Мемлекет, құқық, тұлға арақатынасы мен маңызы, өзара байланысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
1.Мемлекет, құқық, тұлға арақатынасы мен маңызы, өзара байланысы.
Мемлекет пен құқық ажырамас ұғым. Өйткені бірі-бірінсіз қолданыста бола алмайды. Мемлекет бар жерде құқық ұғымы болады. Құық бар жерде мемлекет орнайды. Осы уақытқа дейін мемлекет пен құқықтың арақатынасы туралы басты екі бағыт орын алған.
Біріншісі - этатистік; бұл бағыт мемлекеттің құқыққа қарағанда артықшылығын таниды, құқық мемлекеттің қызметінің өнімі, оның жалғасы ретінде қарастырылады. Екінші бағыт табиғи-құқықтық көзқарастар негізінде пайда болды жəне құқықтың мемлекетке қарағанда артықшылығын бекітті.
Алайда, аталған мəселеге қатысты үшінші бағыт та бар, бұл бағыт жоғарыда аталған екі бағыттың көзқарастарын өзіне үйлестіре білген. Бұл теорияны жақтаушыларды алғашқы орынның мемлекет пен құқықтың қайсысына тиесілі екендігі қызықтырмайды, олар мемлекет пен құқықтың бір-бірінсіз өмір сүре алмайтындығына, яғни, олардың арасында функционалдық байланыстың бар екендігіне назар аударады. Бұл бағыт біржақтылықты болдырмау-ға, құқықтың мемлекетке не беретінін түсінуге жəне мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі шынайы рөлін анықтауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі рөлі мыналардан көрінеді:
1)құқықшығармашылық қызметті жүзеге асырудан.Тура мағынада бұл мемлекеттің құқық нормаларын орнықтыратынын білдіреді;
2) тіккелей мемлекеттік емес сипаттағы нормаларды мемлекеттің санкциялауынан. Мысалы, мұсылман құқығының қалыптасуы мемлекеттің мұсылмандық доктрина нормаларын санкциялауымен сипатталды;
3)іс жүзінде қалыптасып қойған қатынастарды жүрістұрысты заңды міндетті реттеyші ретінде тануынан.Мысалы, əдет құқығы осылай қалыптасады;
4)құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуден. Құқықты пайдаланудың мемлекетсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес;
5) мемлекет құқықты жəне құқықтық қатынастарды қорғауды қамтамасыз етеді;
6)мемлекет құқықтың əлеуметтік кеңістікке таралуына жəрдемдеседі, яғни, қоғамдық қатынастардың қатысушыларын құқыққа сəйкес əрекет жасауға міндеттейді.
Құқықтың мемлекетке əсері мыналардан көрініс табады:
1)құқық мемлекеттің халықпен,жекелеген тұлғамен өзара қарым-қатынастарына əсер етеді;
мемлекет азаматтарға құқықтық талаптар шегінде əсер етеді, ал азаматтар, өз кезегінде, мемлекетке құқықтың көмегімен əсер етеді;
2)құқық мемлекеттің қызметін заңдастырады,мемлекеттің қорғау жəне мəжбүрлеу шараларының рұқсат етілуін қамтамасыз етеді;
3)құқық арқылы мемлекеттің қызметінің шектері, азаматтардың жеке өміріне араласудың шектері анықталады;
4)құқық ұлттардың ерекше мүдделерін қамтамасыз етеді, осы арқылы мемлекеттік биліктің ұлттармен қарым-қатынасына əсерін тигізеді

Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидалары
Құқықтық мемлекет - бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне жəне құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.
Құқықтық мемлекеттің мəнін қарастыруда оныңнегізгі екі жағын(екі негізгі қағиданы) бөліп қарастыруға болады:
1)мазмұнды жағы - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейліне толық көлемде қамтамасыз етуден, тұлға үшін құқықтық ынталандыру режимін орнықтырудан көрінеді;
2)формальды-заңды жағы - мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көрінеді.
Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің қағидасына мыналар да жатады:
-билікті заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында оны заңшығарушылық, атқарушылық жəне сот тармақтарына бөлу;
заңның үстемдігі, яғни,биліктің жоғары органымен барлық конституциялық тəртіптерді сақтай отырып қабылданған заң атқарушылық билік актілерімен жоққа шығарылуы, өзгертіліуі жəне тоқтатылуы мүмкін емес;
- мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;
- қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мəдениеттің жоғары деңгейі;
- азаматтық қоғамның болуы жəне тарапынан құқық субъектілерінің заңдарды орындауына бақылау жүргізілуі.
Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы. Бұл қағиданы алғаш рет Д.Локк пен Ш.Монтескье ұсынған болатын.Қағиданың басты талабы - саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету жəне белгілі бір əлеуметтік топтың, мекеменің немесе жеке тұлғаның билікті асыра пайдалануын болдырмау үшін мемлекеттік билікті заң шығарушылық (халық сайлайтын жəне қоғамды дамытуды заңдар қабылдау жолымен жүзеге асыруға бағытталған), атқарушылық (биліктің өқілдік органы тағайындайтын жəне заңдар мен оралымдық-шаруашылық қызметті жүзеге асырумен айналысатын) жəне сот (бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің, кінəлілерді əділетті түрде жазалаудың кепілі болып табылатын) биліктері деп бөлу қажет. Жəне осы əр бір билік түрлері дербес жəне бір-бірін тежей отырып, өз функцияларын органдардың ерекше жүйесі арқылы жəне арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіс.

Азаматтық қоғамның қазіргі таңдағы дамуы.
Қазіргі заман өлшемімен алғанда азаматтық қоғамы ілгерілемеген елдің заман талабына, уақыт сұранысына сай дамуы қиын. Азат күннің алтын қазығы аста-төк қазба байлығы емес, азаматтық қоғам қалыптастыру екенін түйсінер кез келді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауында Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ аса маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет, деген болатын. Президенттің бұл сөзінен халық пен атқарушы биліктің ортақ мүдде орайында ықпалдасуының, қоғамдағы белсенділігі жоғары адамдардың заң шеңберінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлға, құқық және мемлекет
Құқықтық мемлкет идеясын қарастыру
Тұлға туралы ұғым. Заңды тұлға
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Мемлекет құқық негіздері
Мемлекеттің құрылым нысаны
Этика. Құндылықтар философиясы туралы
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Құқық жүйесі және заңнама жүйесінің арақатынасы
Құқықтың пайда болуы туралы
Пәндер