Қонақжайлық индустриясының даму тарихы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

М. Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті

Баяндама

Қонақжайлық индустриясының

даму тарихы

Орындаған: Дүйсекова Қарлығаш

Тобы: ЭФ-20-9К

Қабылдаған: Мариям Бекбол

Қонақжайлық индустриясының дамуы тарихы ғасырлар бойындағы бүкіл әлемдік адамдар өркениетінің дамуымен сәйкес келеді. Белгілі бір хандықтардың құлауы, дүниежүзілік соғыстар қонақжайлылық индустриясының жойылып кетуіне немесе құлауына әкеліп соқты, ал халықаралық қатынастардың дамуы, сауда және өркениет, техникалық революция және жаңа инновациялардың ашылуы қонақжайлық индустриясының өсуіне негіз болады. XX ғ. туризм ең маңызды әлеуметтік құбылысқа айналды. Халықтың туристік қызметтерне шығындары бірқатар елдерде тамақтану және тұрғын ұй шығындарынан кейін үшінші орында тұр. Сыртқы және ішкі туризм саласында қонақ үй сервисі туристер үшін қызметтер кешенінен тұрады және Қазақстанда туризмнің даму перспективасын анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Туристік қызметтер, соның ішінде қонақ үй қызметтері әлеуметтік-мәдени қызметтерге жатады. Олар заманауи қонақжайлық принциптеріне негізделеді, бұл оның отандық туризмнің дамуындағы орнын жоғарылатады және қонақ үй сервисі үшін кадрларды дайындау жүйесінде белгілі бір мақсаттарды қояды. Орналастыру - туризмнің басты элементі. Қонақ үй индустриясы - қонақжайлық жүйесінің мәні. Ол адам тарихындағы ежелгі дәстүрлерден - қонақты сыйлау, оны қабылдау салтанаты және қызмет көрсетуден туыдаған. Орналастыру құралдары мен жүйелері - сервис деңгейі әртүрлі уақытша қонақтарды қабылдауға арналған әртүрлі типті және түрлі ғимараттар.

«Қонақжайлылық индустриясы» қонақтарды күту және оларға қызмет көрсетуге байланысты қызмет нарығында мамандандырылған кәсіпкерліктің әр түрлі нысандары үшін жинақталмалы түсінік болып табылады. Бұл саладағы қызметтің барлық түрлерін қамтитын біртекті тізім жоқ. Бірақ негізгі бағыттарды атап көрсетуге болады, олардың қатарына қоғамдық тамақтандыру, қонақтарды орналастыру, тасымалдау және демалысын ұйымдастыруды жатқызуға болады. Бүгінгі таңда қонақ жайлылық индустриясы экономикамыздың дамуының әлуетті және болашағы зор салалардың бірі болып танылып отыр. Қонақ үй бизнесі туризмнің маңызды құраушысы ретінде жүреді. Туризм тек қана экономикалық мағынаға ғана емес, сонымен мемлекетаралық байланыстардың әлеуметтік және мәдени дамуына ықпалын тигізіп, халықтың танымдық деңгейін көтереді. Бірақ біздің елімізде қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнес көптеген себептерден шетелдегідей өріс алып жатқан жоқ. Сондықтан бұл сала дамыған елдің тәжірибесін меңгерген жөн деп көреміз. Дүниежүзілік туризм ұйымының мәліметтеріне сүйенсек қазіргі кезде әрбір он бесінші қызметкер қонақ үй бизнесінде жұмыс істейді. Туризм үлесіне әлемдік капиталдың шамамен жеті пайызы, салық түсімдерінің бес пайызы, тұтынушы шығындарының он бір пайызы келеді. Бұл көрсеткіштер, әрине, туризм индустриясының, оның ішінде қонақ үй саласының жұмыс істеуіне тікелей экономикалық тиімділікпен сипатталады. Туризм тек қана экономикалық мағынаға ғана емес, сонымен қатар мемлекетаралық байланыстардың әлеуметтік және мәдени дамуына ықпалын тигізіп, халықтың танымдық деңгейін көтереді. Халықаралық туризмде қонақжайлылық индустриясы негізгі орынды алады. Туристiк ағымдар туризм индустриясының осы секторының көлеміне және ұсынылатын орындар сапасына тікелей байланысты. Қонақ үй шаруашылығының мәселелерi (басқару, қаржыландыру, дизайн) туризмге экономикалық талдау жасаудың негiзi болып табылады. Бүгінгі таңда қонақ жайлылық индустриясы экономикамыздың дамуының әлуетті және болашағы зор салалардың бірі болып танылып отыр. Қонақ үй бизнесі туризмнің маңызды құраушысы ретінде жүреді. Туризм тек қана экономикалық мағынаға ғана емес, сонымен мемлекетаралық байланыстардың әлеуметтік және мәдени дамуына ықпалын тигізіп, халықтың танымдық деңгейін көтереді. Бірақ біздің елімізде қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнес көптеген себептерден шетелдегідей өріс алып жатқан жоқ. Сондықтан бұл сала дамыған елдің тәжірибесін меңгерген жөн деп көреміз. Қонақ үй шаруашылығының тарихы мен қазіргі жағдайын айтпас бұрын «қонақ үй» сөзінің анықтамасын біліп алумыз керек. «Сонымен, қонақ үй дегеніміз уақытша тұруға арналған кәсіп орын. Қонақ үйде рұхсат етілетін минималды бөлмелер саны 10 болуы тиіс. Қонақ үй бұл қолданушыларға қаражат деңгейіне байланысты номер түрін ұсынатын, тәулік бойы технологиялық процессте жұмыс істейтін, негізгі қызмет пен қоса қосымша қызмет түрлерін көрсететін, өнімдерін ұсынатын және ыңғайлық пен комфорт тудыратын ғимарат». «Ал қонақжайлылық -кез келген қамқор қызмет көрсетушінің құпиясы. Туристік қызметтер өндірісі мен демалыс орнының жайлылығы, қызметкерлердің жақсы қызмет көрсетуінің үйлесімділігі». «Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі түсінігі антика заманында қолданыла бастаған. Антика заманы тарихи ғасыр ретінде белгілі. Бұл мәдениет әлемі және қайталанбас тағдырымен және жекелігімен тарихи ортада өмір сүрген адамдар әлемі. Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі туралы ескі манускриптерде - Вавилонның патшасы Хаммурапидің кодексінде таверналардың иелеріне билік жөнінде әңгімелерді жеткізіп отыруын жүктеген. Келушілердің құрамы әртүрлі болған. Кейбіреулері «қонақжайлық» сөзі ескі француз сөзі «ospis» - біртүрлі қабылдау деп жобаласа, енді біреулері латын сөзі «hospitalis» дегенді яғни - қонақжайлық дегенді білдіреді деген. Қонақжайлар - дәл осылай антика дәуірінде өз үйінде жанұясымен қоса күтетін адамдарды атаған. Қонақжайлармен шетелдік мемлекеттер қарсылықты көмек, достық және қорғаныс жөнінде келісім құрған. «Қонақжайлық» түсінігі адамзат өркениеті сияқты ескі түсінік. Қонақ үйдің ең алғаш шығуы, адамдарға қызмет көрсету кәсібімен, түнгі жатар орнына тоқтау себебтерімен тікелей байланысты. Қонақ үйлер әдетте бір елмен басқа елдерге баратын басты жолдардың бойында орналасады». Сонымен бірге жолаушыларды күтумен қатар, қонақ үйлерде үкімет қызметкерлерімен өкілдер жұмыс жүргізеді. Қонақ үйлерде адамдарға түнеу, баспана, сол жерде тамқтандырады, аттарын ауыстырады. Орта ғасырларда Еуропада тұрақты аулалар монастырлар кезінде соғыла бастады. Шіркеу жолаушылары діни қызметкерлерге, әулие жерлерге саяхаттаушыларға арнап қонақ жайлар ұйымдастыруды міндеттеді. Уақыт өте келе тегін қонақжайлылықтан кіріс табуға есептелінген мекемелерге айналды. «Алғашқы қонақ үйлер бастамасы Таяу шығыста, Орталық Азияда және Кавказияда орын ала бастады. Шөл далалар мен таулы үстірттерде саудагерлер тауар керуендерімен жолаушылайды. Олар әдетте шатырларда, кеу кездері керуен сарайларда, әр түрлі қонақжай кешендерінде, адамдардың арнайы түнеу орындарында жайғасты. Сауда байланысының дамуына байланысты Еуропада қонақжай шаруашылығының біршама өсуіне әкеп соқтырды. Мысалы XIV - ғасырда Миланда 150 қонақ үйі орын алды. Дегенмен ол кезеңдегі қонақжай шаруашылығы ең төменгі сатыда еді. Қонақ үйлерде ешқандай жағдай болмады, санитарлық деңгейі өте төменгі жағдайда болды. XVIII-XIX ғасырлардағы мемлекетаралық экономикалық және саяси байланыстардың өсуі, Еуропа қалаларындағы қонақ үй шаруашылығының тез дамуына ықпал етеді. Қонақ үй жұмысы үлкен табыс әкелетін маңызды салаға айнала бастады. XIX ғасырдағы өндірістердің дамуы қонақжайлығы, туризмнің дамуымен байланысты». Теңіз жағалауларында, минералды су көздері маңында табиғаты керемет орындарда ірі және ұсақ қонақ үйлер құрылыстары бой көтере бастады. Олардың уақыт өте келе техникалық жабдықталуы, қонақтарға арналып өте ыңғайлы жағдай жасалынып қызмет көрсетудің әдістері және түрлері өзгерді. «Қазақстанда да қонақ үй шаруашылығының көне тамыры тереңде жатыр. Оның пайда болуы алғашқы қоныстардың, көлік жолдарының және сауда қатынастарының дамуымен байланысты. Алғашқы қонақ үйге ұқсас ғимараттардың ашылуын біздің эрамыздың алғашқы ғасырына қатыстыруға болады. Ұлы Жібек жолы бойындағы аймақтардың зерттелуінен біз көне көпестермен саяхатшылардың үлкен керуендермен түйелер арқылы қатынайтынын білдік. Олар керуен жолының бойындағы қалаларда немесе елді-мекендерде шатыр құрып түнейтін болған. Қазақ хандығының құрылуы қонақ үй шаруашылығына еш кері әсерін тигізбей, бірқалыпты дамуды байқатады. Қонақ үй кешендері дамуының одан арғы тарихы Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңі болып табылады. XIX ғасырдың алғашқы жартысының соңына қарай Қазақстан толығымен Ресей империясының қол астына енген кезде соғыс қорғаныстарын, жаңа жолмен қалалардың салынуы қонақ үй шаруашылығының одан ары қарайғы дамуын талап етті. Сол жылдардағы қонақ үйлердің мысалы ретінде бекеттірді, қонақ үй палаткалармен шатырларды айтуға болады. Осылайша қарқынды дамыған Қазақстан қонақ үй шаруашылығы 1903 жылы Алматы қаласында алғашқы «Европа» қонақ үйінің салынуына әкеп соқты». «Тарихты артқа тастаған Қазақстанда қазір 1559-қа жуық қонақ үй жұмыс істесе, оның басым көпшілігі Астанада, Алматыда, Қарағандыда, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан обылыстары аумағында орналасқан. Қонақ үй шаруашылығын туристік шаруашылықтан бөліпқарауға болмайды. Ал соңғысымен біздің елдің жағдайы тамаша емес. Әрине сыртқы туризм бізде біршама жақсы дамыған: қазақстандықтар үшін шетелде демалуды әдетке айналдырған - 45, 8%, ішкі туризм бойынша - 37, 9% көрсетсе, туристердің Қазақстанға келу көрсеткіші небәрі 16, 3%-ке ғана жетеді. Мемлекет осылардың соңғысына мұқтаж, себебеі оның арқасында елге шетелдік валютаның көп келуімен, өндіріс салаларының қарқынды дамуына бастау алады. Қазақстанға туристерді келтіру үшін бірқатар жұмыстар атқарып, оның ішінде қонақ үй инфраструктурасын қолға алу керек. Еліміз қарқынды дамудың нарықтық жолына түскендіктен Қазақстан көптеген шетелдік әріптестерімен жұмыс жасап, әр қаладағы біріккен өнеркәсіптермен және шетел өкілеттіліктерімен қатар әр қаланың қонақ үй өмірі біршама қайта жанданды. Жаңа қонақ үйлер пайда болып, ескілері жаңартылып немесе қайта күрделі жөндеуден өткізілді». Айта кетерлік жайт, Қазақстандағы бірдей жұлдызды қонақ үйлердің сапа деңгейінің әр

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру процестері
ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ
Қонақжайлылық тарихы
Қонақжайлылық индустриясының қалыптасуы
Қонақжайлылық индустриясын басқарудың әлеуметтік - психологиялық аспектілері
Қонақ үйлердегі қызмет көрсету сапасын ұйымдастыру
Қонақ үй индустриясының дамуы
Толық сервисті мейрамханалар
Қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарының іскерлік стратегиясына жаңа технологияларды енгізу
Қонақжайлық индустриясында корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz