Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті жайлы


Оразхан Шұғыла 125 Ом
№3 Практикалық жұмыс
Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті
1. Көшпелілік мәдениет типологиясы. Көшпелілік түрлері мен жіктеу (көшпелілер мәдениеті) .
2. Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті: салт-дәстүрлері, культтері, наным-сенімдері.
3. Сақ, скиф, массагет, ғұндардың көшпелілік мәдениеті.
Көшпелілер мәдениетін зерттеу, ең алдымен, мәдениет құбылысының жан-жақтылығына байланысты және көшпенділер мәдениеті туралы жинақталған эмпирикалық материалдың көлеміне байланысты өте күрделі мәселе болып көрінеді, сонымен қатар, бұл мәселе мәдениет туралы білім ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі болып табылады. көшпенділіктің әлемдік тарихи үдерістегі және әлемнің қазіргі заманғы картасындағы орны мен рөлі туралы әйгілі ағылшын тарихшысы А Тойнби өркениеттердің салыстырмалы тарихы туралы еңбегінде өркениеттік теорияның авторларының бірі болып табылады, көшпелілер өздерінің күш-жігерін Дала сынақтарын жеңуге бағыттап, белгілі бір артықшылықтарға ие болды. жануарлар өнері өсімдіктерді қолға үйретуден жоғары, өйткені бұл адам ақыл-ойының жеңісі және мойынсұнбайтын материалдарды жеңеді, басқаша айтқанда, қойшы - жерден гөрі үлкен виртуоз Көшпенділік ауыл шаруашылығынан гөрі экономикалық жағынан тиімді болды, мұнда өнеркәсіптік өндіріспен белгілі бір параллель өзін-өзі көрсетеді, егер фермер өзі тұтына алатын өнімді шығарса және көшпенді, өнеркәсіпші сияқты, тұтынуға жарамсыз шикізатты ұқыпты өңдейді.
Еуразиялық кеңістік аумағындағы мәдени байланыстардың бірнеше өркениеттік-мәдени сабақтастықты сіңірген әрі бай, әрі көне тарихы бар. Еуразиядағы ашық, әрі байтақ далалар аймағы көшпелі және отырықшы халықтардың түрлі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы мен тоғысуына ұйытқы болды. Қазақстанның қазіргі аумағында сан түрлі тайпалар мен халықтардың жолы түйісіп отырды. Осы халықтар туралы деректер бізге сан түрлі көріністерде, соның ішінде өнер, халықтың естелігі арқылы жетті. Еуразияның шежіресі өркениетаралық қарқынды және жемісті өзара ықпалдастық, әлеуметтік-мәдени және экономикалық өзара кірігу мысалдарына толы. Солардың ішіндегі ең айшықтылары - халықтардың Ұлы көші-қонына байланысты оқиғалар, осы оқиғалардың нәтижесінде бүгінгі Еуропаның нобайлары пайда болды.
Орта Азия, Сібірден бастап Қара теңіз жағалауына дейін Евразия территориясында өмір сүрген көшпенділердің мәдениеті бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде объективті ғылыми тұрғыдан бағаланған жоқ. Ғылыми-танымдық басылым мәдениеттану, бейнелеу өнері, тарих, этнография, археология, педагогика, антропология, философия, дінтану, семиотика, лингвистика, әлеуметтану ғылыми салаларды қамтып, сондай-ақ көшпенділердің әр кезеңдегі мәдени процестерінің қоғамдағы рөлін көрсетуге септігін тигізеді.
Евразия аймағында өмір сүрген көшпенділерді зерттеуге ғалымдар XVIII ғасырдан бастап қызығушылық таныта бастады. Көшпенділердің б. з. б. өмір сүрген сақ (скиф) суперэтникалық тайпаның жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттелуі, Ресей мемлекетінің славян тарихын жазуымен байланыстыруға болады. Өйткені қазіргі орыс халқының территориясында өмір сүрген ежелгі сақтар (скиф) туралы тарихи деректер антикалық авторлардың жазбаларында ғана кездеседі. Сондай-ақ орыс ғалымдары өз зерттеулерінде славяндардың генетикалық туыстығын, сол ежелгі көшпенділерден шыққанын ғылыми тұрғыдан дәлелдемек болды. Орыс тарихы сақтардан (скиф) басталуы керек пе? деген сұрақ ғылымда бір жақты жауап болмады. Скифологтардың мәселесін шешуде артефактілер басты рөл атқарды. Көне ескерткіштерді археологтар, нумизматиктер, филологтар, лингвистер, өнертанушылар зерттеуге кірісті. Ресей ғалымдарының жан-жақты зерттеулерінің арқасында ортақ бір шешімге келе алмады.
Мәдениеттану саласында қазақ халқының сақ (скиф) мәдениетімен сабақтастығын зерттеуде ауыз әдебиеті мен этнографияның маңызы зор. Кеңестік кезеңде этнография, ауыз әдебиеті салаларындағы ұлттық маңыздылығы бар тақырыптарға шектеу жасалып, тарихтан аластатылды.
Мәдениеттанумен барлық ғылым салалары айналысады. Олар: философия, дінтану, тарих, этнография, педагогика, антропология, этнопсихология, әлеуметтану, саясаттану т. б. Бұл ғылым салалары қоғамда болып жатқан процестерді көрсетуге мүмкіндік береді. Ал мәдениеттану тарихи кезеңдер мен өркениеттерді талдап, оның қоғамдағы рөлін көрсету басты белгісі болып табылады. Сондықтан көшпенділердің ділін, дінін, этнографиясын және салт-дәстүрін философия ғылымының ғана заңдылықтарына сай зерттеу тақырып аясын тарылтады. Көшпенділердің б. з. б. өркениетті мемлекет болып өмір сүргенін дәлелдеу үшін энциклопедиялық әр ғылымның деректемелері қажет. Бүгінгі күні мәдениет ұғымын анықтайтын екі жүздей ғылыми дефиниций бар. Олардың бәрін төрт топқа бөліп талдауға болады. Қоғамдағы адамдардың рухани және материалдық шығармашылықтары семантикалық шеңбер құрып - мәдениет деген ұғымның жалпы мағынасын береді. Көшпенділердің мәдениеті мен тарихын сараптауда көне артефактілердің маңызы зор. Таулы Алтайдағы Қатан өзенінің бойындағы қорғандардан қазба жұмыстары кезінде В. В. Радлов 1865 жылы көптеген құнды дүниелер тапты. Алтайдағы үлкен Улаған өзен өңіріндегі Пазырық шатқалында сақ (скиф) кезеңдерінен қалған әртүрлі көлемдегі бес обаны 1929 жылы М. П. Грязнов, ал 1947- 49 жылдары С. И. Руденко археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген.
Көпшенділердің артефактілерінің динамикасын зерттеуде ділін, салт-дәстүрі мен наным-сенімдерін, ғұрыптарын талдау арқылы заттық болмыстың символикасы анықталды. Ондай деректер С. И. Руденконың Таулы Алтайда табылған көне ескерткіштерінен, М. П. Грязновтың Таулы Алтай өңіріндегі Пазырық, Шібе қорғандарынан табылған материалдық заттарынан жиналған. Ежелгі көшпенділердің дүниетанымы, рухани дүниесі мен алғашқы дінінің пайда болуы артефактілер арқылы аныкталды.
Жоғарыда айтылған ғалымдардың еңбектерінде ежелгі көшпенділердің салт-дәстүрі, тілі, ділі туралы мағлұматтар жоқтың қасы. Көшпенділердің антика дәуірінен б. з. б. кезеңдермен байланысы жоқ, сондай-ақ бүгінгі күнге дейін әр дәуірдің мәдениеті өз алдына жеке қарастырылған. Көшпенділерді (б. з. б VIII - ІV ғғ. ) зерттеген ғалымдар иран, парсы, грек деректеріне сүйеніп, сақтардың (скиф) қолөнері, бейнелеу өнері мен кескіндеме мәнері антика өркениетті мемлекеттердің «ықпал әсері немесе көшірмесі» деген пікірлер қалыптастырды. Скифологтардың арасында ондай пікірлердің қалыптасуына империялық идеология ықпал етті. Ресей ғалымдарының біржақты зерттеулерінің салдарынан көшпенділердің мәдениеті мен тарихы тұтас жазылған жоқ.
Ежелгі суперэтникалық тайпалар мен қазақтардың мәдени-тарихи сабақтастығын толық қанды объективті зерттелуіне, кеңестік идеология кедергі болды. Археология, этнография, антропология мәселелеріне ресейлік, европалық ғалымдар ғана арнайы тапсырмалармен зерттеулер
Қазақ халқының шығу тегін зерттеу, оны оқыту мәселесін қарастырғанда, біз көне дәуірлерде жерімізде өмір сүрген тайпалар тарихына соқпай өте алмаймыз. Әрине, бұдан 3-4 мың жыл бұрын қазақ жерінде өмір сүріп, көне мәдениеттің ескерткіштерін қалдырған тайпаларды қазақ халқының тікелей ата-бабасы деу шындықтан алысырақ болар. Сонымен қатар бұл тайпалардың қазақ мәдениетінің, дәстүрлі шаруашылығының, т. б. этностық қасиеттерінің қалыптасуына қатынасы болған-болмағандығын саралау - ғылыми қажеттілік деп есептейміз. Қандай болмасын халықтың шығу тегі - этногенезі оның мәдениетінің шығу тегімен (культурогенез), тілінің шығу тегімен (глоттогенез), түр-сипатының қалыптасуымен (расогенез) байланысты. Қазақстан жерін көне заманда мекендеген тайпалар бізге қола дәуірінен бастап белгілі. Дегенмен олардың этностық атауы жөнінде нақты деректер жоқ.
Қазақстан аумағын және көрші аймақтарды б. з. д. 2-мыңжылдық мен 1-мыңжылдықтың арасында мекендеген тайпаларды біз олардың мәдениетінің атымен андрондықтардеп атаймыз.
Андрондықтардың этностық тегі жөнінде әлі дәлелденген пікір жоқ. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, андрондықтар фин-угор этностық тобына жатқан. Фин-угорлардегеніміз - кейінгі финдер, марийлер, мордвалар, т. б. осы тілдес халықтардың ата тегі. Бір топ ғалымдар андрондықтар унді-иран немесе арийтектес халык деп есептейді. Үнді-иран, арий тілінде сөйлегендер қазіргі үнді, иран, пуштун, тәжік, т. б. халықтардың ата тегі. Андрондықтар - үнді-иран тектес деуші ғалымдар сан жағынан басым. Кейінгі кезде жекелеген ғалымдар: "Андрондықтар - түркі тілдес халық болған" деген пікір айтуда. Андронов тарихи-мәдени бірлестігінің іздері Батыс Сібірден, Енисейден, оңтүстікте Орталық Тянь-Шаньнан, Оңтүстік Тәжікстаннан, Ауғанстаннан, тіпті Солтүстік Пәкстанжерінен де табылуда. Андронов мәдениетін қалдырушы қола дәуірі тайпаларының негізгі орталығы Қазақстан жері болды. Бұдан біз, негізінен, Қазақстан жерін мекендеген андрон тайпаларының сол көне заманның өзінде-ақ көп жұрттармен мәдени-этностық байланыста болғандығын байқаймыз.
Андрондықтар Қазақстан жерін 1 мың жылдай мекендеді, Қазақстан жерінде өздерінің ең көрнекті мөдени ескерткіштерін қалдырды, олар - қоныстар мен жерлеу орындары. Бұлардың жақсы зерттелгендері Орталық, Шығыс және Солтүстік Қазақстан жерінде. Қазақ жерімен көршілес далалы аймақтардағы кемінде 3 мың жылдық тарихы бар көшпелі шаруашылық, тұрмыс, мәдениетінің негізін осы андрондықтар салды. Андрондықтар Еуразия даласындағы алғашқы металл өндірушілер болды. Оған - қола құрал-сайман, қару-жарақ жасауға қажетті шикізаттар - мыс пен қалайыкеніштерінің көп табылуы бірден-бір дәлел.
Андрондықтардың қыш ыдыстарындағы "балдақ", "үшкіл", т. б. өрнектерін кейінгі қазақтардың бау, басқұр, алашаларынан көруге болады.
Қола дәуіріндегі тайпалардың отқа, күнге табынуы, ата-баба аруағына сиыну, құрбандық шалу, туыстас адамдарды ортақ қорымға қою салты, жылқы мен қой малын көп өсіріп, солардың еті мен сүтін көп пайдалануы олардың қазақтармен мәдени тектестігін көрсетеді. Сақтар[өңдеу] Толық мақалалары: Сақтар және Скифтер
Сақтар мекендеген жерлер. Б. з. д. 1-мыңжылдықта Қазақстан жерінде, Орталық Азияда, Ауғанстан мен Солтүстік Үндістанда сақ деген жалпы атауы бар тайпалар мекендеген. Дәл осы заманда Солтүстік Қара теңіз, Днепр өзені бойын скиф деп аталатын тайпалар жайлаған. Олар мөдениеті жағынан сақтарға туыстас болған. Осы кезде Еділ жағалауында, Орал тауының оңтүстік-шығыс бетінде савромат тайпалары өмір сүрген. Геродот сақ және скиф тайпаларының туыстығын көрсете келіп, олардың ортақ сколот деген атпен де белгілі екендігін айтады. Геродоттың айтуы бойынша, бұл тайпаларды скиф деп гректер атаған. Олардың тегі Азиядан шыққан, кейіннен массагет тайпаларының қысымымен Әмударияның арғы жағына өтіп, Киммер жеріне қоныстанған. Көне парсы жазба ескерткіштеріне жататын "Персополь", "Бехистун" жазуларында тур тайпаларының ортақ атауын сака деп береді. Біраз кейінірек табылған жазбаларда сақтарды ендігі жерде үш топқа бөледі. Олар - 1. парадарайя сақтары, 2. тиграхауда сақтары, 3. хаомаварга сақтары.
Парадарайя сақтары дегеніміз - теңіздің арғы жағындағы сақтар. Бүгінгі күні көп зерттеушілер парадарайя сақтарының мекендеген жерін Қара теңіз жағалауы деп керсетеді. Тиграхауда сақтарының негізгі орналасқан жері Каспий теңізінің шығысынан Жетісуға дейінгі аймақ деп көрсетеді. Ал массагеттер осы тиграхауда сақтарының грек жазбаларындағы атауы деген пікірлер де бар.
Тиграхауда сақтардың патшасы - Скунха. I-шi Дарияның Бехистун жазуындағы бедер, б. з. б. IV ғасыр Тиграхауда сақтары жөніндегі деректерді Ахеменид патшалары II Кир мен Дарийдің оларға қарсы жасаған жорықтары жөніндегі жазба мәліметтерден де аңғарамыз. Сондай-ақ тиграхауда сақтары осы күнгі Ташкенттің маңайын, Тянь-Шаньды мекендеген.
Хаомаварга сақтардың ең ірі, саны жағынан көп тайпасы болған. Грек жазба деректерінде оларды кейде амюргия сақтары деп те атайды. Олар ежелгі Бактрия мен Маргиана аймақтарында, яғни Әмудария мен Мургаб өзендерінің жағалауларында орналасқан. Сонымен қатар хаомаварга сақтарының біраз топтары қазіргі Ташкент облысын, Ферғана маңын жайлаған. Көне грек тарихшы-географы Страбонның хабарлауынша, массагеттердің солтүстігінде дах (дай) тайпалары өмір сүрген. Бұл, шамамен, Аралдың оңтүстігі мен Каспий теңізінің шығысы болса керек. Б. з. д. III ғасырдан бастап массагеттердің аты көп аталмайды, олардан гөрі дайлар (дах) тарихи мәліметтерде көбірек аталып, Каспийдің оңтүстік-шығысынан Парфия шекарасына дейінгі жерді алып жатты. "Авестада" сайрим деген тайпалар жөнінде айтылады. Осы сайрим тайпаларын кей ғалымдар грек деректеріндегі савромат, сарматтар деп есептейді. Олар Каспийдің солтүстік-батысынан Азов теңізіне дейінгі аралықты жайлаған. Бұлардан солтүстікке қарай Жайық өзені бойына аргиппейлер тайпалары орналасқан. Аргиппейлерден шығысқа қарай исседондар жайлаған. Олардан солтүстік-шығысқа қарай аримаспылар мен алтын қорыған самұрық тайпалары орналасқан.
Сонымен, ғалымдардың тұспалдауы бойынша, аргиппейлер қазіргі Солтүстік, исседондар - Орталық, ал аримаспылар Шығыс Қазақстан жерін мекендеген. Бұл аталған тайпалар Қазақстан жерінде б. з. д. VIII-IV ғасырлар аралығында өмір сүрген. Бұлар өзара мәдени-этностық жақын, туыстас тайпалар болған.
Батыс Ғұн Империясының территориясы Орталық Азия даласынан бастап қазіргі кездегі Германия жерлеріне дейін, және Қара теңіз бен Балтика теңізіне дейін созылған. Б. з. д. V ғасырда Оңтүстік Моңғолия мен Ордоста түркі тілдес, түр-әлпеті монғолоид типтес ғұн атты тайпа өмір сүрді.
Ғұндардың санын қытай деректері әркалай көрсетеді. Бір деректер бойынша,
· ғұндардың саны - 300 мың,
· ал әскері - 30 мың.
Енді бір деректер бойынша, тек
· әскерінің саны - 300 мың да,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz