Индустрияландырудың қиындықтары мен ерекшеліктері


Индустрияландырудың қиындықтары мен ерекшеліктері
Бірінші дүниежүзілік соғыстың және Азамат соғысының ауыртпалығын бастан кешірген Қазақстаннын артта қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсібі дамыған аймақтарына қарағанда анағұрлым ауыр жағдайда қалды. Соғыс әрекеттерінен, әсіресе өнеркәсіп пен транспорт қатты зардап шеккен еді. Ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда екі есе, ал өндіріс жабдықтарын өндіру 4, 5 есе, мұнай өндіру 4 есе қысқарды, мыс және полиметалл кендерін шығару, мыс балқыту тоқтап қалды, көптеген кең орындары мен көмір шахталарын су басты немесе электр стансаларының қирауы, жабдықтардың бүлінуі т. б. себептерден жұмыстарын тоқтатты. Транспорт, әсіресе теміржол көлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың жартысынан көбі және вагондардың 90%-ға жуығы күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы көп зиян шекті, жарамсыздарын алмастыруға рельстер мен шпалдар жетіспеді. Еліміз жаңа экономикалық саясатқа көшіп жатқан кезенде басталған Қазақстан өнеркәсібі мен транспортындағы қалпына келтіру жұмыстары жалпы алғанда шаруашылық күйзелістерінен ғана емес, республикада ашаршылықтың басталуына себеп болған 1920-1921 жылдардағы жүт кезінде малдың көптеп шығын болуы, сондай-ақ 1921 жылғы құрғақшылық салдарларынан да зор қиыншылықпен жүргізілді.
1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады, ал тұтастай алғанда бұл үрдіс 1922 жылдың екінші жартысында ғана өрістеді. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіруде 1923 жыл бетбұрыс кезеңіне айналды. Алдыңғы кезекте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары қалпына келтірілді, оған 1922 жылы алынған егіс өнімділігі ықпал етті. Қостанай, Орал және Семей губернияларында, Павлодарда т. б. қалаларда ірі диірмендер іске қосылды, бұл ұн тарту өнеркәсібін жедел қалыптастыруға жағдай жасады. Солтүстік Қазақстанда май шайқау зауыттары жұмыс істей бастады, жаңадан 20 май зауыты салынды. Тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында да ілгері басушылық байқалды, мәселен, 1923 жылғы тамызда ірі мөлшердегі күрделі қаржыны қажет етпейтін Илецк және Коряковск тұз шығару кәсіпшіліктері қайтадан жұмыс істей бастады.
Баяу болса да, республиканың оңтүстігінде мақта тазарту зауыттарының, жеңіл өнеркәсіптің тері илеу, жүн жуу т. б. кәсіпорындарының жұмысы жанданып келе жатты. Петропавлдағы қалпына келтірілген пима басу, қой терісін өңдеу, тері илеу және шойын құю зауыттары 1923 жылы біртұтас кәсіпорынға біріктіріліп, өнеркөсіп комбинаты құрылды. Алматыда, Шымкентте және Талғарда тері илеу зауыттарының жұмысы жандана бастады.
Ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіру ісінде де кейбір игі қадамдар жасалды. Мұнай өнеркәсібі бәрінен жеделірек қатарға қосылды: Ембі және Доссор көсіпшіліктері 1925 жылдың өзінде 1913 жылғы деңгейден асып түсті. Өндірісті техникалық жағынан қайта құру ісі жүргізілді, мұнай өндіруге тереңнен соратын насостар қолданылды, кәсіпорындарды электрлендіру өріс алды, жабдықтар жаңартылды, кең барлаудың геофизикалық әдістері пайдаланылды. Полиграфиялық өнеркәсіп те біршама ілгері басып, соғысқа дейінгі деңтейге тез көтеріліп келе жатты, осының нәтижесінде қазақ және орыс тілдеріндегі газеттер басылымы көбейді.
Риддерде шахталарды, рудниктерді, байыту фабрикаларын, электр стансаларын, теміржолды, басқа да нысандарды қалпына келтіру жөнінде біршама жұмыстар атқарылды, алайда жабдықтар мен ақшалай қаржының жетіспеушілігінен бұл кәсіпорындар техникалық күзет жағдайына көшіріліп, 1925 жылы ғана Риддер кәсіпорындарын қалпына келтіру жұмыстары қайтадан қолға алынды. # Қарағанды және Екібастұз көмір өндірістері, Спасск зауыты, Успен кең орны және басқа да тау-кен өндірісі орындары мен тау-кен зауыттарының кәсіпорындары тоқтап тұрды. 1925 жылдың аяғында ғана Қарсақбай мыс балқыту зауыты мен Байқоңыр - Қарсақбай-Жезқазған тар табанды теміржолын қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Байлар мен кулактарды тап ретінде жою - Кеңес өкіметінің ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру барысында меншік иелерін, ауқатты шаруалар қожалықтарын күшпен жою шаралары. 1929 жылы 20 ақпанда КСРО ОАК мен Халық Комиссарлар Кеңесі “Еңбек туралы заңдар кодексін кулактар шаруашылықтарында қолдану тәртібі туралы”, 21 мамырда “Еңбек туралы заңдар қолданылуға тиісті кулактар шаруашылықтарының белгілері туралы” қаулылар қабылдады. Қазақстанда ірі байлар шаруашылықтарын тәркілеу 1928 жылдан жүзеге асырыла бастады. Аталмыш құжаттар негізінде 1929 жылы 10 қазанда Қазақ АКСР-і Халық Комиссарлар Кеңесі қабылдаған қаулысы бойынша бай-кулактар қатарына жылдық табысы 300 сомнан асатындар, саудамен айналысатындар, диірмені барлар, т. б. жатқызылды. И. В. Сталин 1929 жылы сәуірдегі БК(б) П ОК мен Орталық бақылау комиссиясының пленумында “кедей - жұмысшы табының тірегі, орташа шаруа - одақтасы, кулак - тап жауы” деген тұжырымды ұсынды. Сол жылы 29 желтоқсанда өткен марксшіл аграршылар конференциясында Сталин кулактарды тап жауы ретінде жоюды күн тәртібіне қойды. 1930 жылы 15 қаңтарда БК(б) П ОК В. М. Молотов басқарған арнайы комиссия құрды. Жергілікті жерлердің партия комитеті жанында “үштіктер” ұйымдастырылды. Қазақстандағы республика “үштіктің” құрамына Ж. Құрамысов (төрағасы), А. Альшанский мен А. Асылбеков (мүшелері) енді. Ол 1930 жылы 23 қаңтардағы мәжілісінде Қазақстандағы 20 мыңға жуық байлар мен кулактар шаруашылықтарын тәркілеп, жаппай ұжымдастыру жүріп жатқан аудандардан көшіріп, өнеркәсіп құрылыстарынан, темір жолдардан шалғай жатқан аудандарға тарата қоныстандыру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, ол жерлерге сырттан жер аударылып әкелінетін 30 мыңдай кулактардың отбасыларын орналастыру көзделді. 1930 жылы 30 қаңтарда БК(б) П ОК бюросының “Жаппай ұжымдастыру аудандарындағы кулактар шаруашылықтарын жоюға байланысты шаралар туралы” қаулысы қабылданып, онда бай-кулактарды жою жолдары нақтыланды. Жергілікті жерлердегі өкімет орындарына “кулактарға қарсы күресте барлық қажетті шараларды қолдануға” рұқсат етілді. 1930 жылы 10 ақпанда Қазақ өлкелік партия комитетінің арнайы комиссиясы республикада бай-кулактары жойылуы тиіс 20 ауданды белгіледі.
Кеңес үкіметінің негізгі мақсаты жеке меншіктегі ұсақ шаруашылықтардың басын қосып, қоғамдасқан ортақ шаруашылық құру еді. Басқаша айтқанда, шаруаларды кооперациялау болып табылады. Осы кезге дейін партияның ХV сьезі (1927 жылдың желтоқсаны) ауыл шаруашылығын ұжымдастыру сьезі, деревняны ұжымдастыруға бағыт сілтеген сьезд аталып келді. Ал, шындығында сьезд тек ұжымдастыруға ғана емес, кооперацияның барлық түрлерін қалыптастыра дамыту керек деп нұсқаған. Кулакты тап ретінде жою мәселесінде де сьезд: бұл іс бірте-бірте жүргізіліп, онда да кулак шаруашылығы зорлықпен емес, керісінше, экономикалық әдістермен жойылатын болсын деген. Осының бәрін сьезд жалпы әлеуметтік - экономикалық өзгерістер шеңберінде тындырылатын көп міндеттің бірі ретінде атап көрсеткен. Бірақ сьезден кейін партия, үкімет басшылары ұжымдастыру мәселесін даралап алға шығара бергені шындық. Ұжымдастыру Қазақстанда өте тез қарқынмен жүргізілді. 1929 жылдың 1 қазанынан 1930 жылдың 1 қаңтары аралығында 100 мың кедей және орташалардың шаруашылықтары ұжымдастырылды [1, 4 б. ] . Саяси және экономикалық сипаттағы ұжымдастыру науқанын тез арада жүргізу үшін шаруашылықтарды жаппай ірілендіру басталды. Кулактар мен байларды тап ретінде жерлерінен қуып, ұсақ шаруалар шаруашылықтарын бір-біріне қосып, ірілендіріп, ұжымдастырды және егіндік жерлердің мөлшерін кеңейтті.
Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың тез қарқынмен жүруі шаруалардың өз еркімен болмай, күштеу, зорлау, жазалау әдістері арқылы жүзеге асырылып отырды. Ауқаттының малын еріксіз ортаға алып, енді жекешенің күн көрісіне жарап отырған азын - аулақ малды да сыпыра бастады. Сол тұста «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын», «Қайдан тапсаң одан тап - қаптың түбін мықтап қақ» деген ұрандар тарады. Зорлаумен ортаға түскен мал күтімсіздіктің салдарынан жаппай қырыла бастады. 1929 жылы 1 қаңтардағы архив құжаттарындағы мәлімет бойынша 47 миллионға жуық мал болса, 1934 жылы 1 қаңтарда не бары 4, 5 миллионы қалды [2, 170 б. ] . Жаппай ұжымдастыру саясатын жүргізу Қазақстан шаруашылығы үшін орны толмас қайғылы оқиғаларға алып келді. Оның шаруашылығының қалыптасқан құрылысын бұзды, елдің әлеуметтік - демографиялық дамуына өзгерістер әкелді. Көшпелілердің рухани - мәдени дамуына бөгет жасады. Басшылық көбінесе әкімшілік әдістермен жүргізілді. Ұжымдастыру принципін өрескел бұзушылық жаппай сипат алды.
1927 жылы желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тәркілеу жөніндегі заң жобасын әзірлейтін арнайы комиссия құрылды. 1928 жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің бюросы ол заң жобасын бірнеше рет қарап, нақтылады. Осы жылдың тамыз айында Өлкелік комитет тәркілеу науқанына тікелей басшылық жасайтын комиссия ұйымдастырды. Комиссияның төрағасы болып Е. Ерназаров тағайындалды, оның құрамына О. Исаев, Н. Нұрмаков, Г. Тоғжанов, О. Жандосов және т. б. кірді. 1928 жылдың 27 тамызында Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінде тәркілеу жөніндегізаң жобасы қабылданды. Республиканың барлық аудандарынатәркілеуді өткізу жөнінде нұсқаулар жіберілді. Заң бойынша малы, дүние-мүлкі тәркіленіп, өзі жер аударылуға тиісті ірі байларға: көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда400-ден астам малы бар, жартылай көшпелі аудандарда 300-ден астам малыбар, отырықшы аудандарда 150-ден астам малы барлар және бұрынғы сұлтандар мен хандардың ұрпақтарыжатқызылды
1928 жылы тамыздың 30-да Қазақ АКСР ХКК-нің «Қазақстанның көшпелі, жартылай көшпелі және отрықшы аудандарын белгілеу туралы» арнайы қаулысы қабылданып, соған сәйкес аудандар белгіленді. Науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланды, яғни бір ай ішінде бітіру керек деп шешті. Кейінірек ол тағы 10 күнге ұзартылды. 1928 жылғы 30 тамыздағы қаулыға сәйкес сонымен қатартәркіленгендерді жер аударуға тиісті аудандар да анықталды.
Тәркілеуге байланысты декретте әсіресе, көшпелі аудандардағы шаруа қожалықтарына деген қаталдық айқын болды. Осы көшпелі аудандағылардың малы тәркілеу мөлшерінен аз болған күннің өзінде де, егер бұл адамдар ауылда ықпалды болса, кеңестендіруге қауіпті элемент ретінде жер аударылуға тиіс болды. Тәркілеу туралы ереже бойыншажер аударылғандардың бәрі сайлау құқығынан айырылды.
Байларды тәркілеуді жүзеге асыру үшін комиссиялар құрылды. Уәкілдер бастаған комиссия мүшелері тәркілеу барысында кеңес үкіметінің нұсқауларын, яғни байларды тәркілеу туралы ережені өрескел бұрмалады. Ауыл белсенділері жоғарыдан келген уәкілдің қолдауымен тіпті ауқатты адамдарды да қыспаққа түсірді.
Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен бастап мәдени құрылыс мәселесімен халық ағарту бөлімдері айналыса бастады.
Барлық мәдени революция міндеттерінің ішінде сауатсыздықты жою жөніндегі шаралар ерекше мәнге ие болды. 1919 жылы 26 желтоқсанда РКФСР ХКК қабылдаған «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» Декреті бұл мәселе бойынша негізгі міндеттерді белгілеп берді.
1919-1923 жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілердің бар екендігі байқалды:
халықты оқытуға жарайтын маман кадрлардың жетіспеуі;
жаңа оқулықтардың жоқтығы және жазу құралдарының жоқтығы және жазу құралдарының жеткіліксіздігі;
қалаларда әсіресе ауылдық жерлерде білім беру органдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі.
1924 жылдың ақпан айында Қазақстанда Бүкілодақтық «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының бөлімшесі құрылды. «Сауаташқыш» газетінің бетінде жекелеген топтар үшін сабақ өткізу жоспары жарияланып тұрды, сауатсыздықты жоюшы-мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімдік курстар ашылды. 1930 жылғы 11 ақпанда Қаз ОАК-і «Қазақ АКСР-інде халықтың сауатсыздығын міндетті түрде жою туралы» қаулы қабылдады. Жою мерзімі бірінші бесжылдықтың аяғы болып белгіленді. Шараларды жүзеге асырудың жоспары жасалды және сауатсыздықты жоюға арналған қаржы қоры құрылды. 1931 жылы республикада шалғай аудандарға мәдени жорық ұйымдастырылды. Комсомол және пионер ұйымдары оған белсене атсалысты. Алайда елде сауатсыздықты жою ісі тіпті 1935 жылы, мәдениет майданы қызметкерлерінің I съезі өткенге дейін аяқталмады. Осы сьезден кейін республикадағы сауатсыздықты жою жұмысы өзінің соңғы кезеңіне аяқ басты. Қазақ АКСР Ағарту халкомы жанынан ересек халыққа білім беру басқармасы құрылып, оның ішінде сауатсыздар мен шаласауаттылар мектебі бөлімдері ашылды. 1939 жылы Қазақстан халқының жалпы сауаттылығы 76, 3%-ға жетті.
Сталиндік қуғын-сүргін. Қазақстандағы ГУЛАГ жүйесі.
Адамзат тарихының сан мың жылдық тарихында билік жүргізген сан алуан қанішерлер мен қанқұйлы жендеттер болған. Алайда ХХ ғасырда жүзеге асырылған тоталитаризм зұлматындай қасіретті адамзат тарихы білмейді.
ХХ ғасырдың бейбіт кезеңдерінде әлемнің түрлі елдерінде 170 млн. адам қырылып-жойылыпты. Солардың 110 миллионы немесе үштен екісі, коммунистік бағдардағы елдердің үлесіне келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz