Психология өмірде және кәсіпте


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Картинки по запросу әл фараби университет

Кафедрасы « Бизнес технология »

СӨЖ

Тақырыбы: Психология менің өмірімде және кәсібімде

Орындаған: Болатов Сырым

Тексерген:

Алматы, 2019ж

Мен үшін психологияның артықшылығы - бұл біздің өміріміздің әр компонентін иелену қабілеті болып келед болып келеді. Мектеп, институт, отбасы, жұмыс, адамдармен қарым-қатынас, жеке тәжірибе күн сайын біз көптеген мәселелерді шешуге тырысамыз, күрделі жағдайларды жеңуге ұмтыламыз және бұл кезде бізге психология көмектеседі. Мүмкін әр адамда психологиялық жағынан сол оқиғаға дайын болу керек деген ойға әкелетін өз өмірінде бір оқиға болуы мүмкін. Соның бірі қазіргі замандағы адамдарға теледидар мен интернеттің маңызы зор болып тұр. Жоғары ақпараттық технологиялар ғасырында өмір сүргеніміз жақсы әрине, бірақ адамдар әлі “фильтірлеуді” және үлкен ақпарттар ағынына бейімделуге үйренуі қажет. Менің түсінігімде психология - адамның ішкі рухани әлемінің ғылымы. Бұл ғылым адамдардың қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын зерттейді. Жалпыма алғанда, адамдар қарым-қатынастарын зерттеу үдерісі өте қиын, себебі түсіну қиын, әрбір адамның ішкі әлемі ерекше және бірегей. Сондықтан психология адамның өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл ішкі жеке мотивтерді адамға жетелейтін, оның мінез-құлқына және іс-әрекетін анықтауға көмектеседі.

Ал менің өз өмірімдегі психологияның маңызы өте ерекше. Өйткені мені қоршаған заттар менің ойыма әсер етеді. Психология менің өз-өзімді жақсы меңгеруіме көмектесті, адамның жеке қарым-қатынасын тиімді түрде қалай қалыптастыратындығын және ең бастысы, отбасы мүшелерімен және туыстарымен қарым қатынас жасауда пайда болған қиындықтарды жеңуге көмектесті және де психология өз-өзімді тануыма, қызығушылығым арқылы жақсы мамандық таңдауыма себепкер болды деуге әбден болады. Яғни жеке тұлға болып қалыптасуымның алғашқы баспалдағын құрастыруымның көмекшісі болды. Егер біраз ойлансақ адамдардың өздері- психолог сияқты екен. Мысалы сіз біреумен таныссаңыз, сіз ол адамды сканерлеп, ой түйін жасаймыз, ол адам туралы ойларымыз миымызда жинақталады. Біз барлық әсерлерімізді жинап бір тиянақты ойға келеміз де біз оның тұтас бейнесін жасаймыз. Сол кезде біздің миымыз ұнайды немесе ұнамайды, онымен байланысты жалғастыру немесе жалғастырмау туралы үкім шығарады деп ойлаймын. Психологияны білім беру жүйесінде, денсаулық сақтаудың және де басқа кәсіптердің ажырамас бөлігі ретінде қарастыруға болады. Әр түрлі кәсіби салаларда психологиялық білімді пайдалану толығымен негізделген. Әр адам мамандық таңдағанда ол қандай, ол мамандықпен кейін жұмыс істей аламын ба деген сұрақтарды ойлап, өзін психологиялық жағынан осы қызығушылық танытқан мамандығына психологиялық тұрғыдан дайындайды. Мен мамандығымды таңдарда дәл осыдай психолгиялық тұрғыдан ойланып шешім қабылдаған болатынмын. Әр адаммның, әр студенттің психологиясы әр түрлі. Қарым-қатынас жасай білу және тіл табыса білу ол әр адамға істеуі қажет іс-әрекет деп білемін. Сондықтан әрқайсысымыз өзіміздің психология туралы білімімізді толықтыруымыз қажет, себебі ол біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдетеді. Бұл басқа адамдардың жүректерін жаулауды жеңілдетеді.

Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын жетілдіру

Мотивация дегеніміз - адамдардың белгілі бір дәрежеде күшін, адалдығын, тырысушылығын, қайсарлығын қажет ететін белгілі бір мақсаттарға бағытталған адамдарды белгілі бір жұмысты атқаруға түрткі болатын сыртқы және ішкі итермелеуші күштердің жиынтығы.

Белгілі бір жұмысты атқару барысында адам өз қайратын әр түрлі жұмсауы мүмкін. Ол бар күшімен немесе жарты күшімен жұмыс істеуі мүмкін. Сонымен қатар ол жеңілірек жұмысты немесе қиын және ауыр жұмысты алуға тырысуы мүмкін, жеңіл немесе күрделі шешімдер қабылдауы мүмкін. Осының барлығы адамның қаншалықты күш салатынын айқындайды. Ол адамның өзінің жұмысын атқаруға қаншалықты мотивацияланғанынан тікелей тәуелді болады.

Басталған жұмысты жалғастыру және дамыту қайсарлығы - қызметтің маңызды мінездемесі. Өйткені, басталған жұмысқа тез арада қызығушылығын жоғалтатын адамдар да жиі кездеседі. Олар қызметтің басында өте жақсы нәтижелер көрсеткенімен, қызығушылықтың азаюы және қайсарлықтың жоқтығы олардың өз күшін өз мүмкіншіліктеріне қарағанда -азырақ жұмсауына әкеліп соғады. Қайсарлықтың аздығы да жұмыстың аяғына дейін жасалуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Жұмысшы жақсы идеялар ұсынып, алайда оларды іс жүзінде жүзеге асырмауы ұйымның мүмкіндіктерді жіберіп алуына әкеліп соғады.

Адалдық - жұмысты жауапкершілікпен атқару. Яғни ол көптеген жұмыстар үшін қажетті талаптар мен реттеуші нормаларды ескере отырып, жұмысты орындаудың ең басты шарты болып табылады. Адам жоғары квалификациялы және білімді, қабілетті болуы мүмкін. Бірақ ол өзінің міндеттеріне селқос, жауапкершілксіз қараса, оның қызметінің барлық оң нәтижелерін жоққа шығаруы мүмкін. Ұйымның басшылығы осыны жақсы түсініп, олардың жүріс - тұрысының адалдық сияқты басты мінездемесін дамыту үшін мотивациялау жүйесін дұрыс жасауы керек.

Бағытталу, адам қызметінің мінездемесі ретінде адамның белгілі бір әрекет жасай отырып, не нәрсеге ұмтылатынын көрсетеді. Адам белгілі бір қанағат үшін өз жұмысын істеуі мүмкін. Сонымен қатар ол өз ұйымының белгілі бір мақсаттарға жетуі үшін тырысуы мүмкін. Басқару үшін адамның қызметінің бағытталуын білу маңызды болып табылады.

Сыртқы мотивация - мотивацияны тұрақты талпындырушы ретінде көбінесе сыртқы орта талаптарынан қоздатылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интеллект дамуы
Дифференциалды психология - психодиагностиканың екінші қайнар көзі
Арнайы пән сабақтарында ойында оқыту әдістерін қолдану тәжірибелері
Арнайы пәндер оқытушыларының кәсіптік білімін жетілдіру формалары мен мазмұны
Л.С.Выготскийдің оқыту және дамыту жөніндегі тұжырымдары. Әлеуметтенудің негізгі теориялық тұжырымдары
Фармацевттің психологиялық дайындығы
ЖАСТА СТРЕССТІ ЖЕҢУДІҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
ИНЖЕНЕР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ӘРЕКЕТ
Математиканың ерекшелігі - оның қолданылымының әмбебаптығы
Тұлға әлеуметтенуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz