Антропология – адам туралы ілім
Антропология - адам туралы ілім
Жоспар
I.Кіріспе
II. Антропология - адам туралы ілім
III.Қорытынды
Кіріспе
Адам туралы ілімнің мән-мағынасын ашпастан бұрын, антропология сөзінің мағынасын ашып алған дұрыс. Сонымен, anthropos-адам және logos-ілім, сөз деген мағынаны білдіреді.Табиатттың жоғары және ең жетілген перзенті ретіндегі адамға көз-қарас, адамды тану табиғаттың құпия сырларын ашуға мүмкіндік береді, өйткені адам атқаратын қызметтердің табиғи бірлігіне табиғаттың барлық күштері қатысады.
Антропология адамды оның бастапқы мәні ретінде көріп шұғылданады. Оның мақсаты-жалпы адамзаттық психология емес,жекелік сипаттағы адамың ерекше болмысы сияқты адамның әдеттегі болмысы. Антропология өмірдің қайталанбас белгілерін - дененің құрылымын,нәсілін,мінезін,рухани өмір мәдениетінайқындайтын тәсілдердің біріне айналды.
Адам - ғарыштың тудырған ғажап пендесі, ол текті ұғым болып табылады, сондықтан адамзат тегіне қатысты барлық белгілер бейнеленеді. Бірақ мұндай көз-қарас адам мәнін анықтау үшін жеткіліксіз. Адам-қайшылықты пенде. Оның, бір жағынан - денесі, екінші жағынан, сана, рухы бар екенін әркім біледі. Оған да басқа тіршіліктерге сияқты су, ауа, жылу, қоректену , ұрпақ жалғастыру т.с.с.қажет. сонымен қатар ол дүние жөнінде ойланады, өмірде өз орнын іздейді, шаттанады, қайғырады, сүйеді, жек көреді т.с.с. егер жануарды оның инстинктері итермелесе, адам өз инстинктерін әлеуметтік нормаларға бағындырады, ол -- өз-өзін бақылауға ала алатын пенде. Десек те, адамның бұл ішкі қайшылығы философияда әртүрі шешіледі. Мысалы, Орта ғасырлардағы діни философияда адамды рух ретінде өте биік деңгейге көтеріп, дене ретінде құлдыратып, тіпті жануарлардан да төмен қояды.
Антропология -- адам туралы ілім
Философия тарихы адамның мәні жайыдағы түрліше ой-пікірлерге толы. Осы тұрғыдан алғанда, адам проблемасы мен философия ғылымы құрдас десе де болады, өйткені философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылардың адам жөніндегі , оның дүниеде алатын орны мен атқаратын қызметі туралы ой-толғауларынан туған.
Философияның көп мәселелерінің ішінде ең өзектілерінің бірі-адам мәселесі. Бүгінгі таңда тек гуманитарлық ғылымдар ғана емес, сонымен қатар жаратылыс танушылар да антроптық принциптіқолдап отыр. Осыдан 13 млрд.жыл бұрын Ұлы жарылыстың негізінде пайда болған Дүние - Ғарыш Әлемі қажетті түрде сан алуан кездейсоқтықтар тоғысының барысында тіршілікті, содан кейін саналы пендені, адамды, тудырған екен. Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген сан алуан анықтамалар берілді. Солардың ішіндегі ең көп тарағаны Homo Sapiens -саналы адам, Homo Faber-құралданған адам деп Д.Франклин айтқан. Zoon Politicon-қоғами жануар деп айтқан Аристотель. Нomo Morales деген атты И.Кант берген, Абай оны Нұрлы жүрек, Шәкәрім үш анықтың біреуіне жатқызды. Егерде адамның ар-ұжданы болмаса , ол жануарлардан құлық-сұмдығы жүздеген есе асатын нағыз жантүршігерлік сайтанға айналар еді . Homo Aesteticus-сұлулыққа ұмтылған адам деген анықтама да адамның бізге ғажап жағын көрсетеді. Адам-дүниедегі жекелген нәрсенің әсем жағын байқап, одан ляззат алатын пенде. Біз тек ар-ұжданға, моральдық құндылықтарға сенер едік, өйткені , өкінішкі орай , бүгінігі өмірде салқын лебізді, ар-ұжданның талабына сай келмейтін сұлулық жиі кездеседі. Голландия ойшылы адмға Homo Ludens -ойнайтын адам деген ұғым берген. Адам өз өмірінде жүздеген ролдерді ойнайды. Шекспирдің айтуынша, Наша жизь-театр, а мы в нем актеры,- дегендей... Homo Erectus- тік жүретін адам деген анықтаманың да терең мағынасы бар. Адамға ұқсас маймылдардың тарихи адамға айналу барысында, оның алдыңғы екі қолы жерге түскеннен кейін босап, еңбек ету арқасында нағыз ғажапқа- ешқандай теңдесі жоқ адамның қолына айналды. Адам өз қолдарымен 2000-нан астам әртүрлі нәрселерді жасай алады екен (микроскоп арқылы көздің жарасын тігуден бастап, алып экскаваторды басқаруға дейін). Бірде-бір жануардың осындай икемі бар дене мүшесі жоқ. Француз ойшылы Э.Кассирер адамға Homo Simbolicus-нышан, белгі жасайтын адам деген анықтама берген болатын. Кең түрде алғанда, символ қайсібір халықтың тілі, бабалардан қалған аңыз-дастандар, дін, өнер қағидаларын неше түрлі өмірде кездесетін белгілерді жатқызамыз. Қайсыбір көркем әдебиеттегі салыстырма , нақыл сөздер , бейне мысалдардың , т.с.с. ар жағында неше түрлі мән-мазмұнның жатқанын байқауға болады. Мысалы , Прометей бейнесі бізге нағыз адамды сүю (гуманизм), ал Сизиф болса, нәтижесіз зардапқа әкелетін еңбек , Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу -- мөлдір махаббаттың символдары ретінде көрінеді. Ф.Ницше адамға уәде беретін жануар, Ж.Ж.Руссо бұзылған жануар деген анықтама берген болатын.
Сонда адам деген не? Былай қарағанда, бұл аса қарапайым сұрақ сияқты: адам дегеннің не және кім екенін кім білмейді? Ересек адам түгіл бала да адамның не екенін біледі, ал оның ішкі мәніне үңіле қарасақ,одан күрделі ұғымдар шамалы.
Ертеде бір дана адам: адам үшін адамның өзінен артық қызық құпия жоқ депті. Табиғат пен қоғам жайындағы ғылымдардың қай-қайсысы болмасын, өз зерттеулерінде әйтеуір бір тұрғыдан адам мәселесіне соқпай кете алмайды.Бірақ жеке ғылымдардың адам туралы нақты білімдерін жай қоса салғаннан ол жүйелі біртұтас білім шықпайды. Сондықтан философия әрдайым адамның мәнін танып білу жайындағы өз әдіс-тәсілдерін тұжырымдап, солардың көмегімен адамның дүниедегі орны мен маңызын, оның дүниеге қатынасын , өз тағдырын жасау мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысты.Адамды танып білудің философиялық бағдарламасын Сократтың: Өзіңді-өзің танып біл-деген қанатты сөздерімен қысқа ғана тұжырымдауға болады.
Ортағасырлық діни философияда адам о бастан-ақ біріне-бірі қарама-қарсы екі бастаманың жан мен тәннің іштей қайшылықты бірлігі болып жаратылған деп түсіндірілді. Сондықтан, мысалы, Августин адамды жаны тәнінен тәуелсіз, өлмейтн жан деп түсінсе, Фома Аквинский адам жан мен тәнінің бірлігі, жануар мен періштенің арасындағы бірдеңе деп түсінді. Тән өледі , жан өлмейді, о дүниеде Құдай алдында жауап береді, сондықтан адам күнәсінен тазару үшін Құдайға жалбарынуы тиіс деп уағыздады діншілдер.
Жаңа дәуірдегі философияда бұл мәселе жөнінде бір-біріне қарсы тұрған (негіздеу) биологиялық және әлеуметтік редукциализмді келтіруге болар еді.
Бүгінгі таңдағы ғылымда адамның био-әлеуметтік табиғаты мойындалды . Адамның дене ретіндегі өмір сүруі биологиялық заңдарға тәуелді күнбе-күнгі өмірімізде адамдардың табиғат өзгерістеріне тәуелді екенін байқауға оңай болады. Адамның өмір сатылары да биологиялық заңдарға тәуелді. әрбір адамның тарихтағы қайталанбастығы да оның әке-шешесі арқылы берілген генетикалық ерекшелігінде жатқанын мойындамасқа болмайды. Мұндай деректер шексіз көп.
Сонымен қатар адамның өмір сүруі мен қалыптасуы, дамуында әлеуметтік факторлардың орасан зор ролін көрсетпесе болмайды. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамдық адамның орта жасы 25-те болса, қазіргі дамыған қоғамдарда ол көрсеткіш 75-78-ге келді.
Адамның сапалық сипаттамасын беру мақсатында индивид, тұлға, индивидуалдық сияқты ұғымдар қолданылады. Адам адамзат тегінің жекелеген өкілі ретінде индивид түрінде қарастырылады. Бүкіл адамзат тегіне тән жалпы белгілерімен қатар , оның өзгелерден ерекшеленетін өз қасиеттері бар. Бұл табиғи - бойы, көзінің түсі, дене құрылысы және әлеуметтік-дамуының интеллектуалдық дамуының деңгейі, психологиялық қатпары , рухани мәдениетінің әр-түрлі деңгейі сияқты ерекшеліктері болып табылады. Индивидуалдық күрделірек және жан-жақты болады. Индивидуалдық ең алдымен адамның табиғи және психикалық қасиеттерінен, нақтылап айтқанда, оның жадынан, темпераментінен , мінез-құлқынан , эмоционалдылығынан көрінеді. Индивидуалдық белгілер адамның саналы әрекекттерінен де , оның пікірінен, қылығынан, мәдени қажеттіліктерінен де байқалады. Бір әлеуметтік топтың өкілдері арасында айырмашылық аз болғанымен, индивидуалдық үшін өзгеше нәрселер тән болады, оның тұлғаға айналуы болып табылады. Көбіне адамның биологиялық табиғатына негізделетін индивидпен, индивидуалдықпен салыстырғанда тұлға мәнінің ерекшелігі оның әлуметтік қасиеттерге негізделетіндігінде. Бірақ табиғи индивидуалдықтың тұлға дамуына өз әсерін тигізетінін ескеру керек.
Әлеуметтік индивидуалдық, әрине, бос жерде пайда болмайды. Адам нақты тарихи уақытта және әлеуметтік кеңістікте, тәрбие мен практикалық әрекет барысында қалыптасады. Сондықтан да тұлға әлеуметтік индивидуалдық ретінде - бұл әрқашан да нақты нәтиже, өте әр-алуан факторлардың әрекеті мен синтезі. Адам неғұрлым үлкен деңгейде әлеуметтік-мәдени тәжірибені бойына жинақтаса, соғұрлым тұлға маңыздырақ және ол өз кезегінде , оның дамуына өзінің индивидуалды үлесін қосады.
Енді индивид (дара адам,жеке адам), индивидуальность(ерекшелікті адам), личность (кісі, тұлға) ұғымдарын қысқаша талдай кетсек, индивид (латын сөзі) - бөлінбейтін, тұтас, өзіндік деген мағына береді екен. Осы тұрғыдан алғанда бұл ұғымды индивид деген күйі алған немесе дара адам деп аударған дұрыс сияқты.
Дара адам (индивид) - көптің бірі, жалпы адамзаттың нақты өкілі, дара. Көптің бірі болу үшін оған жалпы адамзатқа тиісті қасиеттер мен келбетке ие болса болғаны. Оның санасы жоғары ма, жоқ па, елмен сөйлесе ала ма, әлде сөйлесе алмай ма, бұлардың оған қажеті аз. Әлемде қанша миллиард адам бар, соның әрқайсысы - жеке-дара адам.
Ерекшелікті адам (индивидуальность). Ол- өзіндік, тек соған тән дауысы, жүріс-тұрысы, білімі, бет-пішіні, тұр-сипаты, азаматтық қасиеті, т.б.бар адам . Ерекшелікті адам - сол қасиеттермен қайталанбас феномен. Ол дүниеге бір ақ рет келеді, әркімнің орны бөлек. Сондықтан бір заманда қағаз-құжаттарға бармақты басу мөр орнына жүрген. Сол сияқты әрбір адам болу үшін оның мінезі бар ма , жоқ па, көзі көк пе, әлде қара ма, бойы ұзын ба, жоқ па-бұлардың еш қажеті жоқ, ал ерекшелікті адамға мұның бәрі қажет. Жоғарыда келтірілген Әл-Фараби айтқан адамдағы 3 қасиет те осыған жатады. Әрбір адамда әр қилы қабілет, бейімділік бар. Ол да сондай ерекшелік.
Кісі дегеніміз -- жаңа сапалы, индивидтің өзімен бірге іштен тумаған белгілі тарихи-мәдени ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік- психологиялық және моральдық қасиеттер қосындыларының иесі, ақиқатты , болмысты тануға және өзгертуге бағытталған жасампаз әрекет субъектісі. Басқаша айтқанда, ол-қоғамның өмір тәрбиесін бойына сіңіріп, байыған, жетілген адам. Кейбір адам өрескел қылық көрсеткенде халқымыздың: Әй мынау кісіліктен жұрдай екен бар болғаны сүйек пен еттен жаралған пенде екен-деп ренжитіні белгілі. Ойлана келгенде кісі, кісілік деген түсініктер (личность)деген ұғымға біртабан жақын келетін сияқты. Ал кісілігі мол, азаматтығы жұрттан асқан, көпшіліктің көңілінен шыққан, ардақты да, ақылды да адамдарды халқымыздың маңдайға біткен тұлға деп дәріптейтіні белгілі. Жаңа туылған баланы нәресте, дара адамды индивид деп атауға болады, бірақ ол әлі кісілікке, тұлғалық сипатқа ие болған жоқ. Ондай кісі болып жетілудің биологиялық та, психологиялық та, тіпті әлеуметтік те алғышарттарының мүмкіндіктері бар. Алайда адамзат мәдениетінің тарихи жемістерінің игеру тәжірибесі ол үшін әлі алда. Кісілік деңгейге көтеріліп, өзінің мәнін тұрақты бекіту үшін сол керек.
Психологтар адамдарды жігерлілер, жігерсіздер деп екі топқа бөледі. Жігерлі адам әрқашан да өзінің тұрақты қалпын сақтайды, өз алдына емін-еркін қызмет жаайды., ұстаған жолынан, қабылдаған шешімінен қайтпауға тырысады. Ал жігерсіз адамның әдетте тұрақтылығы, батылдығы жетіспейді. Тіпті өте білімді, қабілеті мол , бірақ жігері аз адам өзінің бай рухани мүмкіндіктері қолайлы жағдайлары болып тұрған күннің өзінде де іске асыра алмай қалатын фактілер жиі кездеседі. Бірақ, түптеп келгенде, мәселе жігердің күштілігінде немесе әлсіздігінде емес. Оның екеуін де тәрбие арқылы әр адамның еңбегін, қоғамдаық тәртібін, жұртшылық алдындағы, өзінің ар-ожаны мен отбасы алдындағы жауапкершілігін көтеру арқылы реттеп отыруға болады.
Адам дүние жөнінде неше түрлі ұғымдар мен бейнелерді тудырып, солар арқылы кеңістік пен уақыттың шектеуінен ой арқылы шығып кету дәрежесіне көтеріледі. Ол-заттар мен құбылыстардың ішкі сырын аша алатыен пенде. Ол неше түрлі рухани құндылықтарды басшылыққа алып өмір сүреді, сонымен қатар оларды жойып, тіпті озін жойып жіберетін кездер де болады. Ең соңында , адам-өз-өзін бақылап, баға беріп, өзімен өмір мен өлім дөнінде сұхбаттаса алатын пенде. Егер жануарлар өз табиғатына сай өмір сүрсе, адам алдында мен неге дүниеге келдім?, не үшін өмір сүруім керек? , қалай өмір сүруім керек? деген т.с.с. сұрақтар пайда болады. Оның себебі жоғарыда көрсетілген адамның ішкі рухани өмірінде жатыр. Міне, бұл қойылған сұрақтар адам өмірінің мән-мағынасын анықтауға итереді.
Адам өмірінің мән-мағынасы ғасырлар бойы талданып келе жатқан мәселе. өмір өзгерген сайын болашақта да бұл мәселе талай рет көтерілетіні созсіз. Яғни бұл адамзаттың өзіне қойған мәңілік сұрақтарының біреуіне жатады. Орыстың ұлы ойшылы Л.Н.Толстой : Адамның ішінде екі мен бар сияқты және олар бір-бірімен сыйыспай, күресіп жатқан сияқты, -дейді. Бір мен: мен ғана нағыз өмір сүріп жатырмын, қалғандардың бәрі өмір сүріп жатқан сияқты ғана, сондықтан бүкіл дүниеніңмән-мағынасы маған деген жақсылықтың болуында,-дейд. Екінші мен : Бүкіл Дүние саған емес, өз мақсаттарына, сондықтан саған бұл өмірде жақсы ма әлде жаман ба, ол оны білгісі дке келмейді, -- деп қортады ұлы ойшыл. Әрине, адамның ішкі өмірі неше түрлі қайшылықтардан тұрады. Бір шама жағдайда біз тек ақыл-оймен ғана емес, инстинктер, интуиция арқылы бір нәрселерді жасауымыз ғажап емес...
Адам өз өмірінде, басқа тіршіліктер сияқты, әртүрлі қажеттіліктерін өтейді. Жалғыз ғана дәулетке жету адамды қанағаттандырып, оның өмірінін мән мағынасын құрай аламайды. Оның сыртында талай рухқа негізделген адамның қажеттіліктері тұр. Уақытында американың ғылымы А.Маслоу адам қажеттіліктерінің төменнен жоғары көтерілетін тізбесін жасаған болатын. Ең төменгі басты физиологиялық (тамақтану, тыныс алу, қозғалу, киім, баспана т.с.с.) жыныстық (дүниеге ұрпақ әкелу) қажеттіліктер. Екінші - экзистенциялдық қажеттіліктер (қауіпсіздік, еретенгі күнге деген сенімдік, өмір сүру жағдайларының және қарым-қатынасқа түсетін қоршаған адамдардың тұрақтылығы т.с.с.). Үшінші -- әлуметтік қажеттіліктер (басқа адамдармен бірігіп, қарым-қатынасқа түсіп, соларың сый-сияпатына ие болу). Төртінші - престиждік, яғни беделді басқалардың назарына ілігу, еңбек сатыларымен жоғарылау, жоғары тұлғалық бағаға ие болу т.с.с. Бесінші - рухани қажеттіліктер - шығармашылық арқылы өз мүмкіндігінді өмірге енгізу, іске асыру.
А.Маслоудың ойынша, төменгі қажеттіліктер өтелмейінше, жоғарғылар әліде болса адамға қызықты емес. Өтелген қажеттіліктер өз күшін жойып, адамды жоғарғы қажеттіліктерді игеруге итермелейді.
Сонымен өмірідің ең биік мән-мағынасы шығармашылық сатыға, өз қабіліттерінді іске асыру, соның арқасында өз тұлғаңның ерекше орнын анықтап, қанағаттану керек. Ондай адамға тәң нәрселер:
өмірідің әрбір күнін тендесі жоқ сый ретінде қунаышты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz