мен(біз), сен(сендер), сіз(сіздер), ол(олар) есімдіктері ешқандай өзгеріссіз етістікпен бірлесіп субстантивтік элемент құрамында қолданылған. Орта ғасыр жазбаларында: Мен санға ашық турур мен. Сен менин турур сен(КРТ) (14)сияқты сөйлемдерден байқалатындай, жіктеу есімдіктері баяндауыш қызметіндегі етістіктерге тіркескен. Жіктік жалғауы есім сөзге тікелей жалғануының нәтижесінде қазіргі тіліміздегідей есім баяндауышты сөйлемдер қалыптасты. Баскаковтардың пікіріне сүйене отырып есім баяндауышты сөйлемнің даму эволюциясы алғашында баяндауыш құрамында негізгі семантикалық жүкті атқаратын есім сөзге тіркескен есімшеге жіктеу есімдігі тіркеседі. Кейіннен тіркескен есімше түсіп қалып, жіктеу есімдігі баяндауыштық аффикске айналуы нәтижесінде есімді сөйлемдер қалыптасты. Жанама септіктерді меңгеретін құрама баяндауыш құрамынан көмекші етістіктердің түсіп қалуы есімнің меңгеруін қалыптастырып, есім баяндауыштың қалыптасуына жол ашады.Айтылатын ой ықшам, әрі түсінікті, оралымды болуы үшін сөйлем құрамынан белгілі бір сөйлем мүшелері түсіріліп отырады. Мұндай сөйлемдерді қазіргі қазақ тілінде эллипс дейді. Әсіресе, мақал-мәтел мен ауыз екі сөйлем стиліне тән болып келетін эллипс сөйлемде сөйлем құрамынан көбіне етістік баяндауыш түсіріліп, сөйлем баяндауышы қызметін оның алдында тұрған есім сөз атқарады.
Негізгі лексикалық мәннің есімге тән болуы, сондай-ақ логикалық екпіннің көмекші етістікке түспей, оның алдындағы есім сөзге түсуі етістік баяндауышты сөйлемнің ықшамдалған түрі- есім баяндауышты сөйлемдерді қалыптастырды.
Құрама баяндауыш құрамынан көмекші етістіктің түсірілуінің төмендегідей себептері бар:
а)тілдегі экономия заңына байланысты:айтылатын ой жинақы, тұжырымды болуы үшін сөйлем құрамынан басы артық мүше ығыстырылады.Мұндай құбылысқа,лексикалық мағынасынан айырылған көмекші етістіктер, кейде толық мағыналы етістіктер де ұшырайды.Баяндауыштық сөйлемде айтылатын ойда ешқандай мағыналық олқылық болмайды. Қазіргі тілдегі есім баяндауышты сөйлемдер деп танылып жүрген сөйлемдердің бәрінің түп-тамыры етістік баяндауышты сөйлемдерде дені сау баяндауышты сөйлемдер.(Ердің ісі- келіс, ездің ісі-керіс, Жері байдың - елі бай, және т.б.)
ә)шақтық мағынамен байланысты. Есім сөзбен тіркескен байланыстырушылық қызметтегі көмекші етістіктер(еді, болды т.б.)
өзі тіркескен сөзге өткен шақтық, келер шақтық мағына үстейді.Ал тіркес құрамынан бұл етістіктердің түсірілуі есімдердің дара қалпында тұрып осы шақтық мағына беруімен ерекшеленеді.
б)стильдік талапқа байланысты. Әр жанрға қойылатын стильдік талаптар болады. Көркем прозада жазушы субъектіге баса назар
аударту мақсатымен оны баяндауыш құрамында қайта қолдануы мүмкін.(Жырық қараның аты-Жел жетпес деген ат.(Ғ.Мүсірепов)). Мұндайда көмекші етістіктердің бірге тұруы стильдік талапқа сай келмейді.Тавтология болмас үшін екі қайталанып тұрған сөз де түсуі мүмкін. Ал поэзияда есім баяндауыштар лирикада жиірек кездеседі.
Мұны Р.Сыздықованың: "Абай өлеңдерінің синтаксистік құрамы(А70)"-көруге болады."Ал лирикада іс-әрекетті баяндау сирек болатыны мәлім. Сондай-ақ табиғат құбылыстары мен жеке адамдарда немесе жылқыны, я болмаса 100жылғы өткен ескі киімдерді сөз еткен өлеңдердің бірде-біреуінде ашық райдағы етістік ұйқас жоқ,керісінше, сын есім мен сындық ұғымда қолданылған өткен шақтағы есімше жиірек кездеседі,"-деп түсіндіреді.(155-156)
в)экстралингвистикалық факторларға байланысты. Тілдің бір-бірінен даралануы олардың генетикалық тұрғыдағы ерекшелігіне, ішкі даму жолдарына байланысты десек те, әр тілдің сөйлем жүйесінің қалыптасуына сол тілді сөйлеуші халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы да әсер етеді. Территориясы жақын, сол халықпен үнемі байланыста болуы гениологиялық жағынан туыстас емес тілде ізін қалдырып отырады.Орыс халқымен үнемі экономикалық,мәдени байланыста болу сол тілдің үлгісіндегі жаңа типті сөйлемдердің қалыптасуына жол ашты. Мұндайда сөйлем баяндауышы қызметін септік жалғауындағы есім сөздер атқарған. Тілде жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауындағы сөздер жіктеліп, баяндауыш болуы-бұрыннан бар құбылыс. Ал барыс септігіндегі сөздер жіктелмейтіндіктен, баяндауыш қызметінде қолданылмаған сондықтан барыс септік тұлғасындағы баяндауышты сөйлемдер орыс тіліндегі сөйлемдер үлгісінде қалыптасқан деп пайымдамыз.(Барлық жақсы-балаларға т.б.)

Мақал-мәтелдердегі сын есімді күрделі баяндауыштар. Екі не одан да көп компоненттен құралған сын есімдер жіктік жалғауының ашық не жасырын тұлғасында келіп, сөйлемде баяндауыштың қызметін атқарады.Сындық мәндегі баяндауыштың қызметі әр түрлі болуы мүмкін. Негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрлаулы мүшелерді оқыту.
Тұрлаулы мүшелерді жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқыту жолдары
Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелері
Қазақ және араб тіліндегі бастауыштың ұқсастықтары мен ерекшеліктері
Жақсыз сөйлемнің түрлері
Сөйлемдердің түрлі грамматикалық құрылымдарда жасалу және қалыптасу ерекшеліктері
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың қолданыстағы көріністері мен жасалу жолдары
Күрделі пысықтауыш сөйлем мүшесінің ғылыми зерттелуі
Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелерін оқыту
Баяндауыштың жасалу жолдары
Пәндер