ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ
ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСІ
Негізгі ұғымдар: экономия, саяси экономия, меркантилизм, физиократизм, классикалық саяси экономия, марксизм, неоклассика- лық теория, маржинализм, кейнсиандық мектеп, монетаризм, институционализм, қоғамдық таңдау теориясы, экономикс, эконо- микалық теория, экономикалық теорияның зерттеу пәні, экономикалық теорияның зерттеу аясы, экономикалық теорияның зерттеу объектісі мен субъектісі, экономикалық заңдар, экономикалық категориялар, экономикалық теорияның әдістері, экономикалық саясат, позитивті талдау, нормативті талдау, т.б.
0.1. Экономикалық теорияның зерттеу пәні мен әдістері
Адамзат баласының даму тарихында терең қозғаушы күш ретінде материалдық игіліктерді өндіру үдерісі табылған. Қоғам тек осы өндірістік үдерістерді жүзеге асыру және үнемі үздіксіз жаңартып отыру арқылы ғана тіршілік ете алады және дами алады. Сондықтан экономика кез келген қоғамның іргетасы болып табылады. Адамзат әрқашанда экономикамен және экономикалық таңдау жағдайында өмір сүреді. Демек, осының негізінде ғана экономикалық саясат, ғылым мен білім, дін, өнер сияқты салалар жұмыс істей алады.
Қазіргі уақытта, экономика әрбір адамның өміріне дендеп кірді және адамдардың өздері экономика жайлы көбірек білуге ұмтылып келеді.
Экономика дегеніміз не? Экономия ұғымы және одан туындайтын экономика сөзі ежелгі гректің ойкос, экос - үй, үй шаруашылығы және номос - заң, заңдылық деген сөздерінен құралады. Олай болса, экономика - бұл шаруашылықты басқару ережелері мен заңдылықтары. Ал, экономикалық ғылым - шаруашылықтың даму заңдылықтары туралы ғылым.
Экономикалық ғылымды, яғни экономикалық теорияны зерттеудің мақсатты түрде бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады:
Экономикалық теорияның зерттеу пәні - бұл экономикалық субъектілердің нарықтағы өмір сүру ерекшеліктері мен тәртіптері.
Экономикалық теорияның зерттеу аясы - бұл адамдардың экономикалық әрекеттері жүзеге асырылатын экономикалық орта.
Экономикалық теорияның зерттеу объектісі - бұл экономикалық құбылыстар мен экономикалық мәселелер, экономикалық қатынастар мен экономикалық үдерістер.
Экономикалық теорияның зерттеу субъектісі - бұл адам, үй шаруашылығы, фирма, мемлекет және сыртқы орта.
Экономикалық теория адамдардың экономикалық мінез- құлықтарын зерттейтіндіктен, олардың нарықтағы іс-әрекеттері материалдық және материалдық емес игіліктерді өндірумен, бөлумен, айырбастаумен және тұтынумен байланысты болып табылады. Осыған қарап, біз экономикалық теорияны адамдардың шешім қабылдау заңдылықтарын зерттейтін гуманитарлық, әрі қоғамдық ғылым деп біле аламыз.
Экономикалық теорияның зерттеу пәніне қатысты көптеген анықтамалар бар. Солардың негізгілерін төмендегідей қарастыруға болады.
Экономикалық теория - адамдардың шексіз қажеттіліктерін қоғамның шектеулі ресурстары арқылы қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша ғылым саласы.
Экономикалық теория - шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жолындағы адамдар арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды және олардан туындайтын экономикалық мәселелерді зерттейтін қоғамдық ғылым.
Экономикалық теория - байлық туралы ғылым.
Американ экономисі Пол Самуэльсон экономикалық теорияны барлық экономикалық ғылымдардың патшайымы деп атаған. Осы тұрғыда, экономикалық теорияны зерттеу шаруашылық өмірде адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін танып білуге және барлық уақытта экономикалық заңдардың мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
Экономикалық теорияның пәні нені және қандай құбылыстарды зерттейтіндігін түсіндірсе, оның зерттеу әдістері экономикалық құбылыстарды қалай зерттейтіндігін түсіндіреді. Кез келген басқа ғылымдар сияқты экономикалық теория қоршаған ортаны танып білудің және зерттеудің жалпы және ерекше әдістерін қолданады.
Экономикалық теория әдістерінің алғашқы ғылыми әзірлемелері ежелгі грек ғалымы Аристотельдің еңбектері арқылы танылды. Ол экономикалық ғылымды танып білудің негізгі қағидаларын қалыптастырды. Аристотельмен жасалған анализ, синтез, индукция, дедукция, аналогия және басқа да таным әдістері бүгінгі күнге дейін экономикалық құбылыстар мен үдерістерді талдауда кеңінен қолданылып келеді. Әрине, бұл жерде экономикалық теория пәнінің дамуы мен әрі қарай күрделенуі барысында оны танып білудің әдіс- тәсілдері үнемі жетілдіріліп отырады. Экономикалық ғылымның әдісі деп кең мағынада, біз экономикалық үдерістердің нақты ақиқаттылығына жету жолдарының және экономикалық құбылыс- тарды зерттеу құралдарының, айла-амалдарының жиынтығын айтамыз.
Экономикалық теория адами, қоғамдық ғылым ретінде қоршаған ортаны және өмір тіршілігін танып білудің көптеген әдістерін қолданады.
Экономикалық теорияның жалпы әдістері:
1. Ғылыми абстракция - бұл зерттеліп отырған құбылыстардың ең маңызды жақтарына және қасиеттеріне көңіл бөлу. Экономикалық теорияның бұл әдісі заңдылықтарды құруда экономикалық құбылыс- тарды жеңілдетіп көрсетеді.
2. Анализ - бұл зерттеліп отырған объектіні жекелеген бөліктерге бөліп талдап көрсету. Мысалы, нарықтық сұраныстың қалыптасу заңдылықтары оның анықтайтын әртүрлі факторлар - баға, тұтынушылардың табысы, олардың талғамы және тағы басқаларын зерттеуден тұруы мүмкін.
3. Синтез - бұл зерттеліп отырған объектінің жекелеген элементтерін біртұтас жүйеге біріктіріп көрсету. Мысалы, нарықтық сұранысты және оның қарқынын түсіну тек оның құрамына кіретін жекелеген бөліктерін (баға, тұтынушылардың табысы және талғамы, т.б.) қарастыру арқылы ғана мүмкін болады. Анализ бен синтез экономикалық құбылыстарды танып білудің өзара байланысқан екі жағын көрсетеді.
4. Индукция - бұл жекелеген құбылыстар мен деректерден жалпы қорытынды шығару. Мысалы, тұтынушы үшін тұтынылатын әрбір қосымша игіліктің пайдалылығы төмендей береді. Бұдан мынадай қорытындыға келуге болады, берілген тауарды тұтынушы адам сол тауарды оған баға төмендеген жағдайда ғана әрі қарай сатып алуға дайын екендігін көруге болады.
5. Дедукция - бұл жалпыдан жекеге қарай өту. Мысалы, мынадай жалпы қорытынды: әскери адамдар өте сымбатты келеді. Көшеде азаматтық киімде келе жатқан адамды оның сымбаттылығына қарап, оны әскери лауазымға қатысы бар екенін байқауға болады.
6. Эксперимент - бұл сараптама жүргізу. Көптеген ғылымдар сараптама жүргізуді танымның негізгі әдісі ретінде қолданады. Ол тәжірибеде алға шығарылған ғылыми болжамның дұрыстылығын бағалауға мүмкіндік береді. Алайда, экономикалық теорияда бұл әдістің кеңінен қолданылуы шектелген. Экономикалық эксперимент - экономикалық құбылыстарды аса қолайлы жағдайларда жасанды түр- де сипаттау және оны әрі қарай тәжірибе жүзінде қолдану. Экономика- лық эксперименттердің бір кемшілігі болып олардың барлық ықтимал нәтижелерін нақты болжауға болмайтындығы табылады.
7. Гипотеза - бұл алдағы уақытқа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz