Базар Оңдасұлы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

Базар Оңдасұлы

Пәні: ХІХ ғасыр әдебиеті

Оқу тобы: кял-19-1

Орындаған: Зура ӘЛІМЖАН

Тексерген: Ұлжан ЖАНБЕРШИЕВА

Қызылорда, 2021

Базар Оңдасұлының шығыс сюжетін пайдалана отырып, назира үлгісімен жазған «Әмина қыз» хикаялы дастанында сиқырдың күш-қуатына сенетін тақырыпқа арналған шығарма. Аталмыш дастанда әйелдің залымдығы мен зұлымдығы, айлакерлігі сөз болады. Жырау бұл шығармасында әділдік пен адалдықты берік ұстанған адам қанша қиындықты, талай тауқыметті бастан өткерсе де түбі бәрін жеңіп шығып мерейі үстем болады, көкірегіндегі көркем ойы шынға айналып, ақырында дегеніне жетіп мақсаты орындалады деген қорытынды шығарады.

Дастандағы әр кейіпкердің бейнесі ерекше суреттеліп, образдары ашыла суреттелген. Шығармадағы Әмина образы қарапайым адамдардан дараланып, ерекшеленіп суреттеледі. Адами қасиеттен жұрдай, қолынан бар келері жауыздық пен залымдық, дуа оқып бұзақылық пен жамандық жасайтын зұлым қатын. Әминаның бар болмысын ашу салмағы саудагер жігітке түскен. Шығарманың соңында мекерлігі әшкереленген Әмина ұятқа қалып, мазақ болады.

Дастандағы жағымды кейіпкер кемпірдің оқымысты ақылды да, парасатты қызы. Базар жырау дастанда ақылды қыздың мінез-құлқы мен ақыл-адамгершілігін, парасат пайымын ерекшелеген. Әсілі, автор романтикалық кейіпкерін жағымды етіп көрсетуді мақсат еткен сыңайлы. Дастанда

«Кемпірдің баласы жоқ қыздан басқа,

Қыз екен ақылы, кәмбіл толған жасқа, » - деп тапқырлығын суреттесе адамдық, қайырымдылық қасиетін жауыздыққа жат әрекетке қарсы екенін суреттейді. Қыз портреті:

Қыз екен парасатты өзі сұлу,

Айырықша бір кісідей берген көрік.

Бұрынғы қалған нақыл өткендерден,

Құлағың есіткенді көзің көрген

Қайдағы душар болып бір пәлеге

Қалайша кез боп жүрсің осынша елден

Сен бұған нала болма бекер жасып,

Кездестің мұндай халге душарласып.

Оқымысты, алғыр қыз - аса ақылды, тапқыр жауыздық жасағандарға өте мейірімсіз, әрі мейлінше қатал. «Жамандық көрсең өзіңнен» сөзі осы оқиғамен тығыз байланысты. Астарлы образ, бейнелі кейіпкер, жүйрік қиял, суреткерлігі арқылы Базар Оңдасұлының образын беруге өте шебер екенін мойындата алады.

Дастандағы кемпірдің ақылды қызы мен мекер Әмина біріне-бірі қарама-қарсы, қарама-қайшы бейнелер. Шығармадағы осы екі кейіпкер бейнесі өз алдына ерекше, біртөбе образдар.

Аталған екі әйел образынан бөлек басты кейіпкердің бірі - саудагер жігіт. Күрескер, жігерлі, намысқой жігіт образы кейіпкердің әрекеті барысында көрінеді. Жас жігіт бейнесі өз сезіміне адал, уәдеге берік деп суреттеледі. Базардың әр кейіпкері жиынтық образ. Үлгі-өнеге мен тәлім-тәрбие беруде кейіпкерлердің аузына сөз салып беру арқылы ішкі толғанысқа толы сезімдерін суреттейді.

Екеуара диалогтар мен сөйлесімдердің көмегімен образдарды ашып, кейіпкерлердің сөзі арқылы олардың әлеуметтік тұрмыс жағдайлары мен әл-ауқаты мен қал-қадарын, дүниетаным, өмірлік көзқарастарын көркем жеткізген. Мысал үшін патша мен саудагер жігіт арасындағы диалогты айтуға болады. Автор ойын образды жеткізуде жалпыхалықтық тілді қолданады. Саудагер мен патша, Әмина мен ақылды қыз бейнелерін салыстыра отырып авторлық өңдеу жасаған.

Образды жасау кезінде фразеологизмдерді ұтымды қолдана біледі. Мысалы, қойдан жуас, бұралқы ит, т. б. Мұнымен қоса ақын мақал-мәтелдерді де орынды қолданған. «Құлағың естігенді, көзің көрген», «Бір зауал -әр кемелге», «Адамды аңдап жүрген ажал дұшпан», «Адамнан ақылды ит артық», «Тағдырдың кім көнбейді салғанына», «Иеңнен дуаң күшті», «Өткенге өкінгеннен пайда жоқ». Автор фразеологиялық тіркес пен мақал-мәтелдердің қолданылуы өз алдына бөлек тақырып. Автор кейіпкер бейнесін ашуда әсерлі қолданған.

Гуманистік пафоспен жазылған бұл дастанда ақын назарында әрқашан адам, оның тағдыры, мақсаты, өмірге құштарлығы тұрады.

«Әмина қыз» дастанындағы қосалқы бейнелер деп кемпір, наубайшы, оқымысты қызды айтуға болады. Дастандағы ізгі кейіпкерлер патша мен саудагер жігіт. Өмір үшін күрескен жігітке адал адамдар да кездесіп отырады. Ал Әмина сияқты залым да, мекер әйелдің жолы болмай, ісі өрге баспай, құрып кететінін аңғартады. Дастанның шешімі сол қиянат жасаған адамға қарсы адамгершілік, адалдық сияқты моральдық ұстаным айтады.

Шығармадағы кейіпкерлерді жіктейік:

  1. Жағымды кейіпкер - халықтың ой-арманынынан шыңатын кертартпа күшке қарсы тұрады. Мысалы, саудагер жігіт басына қиындық түскен кезде оған көмекке наубайшы, кемпір, оқымысты қыз келеді. Адалдығының арқасында тартыста жеңәп шыққан.
  2. Жағымсыз кейіпкер - жағымды кейіпкерге қарсы әрекет жасайтын мекер әйел.
  3. Бас кейіпкер - дастандағы оқиға ұятқы бола алатын адам. Оқиғаның өрбуі бас кейіпкерге қатысты.

«Әмина қыз» дастанында Базар халықтық теңеу, эпитеттерді орынды қолданып отырады. Сұлудың кескінін суреттеу арқылы тың теңеу мен эпитеттер жасаған.

Қолына бір сылқылдақ шыбық алып,

Келді де: «ит болғыр» - деп салып қалды.

Қыз екен парасатты , өзі сұлу (эпитет)

Айырықша бір кісідей берген көрік. (теңеу)

Қыз екен ақылы кембіл толған жасқа, (эпитет)

Кемпірдің баласы жоқ қыздан басқа.

Жәдігөй нағыз сиқыр сен екенсің (эпитет)

Көңіліңді залымдықтың зеңі басқан.

Қор болды ақырында ғаріп басым

Опасыз қатын алып дүние жиып

Иесіз бұралқы ит деп шамалады. (эпитет)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыраулардың өлең құрылымы негізінен толғау
Жыраулар поэзиясы
Сыр бойындағы ақындық мектеп және ақындық орта дәстүрі
Қазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүр
ХІХ ғасыр әдебиетінің майталман ақыны Базар Оңдасынұлы.
Базар жырау
Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларындағы шығыстық дәстүр
Жүсіп Баласағұнның және хіх-хх ғасыр басындағы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармашылығындағы замана бейнесі
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (шамамен 1017/1021-1075)
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz