Экономикалық теория мен қоғамдық өндіріс


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті « Экономика және бизнес жоғары мектебі »
Кафедрасы « Қаржы »
СӨЖ
Тақырыбы: Экономикалық теория мен қоғамдық өндіріс
Орындаған: Касымова Шынайя
Тексерген: Табеев Т. П.
Алматы, 2019ж
1. «Экономикалық теория» қандай ғылыми пән, нені зерттейді және даму сатылары?
2. Қоғамдық өндіріс, өндірістің түрлері және мәні неде?
Экономикалық теория қоғамдық ғылым. Қоғам адамзаттық қатынастардың күрделі жүйесін көрсетеді. Осындай қатынастардың бірін - экономика деп аталатын бөлігін экономикалық теория зерттейді. Дегенмен, экономика көптеген экономикалық ғылымдардың зерттеу объектісі болып келеді. Экономикалық ой өте ертеде пайда болған. Бізге жеткен экономикалық жұмыстардың алғашқылары болып Египет пирамидаларындағы жазулар, Хаммурапи патшаның заң жинақтары және тағы басқа саналады. Оларда салық жүйелері, қоғамдық жұмыстар, айыппұлдар жазылған. Экономикалық теория пәнінің дамуында үш кезеңі боліп көрсетуге болады:экономия, саяси экономия, экономикс. Экономикалық теория алғашында антикалық қоғамда экономия, яғни үй шаруашылығы туралы ғылым ретінде пайда болды . Оның мақсаты мәртебелі адамдарды тәрбиелеу болып табылады.
Алғашқы рет “ экономия ” термині (грекше oikos - үй, үй шаруашылығы және nomos - заң) біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ - ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт, Платон, Аристотельдің еңбектерінде пайда болды . " Экономия " атауын алғашқы рет Ксенофонт ұсынды. Бұл атау өткеннің ұлы ойшылы Аристотельде де әділеттілік туралы ілім шеңберінде кездеседі. Аристотель шаруашылық іс-әрекеттің екі түрін ажыратады:экономия - қамсыздандыруға арналған шаруашылық және хрестоматика - байыту мақсатындагы шаруашылық. Ол әділетті деп, табиғи шаруашылыкка негізделген экономияны санаған. Өйткені ол антикалық қоғамның негізін құраған. Алайда экономика жеке ғылым ретінде, жаңа буржуазиялық топтың оқуы түрінде XVI - XVIII ғасырларда қалыптасты. 1615 жылы француз экономисі А. Монкретьен “Саяси экономия трактаты” атты еңбегінде осы жаңа ғылымға бірінші рет атау берді. Атау үш грек сөзінен құрастырылды:"политейя” -қоғам, “ойкос” -үй, “намос” - заң. Берілген ат дәстүрліге айналды және қазіргі күні де қолданылуда. “Саяси экономия” шаруашылықтың мемлекеттік және жалпы ұлттық деңгейдегі даму заңдылықтары жайлы ғылым ретінде пайда болды.
Саяси экономияның алғашқы теориялық мектебі меркантилизм (итальян тілінен аударғанда “мирканте”- көпес, саудагер) болды. Бұл бағыттың өкілдері Т. Ман, Ж. Б. Колбар қоғам байлығы тек саудада ғана пайда болады деп санады. Олар өз ғылымының басты пәнін тауар және ақша айналысындағы процесстерден көрді. Бұл тұжырымдар кездейсоқ болған жоқ. Олар капиталдың алғашқы жиналымына, яғни халықаралық саудаға сәйкес келді. Мұнда тауарлар бір елде төмен бағаға сатып алынып, басқа елде қымбат бағаға сатылды . Сондықтан, меркантилистер мемлекетке сауданы көбейтіп, елдегі алтын қорын толтыруға кеңес берді.
Кейін Францияда физиократтардың ілімі (“физиократия” грек тілінен аударғанда - табиғат билігі) пайда болады. Оның негізін салушылар - Ф. Кенэ жəне А. Тюрго. Олар сауда барысында ешқандай байлық пайда болмайтынын, тек қана ақшаның тауарға және керісінше, тауардың ақшаға айырбасы жүзеге асатынын әділетті көрсете отырып, байлықтың пайда болу мәселесін айналыс сферасынан өндіріс сферасына өткізеді. Алайда, физиократтар байлық өндірісінің сферасы деп өсімі табиғи жолмен жүзеге асып, табиғат сыйы болып табылатын ауыл шаруашылығын санаған.
Сол уақытта Англияда жаңа мектеп- классикалық саяси экономия пайда болды. Оның көрнекті өкілдері ХVІІ ғ. -Уильям Петти, XVIII ғ. - Адам Смит, ХІХ ғ. - Давид Рикардо ұлттық байлық материалдық өндірістің барлық саласында жасалынатынын дәлелдеді. Олар байлықтың негізгі түрі - тауардың құны деп тұжырымдады. Адам Смит құн теориясының негізін қалады, еңбек өнімділігінің рөліне көп назар аударып, табыстар туралы ілімді жарыққа шығарды.
Экономикалық теорияның дамуындағы келесі маңызды саты-утопиялық социализм және марксизм. Утопиялық социализм - бұл қоғамның социалистік негізде түбегейлі өзгерістері мен әділетті құрылымы туралы ғылым. Бұл бағыттың басты өкілдері - Т. Мор, К. А. Сен - Симон, Р. Оуэн. Марксизм неміс философиясына, ағылшын саяси экономиясына және француз утопиялық социализміне сүйене отырып, еңбек құны теориясын ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді және коммунистік қоғамның негізгі принциптері туралы ілімді қалыптастырды. Экономикалық ой-пікірлердің тарихын зерттейтін еңбектердің қайсысын алсақта, оларда марксистік ілімге елеулі назар аударылады.
XIX ғасырдың екінші жартысында экономикалық теория дамуының жаңа бағыты пайда болады. “ Саяси экономия ” түсінігі “ экономикс ” түсінігімен ығыстырылды. Жаңа атаудың тууы неоклассикалық бағыттың негізін салушылардың бірі ағылшын экономисі Альфред Маршаллдың есімімен байланысты. 1980 жылы А. Маршаллдың “Экономика ғылымының принциптері” атты еңбегі жарыққа шықты, оның бұл еңбегі қазіргі уақытта да өте маңызды . Мұнда талдаудың басты пәні құн теориясы емес, бағалар теориясы болып табылады, баға белгілеу механизмі сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы ретінде қарастырылады. А. Маршалл сұраныс теориясының негізіне К. Менгер, Е. Бем - Баверк, У. Джевонс, Л. Вальрас шығармаларында қалыптастырылған шекті пайдалылық туралы ілім, яғни маржинализмді қояды. Алайда, экономикалық теориядағы нағызт өңкерісті Джон Мейнард Кейнстің 1936ж. жарияланған еңбегі “Жұмыспен қамтылудың, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы” жасады. Нарық, Кейнстің көзқарасы бойынша, “тиімді сұранысты” қамтамасыз ете алмайды, сондықтан да, оны ақша - несие және бюджеттік саясаты бар мемлекет қамтамасыз етуі қажет.
Нарықтық экономикадағы ішкі қайшылықтардың күйзеліске ұшырауы институционалды - әлеуметтік бағыттың пайда болуына ықпал етті. XIX ғасырдың аяғында Америкада пайда болған классикалық институционализм XX ғасырдың 20-шы, 30-шы жылдарында дербес ағым ретінде түбегейлі қалыптасты. Оның негізін салушы ретінде Т. Вебленді санайды . Бұл ағымның өкілдері ( Т. Веблен, У. Митчелл, Дж. Гелбейрт, Я. Тинберген) өз талдауларында корпорациялар, кәсіподақтар, мемлекет, сондай-ақ психологиялық, этикалық, құқықтық, техникалық және озге де әлеуметтік құбылыстар ретінде түсіндірілетін “институттар” түсінігін кеңінен пайдаланады.
Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз - ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.
Экономикалық теорияның пәні - адамдар мен әртүрлі әлеуметтік топтар арасында игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестері барысында қалыптасатын экономикалық қатынастар. Нобель сыйлығының лауреаты П. Самуэльсон экономикалық теория пәнін өзінің «Экономика» атты еңбегінде тұтыну және өндіруді жүзеге асыру, қалыпқа келтіру, адамдар арасындағы айырбаспен, ақшалай келісім-шартпенбайланысты қызмет түрлері дей тұра, көптеген мысалдар келтіре отырып, экономикалық теория пәні тек осы және ол өзгермейді, ол нақты деп айту қиын деген.
Экономикалық процестерді танып-білу әдістеріне тоқталар болсақ, бірнеше зерттеу әдістері бар . Олар: ғылыми абстракция, талдау және синтездеу, индукция мен дедукция әдістері және объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық модельдер жасау.
Ғылыми абстракция дегеніміз - зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы түрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі.
Талдау - экономикалық құбылысты жеке элементтерге бөліп, әр элементті тұтас құбылыстың қажетті құрамдас бөлігі түрінде зерттейді .
Синтез - экономикалық құбылыстардың жеке бөлініп, зерттелген элементтерін біртұтас жиынтық деп зерттеп, жалпы қорытынды шығарады.
Индукция - жекеден жалпыға нақтыдан жалпыламаға қарай ой жүгірту тәсілі . Дедукция - керісінше, жалпыдан жекеге, жалпы жағдайдан жекеге қарай ой жүгірту тәсілі.
Барлық экономикалық құбылыстар мен процестер экономикалық заңдардың әсерінен дамиды. Экономикалық заңдар- қоғамның экономикалық омірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процесстерін байланыстырады. Олар өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну қатынастарының даму заңдылықтары болып табылады.
Өндіріс - адам қоғамының өмір сүру негізі. Экономика екі іргелі экономикалық аксиомаға негізделеді:шексіз мұқтаждықтар мен шектеулі ресурстар. Мұқтаждықтар бұл адамдардың белгілі бір пайдалылығы бар игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы. Мұқтаждықтарды қанағаттандыратын құралдар игіліктер болып табылады. Бір игіліктер шектеусіз мөлшерде болады
(мысалы, ауа), ал екіншісі-шектеулі (мұнай, көмір, тағы басқа) . Соңғылары экономикалық игіліктер деп аталады . Өндірістің түпкі мақсаты - тұтыну болып табылады, Яғни ол - әр түрлі мұқтаждықтарды қанағаттандыру үрдісі . Дамуы бойынша мұқтаждықтар сан жағынан да, сапа жа ғынан да түрленеді . Олардың осы ерекшелігі өндіріс даму . ының ынталандырушы құралы болып табылады, мұның өзі жаңа мұқтаждықтардың пайда болуын негіздейді . Экономикалық игіліктерді өндіру үшін ресурстар, яғни қоғамның әлеуметтік мүмкіндіктері пайдаланылады . Өндіріс үрдісінде ресурстар өндіріс факторларына айналады, олар келесі топтарға бөлінеді : жер, еңбек, капитал.
Еңбек дегеніміз - қатежеттіліктерді өтеу үшін игіліктерді өндіруге бағытталған адамдардың мақсатты және саналы іс-әрекеттері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz