Ресей империясының мұсылман-түркі халықтарын біріктірудегі Иттифак-әль-муслимин мұсылмандар одағының рөлі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам Ғұмарбек Дәукеев
Атындағы Алматы Энергетика Және Байланыс Университеті

Әлеуметтік пәндер кафедрасы.

№1Семестірлік Жұмыс

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырып:Ресей империясының мұсылман-түркі халықтарын біріктірудегіИттифак-әль-муслимин мұсылмандар одағының рөлі

Мамандығы:

Орындаған:_

Тексерген _____________
______ _______________________________ __2020ж

Алматы 2020

Жоспар:
Кіріспе:
1.Мұсылмандық қозғалысың пайда болуы.
2.Иттифак әль-Муслимин одағының құрылуы және қызметі.
3.Партияны қоғамға тигізген әсері.
Қорытынды:

Кіріспе:
Мақсаты:Иттифакәль-Муслимин одағының қоғамдық рөліне жалпы сипаттама беру.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы:
1.ХХғ. басындағы патшалық Ресей көп ұлтты мемлекет еді. Империяда үстемдік етуші великоростар бүкіл халықтың 43,3%-і болатын. Егерде оған украиндар мен белорустарды қоссақ 65,5%-ке дейін жететін. Ал қалған халықты империяның шеткері аймақтарындағы ұлттар мен ұлыстар құрайтын. Олардың көпшілігі мұсылман дініндегілер еді. Мұсылман халықтары ғасыр басында 30 миллионға жуық болса, оның 5 миллионнан астамы қазақтар тұғын.Сан жылдар бойы татар, башқұрт, қазақ, өзбек, азербайжан т.б. түркі тілдес және өзге де мұсылман халықтары Ресей империясының қол астында орыс отарлаушыларының теперішін бірге бастан кешіп, тағдырдың ауыр тауқыметін бірге тартты. Мұсылмандардың ым-жымын білдірмей, мүмкіндігінше көзін құрта беру керек , - деген құйтырқы саясатты ұстаған патша үкіметі ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғасыр басына қарай озбыр отаршылдық саясатын онан әрі үдете түсіп, шеткері отар аймақтарды толық игеруді бұрыңғыдан да қарқынды жүргізді. Шеткері аймақтарға 1861ж. 18 ақпандағы реформадан кейінгі кезеңде жүргізілген қоныс аудару саясаты да соның бір көрінісі еді. Қоныс аудару саясаты, біріншіден, метрополиядағы аграрлық шиеленісті шешуге бағытталса, екіншіден қоныс аударушылар арқылы шеткері аймақтарда патшалық биліктің сенімді тірегін қалыптастыруды, сөйтіп ондағы отаршылдық билікке қарсы күштерді біржолата құртуды көздеді. Осылайша шаруалар жаңа жерлерге, соныңішінде қазақ жеріне де қоныс аудартыла бастады. Ресей империясының қол астындағы мұсылман халықтары рухани жағынан да қанауға ұшыраған болатын. Отарлаушылар олардың мемлекеттік рухын қалайда жою ниетінде, оянып келе жатқан ұлттық санасын тұмшалап, тілінен, дінінен, дәстүр-салтынан айыру бағытындағы ұйымдастырылған шараларды іске асыруға ұмтылды. Алдымен мұсылман халықтарын түгелдей шоқындырып, орыстармен кіріктіріп жіберу мәселесіне шешуші мән берілді.
ХІХғ. соңына қарай мұсылмандық оқу орындарын жоғарыдағы ережеге сәйкес қатаң бақылауға алу жөніндегі нұсқаулар барлық шет аймақтардағы әкімшілік орындарына жөнелтіле бастады. Мұсылмандар бұл ережеге мойынсұнғысы келмегенге ел арасында жазалаушы отрядтар жіберілді. Сол кезеңдегі үкімет орындарының осындай іс-әрекеті жөнінде Вакыт газеті 1906ж. 18 мамырдағы санында, былай деп жазды: Мұсылмандар үкіметтің бұл ұйғарымын орынсыз, әрі зорлық ретінде санап, оны орындаудан бас тартты. Сол мезетте-ақ дөрекі жарлық берілді. Қазан губернаторы Скарятин әскери күшпен губерниядағы мұсылман елді мекендерін аралап, жүздеген мұсылмандар тұтқындалды. Оның біразы жер аударылды, каторгалық жұмысқа жіберілді. Ақмолада болса, генерал-губернатор жергілікті архиреймен бірге Көкшетау қаласындағы шіркеу алаңына өңірдегі қазақтар мен татарлардың бір тобын жинады. Ол жиналған топқа православияны қабылдауды ұсынып: Осы күннен бастап шариғатпен емес, орыс заңымен өмір сүресіңдер - деп айтқан болатын.
Патша өкіметінің озбыр отаршылдық саясаты, қоғамдық өмірдің барлық салаларын орыстандыруға бағытталған әрекеті империядағы мұсылман халықтардың тұрмыс-тіршілігін тығырыққа тиеп, олардың өркениетке қарай даму процесін тежеді. Мұндай жағдай Ресей мұсылмандарының наразылығын туғызып, азаттық жолындағы күресіне алып келді. ХІХ ғасырдың соңына қарай азаматтық дамуда тоқырауға ұрынған Ресейдегі түркі мұсылман халықтарының саяси оянуына ықпал еткен орасан зор күштің бірі жәдидшіл қозғалыс болды. Жәдидшіл қозғалыстың көш басында мұсылман халықтарын өркениетке тартып, оларға европалық білім мен озық идеяларды тартуды көздеген И.Гаспринский тұрды. Оның 1881 жылы Ресей мұсылмандары арасында ұлт бостандығы туралы идеяның таралуына түрткі болған Русскоемусульманство атты саяси памфлеті жарық көрді. Бұл памфлетте патша үкіметінің орыстандыру саясаты, білім беру жүйесі батыл сынға алынып, мұсылмандардың рухани өсуіне мүмкіндік беру талап етілді. Түркістан семинариясының қазақ шәкірті қолынан аталмыш памфлеттің табылуы оның сол кезде-ақ мұсылман халықтары арасына кеңінен таралғанын аңғаруға болады.Жәнеде діни-схоластикалық мұсылмандық оқу жүйесін дүниауи білім алуға сәйкестендіріп қайта құруды ұсынған И.Гаспринскийге пікір қосушылар да шықты. Еділ бойындағы алдыңғы қатарлы татар зиялылары арасында И.Гаспринскийдің пікірі үлкен қолдауға ие болды. Тәржіман газеті Түркістан өлкесіне де жетіп, ондағы жастарды оятып, жәдидтер тобын тәрбиелей бастады. ХІХғ. соңына қарай мектеп, медреселердегі өз беделдерінен айырылып қалғысы келмеген консервативтік пиғылдағы дінбасылардың қарсылығына қарамастан жәдидшіл қозғалыс кең өріс алып отырды. Мұсылман дін иелері жәдидшілдерді дұрыс түсіне алмағандықтан, олардың әрекетін шариғатқа қарсы деп бағалады. Алайда жәдидшілер мұсылман дінін теріске шығарған жоқ, керісінше Құранды әр ұлттың өз тіліне аударып, оның мағынасын түсінуге көңіл бөлді.

2.Иттифак әл-Муслим (араб. اتفاق المسلمين - Мұсылмандар одағы (бірлігі)) - 1905 жылы жадидтер құрған алғашқы бүкілресейлік ислам партиясы.
Николай II-нің 1905 жылғы 6 тамыздағы Мемлекеттік думаны шақыру туралы манифесі джадидизмді жандандырды, мұсылман мәдениеті мен білімін дамытуды мақсат еткен түркі-мұсылман зиялыларының саяси ұйымын құруға түрткі болды. 1905 жылдың 8 тамызынан бастап Нижний Новгород қаласына Түркістан, Сібір, Қазақстан, Кавказ және Қырымнан мұсылман қауымдарының көшбасшылары келе бастады. Олардың саны шамамен 150 адам болды. Думада түркі-мұсылман саясаткерлерін көргісі келмеген биліктің қарсылығына қарамастан, 13 тамызда Ока өзеніндегі пароходтардың бірінде Бірінші Бүкілресейлік мұсылмандар съезі жасырын түрде ашылды. Съезд 20 тамызға дейін жалғасты. Съезд төрағасы болып Исмаил Гаспралы сайланды. Съезд патша үкіметінің отаршылдық саясатын және мұсылмандардың құқығын бұзуды сынға алды. Тілі, діні, ұлты, нәсілі мен жынысына қарамастан Ресейдің барлық азаматтарының теңдігін сақтауды талап ететін қарар қабылданды. Съезде Ресей Думасының түркі-мұсылман мүшелері болатын "Иттифак әл-Муслимин" ("мұсылмандар одағы") Бүкілресейлік мұсылмандар ұйымын құру туралы шешім қабылданды. Сурет Надир Девлеттің "Миллет Мәжіліс" кітабынан алынған. Ресей мұсылмандарының қауымдастығын үйлестірді. Делегаттар бұл съездің өткізілуін "Ресей мұсылмандарының өміріндегі тарихи оқиға" деп бағалап, "жыл сайын 15 тамызды мұсылмандар арасында атап өту"туралы қаулы қабылдады. Съездің тапсырмасы бойынша Әлімардан-бек Топчибашев пен Абдурашид Ибрагимов ұйымның Жарғысын және бағдарламасын әзірлеуге кірісті. Қазан қозғалысының Иттифак әл-Муслимин комитеті қараша айында бірқатар отырыстар өткізіп, партияны қайта құру туралы негізгі құжаттарды дайындады. Съезге қатысқандардың арасында танымал миллионер кәсіпкерлер де болды. Кейбір зерттеушілер мұсылмандардың 1906 жылғы ақпандағы сайлау науқанына қаржылық қажеттіліктері осы миллионерлердің есебінен шешілді деп санайды.
1905 жылғы желтоқсанда Мемлекеттік Думаға сайлау туралы заң қабылданғаннан кейін бір ай өткен соң, яғни 1906 жылғы 15-23 қаңтарда Санкт-Петербургтегі қонақ үйлер мен жеке пәтерлерде билік рұқсат етпеген екінші Бүкілресейлік мұсылмандар конгресі өтті. Съезд жұмысына Сәлімгерей Жантөрин, Уәлитхан Танашев, Шаймерден Қосшығұлов сияқты қазақ зиялыларының өкілдері қатысты. Съезд "Иттифак әл-Муслимин" партиясының жарғысын қабылдады. Орынбор, Астрахань, Орал, Омбы, Қызылжар, Семей, Верный, Ташкент, Ашғабат қалаларында "Иттифак әл-Муслимин"партиясының филиалдарын ашу туралы шешім қабылданды. Съезд делегаттары Мемлекеттік Думаға сайлау кезіндегі тактиканы қарап, қазақ саяси қайраткері Сәлімгерей Жантөрин бірлескен іс-қимылдар туралы қарар қабылдады. Ресей мұсылмандары және конституциялық-демократиялық партия, яғни кадет партиясы. Кадеттер партиясы Иттифак әл-Муслимин партиясымен одақтасуға қызығушылық танытты, соның арқасында 1906 жылдың сәуірінде Бірінші Мемлекеттік Думаның жұмысы басталған кезде екі партия блок құрды. Нәтижесінде Думада жеке мұсылман фракциясы құрылды, оның төрағасы болып "Иттифак әл-Муслимин" партиясының жетекшілерінің бірі - әзірбайжандық заңгер Алимардан-бек Топчибашев сайланды. Кадеттер партиясы ең көп дауыс жинады және Ресейдің ішкі істер министрі Петр Столыпинге негізінен кадеттерден тұратын үкімет құруды ұсынды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иттифак әль - Муслимин одағының құрылуы және қызметі
Ресей мұсылмандарының тарихи оқиғасы
Ресей империясының мұсылман-түркі халықтарын біріктірудегі Иттифак-әль-муслимин мұсылмандар одағының атқарған рөлі
Қазақтың зиялылары өкілдерінің Жалпы ресейлік мұсылман съездеріне қатысуы
«Правое дело» мен «Ақ жолдар» патшалы Ресей кезінде-ақ пайда болған
Мұсылмандық қозғалыстың пайда болуы және қазақ қоғамы
Орыстандыру саясаты
Қазақ мемелекетіндегі алғашқы ұйымдармен саяси партиялар
Қазақ қоғамының мұсылмандық қозғалысқа тартылу себептері
САДРИ МАҚСУДИ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ КҮРЕС ЖОЛЫ
Пәндер