Күрделі бұзылысы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің өзектілігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Арнайы білім беру кафедрасы
СӨЖ
Күрделі бұзылысы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің өзектілігі
Орындаған: Есмурат В.
Қабылдаған: Жарқынбаева Б.
Алматы 2021 жыл
Балалардың психофизикалық дамуындағы бұзылыстар- бұл кез-келген жастағы бала дамуындағы әр қиындықтардың жалпы атауы.Ол қазір балалардағы даму аномалиясы терминінің орнына қолданылуда. (Сонымен қатар синоним ретінде қазіргі таңда психофизикалық дамудағы ауытқу термині де қолданылады. Кең мағынада қарастырсақ бірнеше мүшелерінде үлкенді-кішілі кемістіктері бар барлық балаларды күрделі кемістігі бар психофизикалық даму бұзылысы бар балалар қатарына жатқызуға болады. Күнделікті өмірде бұл термин психофизикалық бұзылыстардың салдарынан арнайы жағдайда оқытуды және тәрбиелеуді қажет ететін балалар тобын белгілеуде қолданылады.
Психофизикалық даму бұзылыстарына естумен,көрумен,сөйлеумен, тірек-қимыл аппаратымен, психикалық дамуы кешеуілдеумен, әмоциялық,интеллектуальды мәселелермен және осы сияқтылармен байланысты әр түрлі қиындықтар жатады.Бірнеше мүшелерінің кемісі бар балаларға сезімдік (сенсор) қызметтерінің дамуындағы ауытқулармен (көру, естуге) қоса ақыл кемістігі бар (ақылы тежелген, олигофрения) балалар жатады.Дефектологиядағы Л.С.Выготский негізін қалаған ғылыми дәстүрде даму бұзылыстарын бастапқы және туынды деп бөліп қарастырады.Бастапқы бұзылыстар бұл - мүшенің немесе жүйенің өзінің табиғаты бойынша биологиялық бұзылысы немесе кемістігі.(Мысалы,есту,көру анализаторының бұзылысы, орталық жүйке жүйесінің әр түрлі бөліктерінің мекендік немесе жаппай бұзылысы). Бұлар туа бітті немесе жүре пайда болуы мүмкін.Туа біткен бұзылыстардың пайда болуында тұқымқуалаушылық фактор, жүктілік кезінде ұрыққа ықпал ететін зиянды әсерлер (инфекция, интоксикация,жарақаттар), сондай-ақ асфиксия мен босану кезіндегі зақымданулар маңызды рол атқарады.Туынды ауытқушылықтар бастапқы бұзылыстардан пайда болса да ,өздерінің табиғаты жағынан олардан сапалық түрде ерекшеленеді.
Күрделі кемістік (көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін) адамзат жаратылған кезден бері кездесітін кемістік. Алайда ғалымдардың күрделі кемістікке көңіл бөлуі XVIII ғасырдан басталды. XIX ғасырдың ортасына дейін көптеген адамдар көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін адамдар қоғам үшін жүк, керексіз деп түсінген. Олардың ақыл-ой дамуын ескермей, оларды нақүрыс адамдармен бірдей деп түсінген. Мысалы: ағылшындық Джеймса Митчелдің өмірі. Ол XVIII ғасырда өмір сүрген. Оны Консилум мүшелрі нақүрыс деп танып, оны білім алуға қабілетсіз деп тапқан. Күрделі кемістігі бар балалардың ол кезде халі мүшкіл еді, көбіне шіркеуде тәрбиеленетін. Ол балаларға білім беруден гөрі, шіркеуде дүға жасауға үйретті. Ол олардың арғы өмірінде бақытты өмір сүруіне септігін тигізеді деді. Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балалардың шіркеуде дұға айтуы, Құдайдың құдіреті деп түсінген. Ондай балаларды жарнама ретінде де пайдаланған. Олардың қоғамдағы өз өмірінің болуы, сол елдің азаматты болуы ешкімді ойландырмаған. Сондықтанда көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балаларды зерттеу кеш қалып отырған.
Күрделі кемістікті оқыту және тәрбиелеу теориялық жағынан алсақта, практикалық жағынан алсақта қиын, күрделі процесс. Аномальды балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін оның диагнозы кемістігінің құрылымын білуміз қажет. Сонымен қатар күрелі кемістіктің түрлері толық анықталмады. Бүл кемістіктің түрі жылдар өткен сайын әлі де күрделене түсуде.Қазіргі кезде күрделі кемістікті балалар келесі топтары белгілі:
- Ақылы кем саңырау немесе нашар еститіндер;
- Ақылы кем нашар көретін немесе соқыр (ішінара көретіндер);
- Көрмейтін, естімейтін, сөйлемейтіндер ( соқыр- мылқау, керең), нашар көретін саңыраулар.
Дефектологияның тәжірибесінде басқа да көп мүшелерінде кемістігі бар балалар кездеседі, ақылы кем көрмейтін, естімейтіндер, тірек- қимыл мүшелерінде көру органдары зақымданғандар.
Дефектология мен арнайы педагогика саласындғы ғылыми -практикалык жетістіктер күрделі кемістіктері бар балаларға арналған көптеген арнайы әдістемелер құрастыруға мүмкіндік береді. Бірақ осы әдістер барлық арнайы мекемелерде толық, нәтижелі қолданылады деп есептеу әлі ертерек. Өйткені, күрделі кемістіктері бар балалардың көпшілігі арнайы мамандардың бақылауына мезгілімен алынбайды, арнайы мекемелерге қабылданбайды, сондықтан, олар қажет көмекті толық көлемде іла алмайды. Осы мәселені шешу үшін соңғы жылдары көптеген арнайы мекемелер, әртүрлі ұйымдарда, конфессиялардың қарамағында ашыла бастады. Осы топтағы балаларды толық зерттеп, олардың кемістіктерінің іүрін және дәрежесін айқындайтын кеңестік орталықтарда да соңғы жылдары жұмыс көлемі сапалы және нәтижелі іске асырылуда. Сондықтан, күрделі кемістіктері бар балаларға көрсетілетін медициналық - педагогикалық және психологиялық қолдау шаралары да жуық арада қажет мөлшерде қолданылады деген сенім туындайды.
Оқытушы -оқушы жүйесі шеңберінде соқырмылқау естімейтін балалардың оқытушымен жеке дара қатынасы, оның өз-өзіне қызмет ету әрекеті және түлғалық қасиеті қалыптаса бастайды. Сондықтан да алғашқы кездері тәрбиеге коммунистік бағыт шегінде назар аударылды. Соқырмылқау естімейтін балалардың тәрбиесі қалыпты дамыған балаларға қарағанда өзіндік тәрбиені толықтай қалыптастырып, оны ары қарай дамыта алмайды. Осыған байланысты тәрбие беру кезінде оқытушы қатаңдық танытпауы және де қателік жібермеуі керек. Баланың жағдайын түзету үшін арнайы түзету әрекеттері жасалуы тиіс. Осы ойды И.А.Соколянский қолдаған болатын.Соқырмылқау естімейтін мектепке дейінгі балалардың тәрбиесінде қатаңдық пен басымдық танытуға болмайды. Тәрбие берудің ең негізгі әдісі - соқырмылқау естімейтін балаларға түсінікті болып табылатын ойын әрекеттері мен іскерлік қарым-қатынас арқылы, өмірінде қолданыс тапқан іс-әрекеттері немесе оның тәжірибесіне таныс болып келетін жағдайлар арқылы ықпал ету болып табылады.Тәрбиенің алғашқы сатысында баланың сезімдік ерекшеліктері, оның жақындарына деген сүйіспеншілігі, қарым- қатынас арқылы дамуға деген мүмкіндігі көрініс береді. Соқырмылқау естімейтін балалардың бойында қалыптасып келе жатқан өрескел мінезіне (ашуланшақтық, қырсықтық, эгоизм, қызғаншақтық, жануарларға қатыгездік таныту) төзімділік таныту да маңызды рөл атқарады.
Соқырмылқау естімейтін мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесінің мүмкіндіктері топтық қызмет көрсету, ортақ қажеттілікті өтеу барысында кеңейе түседі. Осы құбылыстардың барлығы бұл балалардағы топтық сезімді, қатынасқа түскен адамдарға көмектесу сынды, сонымен қатар еңбек барысындағы жауапкершілікті түсіне алу тәрізді іс-әрекеттерге итермелейді. Мектеп жасына дейінгі балалар ортасында олар мейірімділік қасиеттерін өзінің бойына сіңіре бастайды. Бұл қасиет өсіп келе жатқан бала үшін оны танып, дамыту өте маңызды. Содан соң тәрбиенің бұл бағыттарын ескере отырып, одан ары қарай дамыту қажет. Баланы тек тәрбиелеу объектісі ғана емес, сонымен қоса тәрбиеленуші субъект ретінде тану да оның өз-өзін тәрбиелеу, дамыта алушылық қасиетін жоғарылата түспек. Дегенімен, балалардың топтық қамтамасыз ету шаралары кейде баланың тәрбиесіне әсер ете алмауы мүмкін. Себебі, баланың тілдік қызметі дамымаған болып келеді. Осы орайда баланы тәрбиелеу тікелей тәрбиешінің өзінің жеке тәжірибесіне және баланың тәрбиеленіп жатқан жағдайына байланысты болып келеді.Соқырмылқау естімейтін мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесінде үлкен рөлді ойындар, әсіресе сюжеттік-рөлдік ойындар алады. Бұл ойындар мекеме ішіндегі соқырмылқау естімейтін балалардың тұлғасының қалыптасуында, оның эмоционалдық және психикалық қалыптасуы кезінде маңызды болып келеді. Мектептік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz