Самғау мен құлдырау. Ә. Нұрпейісов туралы



1. Әбдіжәміл Нұрпейісов
2. Қан мен тер
3. Пайданылған әдебиеттер

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
САМҒАУ МЕН ҚҰЛДЫРАУ
Ә. Нұрпейісов туралы

Дәл мұндай соншама қызғылықты, соншама терең (кітаптың эпиграфына
адам рухының қайсарлығы деген сөз тегіннен тегін жазылмаған шығар)
романдар кейінгі кезде көп көрінбей кеткен еді. Ол осы заманғы американ,
француз, неміс т. б. әдебиеттердің ені үздік туындылардың қай-қайсысымен де
қатар тұра алады.
Әдебиеттегі дәл қазіргідей сарқылу мен құлдырау тұсында, тілдің
болашаға жайындағы қызыл кеңірдек дау-дамайлар тұсында Нұрпейісов өзінің
Ымырт романымен бақыт жайында жан тебірентерлік сыр шертіп берді, Автор
тіддің ең бір қарапайым құралдары арқылы-ақ орасан шындықты ашып, өмірдегі
әділетсіздік атаулыға қарсылығын шынайы жеткізеді. Осыншама ұстамды да
ұтымды лаконизм Нұрпейісовты біздің заманымыздың ешкімге ұқсамайтын
өзіндік сара қолтаңбасы бар ең терең жазушыларының салихалы санатына
қосады.
Біздің жиырмасыншы ғасырда, Джойс пен Фолкнер тұсында , тұр атаулы
түгел күйреп жатқан кесірлі кезеңде Мұндай шығарма жазушы мен оның қат-
қабат бейнет шеккен қатыгез өлкесін тереңнен жалғастырып тұрған күре
тамырлардан нәр емген нөзік лиризмге құрылғанда ғана табысқа жете алады.
Егер ол бізді өзінің қылтың-сылтыңсыз қарапайымдылығымен-ақ қайран
қалдыратын болса, бұл осынау тамаша романның кемшілігі емес, қай-та үлкен
жетістігі. Нұрпейісовпен салыстырғанда, біздің ең бір табиғи, шынайы,
жазады деп жүрген жазушыларымыздың өзі жасанды, жалған боп көрінеді.
Қан мен тер трилогиясының үш кітабы Париждің Галимар баспасынан
жеке-жеке жарық көрген тұста француз сыншыларының аузынан шыққан бұл
пікірлер кейін ондаған еддердің тілінде қайталанды. АҚШ, Франция, ГДР,
Египет, Чехословакия т. б. елдерде миллиондаған тиражбен басылып шыққан
қазақ романы төрт құрлық оқушыларының кітапханасынан берік орын тепті.
Аталмыш шығарманың Мұндай әлемдік табысы — мәдени өмірде бола беретін
жәй әншейін қызылға ұрынған желөкпе даңғазада, не сыртқа сөз таситын суық
жүрісімен көзге түсе қойған көлденең табыс та емес, қалың оқырман қауымының
көңілі мен ойын қапысыз баурап алу арқылы келетін шын суреткерлік жеңіс
болды.
Бұған біз жоғарыда келтірген үш француз сыншысының пікірлерінің өзі-ақ
айқын дәлел бола алады. Егер Луи Арагон Қан мен тер романының үлкен
табысының кілті — оның адам рухының қайсарлығын ашып көрсеткендігінде деп
білсе, Жан Монтальбетті қазір жер бетіндегі көп елдерде кеңінен орын алып
отырған рухани күйзелістер мен қүдыраулар тұсында бақыт жайында
тебірентерлік сыр шерте білгендігінде, әділетсіздік атаулыға қарсы күреске
шақырғандығында деп ұғады, ал Воланд Карон Қан мен тер трилогиясының
шынайылығының бірден-бір себебі жазушы мен халық өмірі шындығының
арасындағы терең байланыста деп түсінеді.
Сөйтіп, осы заманғы прогресшіл шетел әбден сынының көрнекті өкілдері
Әбдіжәміл Нұрпейісовтың Қан мен тер романын күрделі өмір шындығын
тыңғылықты зерттеп жан-жақты аша білген әлеуметтік тереңдігі үшін, адам
рухын құлдырауға емес, құлшынысқа шақырған күрескер пафосы үшін, халық
өмірін қалтқысыз суреттейін тарихи байыптылығы үшін, өмір орнықтырушы
идеясы үшін аса жоғары бағалайды.
Ендеше, аталмыш шығарманың әлгіндей үлкен табысы көп ұлтты қ әлемдік
әдебиеттің өзекті мұрат тарымен, өрелі ізденістерімен, көп жылдық мол
тәжірибесімен тығыз байланысты.
Қазақ жазушысы көп өкілді, көп қазыналы дүниежүзілік әдебиеттегі
монументальдық прозаның аса бай тәжірибесін зерделі зарттеп, жемісті үйрене
бідді- Қай-қай әдебиетте де алпыс жылға жуық басты тақырып болып келе
жатқан екі ғасыр тоғысындағы дәуір шындығы жайындағы озақ шығармалардың
сыры сен сипатына шұқшия үңіліп, олардың көлеңкесінде ғана қалып қоймай,
соны сөз боп қосылар кесек туынды жазып шықты.
Қан мен тер — қазақ қырына Октябрьдің қалай келгендігі туралы емес,
қазақ қырының Октябрьге қалай қелгендігі туралы роман. Рас, ежелгі қазақ
қырына Октябрь революциясының қалай келгені, қазақ қауымының аддына қандай
соны әлеуметтік, проблемалар тосқаны, қазақ қауымының сондай өрелі сыннан
қалай өткені — біздің әдебиетіміз үшін іргелі тақырып, ерелі өріс болып
қала бермек. Бұл тақырыпта басы сонау Тар жол, тайғақ кешу мен
Ботакөзден бастап ондаған шығармалар туды. Олар қазақ прозасының
қалыптасуы мен есейіп ер жетуінде ғана емес, тарихи сын кезеңдегі қоғам мен
азамат бастан кешірер күрделі әлеуметтік шындықты ашуда айрықша қызмет
атқарды.
Ә. Нұрпейісов Октябрь тақырыбындағы қазақ романтикасының жемісті
дәстүрлерін жалғастыра отырып, оны соны сипат, соны қасиеттермен байытты.
Оны осы заманғы қоғам тану мен дүниетанудың алдында тұрған ерелі
ізденістермен ұтымды байланыстыра білді. Ұлтазаттық қозғалысы қазіргі
дүниедегі ең басты революцияшыл сипаттың біріне айналған тұста бір кезде
ұлттық езгі мен отаршылдықтан, экономикалық саяси теңсіздіктен әбден
титықтаған қазақ жұртының мешеушет аимақтан мәдениеті мен экономикасы
бірдей кемел өркендеген іргелі елге айналу жолында талпынған тауқыметті
тәжірибесі орасан зор халықаралық саяси маңызға ие боп отыр.
Жазушы Мұндай өрелі әлеуметтік құбылысты саяси тәуелділік пен рухани
теңсіздіктен, экономикалық мешеуліктен ақиық болған қыр кедейінің күрескер
намысқа ие болу диалектикасын егжей-тегжейлі ашу арқылы кәрсетуді мақсұт
тұтты. Бұл өте жемісті жол.
Адамзат қоғамының кей бөлігінде тұтынушы психологияның, саяси
енжарлықтың, моральдық азғындаудың, мұратсыздық пен үмітсіздіктің,
сарыуайымның, адамға деген өшпенділік пен байлыққа деген ашкөз құштарлықтың
әралуан әзәзіл уы әбден жайлап, рухани эррозия кеңінен етек алған тұста
қазақ романисі ез халқының тарихындағы ең бір шешуші кезең болған тұс
турасындағы кең тынысты эпикалык, шығармасында қоғам тарихы мен адам
тағдырын, халықтық шындық пен характер шындығын, әлеуметтік таддау мен
психолизмді жігі ажырамас, жүбы жазылмас органикалық бірлікте
қарастырады.
Ә. Нұрпейісовте әлем әдебиетінде халықтық эпостың өзекті дәстүр
леріне мұрагерлік ете отырып жаңа сипатты монументальдық прозаның озық
өнегесін танытқан Михаил Шолохов пен Мұхтар Әуезов үрдісінше, эпостың,
кесек эпикалық реалистік шығарманың өзегін оқиға емес, адам тағдыры құрайды
деп түсінеді. Ол эпикалық кейіпкердің диапозоны оның белгілі бір
әлеуметтік оқиғалар тұсында қандай шешүші қызмет атқарғандығымен емес, сол
күрделі әлеуметтік оқиғалардың шытырман шыңдығын өз бойына қаншалықты мол,
қаншалықты терең сіңіре алғандығымен өлшенеді деп ұғады. Мұндай өз
дәуіріндегі ең басты әлеуметтік оқиғаның барша күрделі шындығын өз басына
мейлінше мол, мейлінше терең сіңіре алған кейіпкердің жеке өмірі көркем
шығармада белгілі тарихи оқиғаның қат-қабат астарын мейлінше дәл, мейлінше
терең, мейлінше жан-жақты қамтуға қолайлы ең бір ұрымтал призмаға айналады.
Сондықтан да Ә. Нұрпейісов өз трилогиясын оқиғаның өрбу логикасына
құрмай, ез кейіпкерінің сол тарихи оқиғаны түсіну, туйсігу логикасына
құрған, Роман оқиғасы үш кісінің басындағы жәй әншейін пенделік араздықтан
басталады да, кереметтей әлеуметтік сілкіністер тұсы болған екі ғасыр
тоғысында барша пердесінен айырылған әлеуметтік қайшылықтардың қан-қасап
шайқастарына қарай бет тұз ейді. Бұрын бай ауылының ерке шора-сының көзіне
іліккен сұлу қыз әке қалауымен жарлы балықшыға күйеуге шықты, бірақ бұрынғы
нақ сүйерінен күдер үзген жоқ. Кез келген жұмыр басты пенденің басында бола
беретін осы бір күйкі хәл тек роман оқиғасын барынша шиыршық атқызатын
өткір драматизмге ғана емес, тапқа жіктеліп, екі пышақ болып отырған алауыз
қоғамның барша әлеуметтік, рухани саяси кескінін жан-жақты зерттеп, жан-
жақты талдап, терен ашып беруге жағдай жасайды.
Жүздеген кейіпкерлер басында, ондаған географиялық пункттерде өтетін
саналуан оқиғалардан тұз ілетін осы романдағы жұмылған жұдырықтай жұмыр
тұтастықты қамтамасыз етіп тұрған да әдебиеттің көне канондарында жіктеп
көрсетілетін оқиға бірлігі, мекен бірлігі емес, осы заманғы реализмге тән
қайда кәз салса да жеріне жеткізе талдамай, тынбайтын, жекелеген
фактілердің арасындағы, жалқы мен жалпының арасындағы, қарама
қайшылықтардың арасындағы диалектикалық бірлікті тапжылтпай танып,
тәптіштеп көрсететін зерттеүші пафос.
Реалист суреткер Ә. Нұрпейісов бір ошақтың басында көзге түспей
қордаланып жатқан кішкене бітеу жарадан бүкіл бір халықтың басындағы
үлкен әлеуметтік келеңсіздіктерге соқпақ өрбітеді. Жәбір көргеннің де,
жәбірленүшін ің де рухани дүниесіндегі әрбір болмашы дірілді қалт
жібермей бағып, кішкене дұрдараздықтың үлкен күреске ұласар
диалектикасын асқан қырағылықпен, мол сабырмен асықпай зерттейді. Жазушы
жетегіне ерген оқушы да тек бір кісінің тағдырымен жете танысып қоймай,
бүкіл бір кезеңнің шындығына ақи-тақи қанығады. Балықшы Еламан басындағы
кішкене түйткіл келе-келе соқыр ызаға, ақикөз ашуға, тымырсық кекке, өн
бойын өртше жалаған өшпенділікке, айналадан ақыл іздеп аласұрған арпалысқа
шарасыздықтан, санасыздықтан өз қолымен өртке қойып кеткен драмаға, айбат
шақырып, айқасқа түссе де өші қайтпай, жанын жегідей жеген трагедияға,
заман соққысы мен тағдыр соққысын бірдей татып, ақыл тоқтатқан рухани
ізденістерге, ең соңында, бір басындағы мұңынан көптің қайғысына, бір
басындағы өшпенділіктен халықтың кегіне құлаш ұрған саналы күреске
ұласады. Ә. Нұрпейісов халықтың ең бір зымы-ран тереңінен шығып жарыққа
өрмелеген Еламанның есейіп ер жету жолының осыншама ұзын -шұбақ
формуласының еш бұнағына күзеп-түзеп қиянат керсетпей, Еламан келе жатқан
қыл көпірдің жігеріңді құмқылар сансыз сатысының ешқайсысын аттап әтпей,
байыппен баяндап, бажайлап суреттейді.
Ескі ауылдың сауатсыз қазағы Еламанның дұрыс жолға түсуі, күрес жолына
келуі қаншалықты күрделі, қаншалықты ұзақ болса, жазушы да өз орманының
композициялық құрылымы мен интонациясын кейіпкер санасындағы қозғалыстың
ырғағына орай байсалды тынысқа, байыпты зерттеуге құрады.
Еламан — өмірбаяны — тек бір кісінің тағдыр жолы ғана емес, қазақ
қырындағы таптық жіктелудің сыры мен сипатын мейлінше нәзік, мейлінше мол
қамтыған айна қатесіз шежіре. Ескі патриаральдық қазақ ауылындағы меншік,
дәулет атаулы барша ұғымның бәрінен де тұлдыр таза Еламан Арал теңізінде
орыс көпестері ашып жатқан балық кәсібіне орналасады. Теңіз жағасындағы
балықшы ауыл қырда қалған партиархальдық ауыл үшін қазақ сахарасының
төскейінен ойып түскен теңге жарадай, қатерлі ісіктей, жек көрінішті де,
қорқынышты да. Өйткені, ғасырлар бойы тізгін бермей келе жатқан
патриархальдық үрдістің бай мен жалшыны, бар мен жоқты көзге көрінбей бірге
матап келе жатқан қыл арқаны ағайыншылық қағидасының аяққа басылуы Арал
өңірі үшін осы балық көсіп шілігінен басталды. Бұрын бай қолтығынан кетсе
аштан өлем деп қорқатын қазақ жалшысы енді балық көсіп қорына барып
жалданатын болды. Енді тақыр кедейлер үшін бұрынғы у ішсең руыңмен дейтін
ағайыншылық ұғым аяққа тұсау болудан қалды. Сондықтан да теңіздің
жарқабағындағы балықшы ауыл күннен-күнге өсіп барады. Оған дала байлары
Құдай менде тұқымы үрейлене қарайтынды шығарды. Өйткені, орыс алып-
сатарлары ашып жатқан жаңа көсіпшілік қазақ сахарасындағы бай, жарлы боп
іштен тынып жүрген таптық жіктелу реакциясын тосыннан тап болған
католизатордай, тым шұғылдатып жіберді. Балықшы ауылға Еламандай тұлдыр
кедейлер де, Қалендей ұрлық-қарлықпен тамақ асырап жүргендер де, Төлеудің
үй-ішіндей жұтқа ұшырап, азғантай дәулетінен айырылып қалғандар да жан-
жақтан шұбырып келіп жатты. Олар бәрі де малсыз, дәулетсіз болғанымен
таптық жағынан әрі біркелкі, бір текті емес еді. Құдай менде тұқымы теңіз
жағасындағы ауылдың таптық санасындағы осы ала-құл алықты алауыздыққа
ұластыруға тырысып бақты. Еламан, Мөңке, Райлар бай дәулетінен біржолата
күдер үзіп, ат құйрығын кесісіп шыққан болса, Дос, Телеулер әлі қарайлайды,
сауын дәметеді. Өйткені, балықшылардың бәр-бәрі әлі күнге кешегі малшылық
психологиядан, жалшылық психологиядан арылып біткен жоқты. Олар жаңа көсіп
, жаңа түрмысқа баяу көндігіп, баяу үйреніседі. Тіпті Ақбаланың Еламан
алдындағы опасыздығының психологиялық төсегі тек Тәңірбергенге деген ыстық
сүйіспеншілігінің суып бітпегендігінде ғана емес, заманында азғантай
дәулеті болған Сүйеу шалдың еркекшора жалғыз қызының жер-қазба астындағы
жатақ өмірді жатырқап, күні кеше ғана басынан өткен үйреншікті көшпенді
өмірді аңсауында жатыр.
Қазақ қырындағы әлеуметтік иерархияның ең төменгі сатысында тұрған
Еламанның өзі жалшылық психологиядан, көнбістіктен бірден құтыла алмайды.
Ол — көзін ашқаннан жалшы, көзін ашқаннан жарлы. Ол Төлеу си-яқты
жекеменшікшіл психологиясының дәмін татып көрген жоқ, сондықтан да, балықшы
кәсібін оңай меңгеріп, балықшы тағдырына бірден көндігеді. Алайда, оның
дүние нанымында, табиғатқа, адамдарға деген көзқарасында сахара адамының,
кешегі малшының психологиясы түгел жойылып бітпеген-ді. Қайсар мінезді
Еламан рухани қайсарлықты көпке дейін көппен бірге көрген қорлыққа шыдау,
ауыр бейнеттің азабына төзе білу деп ұқты. Қайсарлықтың төзуге емес,
төзбеуте, шыдауға емес ашынуға керек екенін қарайған жұртты көк теңіздің
тажал аузы жалмап жұтып қоя жаздаған да, өліммен бетпе-бет келгенде барып
сөзін ді. Федоровқа да сол тосын сезім үстінде қол көтерді. Бірақ,
Еламанның ол әрекеті — ашынған санадағы айқын түсініктің емес, әлі көзін
түгел ашып болмаған түйсіктің нәтижесі еді.
Еламанның бұдан арғы тағдыры — сол көмескі түйсіктің айдан анық
тусінікке айналар жолы. Еламан әрекеті, Еламан тағдыры белгілі бір
әлеуметтік таптың жиынтық бейнесі тип ретінде де, аса нанымды. Қайсар
мінезді Еламан өз тобынан үзіліп шығып, елден бұрын батыл әрекетке барса,
оның әлеуметтік те, психологиялық та дәлелдемесі жеткілікті. Өйткені,
Еламан жоғарыда айтылғандай үстем таптың зорлық-зомбылығының тек
әлеуметтік, экономикалық зардабын ғана емес, рухани зардабын да
қасындағылардың қай-қайсысынан да молырақ тартып жүрген-ді. Көзін ашпай
жатып соңына түскен зорлықшылар енді Мұның қойынындағы жарына қол салғанды
шығарды. Тымырсық ыза үстінде жүрген Еламан теңіздегі дауыл үстінде
әлеуметтік зорлықтың өлімге итермелейтін шеннен шыққан қатыгез зұлымдығын
көрді. Ол сәтте канына қарайған Еламанның алдында зорлықшыл қауымның қай
өкілі тұр са да, Федоровтың кебін киер еді.
Бірінші кітапта осындай аршынды әрекетпен көрінген Еламанның кейінгі
кітаптарда ондай қылықтарға бармайтыны сыншылар тарапынан ара-тұра сынға
ұшырап та жүрді. Бірақ, ол пікірлер характер шындығын метафизи-калық
тұрғыда түсінуден айтылып жүрген орынсыз сын еді. Характер шындығын
диалектикалық арнада зерттейтін реалист психолог суреткер батыр болса үсті-
үстіне кісі өлтіре беру керек деп, қайсар болса қайта-қайта пышаққа түсе
беру керек деп ұғынбайды. Олар характер шындығын ашуды адамның жан
дүниесінің ең терең қабаттарындағы сапалық өзгерістерді нәзік жеткізе білу
деп түсінеді.
Ә. Нұрпейісов Еламан бейнесін осы тұрғыдан пішімдейді. Алғашқы әрекеті
үшін жер ауып, қан майданға барып, тауқымет тартып келген Еламан еліне
келген соң өзін қуғындаған дардан кек алуға тырыспайды. Ол қайсар Еламанның
жасып оралғандығынан не өзін қудалағандардың зорлық-зомбылығын біржола
ұмытқандығынан емес, реті келген жерде зорлықшыны сүйменмен ұрып сұлата
салғаннан кек қайтпайтындығына көзі жеткендіктен еді. Зорлықшыдан құтылудың
жолы-қалай құртудың жолын түгел түсініп болған жоқ. Сондықтан да, елге
қайтқан Еламанның құлқын да, әрекетінде ешқандай ұрдажық батыддық
байқалмайды. Ол қайта көп ойлап, көп толгайтынды, төңірегінде болып
жатқанды сананың сарабдал елегінен еткізіп, шұқшия талдайтынды шығарған.
Еламан басындағы осы рухани ізденіс оны ақыры әлеуметтік күрестің биік
сапалық өзгерісіне жеткізді. Ол күрес жағына кездейсоқ келмейді, көзі жет-
кен соң келеді. Бір басының кегін күйттемей, барлық езілуші атаулының ортақ
мүддесі жолындағы күреске жұмылған Еламан өзінің қыр соңына түсіп жүрген
Құдай -менде тұқымымен ғана емес, барша әділетсіздік атаулыға, езу, қанау
атаулыға қарсы күреске шығады. Сол әділет жолындағы күрестің жеңіске жеткен
шағында өз парызын орындап болған саналы күрескер қалпында қазаға ұшырайды.
Еламанның жан дүниесінде бірте-бірте қордаланған күрескер сана оны
үлкен рухани тазаруға, эгоистік мүдде атаулының бәрінен аулақ гуманистік
ерлікке бастайды. Ол көзіне шөп салған Ақбаланың ағаттығын кешіреді, оның
өмірден өз орнын табуға қал-қадарынша көмегін аямайды. Патриархальдық
семьяның барша қиянатын тартып баққан мұндық Кенжекейді бауырына тартады.
Еламан романның алғашқы бетінен анық көзге түсетін рухани қайсарлығынан
көзі жұмылғанша бір сәт айнып көрген емес. Бірақ, оның қайсарлығы
өзгелердің мүддесін таптап, өз мүддесін үстем қоюды көздейтін қайсарлық —
әлеуметтік қиянат емес, өзі тектес өзгелермен бірге көретін ортақ бақыт
жолындағы қайсарлық-гуманистік ерлік еді. Сондықтан да, прогресшіл шетел
баспасөзінде Қан мен тердің рухани қайсарлық жөніндегі дастан, бақыт
туралы жан тебірентерлік шежіре деп бағалануы, ең алдымен, Еламан
бейнесіне тікелей байланысты.
Еламан басындағы рухани ізденістер біздің тұсымыздағы әділетшіл адамзат
өкіддері жан дүниесіндегі рухани ізденістермен тереңнен табысып жатыр.
Қазақ романының көптеген елдерде оқушы қауымның көңілінен шығып, аса
жоғары бағалануының сыры да -оның гуманизмның түп қызық қағидалары осы
заманғы экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани қайшылықтардың көксоқта
толқынына түсіп, тәлкек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджет-салық саясатының қысқа және ұзақ мерзімдегі мақсаты, құралдары
Мақатаев Мұқағали
Еркеш Ибраһимның ақынның мұрасы
Қазақстан-2030 даму стратегиясы туралы
Халықаралық маркетинг істерін жоспарлау
Алаш ардақтысы
Заем шартының мәні
Ә.Нұрпейісов шығармашылығының бастау –бұлақтары
Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» романының жанрлық сипаты
Орман және түз құстары. Бұлдырық және оның биологиясы. Бөдене және оның биологиясы
Пәндер