Сыртқы шығару жүйелерінің жас ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

Оқушылардың физиологиялық дамуы.

Орындаған: Индира Осатай ЖХБ-011 2 курс

СӨЖ тапсырмалары: Сыртқы шығару жүйелерінің жас ерекшеліктері .

СӨЖ тапсырмалары: Сыртқы шығару жүйелерінің жас ерекшеліктері.

Зат алмасуының ыдырау өнімінің соңғы қалдықтарын, зиянды, улы заттар денеден сыртқа өкпе, ішек бүйрек, қан тамырлары, тері арқылы шығарып, дене тазартылып, ағзаның ішкі ортасының қалыпты тұрақтылығы сақталады. Тіршілік үшін, денсаулық үшін сыртқа шығару мүшелерінің қызметінің маңызы зор.

Сыртқа шығару мүшелерінің ішінде бүйрек ерекше оын алады. Адамның бүйрегі жұп мүше, салмағы 120-150 г. Сырты дәнекер ұлпасымен қоршалған. Бүйректі қалың бүйрек майы қаптап тұрады. Нәрестенің бүйрек массасы 11-12 грамм, 1 жаста-37-38 грамм, 5 жаста-55-57 грамм. Бүйрек ұлпаларының өсу қарқыны алғашқы 3 жыл ішінде, жыныстық жетілу кезеңінде және 20-30 жас аралығында жоғары болып, өсіп жетіледі.

Нәрестенің бүйрегінің сыртқы беті бөліктеніп тұрады. Олар 2 жасқа қарай тегістеле бастайды да, 5 жаста жойылып, түгел тегіс болады.

Бүйректе сыртқы қызғылт қоңыр түсті қыртыс қабаты және ішкі ортаңғы ақшылмилы қабаты болады. Бүйректің қыртыс қабаты нефрондардан, яғни бүйрек денешіктерінен құралған. Бір бүйректегі нефрондар саны 1-1, 2 млн. Бүйректің қызметі қан плазмасын зиянды, қажетсіз заттардан тазартудан басталады. Натрий, калий, кальций иондары сияқты тіршілікке қажетті заттар көп мөлшерде болса, гомеостаз қалыпты деңгейінен өзгере бастайды. Бүйрек электролиттік және қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті үйлестіріп, реттеп отырады. Бүйрек ұлпасында ренин және эритропоэтин ферменттері өндіріледі. Ренин артерия қысымын және қан тамырларындағы қанның мөлшерін реттеуге қатысады. Ал эритропоэтин эритроциттердің өндірілуіне әсер етеді.

Несеп нефронда түзіледі және екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде алғашқы несеп, ал екінші кезеңде соңғы несеп түзіледі. Несептің түзілуі күрделі уш қызметтің нәтижесі: 1. Фильтрация - нефронның капилляр шұмағындағы сүзілу. 2. Реабсорбция - иірімді каналдардағы кері сүзілу. 3. Екінші деңгейлі иірім каналдардың эпителий клеткаларының белсенді секрециялық қызметі.

Тәулік бойы бүйректен 2000 л қан айдалады, одан 150-180 л алғашқы несеп өндіріледі, бірақ соңғы несептің мөлшері 1, 5 л ғана. Мұндай қарқынды сүзілу бүйрек каналшаларының өте ұзын болуына байланысты. Олардың жалпы ұзындығы 120 км, ал сүзілуге қатысатын бетінің ауданы 40-50 м. Құыққа айдалатын соңғы несеп сарғыш түсті сұйықтық . Құрамының негізі 98-99% -су, ал 1-2% - көптеген химиялық заттар - мочевина, несеп қышқылы, креатинин. Дені сау адамның несебінің құрамында белок пен глюкоза қанты болмауы тиіс. Несептің тәуліктік мөлшері 1300-1500 мл.

Бүйрек қызметінің реттелуі. Бүйрек ұлпаларының рецепторларынан афференттік жүйке импульстері ОЖЖ, гипоталамус және ми қыртысы орталықтарына беріледі. Ал афференттік нерв импульстері нейрогипофизге беріліп, ондағы несептің түзілуін реттейтін вазопрессин гормоның қанға шығарады. Вазопрессин қан айналыс жолымен бүйрек үсті безіне барып, альдестерон гормонының өнімін арттады.

Терінің құрылысы мен маңызы. Адамның терісі 3 қабаттан тұрады: 1. Эпидермис - сыртқы қабат. 2. Дерма - ортаңғы қабат. 3. Гиподерма - ішкі қабат. Ең қалың - сыртқы қабат, қалыңдылығы 1-2, 5 мм. Бұл қабатта меланин өндіріледі. Сондықтан терінің түсі өндіретін пигментіне байланысты, егер ол аз өндірілсе тері ақшыл, көбірек болса - қоңырлау, ал тым көп болса - қара қоңыр болады.

Дерма қабатының жасушалары тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Онда капиллярлар мен нерв ұштары болады. Дерманың бүршікті қабатында тер өндіріледі, ал торлы қабатындағы дәнекер клеткалар теріге беріктік қасиет береді. Терінің гиподерма қабаты қорғаныс қызметің атқарады.

Тері асты клетчаткада тері бездері орналасқан. Олардың өзегі терінің сыртына жіңішке саңлау түрінде ашылады. Тер бездері алақан, маңдай, қолтық, мойын, арқа және шап терісінде көбірек болады. Теріде май өндіретін май бездері болады. Олар алақан, табан терісінен басқа жердің бәрінде бар. Тер бездері арқылы денеден сыртқа шығарылатын судың мөлшері 50%, яғни 500-900 мл болады. Термен бірге мочевина, несеп қышқылы, креатинин, гиппур қышқылы, хлорлы натрий, калий және фосфаттар мен сульфаттар шығарылады. Терлеу тәулік бойы үнемі үздіксіз жүреді, бірақ сыртқы ортаның температурасы жоғарылағанда, шынықтыру жаттығулары кезінде тер безінің өзектері кеңейеді де, тер үздіксіз көп шығады. Тер бездерінің реттелуі симпатикалық жүйке жүйесімен қамтамасыз етіледі. Симпатикалық нерв талшықтарының теріге келетін холинэргиялық ұштарынан екі түрлі медиатор бөлінеді: ацетилхолин және адреналин. Егер ацетилхолин бөлінсе, жылы тер шығады, ал адреналин бөлінсе салқын тер шығады -адам қатты абыржып, қиналғанда, жағымсыз эмоция кезінде.

Бала терісінің сыртқы эпидермис қабаты өте жұқа, терінің қан тамырлары кең және көрініп тұрады. Терісі тегіс, қыртыссыз болады. Бала терісінде май көбірек болады. Әсіресе алғашқы 9 айда ол тез көбейеді. Содан кейін 5 жасқа дейін олардың көбейюі бәсеңдейді. Терінің температурасы нәрестелерде, жоғарырақ және тұрақсыз болады да 3-5 жастан бастап қалыптасады. Бала 4 жасқа дейін аз терлейді, себебі тер бездерінің қызметін реттеуші жүйке орталығы әлі жетілмеген. Оның толық жетілуі 5-7 жаста болады.

1 жаста балалардың организміндегі осмостық қысым мен иондар алмасуының тетіктері толық жетіледі.

2 жасқа жақындағанда нефрондардың сүзілу және иірім каналдардағы кері сүзілу мен секреция деңгейлері ересек адамның көрсеткіштеріне жақын болады.

Баланың алғашқы жылдарында бүйректің қызметін реттейтін вазопрессин мен адреналин гормондарының мөлшер деңгейі аздау болғандықтан, бүйректің эпителий клеткаларының және қан тамырларының қабырғасындағы рецепторлардың сезімталдығы төмен болады. Ал альдостерон гормоны жөнінде мұндай мәліметтер әлі белгісіз.

Энурез. Несептің денеден рефлекторлы еріксіз түрде шығарылуы емшектегі балаларда болатын жағдай, ал ересек балалар өз еркімен несеп шығаруды тоқтата алады. Екі жастан аса баланың несеп шығаруды реттеу тетіктері толық жетіледі де рефлекторлы еріксіз несеп шығару тоқталуы тиіс. Бірақ сәбилердің 5-10 %-ында 13-14 жасқа дейін түнде рефлекторлы еріксіз несеп шығару, яғни энурез байқалады. Несептің тоқтамауы немесе энурез (грек. ен - шығамын + ур - несеп) баланың ерекше ауруларының бір түрі. Ол ерте балалық шақта жиі кездеседі және ұзақ, кей кезде ем қонбайтын, кейде өткінші, жыныстық жетілу кезінде өзінен-өзі тоқталатын сырқат. Бұл сырқаттың себептері әртүрлі болуы мүмкін. Энурез кейде қуықтағы қабыну ауруларына, кейде бүйректің немесе нейрогендік себептердің әсерінен болуы ықтимал. Соңғысы психикалық дамудың кемшілігіне, немесе психикалық травмаға, немесе ауруға байланысты болуы мүмкін. Ондай балалар сүйіспеншілік көрсетуді, ересектердің немесе достарының мазағынан қорғауды қажет етеді. Ал баланы қорқыту арқылы қойғызамын деп тырысу мүлде жарамсыз әдіс.

Энурезі бар балаларды 4 топқа бөлуге болады: 1. Емделмейтін, тәрбиесі дұрыс болмаған ақылы кем балалар. Олардың несебінің тоқтамау себебі, көбінесе баланың ұйқысының жөнсіз қатты болуынан болады. 2. Ұзақ сырқаттылар, бірақ дұрыс тәрбиелеп, тамақтандырып (сусынды аз ішкізіп) емдесе, басылатын сырқат, Бұлар да энурез жыныстық жетілу кезінде гормон түзілу қызметі реттелгеннен соң ұйқы ның терендігі жөнделіп, түнде несеп тоқтамауы жиі басылып кетеді. 3. Үнемі емес, кейде мезгіл-мезгіл энурез байқалатын балалар. 4. Өте аз, анда-санда ғана энурез байқалатын балалар тобы. Энурез қыздардан гөрі ер балаларда жиірек байқалады. Бұл ауру кейде басқа аурулардың (мысалы, тері ауруының, ішек құрттарының болуына байланысты) салдарынан да болады. Сол сияқты, бұл ауру кейде жыныс мүшелерінің жағдайына байланысты туады, сондықтан балаларды жыныс мүшелерін таза ұстауға әдеттендіру керек. Әсіресе қыз балалардың жыныс мүшелерін жылы сумен жиі жуып, тазартып отырған абзал.

Түнде несептің еріксіз шығуына жатар алдында Сұйық ты көп ішу де себеп болады.

Ауруды емдеу арнайы диетаны үстануға негізделеді. Энурез жиі байқалатын балаларға түске дейін қалыпты тамақ жеп-ішіп, түстен кейін түзы аз тамақ (ет, жұмыртқа, май) ұсынылады немесе, керісінше, үйықтар алдында тұздалған тамақ беріледі, кейде жатарда түзды су беруге болады.

Терінің құрылыс ы мен маңызы. Адам терісі 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты эпидермис, ортаңғысы д е р -м а және ішкісі гиподерма деп аталады. Ең қалың сыртқы қабатының қалыңдығы 1-2, 5 мм. Бұл қабатта меланин пигменті өндіріледі. Сондықтан терінің түсі өндіретін пигментіне байланысты, егер ол аз өндірілсе тері ақшыл, көбірек болса - қоңырлау, ал тым көп болса, қара қоңыр болады.

Дерма қабатының клеткалары тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Онда қан тамырларының капиллярлары және нерв үштары бар. Дерманың бүршікті қабатында тер өндіріледі, ал торлы қабатындағы дәнекер клеткалар теріге беріктік қасиет береді. Терінің гиподерма қабаты қорғаныс қызметін атқарады.

Тері асты клетчаткада тері бездері орналасқан. Олардың өзегі терінің сыртына жіңішке саңлау түрінде ашылады. Тер бездері алақан, мандай, қолтық, мойын, арқа және шап терісінде көбірек болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні
Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы. Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсы бойынша лекция тезистері
Өсу мен даму антропометриясы
Вегетативті жүйке жүйесінің бөлімдері
Бастауыш мектеп оқушыларында төзімділікті дамыту әдістемесінің негіздері
Дене бітімі дамуының көрсеткіштері
Жас ерекшелік физиологиясы
Орталық жүйке жүйесіндегі жүйке орталықтарының қызметі
ПЕДИАТРИЯ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ГИГИЕНАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz