Ақпаратты кодтау туралы зерттеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
І Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Адамдардың барлық қызметі ақпаратпен байланысты. Олар өмірлерінің әр бір күнінде ақпаратпен әртүрлі іс-әрекеттер атқарады. Адам ақпаратты қоршаған ортадан сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Қоршаған ортадан алған ақпаратты сақтайды, қабылдайды, игереді және қайта өңдейді, қоршаған ортаға жеткізеді. Адам ақпаратты әлемде өмір сүреді.
Ақпаратпен қандай да іс-әрекеттер жүргізілген кезде ол керекті түрде көрсетілуі, жазылуы және ұсынылуы қажет. Бұл процесстің арнайы атауы ақпаратты кодтау деп аталады. Ақпаратты кодтаудың алуан түрлері бар. Адам өмірінде кездесетін нұсқаулар, тауарлардағы штрих кодтар, телефон нөмірлері, пошталық индекстер, жол белгілері, шахмат ойындары, химиялық формулалар, музыкалық ноталардың және тағы басқа да белгілі бір сигналдардын бәрі де код түлеріне жатады.
Қазіргі 21 ғасырда ақпараттық технологияларының айқымды дамуына байланысты ақпаратты кодтаудың қажеттілігі жылдам қадамдармен өсуде. Компьютерлердің пайда болуына байланысты ақпаратты мәтіндік, сандық және графикалық түрлерінде кодтауды қажет етті. Ақпаратты кодтау адамдар өмірінде кез келген бағытта дамып, қажеттілігін көрсетіп, әр түрлі салаларда қолдана басталды.
Кодтар нені білдіреді? Ақпаратты кодтаудың маңыздылығы неде? Новая Шульба ауылының тұрғындары кодтардың маңыздылығын түсіне ме?
Ақпаратты кодтау қазіргі заманның бір өзекті тақырыбы болып табылады. Менің ойымша ақпаратты кодтаудың үлкен тәжірибелік мәні және қажеттілігі бар. Сондықтан мен ауыл тұрғындарының ақпаратты кодтау деген не, қандай түрде кодталанады және қандай салада кездестіріледі, ақпаратты кодтаудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, өз тұрмыстарында қолдана ала ма екендігін анықтағым келді.
Бұл жұмыстағы менің алдыма қойған мақсатым: өз сыныптастарыма, ауыл тұрғындарына ақпаратты кодтаудың маңызыдылығын жеткізе отырып тұрмыстық жағдайларда өз тәжірибелерінде кодтарды кездескенде қолдана білулер жеңілдету.
Мен бұл жобамен ізденіс жұмыстарын бірнеше тәсілдерді қолдандым. Интернет жүйесінде, анықтамаларда ақпараттар іздедім, сұрақтар қойып сыныптастарым, ауыл тұрғындарының арасында сауалнама өткіздім. Ақпаратты кодтау әр түрлі салаларда кездестіріледі, соның бірі штрих кодтар, әр адамның жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), телефон нөмірлерінің және пошта индекстерінің кодтарын ауыл тұрғындары, сыныптастарым жиі кездестіреді. Кодтардың мәнін түсініп, өз өмірлерінде кездескен де қолдана білу үшін оларды ақпаратандыру керек екенін міндетім деп санаймын.
Жұмысты атқарғанда төмендегі кезеңдерден өттім:
1 кезең - іздеу және зерттеу бөлімінде анықтамалардан және Интернен жүйелерінен ақпарат іздедім.
2 кезең - алынған ақпараттарды өңдедім.
3 кезең - сауалнама өткіздім.
5 кезең - сауалнамаларды талдап, нәтижелерін түсіндірдім.
6 кезең - қортындыладым.
Қойылған міндеттерді шешу үшін, келесі әдістерді қолдандым: алынған тақырып бойынша әр түрлі анықтамалардан, Интернет жүйелерінен ақпараттарды тауып, оқыдым, салыстырдым, талдадым, сауалнама өткіздім және қортындыладым.
Ізденіс жұмыстарымның қортындысында мен сыныптастарыма және ауыл тұрғындарына арнап ұсыныстар, кодтардың мағынасы көрсетілген брошюра жасадым.
Жұмысымның қортындысын сыныптастарым, ауыл тұрғындарына еліміздің басқа аймақтарында тұратын туысқандарымен телефон желісімен сөйлескенде, тұрмыстық жағдайларда тауарлар сатып алғанда қолдана алады.

ІІ. Кодтар тарихына шолу

2.1. Кодтардың пайда болуы

Кодтар адам өмірінде ежелгі заманнан бастап криптография ретінде қолданыла бастаған. Бұл заманда гректер маңызды хабарламаны тек керекті адамдар ғана біле алсын деген мақсатпен қолданған. Тіпті, атақты грек тарихшысы Геродот ( V ғ . е. ) тек бір бағыт бойынша түсінікті, хаттар мысалдар келтірді. Грек сарбаздары спартанцтарда маңызды хабарларды құпиялылықта сақтау үшін ерекше жолмен жазатын механикалық құрылғылары болған. Ол Юлий Цезарьдың өз құпия әліпбиі деп аталған.
Тарихтың келесі кезеңінде, хабарламаларды беру үшін алғашқы кодтардың бірі өнертапқыш Самуил Морзенің құрастырған телеграф кодымен байланысты, әлемге белгілі Морзе коды. Осы кодта, әрбір әріп немесе сан үзілістерді бөлінген қысқа мерзімді (нүкте) және ұзақ ( сызықша ) ток импульсінің өз ретпен байланысты.
A
.-
N
-.
0
-----
B
-...
O
---
1
.----
C
-.-.
P
.--.
2
..---
D
-..
Q
--.-
3
...--
E
.
R
.-.
4
... -
F
..-.
S
...
5
... .
G
--.
T
-
6
- ...
H
...
U
..-
7
--...
I
..
V
...-
8
---..
J
.---
W
.--
9
----.
K
-.-
X
-..-
,
--..--
L
.-..
Y
-.--
.
-.-.-.
M
--
Z
--..
?
..--..

Семафор Әліппесі

Адамдар әр қашан алыста болса да бір бірімен байланыста болған. Ерте заманнан ақ адамдар кішкентай таулардың үстіне от жағып жаудың келе жатқанын немесе жыртқыш аңдардың үйірі жаңа орын ауыстырып жатқанын хабарлап отырған. XVII ғасырда ағылшындар тәжірибе ретінде семафорды пайдаланған, содан телеграф сөзі пайда болды. Бақылаушы, алыстағы таудың үстінде тұрып хабар алып, екінші бақылаушыға жіберіп тұрған.
Бұл кемелердің бі бірімен ең оңай байланысуы болып табылады. Хабардың мәтіні жалаулар арқылы семафор әліппесінің әріптерімен жіберіліп тұрған. Әр түрлі қимылы мен қолдың қозғалысына қарай әліппедегі бір әріпіне сәйкес келеді. Хабарды жалаумен жіберу үшін жақсы орын табылады, хабарды жіберуші мен қабылдаушы бір бірін жақсы көріп тұру үшін. Семафор арқылы хабарды қабылдау тек екі адам арқылы жүзеге асырылады, біреуі қабылдайды (оқиды) мәтінді, ал екіншісі мазмұнын жазып отырады.

1.4.Атбаш шифры

Ақпаратты кодтаған кезде бір бағандағы әріптер бір-бірімен алмасады.

1.3.3. Полибия шаршысы.
Ежелгі Гректе (ІІ ғ. б.з.б.) Полибия шаршысы шифры анық болған. Ол шифр бес баған мен бес жол кестеден тұрады, ол 1-ден 5-ке дейін сандармен белгіленеді. Әр бір ұяшыққа бір әріп жазылады. Нәтижесінде, бір әріпке екі саннан келеді. Сонда кодталған ақпараттың бір әрпі қос санмен алмастырылады.

1
2
3
4
5
6
7
1
А
Ә
Б
В
Г
Ғ
Д
2
Е
Ё
Ж
З
И
Й
К
3
Қ
Л
М
Н
Ң
О
Ө
4
П
Р
С
Т
У
Ұ
Ү
5
Ф
Х
Һ
Ц
Ч
Ш
Щ
6
Ъ
Ы
І
Ь
Э
Ю
Я
7
,
.
?
!

19 ғасырдың ортасында француз ағартушы Луи Брайльдің соқырларға арналған арнайы қаріпті ойлап . Осы қаріпте әріптер қатты қағазға батырылып жазылған. Саусағын сырғыта отырып көзі көрмейтән адамдар қағазға батырылған әріптерді анықтап кітаптарды алуға мүмкіншіліктер пайда болды.

2.2. Ақпаратты кодтау

"Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның "informatio" сөзінен шыққан. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез-келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз. Ақпарат - бұл белгілі бір нәрсе(адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар. Техникада ақпарат хабарлама, таңба сигналдар түрінде кибернетикада-табиғат пен қоғамдағы басқарумен байланысты. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.
Ақпарат мына төмендегі түрлерде беріледі:
:: Мәтін, сурет, сызба, фотобейне;
:: Дыбыс сигналдары;
:: Электр сигналдары;
:: Магниттік жазба;
:: Қимылдар мен мимика тілі;
:: Иіс және дәм сезу;
Пән, процесс, материалдық немесе материалдық емес құбылыс, ақпараттық объект. Жалпы тұрғыдан алғанда, ақпарат - таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттық бейнесі болып саналады. Ақпаратты алу дегеніміз - бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы және де нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз. Сонымен, ақпарат - белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар. Ақпараттың түпкі заттық мазмұны оның негізгі қасиеттерін- дәлдігі мен толықтығын, бағалығы мен қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға көмектеседі.
Ақпарат деген таңбалар немесе сигналдар тізбегі. Жалпы алғанда кез - келген мәтін, сурет, музыка, дыбыс, сызба, мәлімет, дерек, мағлұмат бәрі ақпарат болып табылады.
Ақпаратты қабылдаудың және өңдеудің әр түрлі екі әдісі бар: үздіксіз (аналогтік) және үзілісті (дискретті). Қазіргі аналогтік аппараттар сапалы, мысалы түрлі-түсті теледидар және бейнекөріністер т.б. Компьютерлік технология ақпаратты қабылдаудың дискретті түрін ұсынады. Әр түрлі типті мәліметтермен жұмысты автоматтандыру үшін оның берілу формасын бірыңғайлау өте маңызды, ол үшін көбіне кодтау қолданылады.
Код - ақпаратты ұсынуға арналған шартты белгілер жүйесі.
Кодтау - ақпаратты жеткізу үшін, өңдеуге, сақтауға ыңғайлы алфавит арқылы құпиялап жазу.
Кері кодтау декодтау - кодталған ақпаратты түсінікті тілге аудару.
Техниканың, ғылымның және мәдениеттің кейбір саласында кодтау проблемалары өте жақсы шешімін табуда. Мысал ретінде математикалық өрнектерді жазу жүйесін, телеграф азбукасын, соқырларға арналған Брайля жүйесін және т.б. айтуға болады.
ІV. Кодтарды қайда кездестіреміз?

3.1. Ақпаратты компьютерде кодтау

Есептеу техникасының өзінің жүйесі бар - ол екілік кодтау деп аталады және мәліметтерді 1 мен 0-ден тұратын екі белгінің тізбегімен жазуға мүмкіндік береді. Бұл белгілер екілік цифрлар немесе биттер деп аталады(bit- ағылшынша, binary digit-тің қысқаша жазылуы).
Бит - ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. 8 биттің комбинациясы байт деп аталады. ЭЕМ-да кез-келген таңбаны және санды биттердің көмегімен жазуға болады. Кейінірек компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялардың дамуы компьютерде ақпараттың басқа да түрлерін сақтау мен өңдеуге мүмкіндік берді. Қазіргі заманда компьютер сандық, мәтіндік, графикалық, аудио және бейне ақпаратты өңдейді.
Егер алфавиттің әр символына белгілі бір санды сәйкестендіріп қойса (мысалы реттік номерін), онда мәтіндік ақпаратты екілік кодтың көмегімен кодтауға болады. Қазіргі компьютерлерде ақпарат ASCII (American Standart Codе for Information Interchange - американский стандартный код для обмена информацией) кодымен беріледі. ASCII коды АҚШ-тың (ANSI) американың стандарттық ұлттық институтында жасалған, бірақ оның 256 стандарт символдан тұратын бөлігі арнайы программаның көмегімен ұлттық алфавиттің символдарымен ауыстыруға болатындықтан басқа елдерде пайдалана алады.
Қазақстанда құрамында кириллица символдары бар ASCII-ге алтернативті кодтау қолданылады. Онда үлкен және кіші орыс және латын әріптері, цифрлар, тыныс белгілер және арифметикалық амалдар және т.б. қамтылған. ASCII символының әрқайсысына 8 биттік екілік код (байт) сәйкес қойылған, бұл 256 әр түрлі символды кодтауға мүмкіншілік береді.
Сонымен қатар, басқа да кодтау жүйелері бар: - 8 бит немесе 1bayt Windows 1251, KOI-8 және басқалары жоғарыда кодтау жүйесін Барлық бір таңбаны кодтау үшін пайдаланылады. 1991 жылы ол 16-биттік жүйесін Юникод (Unicode) ұсынылды. Бұл жүйенің әрбір өкілдік символы 2 байттан тұрады.
Сонымен, егер адам текстік файл құрып және оны дискіге жазса, онда адамның енгізген әр символы компьютер жадында сегіз нольдер мен бірлердің жиынымен сақталады. Тексті экранға немесе принтерге шығарғанда осы кодтарға сәйкес символдар бейнеленеді.
ЭЕМ-дағы кез-келген басқа ақпарат секілді графикалық бейнелерді сақтауға, өңдеуге және екілік жүйеде кодталған түрінде байланыс жолдармен жіберіледі. Графикалық байланыс жолдармен жұмыс жасайтын әр түрлі программалар саны жеткілікті. Мұнда графикалық кодтау әдістері әр түрлі графиктік форматтар қолданылады. Бейне сақталған файлдың кеңеймесі мұнда қандай формат қолданғанын білдіреді, яғни қандай программаның көмегімен қарауға, өңдеуге және баспаға шығаруға болатынын аңғаруға болады. Осындай әр түрлі мүмкіншіліктеріне қарамастан бейнені кодтаудың негізінде растрлық және векторлық графика деген әр түрлі екі тәсілі бар.
Растрлық графиканы қолданғанда бейненің әрбір кішкене элементінің түсі санаулы биттің көмегімен кодталады. Бейне пиксель деп аталатын ұсақ нүктелердің жиынын құрайды. Тастар немесе әйнектердің жиынтығынан құралған мозайка немесе вираж секілді түрлі-түсті нүктелердің көмегімен сурет салынады. ЭЕМ-де растрлық әдісті қолданғанда әр пиксель үшін биттік қалыңдық(глубина) деп аталатын санаулы биттер саны бөлінеді. Әр түске белгілі бір екілік код сәйкес келеді. Мысалы, егер биттік қалыңдық 1-ге тең болса, онда 0-қара, 1-ақ түске сәйкес келеді де, ал бейне тек қара-ақ түсті болады. Егер биттік қалыңдық 2-ге тең болса, яғни әр пикселге 2 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы оқытуға қойылатын мақсаттар
Ақпаратты кодтау процесін зерттеу
Белгілі кодтау кезеңінде
Информатиканың философиялық негіздері
Геномдардың эволюциясы
Кодтау теориясы туралы жалпы ұғым
Ақпараттық процестер және олардың моделдері
«КІРІСПЕ. ИНФОРМАТИКА ПӘНІ, ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЙТЫН БӨЛІМДЕРІ.ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕЛЕРІ»
Ақпаратты криптографиялық түрлендіру әдістері
Цифрлық техникада кедергісіз ақпаратты тарату
Пәндер