Артикуляциялық жаттығулар


«Артикуляциялық жаттығулар»
1. Артикуляция жаттығулар дегеніміз - бұл бұлшық ет пен сөйлеу аппаратын нығайтуға, сөйлеуге қатысатын ағзалардың күш, қимыл-қозғалыс және іс-әрекеттің дифференциациясын нығайтуға арналған жаттығулар жиыны. Артикуляция аппарат мүшелеріне ерін, тіл, таңдай, тіл ұшы жатады. Бұл жаттығуларды орындау үшін айна қажет. Бала айнаға қарап, өзінің тілінің қалай орналасқанын, көріп тіл қимыдарының қалай жұмыс жасайтынын көре алады.
Мақсаты:
- дыбысты дұрыс айту үшін сөйлеу аппаратын дұрыс қозғалысқа келтіру және тілді белгілі бір қалыпта ұстау, қарапайым қимылды күрделі қимылдарға айналдыру.
2. Артикуляциялық жаттығуларды жасау не себепті керек?
1. Артикуляциялық және тілдік есту қабілетін дамытатын жаттығуларды уақытында жасау кейбір балаларға өздігінен, мамандардың көмегінсіз, дыбыстарды дұрыс айтуға көмектеседі.
2. Тілі шорқақ балалар үйде жаттығуларды жасаса, мамандармен жұмыс істегенде тезірек жетістіктерге жетеді, себебі олардың тіл бұлшық еттері дайын болады.
3. Артикуляциялық жаттығулар барлық дыбыстарды дұрыс айтатын, бірақ сөйлеу кезінде тілі күрмеленетін балаларға да пайдалы.
4. Артикуляциялық жаттығулар балаларға да, ересектерге де дұрыс, әдемі және айқын сөйлеуге көмектеседі. Сонымен қатар дыбыстарды дұрыс айту жазуға үйрету кезеңінің негізін құрайды.
3. Артикуляциялық жаттығуларды орындағанда:
1. Балада дұрыс сөйлеу дағыдысы қалыптасу үшун артикуляциялық жаттығуларды күнде жасау керек.
2. Жаттығуларды күніне 3-5 минуттан орындаған жөн.
3. Әр жаттығу 5-7 рет орындалуы тиіс.
4. Бір статистикалық жаттығуды 10-15 секунд ұстап тұру ұсынылады (қимыл-қозғалысты өзгертпей ұстап тұру) .
5. Артикуляциялық жаттығуларды іріктеу кезінде қарапайым жаттығудан күрделі жаттығуларға өту керек. Балаңыз белігі-бір жаттығуды дұрыс жасай алмай тұрып, одан күрделі жаттығуға өтудің керегі жоқ. Жасай алмай жатқан жаттығуды қайтадан орындату керек.
6. Артикуляциялық жаттығуды отырып орындаған абзал, себебі отырғанда баланың арқасы түзу, денесін, аяқ-қолдарын бос ұстайды.
№1 «Күрекше».
Тіл босаңсытылады, жалпақ күйге енгізіледі де, төменгі ерін үстіне қойылады. Осы қалыпта бірнеше секунд ұстап тұру керек.
№ 2 «Чашечка» «Шәшке».
Ауыз кең ашылады, жалпақ қалыптағы тіл жоғары көтеріледі де, шәшке формасы беріледі. Тілдің шеттері тіске тимейді.
№3 «Горка» «Төбешік»
«Төбешік» - ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.
№4 «Трубочка» «Түтікше».
Тіл ауыздан шығарылады да, түтікше түріне енгізіледі. Жаттығуларды алдымен жайлап, айна алдында жасалады, сонан соң біртіндеп жоғарырақ ырғаққа көшу керек. Әрбір жаттығу 10 секундтан 6-8 рет орындалады.
№ 5 «Часы» «Сағат»
«Сағат» - тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz