Әл–Фарабидің Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу еңбектері негізінде эссе



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Әл - Фарабидің Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу еңбектері негізінде эссе.

Пәні: Философия
Факультет: Юриспруденция
Топ: 201
Орындаған: Серикова Жасмин

Алматы, 2021ж.
Есімі бүкіл әлемге мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы сақталып, ұрпактан-ұрпаққа келе жатқан тарихи тұлғалар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгілік. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің катыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттерінің бірі Әбу насыр Фараби. Ол да осы Отырарда туды, осында кірін жуып, кіндігін кесті. Қаратаудың тасына секірді. Сырдың суын ішті. Арыстың суын кешті, Қызыл-құмның аптабына күйді.
Бақыт - әр адам ұмтылатын мақсат. Ең жетілген мақсат. Адамның бір мінезден екінші мінезге ауысу себебі - әдет. Әдет дегеніміз - белгілі бір әрекеттің жиі - жиі, ұзақ уақыт қайталануы.
Егер адам өзінде жоқ бола тұрып, адам өзін ізгі қасиетті адамға, жүріс - тұрысы жөнді адамға жатқызса, онда ол адамда көлгірсушілік пайда болады.
Жаман әрекет жасау оңай сияқтанып көрінеді, мұндай әрекет бейне жан рақатын әкеледі - міс. Ал егер әрекет бізге жол азабын әкелсе, жақсы мінез - құлық болады.
Ілімдегі адамның мақсаты - бақыт. Адам рухы Тәңірге ұмтылғанда ғана игілікке беттейді. Игілікке ұмтылу - тек игілік үшін болғанда ғана ең ұлы бақыт болып саналады. Жету жолы - дүниелік, материалдық тәуелдіктен арылу, - деп мысал келтіреді. Мұндағы басты назар аударарлық дүние - адамдардың бақыт дегеннің, оған жетудің талабын қалай ұғына білуінде және оларға оң бағыт - бағдар беруінде. Мәселен, кейбір жандар бақытты байлық арқылы ұштастырып, соның жетегіне еріп кетіп жатады. Ал нағыз бақыттың көзі - Тәңірге ұмтылу, адам рухының шынайы беттеуі. Нағыз ақиқат пен ізгілікке, бақытқа бастар жолдың осы екендігінен хабардар етеді.
Бақыт түсінігін әркім әрқалай түсінеді. Біреулер үшін ақша,байлық бақыт болса, енді біреулер үшін ақыл-парасат, отбасы деген сияқты түсініктерді бақыт деп есептейді.Әркім өз таным көкжиегі бойынша ойлайтынын ескерсек бақыт түсінігін әркімнің әрқилы қабылдауы таңқаларлық жағдай емес. Енді біз осы бақыт түсінігін Әл-Фарабидің Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат, Бақытқа жету туралы кітап және Бақытқа жол сілтеу еңбегі бойынша қарастырып көрейік.
Ұлы бабамыздың Бақытқа жолын сілтеу атты трактатында ... адам абсолюттік бақыт туралы оның өз түсінігі ең дұрыс және ең ұлы немесе ең жетілген (игілік) деп сенеді - дей келе , адам бақытының шыңына жету өзі үшін соған жетуді қалайтын адамнан оны игерудің әдісі мен амалын табуды талап етеді және артынан не мадақтауға немесе жазғыруға болатын жағдайлардың жиынтығы қосыла келгенде ол адам бақытқа жетеді - деп түйіндейді. Ол кісінің пайымдауынша, әрі мадақтауға, әрі жазғыруға соқтыратын мұндай жағдайлар үшеу екен : біріншісі - адамның іс-әрекеті ,мысалы, орнынан тұруы,отыруы,көруі , естуі; екіншісі - жандүние сезімдері, мысалы, құштарлығы , рахаты , қуанышы , ашуы , қорқынышы , жабырқауы , күйінуі , қызғанышы ; үшіншісі - ақыл-парасаты.
Ғұламаның Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету жайында, Бақыт жолын сілтеу еңбектерінде адам қайтсе, бақытты болады, адамдар бақытты өмір сүре алатын қоғамдық құрылыс қандай болуы керек деген сауалдар төңірегінде мәселенің мәніне тереңдеп барады.
Әл-Фараби қоғам дұрыс болу үшін онда өмір сүретін адамдар дұрыс болу керек деп біледі. Ал адамдардың алдына белгілі бір мақсат қойып, соған жету үшін барынша ұмтылатыны белгілі. Сонда адам тіршілігінің бар мәні бақытты болуға саяды. Екінші ұстаз адам өмірінің ең жоғары сатысы саналатын бақыт категориясына тоқталып, оған философиялық тұрғыдан сыпаттама, терең талдаулар жасайды. Ол Адамзат кемелдігінің ең биік дәрежесіне жеткен адамды бақытты адам санайды. Адам бақытты болу үшін ол өмір сүріп отырған елдің басшысы да кемел адам болуы керек, Адамдар ішіндегі ең таңдаулы жан бірінші басшы болуға тиіс деп біледі. Осындай оймен басшыға қойылатын алты талапты атайды:
Бірінші шарт - дана болу.
Екінші шарт - қалаға арнап бірінші имамдар белгілеген заңдарды, ережелер мен әдет-ғұрыптарды жадында сақтап, жетік білу, өзінің барлық іс-әрекетін осыларға сәйкес жүргізу.
Үшінші - бұрынғылардан тиісті заң сақталмаған жағдайда, бірінші адамдардың үлгісімен әрекет жасай отырып, бұл жөнінде тапқырлық көрсету.
Төртінші - бірінші имамдар аңдай алмаған нәрселерді бұрыннан қалыптасып қалған жағдайды да, болашақ оқиғаларды да қалаған кезінде танып-біліп отырарлықтай тапқыр да білгір болу; өзінің осындай іс-әректінде ол халықтың әл-ауқатын жақсартуды мақсат етуге тиіс.
Бесінші - бірінші имамдардың заңдарын және солардан кейін, олардың үлгісі бойынша өзі белгілеген заңдарды орындауға жұртты өз сөзімен жігерлендіре білу.
Алтыншы - әскери істерді жүргізу үшін қажетті дәрежеде қайратты болу, оның бер жағында әскери өнерді қызмет бабындағы өнер ретінде және билеуші өнер ретінде біліп алу.
Ғұлама Адамдар ішіндегі ең таңдаулы жан бірінші басшы болуға тиіс...-деп, негізгі ойын нығарлай түседі. Сонда ең таңдаулы, кемелдікке жеткен бақытты адам қандай адам? Бұл сауал - адамзат қоғамын Адам-ата жаралғалы бері ойландырып келе жатқан мәңгілік мәселе. Әл-Фараби Ізгі қала тұрғындарының көзқарастарытуралы кітап, Бақытқа жол сілтеу, Бақытқа жету жайында секілді еңбектерінде осы мәселеге тереңдей барып, күні бүгінге дейін өзінің құнын жоймаған бағалы пікірлер айтты. Жаһанданудың салдарынан әлем дағдарысқа, тоқырауға ұшырап отырған мына заманда Әл-Фарабидың гуманистік идеяларға негізделген ғылыми ой-пікірлерінің өміршеңдігі көрініп тұр.
Жеке бас тұрғысынан қарағанда, ба - қыт дегеніміз әл-Фарабидің пікірінше, адамның адамгершілігіне негізделеді. Осы ұғымға, философиялық зеректік пен терең ақылдылық үстіне, жақсы мінез-құлық та кіреді...
Ақыл-ой, адамгершілік этикалық-адамгершіліктен айырғысыз нәрсе: ақылды, демек, ол адамгершілігі мол, қайырымды адам. Жетілу үшін өзіңе өзің барынша адал болуың қажет, мұның әсіресе өз бойыңда бар абзал қасиетті тани білуге, соларға ие болуға және соны дамытуға қатысы бар.
Әл-Фараби өмірге келген әрбір адам бақытты болу үшін өмір сүреді дейді: Бақыт - әрбір адам ұмтылатын мақсат..., Жан біткеннің бәрі ең биік кәмелеттікке жету үшін жаралған, ол бұған өзіне тән болмыс сатысына сәйкес жете алады.
Адамның бақытқа жету жолындағы күресінде үш түрлі жағдайды басынан өткереді. Олар:
1. Бұл - әрекеттер, адам өзінің дене мүшелерін пайдалану үшін керекті әрекеттер, мысалы, орнынан тұру, отыру, көлікке мініп жүру, көру, есту үшін керекті әрекеттер.
2. Жан эффектілері. Мысалы, құштарлық, рахат, қуаныш, ашу, қорқыныш, жабырқау, күйіну, қызғаныш және сол сияқтылар.
3. Ақыл-парасат. Бұл үшіншісі адамның бүкіл өмір бойында болады немесе кейде болып, кейде болмайды.
Осы үшеудің ішіндегі ақыл-парасат - адамдардың бақытты болуы үшін Алланың сыйлаған сыйы. Адам нақ осы ақыл арқылы адам болған...; Ақыл-парасат күші - адамның ойлауына, пайымдауына ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш.
Ақылды, парасатты болу үшін адам өмір бойы оқумен, оқығандарын бойына тоқумен, жақсылардан үйренумен өтеді: Үйрету дегеніміз - халықтар мен қалаларға теориялық ізгіліктерді дарыту деген сөз. Жақсы тәрбиемен дұрыс бағытта берілген білім адамды кемелдікке, даналыққа қарай бастайды. Даналықтың ерекшелігі - әрбір түпкі нәрсенің шекті себептерінің оған мәлімділігі болса және адам өмірінің мақсаты бақыт болса, ал мақсат сол себептердің бірі болса, онда, даналық дегеніміз, шын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бақыт туралы кітап
Әбу Насыр әл-Фарабидың лингвистикалық семантикасын оқыту
Қала бір, бірак типтері әрқилы
Әл-Фарабидың Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу еңбектерінің негізінде бақыт жайлы эссе дайындау
Әл-Фарабидың Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат
Әл-Фарабидың Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу еңбектерінің негізінде бақыт түсінігі
. Әл-Фараби жайлы
Философские трактаты
Араб философиясы
Ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фараби
Пәндер