Қазақстандағы отын энергетикалық ресурстар мен пайдалы қазбалар көрсеткіштері және олардың қоры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Ғ.Даукеев атындағы АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Электрмен жабдықтау және энергияның жаңартылған көздері кафедрасы
Мамандыққа кіріспе пәні бойынша
СӨЖ-1
Тақырып: Қазақстандағы отын энергетикалық ресурстар мен пайдалы қазбалар
көрсеткіштері және олардың қоры?
Орындаған:Болат Ақжол
Топ:ЭЭк-21-2
Қабылдаған: аға оқытушы Агимов Т.Н.
Алматы-2021
Пайдалы қазбалар мемлекеттiң экономикасын дамытудың материалдық негiзі болып табылады. Пайдалы қазбаларға бай жер қойнауы мемлекеттiң табиғи артықшылығы болып табылады және халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшiн қызмет етуге тиіс.
Жерасты суларын қоспағанда, пайдалы қазбалар орны толықтырылмайтын болып табылады және оларды тиімсіз пайдалану қорлардың тез таусылуына, мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгi дәрежесінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.
Минералдық-шикiзат секторындағы қазiргi заманғы әлемдiк беталыстар көп көлемде өндіруге байланысты тиімді пайдалы қазбалар қорларының жаппай таусылуымен, кен орындарын барлау және игеру жұмыстарын жүргізу үшін тым күрделі тау-кен-геологиялық жағдайлармен, олардың тиісті қымбаттауымен сипатталады. Қазіргі уақыттағы әлемдік минералдық-шикiзат нарығының жалпы жағдайы мынадай факторлармен сипатталады:
1) түстi және асыл металдармен қатар, сирек және сирек кездесетiн металдарға сұраныстың өсу үрдісі, әсiресе технологиялық өндірісі жоғары дамыған елдерде байқалады;
2) минералдық ресурстарға ие болу, шикiзаттық әрiптестiк шеңберiнде оларды экономикалық мүдделері бойынша біріктіру үшін елдер арасындағы бәсекелестiктiң күшеюі байқалады.
Минералдық-шикізат базасының қазіргі жай-күйі
Қазақстан өз жер қойнауының минералдық ресурстарға байлығы және олардың әртүрлiлiгi бойынша әлемдегі жетекшi елдердiң қатарына жатады. Оның минералдық-шикiзат базасы отын-энергетика кешенінің (көмiрсутектер, көмiр, уран), қара, түстi, асыл және сирек металдар кен орындарынан қалыптасқан. Қазақстанның әлемдік қордағы үлесі уран бойынша - 18 %-ды, хром бойынша - 10 %-ды, қорғасын бойынша - 9 %-ды, мырыш бойынша - 8 %-ды, күмiс бойынша - 5 %-ды, марганец бойынша - 5 %-ды, мыс бойынша 5 %-ды құрайды.
Ел үшiн минералдық-шикiзат кешенiнің стратегиялық маңызы бар, өйткені ол ІЖӨ-нің 70 %-ына дейінгі және валюталық түсімдердің басым бөлігін құрайды. Қазақстан энергетикалық шикiзаттың, қара, түстi, бағалы металдардың iрi экспорттаушысы болып табылады. Атап айтқанда, әлемдегі өндiрiлетiн уранның 41 %-ы және хромның 16 %-ы Қазақстанның үлесінде.
Көмiрсутектердiң, уран, көмiр, қара металдар қорларының маңызы зор, оларды тиімді пайдаланған жағдайда едәуір уақыт: 50-80 жылдан (көмiрсутектер, хром, темiр) 100 және одан көп жылға дейін (уран, көмiр, марганец) республиканың экономикалық және өнеркәсiптiк дамуының негiзі бола алады.
Бұл ретте қазіргі уақытта экспорттың едәуір бөлігін құрайтын түстi және бағалы металдардың қорлары шектеулі және 12-15 жылда игеріліп бітуі мүмкін. Қазақстанның өнеркәсiбi магний, тантал және ниобий шикiзат қорларымен қамтамасыз етілмеген.
Қазақстан кендерінің сапасы негiзгi әлемдік өндiрушiлерге қарағанда төмен. Сапасы төмен қорлардың басым болуы қазіргі уақытта пайдалануға барланған қорлардың тек 35 %-ының ғана тартылғандығының, ал пайдалы қазбалардың (алмас, қалайы, вольфрам, тантал, ниобий, никель, бор, магнезит, магнезиалдық және калий тұздары) 10 кен орнының осы уақытқа дейін мүлдем игерілмегендігінің негізгі себебі болып табылады.
Соңғы жылдары геологиялық барлау жұмыстарының жеткiлiксiз көлемi жағдайында өтелетін қорлардың орнын толтыра алмау үрдісі, жалпы олардың санының азаюы мен сапасының төмендеуі байқалды және ұлғаюда.
Пайдалы қазбалардың көптеген басым түрлері бойынша өтелетін қорлардың көлемі барлау нәтижесінде қосылған қорлардың көлемінен едәуiр асып отыр. Бірқатар салалар бойынша (темiр, марганец, алтын, мырыш) өнеркәсіптік санаттағы қорлардың өсімі ең алдымен бұрыннан белгілі объектілерді қайта бағалау және жете зерттеу арқылы алынды. Теңгерімге есепке алынған, соңғы жылдары барланған мыс және алтын кен орындарының қорлары сапасының төмендігімен сипатталады және өтелген қорларға балама бола алмайды. Бұл Кенді Алтай мен Орталық Қазақстанның негізгі кен орындарының мыс пен полиметалл қорлары 10-15 жыл iшiнде таусылатынына себеп болады.
Көмірсутек шикізаты. Қазақстанның мемлекеттік теңгерімімен есепке алынған жалпы алынатын көмiрсутек қорлары: мұнай - шамамен 5 млрд. тоннаны, табиғи жанғыш газ - шамамен 4 трлн текше метр, конденсат 371 млн. тоннаны құрайды. Қол жеткізілген өнімділік жағдайында бұл елдiң iшкi тұтынуын және экспортты айтарлықтай ұзақ келешекте қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Барлық негізгі кен орындары мен көмiрсутек шикiзатына арналған келешегі бар алаңдар Каспий маңындағы мұнай-газды провинцияда және Каспий теңiзiнiң айдынында орналасқан. Көмiрсутектердi өндіру жыл сайын өсiп келеді. 2010 жылы шамамен 74 млн. тонна мұнай, 30 млрд. текше метрден астам жанғыш газ (2009 жылға қарағанда, тиісiнше 3%, 8 % және 18 %-ға артық), 4 млн тоннадан астам конденсат өндірілді. Барлығы бұл провинцияда көмiрсутектердi өндірумен және барлаумен айналысатын 176 компания жұмыс iстейдi. Басқа қалған шөгiндi бассейндерді, оның ішінде едәуір көмiрсутек қорларын анықтау болжанып отырған Зайсан және Сырдария ойпаттарына одан әрі зерттеу жүргізу, сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық қайраңының мұнай-газдылығын жоспарлы геологиялық зерттеуді жалғастыру қажет.
Көмір. Қазақстан расталған көмiр қоры бойынша әлемде жетекші орындардың бірін алады, елдiң негiзгi көмiр өндіруші кәсiпорындары ұзақ келешекке арналған өнеркәсiптiк көмір қорымен қамтамасыз етілген. Қазақстанда қорлардың географиялық әркелкі орналасуы, олардың Оңтүстiк, Шығыс және Батыс өңірлеріндегі тапшылығы көмір саласының басты проблемасы болып табылады. Оны шешу үшін, оларды пайдалану экономикалық тұрғыдан ақталған объектілерді анықтау мақсатында, осы өңірлердегі барлық кен орындарына, көмір көріністеріне және келешегі бар құрылымдарға геологиялық-экономикалық және болжамдық бағалау жұмыстарын жүргізу қажет. Қарағанды бассейнінің көмір қабаттарында кеңінен шоғырланған метанды өндіру және кәдеге жарату мәселесі зерттеуді талап етеді. Осы мәселені шешу Орталық Қазақстанның халқы мен өнеркәсiптiк кәсiпорындарын газбен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Уран. Қазақстан уран қоры бойынша әлемде екiншi орын алады және әлемдік қордың 18 %-ына ие, оның басым бөлігі жер астында шаймалау (ЖШ) әдiсiмен өңдеуге жарамды. Қазақстанда уранның теңгерімдік қорлары бар 53 кен орнының 16-сы игерілді, қалған 37-сі резервте тұр. Ел уранның барланған қорымен едәуір ұзақ перспективаға қамтамасыз етілген. Елдегі уранның минералдық-шикізат қорын кеңейту 300-500 м тереңдікте барланған кен орындарын жер астында шаймалау әдісімен пайдалануға қосу және 500 метрден астам тереңдіктегі жаңа перспективалы объектілерді анықтау арқылы мүмкін болады. Уранның жаңа кен орындарын табу перспективасы айтарлықтай жоғары, әсiресе Шу-Сарысу және Солтүстiк Қазақстан уран-кен провинцияларында. Бұл шикiзат қорын, оның iшiнде сапасы жоғары кендерi бар келіспейтін түрге жататын кен орындарын анықтау арқылы қосымша кеңейте алады. Осындай кен орындарын айқындау мүмкiндiгі Солтүстік Қазақстанда екi тікелей кендену белгiлерi бар құрылымдық-стратиграфиялық келiспеу аймақтарының болуымен толық дәлелденеді.
Қара және қосындыланған металдар. Қазақстан саланың орнықты дамуы және өнiм өткiзу мәселесін шешу жағдайында өндiру көлемiн арттыру үшiн жеткілікті қара металдың едәуір қорына ие.
Темірдің шикiзат қорының негiзiн Солтүстiк Қазақстанның Торғай өңірінде шоғырланған скарн-магнетиттi және қоңыртемір кен орындары құрайды. Лисаков және Аят кен орындарының байытылуы қиын қоңыртемір кенін байыту мәселесі өз шешімін қажет ететін маңызды міндеттердің бiрi болып табылады.
Марганецтің негізгі қоры Орталық Қазақстанның Атасу кенді ауданында шоғырланған. Олар құрамы жоғары емес марганецпен сипатталатын (18-25%) тотыққан және карбонат-силикатты тотыққан кендерден құралады. Қазақстанның әлемдік марганец қорымен салыстырғанда, марганецтің кендегі құрамының неғұрлым төмен мөлшері марганец кені қорының ерекшелiгi болып табылады, бұл әлемдік деңгейде концентрат алу үшін марганецтің кемінде 45-50 % мөлшерін байыту технологиясын жетілдіру қажеттігін тудырады.
Хромиттердің негізгі кен орындары Батыс Қазақстандағы Кемпiрсай ультра негiзгi сілемінің шегiндегi біршама шағын алаңда орналасқан. Олар кеннiң жоғары сапасымен және расталған 275 млн т. қорымен сипатталады (16 объектінің 10-ы жер қойнауын пайдалануда). 2010 жылы 3 кен орны жерасты әдісімен пайдаланылған, олардан шамамен 4 млн т. шикi кен өндірілді. Ашық әдiспен өңдеуге жарамды барланған қорымен біршама төмен қамтамасыз етілуі қара металдардың минералдық-шикiзат қорының негізгі кемшілігі болып табылады. Бүгінгі күні темір және марганец кендері бойынша осындай қормен қамтамасыз етілу деңгейі тиісінше 23 және 14 жылды құрайды (ашық әдіспен өңдеу үшін хром кенінің қоры таусылған).
Қазақстандағы вольфрам кен орындары олардағы кен сапасының өте төмендігінен немесе желге мүжілген сазды минерал қабатындағы вольфрамды байытудың заманауи технологиялардың болмауына байланысты (Көктіңкөл кен орны, Промежуточный учаскесі) игерілмей жатыр.
Молибденнiң минералдық-шикiзат қоры кен орындардың екi геологиялық-өнеркәсiптiк түрлерiмен сипатталады. Бұл молибденді байыту кезінде меншікті концентрат алынбайтын молибдені өте төмен құрамдағы кешендi штокверк молибден-вольфрамды, молибден-мыс-порфирлі және молибден-уранды кен орындары. Екiншi түрі - бұл кендердің сапасы жағынан молибден өнімдерінің негізгі әлемдік продуценттер елдерінің кен орындарынан кем түспейтін молибденді және вольфрам-молибденді Көктіңкөл және Шалқия кен орындары. Бұл ретте кендердi байыту үшiн тиiмдi технологиялар қажет.
Мемлекеттік теңгерімде ванадийдің қоры боксит кен орындарында және Оңтүстік-Велихов кен орнының ильменит-магнетит кендерінде есепке алынған. Олардағы ванадийдің мөлшері өте аз және оны алу мүмкіндігі төмен. Оңтүстік Қазақстанда ванадийдің мөлшері 0,9 %-1,0 % ванадийлі тақтатастың Бала-Сауысқандық және Құрымсақ кен орындары барланған. Жарамды байыту технологиясының жоқтығы оларды пайдалануға қосуды кідіртеді, осыған байланысты олардың қоры қазіргі кезде теңгерімнен тыс есептеледі.
Қазақстан Ақтөбе (Кемпірсай тобы), Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында шоғырланған никель мен кобальттың расталған едәуір қорына ие. Таяудағы жылдары Бөгеткөл (Ақтөбе облысы), Шевченко (Қостанай облысы) және Горностай (Шығыс Қазақстан) кобальт-никель кен орындарын пайдалануға беру болжануда.
Түсті металдар. Мыс кен орындарының негізгі теңгерім қоры Шығыс және Орталық Қазақстанда шоғырланған (108 объектінің 70-і жер қойнауын пайдалануда). Пайдалануға дайындалған тау-кен өндіру кәсіпорындарының мыс қорымен қамтамасыз етілуі 10-12 жылды құрайды. Саланың Кенді Алтайдағы шикізат қоры біртіндеп азаюда. Байырғы тау-кен кәсіпорындарының қызмет саласындағы резервтегі кен орындарының жоқтығы негізгі өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Сонымен бірге республикада Орталық, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда мыс кені өнеркәсібінің минералдық-шикізат қорын дамыту үшін барлық әлеуетті мүмкіндік бар.
Мыс-мырыш өнеркәсібін дамыту үшін, Батыс Қазақстанда қолайлы жағдай жасалған, ондағы барланған мыс-колчедан кен орындары негізінде өзіндік тау-кен металлургия өндірісін ұйымдастыру көзделуде.
Мыс-порфирилік түріндегі ірі кен орындары (Ақтоғай, Айдарлы, Бозшакөл, Көксай) республиканың едәуір әлеуеті болып табылады, оларды жұмысқа қосу, ең алдымен, төмен сұрыпты кенді тиімді өңдеуге мүмкіндік беретін технологиялық мәселелерді шешумен байланысты.
Игеріліп жатқан қорғасын-мырыш кендерінің кен орындары негізінен Шығыс Қазақстан облысында орналасқан, олардың базасында кен байыту кәсіпорындары мен металлургия зауыттары жұмыс істейді. Оларды игерудің жоғары тиімділігіне қорғасынды, мырышты, мысты, алтынды, платиноидтар мен сирек металдарды ала отырып, кендерді кешенді пайдалану арқасында қол жетеді.
Жұмыс істеп тұрған тау-кен кәсіпорындарының қызметі саласында белсенді теңгерім қоры бар резервтегі кен орындарының жоқтығы, бір жағынан, барланған кен орындары аймағында кен байыту комбинаттарын салу қажеттігі, екінші жағынан, қорғасын-мырыш саласының басты мәселесі болып табылады. Байыту фабрикаларының жоқтығынан бүгінгі күні Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде бірқатар кен орындары игерілмеуде (86 объектінің 48-і жер қойнауын пайдалануда). Игеріліп жатқан кен орындарының қормен қамтамасыз етілуі 10-15 жылдан аспайды. Солай бола тұра, пайдалы құрамдас бөліктерінің құрамы жоғары қорғасын және мырыш жаңа кен орындарын ашу перспективасы іс жүзінде республиканың барлық өңірлерінде бар.
Елдің алюминий өнеркәсібінің негізін Шығыс Торғай бокситті ауданындағы боксит кен орындары құрайды. Осы ауданда, қолданыстағы технологиялық сызба бойынша глинозем өндіру үшін бұрын жарамсыз деп есептелген кен орындары бар, бірақ Павлодар алюминий зауыты жаңа технологиялық сызбаны әзірлеу нәтижесінде төмен сұрыпты бокситтен глинозем алуға жағдай жасалды. Төмен сұрыпты бокситті қайта өңдеу технологиясының мәселесін толық шешу, зауыттың қызмет ету мерзімін 35 жылдан астам уақытқа ұзартып, барланған кен орындары арқылы (28 объектінің 12-сі жер қойнауын пайдалануда) алюминий өнеркәсібінің минералдық-шикізат қорын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, алюминий өнеркәсібінің минералдық-шикізат қорының даму келешегі бүгінгі күні жоғары глинозем шикізатының бокситтік емес түрлерімен байланыстырылады. Республика аумағында кең дамыған нефелин-лейцит және нефелин жыныстары, сондай-ақ алуниттік қосарлы кварциттер практикалық мүддені білдіруі мүмкін. Ресейде осы шикізаттардан 15-20 жылдан бері алюминий өнімін алады.
Асыл металдар. Елдің алтын кен саласы, жалпы алғанда, ең ірі кәсіпорындар бойынша 30 жылға дейінгі мерзімге (теңгерімдегі 272 объектінің 160-ы жер қойнауын пайдалануда), кен өндіруші кәсіпорындардың қол жеткізген өнімділігін есепке ала отырып, құрамында алтын бар кендердің теңгерімдік қорымен қамтамасыз етілген. Қорлар мен алтынды өндірудің едәуір бөлігі кешенді құрамында алтын бар колчедан-полиметал кен орындарына тиесілі, олардан алтын ілеспе құрамдас ретінде алынады. Алтын кен орындарының қоры мемлекеттік теңгеріммен есепке алынған қордың 65%-ын құрайды. Оның жартысынан көбі қиын байытылатын берік кенге жатады және технологиялық мәселенің шешілуі игеріліп жатқан кен орындарының өндіріс көлемін ұлғайтып қана қоймай, жаңа объектілерді жұмыс істеуге тартуға мүмкіндік береді. Кені төмен сұрыпты кен орындарын игеруге тартуға мүмкіндік беретін шоғырлап шаймалау әдісі өндірудің ең озық әдісі болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстанның кен орындарында берік кенді биосу-металлургиялық қайта өңдеу және ультражұқа ұсақтау мен селективті тотықтыру технологиялары енгізілуде.
Соңғы 15-18 жылда іс жүзінде көптеген кен орындарында жеңіл, қолжетімді, жер бетіне жақын жатқан (тотыққан), құрамында алтын бар кендер игерілді, ал тереңде қалғандары тиімділігі төмен бола бастады, осыған байланысты оларды игеру үшін жаңа өндіру технологиясы қажет. Берік кендерді байыту мәселесін шешу, қорлары бойынша бірегей Бақыршық кен орнын және бірнеше ұсақ осындай объектілерді пайдалануға тартуға мүмкіндік береді.
Қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутектердің минералдық-шикізат базасының жай-күйін талдау іздестіру-бағалау және барлау жұмыстарын жүргізуге дайындалған объектілердің, яғни іздестіру жұмыстарының нәтижесінде пайдалы қазбалардың перспективалы кен көріністері айқындалған және жаңа кен орындарын ашуға жеткілікті геологиялық негізі бар учаскелердің саны біршама азайғанын көрсетеді. Жоғары санаттың есептелген сандық бағалау болжамдық ресурстары бар дайындалған объектілердің тапшылығының орнын толтыру үшін, алаңдарды геологиялық жете зерделеуді, геология-минерагениялық және терең геологиялық карталауды, тірек өңірлік бейімдер (геотраверс) бойынша кешенді геофизикалық зерттеулерді, терең сүйеу-өлшемдік ұңғымаларды бұрғылауды, сондай-ақ басым пайдалы қазбалар түрлерін айқындауға бағытталған іздестіру жұмыстарын қоса алғанда, кешенді өңірлік геологиялық-түсіру және геофизикалық жұмыстар жүргізілетін болады. Осы геологиялық-барлау жұмыстарының аса тәуекел кезеңдерін мемлекет жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу шеңберінде қаржыландыратын болады. Бұдан әрі іздестіру-бағалау және барлау жұмыстары үшін дайындалған объектілер мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Жерде сирек кездесетін металдар. Жерде сирек кездесетін металдар (ЖСМ) өзінің жоғары химиялық белсенділігімен байланысты ерекше қасиеттерінің арқасында өнеркәсіптің жоғары технологиялы саласында әлемде кеңінен қолданылып келеді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік теңгерімінде ЖСМ-нің теңгерімді қоры бар 5 кен орны және теңгерімнен тыс қоры бар 6 кен орны бойынша қорлар ескерілді.
ЖСМ теңгерімді қорының 70%-ы Маңғыстау облысындағы бірегей сорббиогенді түріндегі, кенденуі теңіз ағзаларының сүйекті дендритімен байытылған, борлы олигоценді саз балшық түзілімдерімен байланысты Меловое, Томақ, Тайбағар, Тасмұрын уран кен орындарында орналасқан.
Уран және жерде сирек кездесетін элементтерден басқа, құрамында фосфор, ванадий және күкірт бар кешенді кендер. Сирек жерлерде 1:3 қатынасында иттритті және цериелі топтар кездеседі. Кен орындары бос. Қалған теңгерімдік қорлар Қостанай облысындағы Ақбұлақ және Құндыбай жерде сирек кездесетін кен орындарында (Құндыбай ЖШС) шоғырланған.
ЖСМ-нің ресурстық базасын дамыту мақсатында пайдалы қазбалардың осы түрлері бойынша геологиялық барлау жұмыстарын жолға қоюды негіздеу үшін ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізілетін болады.
Техногендік минералдық түзілімдер. Техногендiк минералдық түзiлiмдер (ТМТ) - тау-кен өндiру және байыту, металлургиялық және басқа да түрлi өндiрiстерiнiң қалдықтары болып табылатын пайдалы құрамдастары бар минералдық түзiлiмдердiң, тау-кен жыныстарының, сұйықтар мен қоспалардың жиналуы (жиынтығы). Бүгінгі күні мемлекеттік кадастрмен ТМТ-ның 906 объектісі есепке алынып отыр, оның ішінде 200 объектісі 1992 жылғы 30 мамырға дейiн қоймаға қойылған (немесе минералдық ресурстардың мемлекеттік қорына қосылған), мемлекет меншiгi болып табылады және оларды барлау мен өндіру үшін құзыретті органмен келісімшарт жасау қажет. 326 объект бойынша қалдықтар белгіленген мерзімге дейін жинақталған және әлі күнге дейін жинақталып келеді. Олар бойынша бөлу теңгерімінің жасалуы талап етіледі. ТМТ-ның 360 объектісі 1992 жылғы 30 мамырдан кейін қоймаға қойылған және жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады. ТМТ-ны игеру үшін, жер қойнауын пайдаланушы қорларды есептеп, оны жер қойнауын мемлекеттік сараптаудан өткізіп, бекітуге міндетті. Облыстар бойынша ТМТ-ның негізгі жиынтығын бөлу аса ерекше, бүкіл ел бойынша ТМТ жиынтығының пайыздық арақатынасы: Шығыс Қазақстан облысы бойынша алтын ТМТ - 82 % және полиметалл 70 % шоғырланған, Қарағанды облысында мыс ТМТ - 96 %, вольфрам - 100 %, Қостанай облысында темір-марганец ТМТ - 72 %, Ақмола облысында уран ТМТ - 99 %, Ақтөбе облысында хром ТМТ - 99%, никель - 100 %, Павлодар облысында боксит ТМТ - 100 %, Жамбыл облысында фосфорит ТМТ - 99 %, барит - 100 % шоғырланған.
Барлық ТМТ тау-кен өндiру және байыту, металлургиялық және өндiрiстің басқа да түрлерінің өндірістік алаңдары шегінде орналасқан. Оларды бұдан әрі игеру бұл үшін өндірістік инфрақұрылымы бар, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қатысуымен орынды.
Тау-кен-химиялық шикізат. Қазақстан елдің ішкі қажеттілігін және экспортты ұзақ перспективада қамтамасыз етуге қабілетті фосфор өнеркәсібінің қуатты минералдық-шикізат қорына ие. Қаратау фосфорит бассейніндегі фосфор пентоксидінің (24%) біршама жоғары құрамымен сипатталатын микротүйірлі фосфорит қорлары осы базаның негізі болып табылады. Бұл кендердің кемшілігі олардың өте қиын байытылуында және қорлардың көп бөлігін ашық түрде өндіруге қолайсыздығында.
Алынатын концентраттардың сапасының төменділігі (негізі әлемдік продуценттерде 35-40 % кезінде Р2О5 25-27 %) әлемдік нарықта қазақстандық өндірушілердің өніміне сұраныстың болмауына әкеледі. Осының әсерінен, микротүйірлі фосфориттерді ғана емес, сондай-ақ Батыс Қазақстандағы Шилісай конкрециялық фосфориттер кендерін байытудың аса тиімді де жетілдірілген технологияларын құру - шешімін қажет ететін негізгі мәселе болып табылады. Бұл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріне, сондай-ақ Шығыс Еуропа және Азия нарығына экспорттауды қамтамасыз етуге және әлемдік стандартқа сай келетін, құрамында фосфор тыңайтқыштарын шығаруға жоғары сапалы фосфат шикізатын өндіруге мүмкіндік береді.
Барлық дамыған елдерде сияқты, сондай-ақ Үндістан және Қытай елдеріндегідей, ауыл шаруашылығын өндірушілерді мемлекет тарапынан мақсатты түрде қаржыландыру жағдайында, ел ішінде минералдық тыңайтқыштарды пайдалану мәселесін шешу мүмкін болады.
Жерасты сулары. Қазақстан Республикасының экономикасы мен халқының өмір сүру деңгейінің тұрақты дамуы көбінесе су ресурстарының болуы мен оның сапасына байланысты болады. Елді сапалы ауыз сумен жабдықтауда арынды жерасты сулары зор маңызға ие, себебі олар ластанудан әлдеқайда қорғалған, әрі стратегиялық ресурс болып табылады. Қазіргі кезде республикада 1438 жерасты су кен орындары (1849 учаске) барланған. Мемлекеттік теңгерімдегі бекітілген жерасты су қоры жылына 15 текше км-ден астамды құрайды. Жерасты суының негізгі қоры еліміздің оңтүстік аудандарында шоғырланған. Ақбұлақ мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылға дейін 3200 ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған. Ауылды елді мекендер үшін жерасты су қорын іздеу және бағалау, сонымен қатар Қазақстан қалаларын сумен жабдықтау үшін жерасты суы кен орындарының қорын жете барлау және қайта бағалау жұмыстарын жалғастыру техникалық регламенттер мен жұмыс кезеңдерін қатаң сақтап жүзеге асырылуы тиіс.
Геология саласының жай-күйі
Геология саласы, қызметін бірыңғай құқықтық алаңда жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының, түрлі меншік нысанындағы өндірістік және ғылыми ұйымдардың жиынтығы ретінде жер қойнауын озық зерттеуді, елдің минералдық-шикізат қорын толықтыруды қамтамасыз етуге тиіс. Пайдалы қазбаларды айқындау және барланған қорының артуы, жер қойнауын пайдаланудың қауіпсіздігі мен кешенділігі геология саласы тиімділігінің басты белгілерінің бірі болып табылады. Соңғы он жылда жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу шеңберінде, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары жойылған қордың орнын толтырған жоқ (көмірсутегі, темір және алтынды қоспағанда). Темір, марганец, мырыш, алтын қорының өсімі бұрыннан белгілі объектілерді қайта бағалау және жете зерттеу жолымен алынды. Бұдан басқа, 2008-2010 жылдары теңгеріммен есепке алынған мыс, алтын, темір және марганец қорының өсімі негізінен төмен сапалы және жойылған қорға толыққанды балама бола алмайды. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бағдарламасын іске асыратын, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган, мұнай және газ, қатты пайдалы қазба мен уран кен орындарын барлау және игеру саласындағы ұлттық компаниялар, сонымен қатар жеке компаниялар-жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарын негізгі реттеуші (тапсырыс беруші) болып табылады. Салалар бойынша геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру көлемі тіптен әркелкі. Қаржыландыру көлемінің 99 %-ына дейінгі мөлшері әлі күнге дейін көмірсутекті шикізатты іздеуге және барлауға жіберіледі. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылардың инвестициялар көлемінің мемлекеттік бюджеттік қаржыландыруға қатысты артуы көмірсутекті шикізатқа 300 еседен артық, ал қатты пайдалы қазбаларға 50 еседен артық.
Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган геологиялық-барлау жұмыстарын мемлекеттік бюджеттен қаржыландырады. Ол әр жылдары дербес салалық министрлік ретінде, сондай-ақ басқа министрліктер құрамында ведомстволық мемлекеттік мекеме мәртебесіне ие болды. Мемлекеттік геологиялық қызмет құрылымында 1994 жылы жалпы саны мың адамға жуық 14 ведомстволық бөлімше мен ұйым болды. Қазіргі кезде барлығы 8 ведомстволық ұйым бар және 2012 жылға олардың саны 405 бірлікке дейін қысқартылды, сонымен қатар осы кезеңде жер қойнауын пайдаланушылардың саны барынша көбейіп, сәйкесінше қаралатын, бекітілетін және олардың орындалуы бақылауға алынатын техникалық құжаттардың көлемі арта түсті, геологиялық ақпаратты жинау және талдау, ресурстық әлеуетті бағалау жұмыстарының көлемі ұлғайды.
Атаулы сала алдында тұрған үлкен міндеттерді есепке ала отырып, Үкімет мемлекеттік геологиялық қызметті нығайту мәселесін шешу, жаңа кен орындарын қарқынды түрде геологиялық зерттеу мен барлауды ынталандыру үшін жүйелі шаралар қабылдайтын болады. Ол шаралар Қазақстанның индустриалды дамуы үшін тұрақты шикізат базасын қамтамасыз етуі тиіс.
Геология саласын ғылыми-техникалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz