Сыртқы экономикалық қызметтің мәні негізгі түрлері және оны жүзеге асыру құралдары


- Сыртқы экономикалық қызметтің мәні негізгі түрлері және оны жүзеге асыру құралдарын нақты көрсет
«Сыртқы экономикалық қызмет» ұғымы өткен ғасырдың соңғы тоқсандығында қолданыла бастады. 60-70-ші жылдарда отандық сыртқы сауда салыстырмалы түрде айтқанда кеңейді және күрделенді. Дәстүрлі сыртқы саудамен қатар сыртқы экономикалық қызметтің басқа түрлері пайда болды. Оларға: технико-экономикалық және ғылыми-техникалық әріптестіктер, халықаралық транзиттік тасымалдау, шетелдік серіктестермен өндірісті кооперациялау, ал кейіннен шетелдік және отандық кәсіпорындар арасындағы тікелей байланыстар, бірлескен кәсіпкерлік және т. б. жатады. Сыртқы экономикалық қызметтің көп түрлілігі тиісті мемлекеттік басқару органдарының, мамандандырылған сыртқы экономикалық ұйымдардың, салалық өндірістік бірлестіктер құрылымында, қызметтерінде және практикалық қызметінде өз көрінісін тапты.
80-ші жылдарда сыртқы экономикалық қызмет жүйесінде түбегейлі өзгерістер басталып, ол 90-шы жылдарда сыртқы экономикалық қызметтің мемлекеттік монополиядан либерализацияға ауысуымен аяқталды. 1995 ж. 11-ші қаңтарда ҚР Президентінің №2021 «Сыртқы экономикалық қызметті либеризациялау туралы» Жарлығы қабылданды. Бұл Жарлық бойынша ҚР барлық шаруашылық жүргізуші субъектілеріне ҚР Үкіметі анықтайтын стратегиялық маңызы бар ресурстарының экспорты мен импортын қоспағанда, сыртқы сауда қызметін жүргізуге құқық берілді.
Қазіргі кезде әдебиеттерде «Сыртқы экономикалық қызмет» ұғымының әр түрлі анықтамалары кездеседі. Т. Е. Кочергина анықтамасы бойынша «Сыртқы экономикалық қызмет» - жұмыстар мен қызметтердің, ақпараттардың, интеллектуалды қорытындылардың, сонымен қатар оларға берілетін ерекше құқықтардың халықаралық айырбасы саласындағы кәсіпкерлік қызмет». Э. А. Арустамов пен Р. С. Андреева сыртқы экономикалық қызметті «Сыртқы экономикалық қызмет» партнерлерімен өзара қызметпен байланысты кәсіпорынның өндіріс, ұйымдастырушылық - экономикалық және коммерциялық қызмет етудің саласы» деп түсіндіреді. Ю. М. Ростовская және В. Ю. Гречков өздерінің еңбектерінде Ресей Федерациясының 1999 жылғы 18 шілдедегі №183-ФЗ «Экспорттық бақылау туралы» Федералды заңына сүйеніп, мынандай анықтама береді: «Сыртқы экономикалық қызмет - тауарлар мен қызметтердің, ақпараттардың, жұмыстардың, интеллектуалды қызмет қорытындылары және оларға ерекше құқықтардың халықаралық айырбасындағы өндірістік кооперацияны қоса алғанда, бұл - сыртқы сауда және инвестициялық қызмет». Сыртқы экономикалық қызметтің ең қысқа анықтамасын О. И. Дегтярева, Т. И. Полякова және С. В. Саркисов сияқты ғалымдардың айтуы бойынша «СЭҚ - бұл шетелдік серіктестермен жүзеге асырылатын коммерциялық қызмет» болып табылады. Соңында, Е. Ф. Прокушеваның берген анықтамасына тоқталсақ. Бұл ғалымның берген анықтамасы келесі: «Сыртқы экономикалық қызмет» - тауар айырбасы, біріккен кәсіпкерлік, қызмет көрсету, экономикалық және ғылыми-техникалық әріптестіктің әр түрлі формасын, валюталық және қаржы несиелік операцияларын орындау жолдарымен сыртқы экономикалық қызмет қатынастарын іске асыру процесі».
Сыртқы экономикалық қызметтің келесі ерекшеліктерін бөліп қарауға болады:
Біріншіден , сыртқы экономикалық қызмет жалпы экономикалық қызметтің құрамдас бөлігі болып табылады. Сыртқы сауда каналдары арқылы елде өндірілетін экспорттық тауарлар сыртқы нарыққа өткізіледі және импорт арқылы елдегі әр түрлі тауарларға ішкі тұтынуды, қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Екіншіден , СЭҚ сыртқы саясат қызметімен тығыз байланысты. СЭҚ ел ішіндегі немесе өзге елдің экономикасына өте қажетті тауарларды сату және сатып алу жолымен және экономикалық әдістермен елдегі сыртқы саясатқа белсенді қатыса алады.
Үшіншіден , СЭҚ коммерциялық қызмет ретінде сыртқы және ішкі нарықтарда ерекшеленеді. Атап айтқанда:
1. Халықаралық сауда ұйымдастырушылық құқықтық щарттары контрагент елдердегі ұлттық заң шығарушылық нормаларына негізделген. Елдердің кедендік, валюталық, салықтық, экологиялық, санитарлық, техникалық ережелерінде көп айырмашылықтар бар. Сондықтан, шетелдік сауда дәстүрлерін, коммерциялық қызметтің бекітілген ережелерін, сауда тәжірибесін ескеру керек.
2. Әлемдік нарық көптеген ұлттық нарықтардың жиынтығы ретінде үлкен сыйымдылық пен қатаң бәсекелестікпен ерекшеленеді. Әлемдік нарық ішкі нарыққа қарағанда өте кең. Әлемдік нарықта тауарларын ұсынатын сатушылар мен сол тауарды сатып алғысы келетін сатып алушылар өте көп. Осы шарттарда, белгілі бір нарықта өз тауарларын сатқысы келетін сатушылар, әлеуетті сатып алушыларды, олардың қалауларын зерттеп, сенімді клиенттерді табуға талпынады.
3. Әлемдік нарықта тауарлық жетіспеушілік (дефицит) кездеспейді, әдетте керісінше көптеген тауарлардың көп мөлшері кездеседі. Бұл сатушыларды, белсенді маркетингтік зерттеулер жүргізуге, сәйкес нарықтық сегменттерде тиімді жарнама құралдарын таңдауға итермелейді.
4. Шетелдік сатып алушылар мен сатушылар сатушылардан қызметтердің көп спектрін алуға үйренген. Бастапқыда сатып алушылар белгілі бір тауардың пайдалану әдісін, технологиялық қасиетін, сапалы сипаттамасы туралы ақпаратты алуға үміттенеді.
5. Әлемдік және ішкі нарықтарда баға белгілеудің ұстанымдары мен әдістерінде өзгешеліктер бар. Сыртқы сауда мәмілелерін жүргізгенде шетелдік коммерсанттар әлемдік бағалар деңгейіне сүйенеді. Ол бағалар әлемдік сауда орталықтарында болатын ірі мәмілелердің бағалары негізінде құрылады. Нақты уақыттағы белгілі бір тауардың сұранысы мен ұсынысының қатынасы баға белгілеудің басты факторы болып табылады. Сонымен қатар, баға белгілеуде басқа факторлар да, мысалы жалпы экономикалық конъюктураның жағдайы, өндірістің маусымдылығы, мемлекеттік реттеудің мөлшері, саяси, әскери, этникалық мәселелері әсер етуі мүмкін.
6. Өндірістік және коммерциялық фирмалармен алынған реноме мен беделдік ұлттық және шетелдік коммерсанттар үшін маңызды тартылыс күш болып табылады.
7. Әлемдік саудада әрбір тауар нарығына белгілі бір фирмалық құрылым тән. Белгілі бір нарықтағы көптеген фирмалардың ішіндегі фирманың сол нарықта қаншалықты үлесі жоғары болса, соншалықты сол фирманың позициясы күштірек болады.
Қазіргі кезеңде бірде-бір ел, санқырлы түрде көрінетін сыртқы экономикалық байланыстарсыз дами алмайды. Бұл әлемдік қауымдастықтағы айырмашылықтармен, ықпалдасумен және саясат мақсаттарымен айқындалады.
Сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар жатады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz