Өңеш


Қарағанды медициналық университеті
Морфология және физиология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Өңеш
Орындаған: Маханбет А. С.
2-001 топ ЖМ
Тексерген: Нурсейтова К. Т.
Қарағанды 2021
Аш ішек
Аш ішек немесе жіңішке ішек үш бөліктен: он екі елі ішек, ащы ішек, мықын ішектен тұрады. Аш ішектің жалпы ұзындығы 6-7 м. Аш ішектің 25-30 см-ін ұлтабар алады, ал ішектің 2/5 бөлігін ащы ішек, қалған 3/5 бөлігін - мықын ішек алып жатыр. Аш ішек ирелеңдеп орналасқан. Оның ішкі қабырғасында көптеген сақина пішінді қатпарлар бар. Сонымен бірге аш ішектің сілемейлі қабықшасында тұйық әскін түріндегі бүрлер өте көп. Мұндай бүрлер тек аш ішекке ғана тән болып келеді. Бұл бүрлер ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтады. Аш ішектің бұлшықет қабықшасындағы ішкі бұлшықет талшықтары сақина тәрізді, сыртқы бұлшықет талшықтары болса ұзына бойы орналасқан. Аш ішек қабырғасындағы бұлшықет талшықтары, оқтын-оқтын толқын тәрізді жиырылып-босаңсып тұрады. Осының нәтижесінде жеген тамақ ішектің ішімен алға қарай жылжып отырады. Аш ішекте қоректік заттардың барлық түрлерінің - ақуыздар, майлар мен көмірсулардың химиялық қайта өңделуі және сонымен қатар олардың қорытылуы да жүреді. Көмірсулардың қорытылуы - амилаза, мальтаза, сахароза, лактоза және фосфатаза, ал майлардың қорытылуы - липаза ферменттері арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар аш ішекте ақуыздардың, майлар мен көмірсулардың ыдырау өнімдерінің қан және лимфа тамырларына сіңірілу үрдісі жүзеге асады. Ішектер сондай-ақ механикалық қызмет атқарып, химусты каудальдық бағытта жылжытады. Бұл қызмет ішектердің бұлшықеті қабықшасының перистальтикалық жиырылуының арқасында орындалады.
Дамуы: Аш ішек эмбриогенездің 5-ші аптасынан бастап дами бастайды. Ішектің энтодермасынан аш ішек бүрлерінің, криптілерінің, дуоденальдық бездерінің эпителийлері дамиды. Жіктелудің алғашқы кезеңдерінде эпителий - бір қатарлы текшелі, уақыт өте келе - екі қатарлы призмалық болып келеді де, ақыр соңында 7-8-ші аптада бір қабатты призмалық эпителий түзіледі. Эмбриональдық дамудың 8-9-шы аптасында бүрлер мен криптілер немесе тереңдемелер пайда болады. Ал айналмалы қатпарлар дамудың 20-24-ші аптасының ішінде қалыптасады. Ұрық дамуының 24-28-ші апталарында шырышты қабықшаның бұлшық ет табақшасы дамып қалыптаса бастайды. 4-апталық ұрықтың ішек эпителийінің жасушалары әлі жіктелмеген және жоғары пролиферативтік белсенділікпен сипатталады. Эпителиоциттердің жіктелуі дамудың 6-12-ші аптасында басталады. Бағаналы эпителиоциттер пайда болады. Оларға резорбциялық бетті үлкейтетін микробүрлердің қарқынды дамуы тән. Құрылысы: Аш ішектің құрылысы шырышты қабықшадан, шырыш асты негізден, бұлшықетті және сірлі қабықшалардан құралады. Аш ішектің шырышты қабықшасында айналмалы қатпарлардың, бүрлердің және криптілердің яғни ішек бездері болуына байланысты ерекше бедерге ие. Бұл құрылымдар аш ішектің жалпы үстіңгі бетін ұлғайтып, оның негізгі қызметтерін атқаруға жағдай жасайды.
Айналмалы қатпарлар шырышты қабықшадан және шырыш асты негізден құралған. Шырышты қабықшаның бетінде кішірек көлемді төмпешіктерді көре аламыз. Бұл қабықшаның ішінде жеке немесе солитарлық және топтасқан немесе пейер түйіншелері лимфалық фолликулалар орналасады. Пейер түйіншелерінің жалпы саны 30-ға дейін жетеді, көбінесе бұл түйіншелер тек мықын ішекте орналасады. Бұл аймақта әдетте, бүрлер мен криптілер болмайды.
Ішек бүрлері қабықшаның аш ішек саңылауына еркін еніп тұратын саусақ тәрізді немесе жапырақ тәрізді пішіні бар өсінділер болып табылады. Аш ішек бүрлердің саны едәуір көп. Әсіресе ол ұлтабар мен ащы ішекте мол болады да, мықын ішегінде ұлтабар мен ащы ішекке қарағанда аз көлемде орналасады. . Ұлтабардағы бүрлер - енді және қысқа. Әр бүрдің түзілуіне шырышты қабықшаның барлық қабаттарының құрылымдық элементтері қатысады. Әрбір ішек бүрінің беті бір қабатты призмалық эпителиймен жабылған.
Эпителийде жасушаның үш түрі ажыратылады, олар: бағаналы эпителио- циттер, бокал тәрізді экзокриноциттер мен эндокриноциттер. Бүрдің бағаналы эпителиоциттер пішіні призма тәрізді, бүрді жабатын эпителий қабатының негізгі бөлімі болып табылады. Қызметі: тамақпен түсетін заттардың сіңірілуі мен тасымалдануын қамтамасыз ету.
Ішектің эпителийінің құрамындағы бокал тәрізді экзокриноциттер бүрде бағаналы жасушалар арасында жекелей орналасқан. Олардың саны ұлтабардан мықын ішектеріне қарай артады. Құрылымы жағынан шырышты жасушалар, цитоплазмасы ашық түсті болып көрінеді. Жасушада жазық эндоплазмалық тор, Гольджи кешені жақсы дамыған. Оларда шырыштың жиналуымен және бөлінуімен байланысты циклді өзгерістер байқалады. Өнімді бөлу әдісі мерокринді. Бокал тәрізді экзокриноциттер бөлетін шырыш ішектің шырышты қабықшасының бетін ылғалдандыруға және сол арқылы ас ботқасының жылжуына көмектеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz